Ілмек бізбен іліп то?у


Сабақтың тақырыбы: Ілмек бізбен іліп тоқу
Сабақтың мақсаты:
а) білімділігі: Оқушыларға ілмек бізбен тоқу туралы түсінік беру
б) дамытушылығы: Оқушыларды жинақылыққа, ойларын тұжырымдай білуге,
тиянақтық пен әсемдікке үйрету
в) тәрбиелілігі: Бастаған жұмысты жауапкершілікпен,
шыдамдылықпен,ұқыптылықпен орындауға үйрету
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың көрнекілігі: Тоқыма бұйымдарынан көрме, интерактивті тақтамен
жұмыс, схема, слайд
Сабақтың өту барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
а) Сәлемдесу
б) Оқушыларды түгендеу
ІІ.Оқушылардың білімін тексеру.
1.Іліптоқу неліктен ер адамдардың кәсібі деп саналады?
2.Тоқудың қандай түрлерін білесіңдер?
3.Тоқуға арналған ілмекбіздерді қандай материалдардан жасайды?
4.Шлмекбізді қолда қалай ұстау керек екенін айтып беріңдер.
5.Ілмекбізбен иоқу ерекшелігін айтып беріңдер.
ІІ.Жаңа сабақ.
Қолмен тоқылған киімдер баяғыдан сәнде және жоғары бағаланады. Ең қымбат заттар-ол қолмен тоқылған заттар. Әдемілігі, өзіндік ерекшелігі жағынан қолмен тоқу машинамен тоқудан қалыспайды
Тоқылған заттың сапасы иірімжіптің дұрыс таңдалуына да байланысты болады.Иірімжіп бұйымның арналуына, фасонына, сәніне, т.б. сәйкес келуі керек.Бүгінде тоқыма сәнге айналған әлемде алуын түрлі иірімжіптер бар.Солардың ішінен кейбіреулерін қарастырамыз.
Іліптоқуға арналған иірімжіп түрлері:
зығыр, мақта иірімжібі, мохер, жүн иірімжібі, ангор, кашемир, альпак, вискоза, фасонды иірімжіп.
Қауіпсіздік ережесі:
1. Жұмыс орны жақсы жарықтандырылған болуы керек.
2. Орындық арқасы сүйеніп, тік отыру қажет.
3. Тоқу кезінде арқасы бар орындықта басты сәл иіп отырады.
4. Ілмекбіздің ұшы қауіпсіз, шектелген болуы керек.
5. Тоқып жатқан жайма бүлінбеуі үшін және қолда иірімжіптің қиқымдары қалмас үшін тоқып бастағанда және аяқтағанда қолды жуу керек.
6. Жұмыс соңында барлық құрал-жабдықтар жәшікке жинап салу керек.
7. Ілмекбізді қорабымен алып жүру қажет.
IV. Сарамандық жұмыс жүргізу:
тақырыбы: «Ілмекбізбен іліп тоқу»
Құрал жабдықтар: жұмыс қорабы, қайшы, ілмекбіз, иірімжіп.
Тасырма:
Жоғарыда мысалға келтірілген тоқу элементтерін пайдаланып, тоқып үйреніңдер. (Бос шалу, бос шалу тізбегі, орам, біріктіргіш бағанша, шалмасыз бағанша, шалмалы бағанша, екі шалмалы бағанша.)
Үлгілерді коллекция ретінде жазыңдар.
Үлгілердің атын жазыңдар.
Бекіту сұрақтары.
1.Иірімжіптің қандай түрлерін білесіңдер?
2.Салыстырмалы түрде ең берік иірімжіпті атаңдар.
3.Сапасы және түсі әр түрлі талшықтарды араластыру жолымен алынатын қандай иірімжіпті білесіңдер?
4.Иірімжіп зат белгісіне қарап ұсынылған ілмебіздің номерін қалай білуге болады?
Үйге тапсырма: Тоқыма жұмысын жүргізу. Көрмеге бұйым дайындау.