Биология п?нінен ?МЖ Ішкі, сырт?ы ж?не аралас бездер (8 сынып)


Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Биология 8 сынып 03.10.2015ж
Сабақтың тақырыбы Ішкі, сыртқы және аралас бездер
Жалпы мақсаттары Ішкі секреция бездерінің түрлері, ағзада орналасуы, атқаратын қызметі жайында білім алу.
Ойлау, өз ойын еркін айтуға дамыту
Салауаттылықты сақтауға үйрету
Оқушылар үшін оқу нәтижелері Ішкі секреция бездерінің түрлерін, олардың аралас бездермен айырмашылығын біледі. Бездердің қызметінің бұзылу себептерінен болатын аурулар (алыптылық, ергежейлілік) жайлы білім алады.
Негізгі идеялар Адам ағзасында физиологиялық процестердің гуморальдық реттелуі биологиялық белсенді заттар – гормондар көмегімен жүзеге асады. Гормондарды арнайы ішкі секреция бездері бөліп,ол тікелей қан мен лимфаға түсіп, қан мен лимфа арқылы –химиялық заттар ұлпалар мен мүшелерге белгілі бір әсерін тигізеді. Гормондардың көп бөлінуі, керісінше жеткіліксіздігі ағзада ауру туғызады.
Оқыту әдістері І. Топтық жұмыс
ІІ. Жеке жұмыс
ІІІ. Шығармашылық жұмыс
Дерек көздер Биология; Р.Әлімқұлова,Р.Сәтімбеков, А.Соловьева
Биология; Е.Очкур, Л.Аманжолова, Р.Жұмабаева
Биология. Оқыту әдістемесі
1100 қызықты деректер Адам анатомиясы
Көрнекі құралдар Ағзадағы бездердің суреті бейнеленген плакат, алыптылық, акромегалия ауруымен ауырған адамдардың суреті.
Жұмыс дәптері.
Тапсырмалар І. Үй тапсырмасын сұрау
ІІ. Ой қозғау
ІІІ. Мәтінмен жұмыс
ІV. Топтық жұмыс
V. Шығармашылық жұмыс
Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының іс-әрекеті
Орындалатын тапсырмалар Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
І. Оқушыларға жағымды ахуал туғызу Топ ережесін сақтауын ескерту Топ ережесін сақтау
ІІ. Топқа бөлу Гормондар атауымен Топқа бөліну
ІІІ.Үй тапсырмасын сұрау Миофибрилла қай ұлпаларда болады?
Нейроглия қай ұлпада болады?
Жүйке ұлпасы қайта қалпына келе ме?
Синапс дегеніміз не? Сұрақтарға жауап беру
Жұмыс дәптерін тексеру
ІV. Ой қозғау Гормон мен сөлдің айырмашылығы?
Гипофиз қызметі?
Гипофиз қызметі бұзылуынан болатын аурулар? Қойылған сұрақтарға жауап беру
V. «Мағынаны тану»
Мәтінмен жұмыс Оқулықта берілген тапсырманы оқуға тапсырма беру.
Жеке
Жұппен жұмыс
талдау Тақырыпты оқу
Талдау
Пікір алмасу
VІ. Топтық жұмыс
Тапсырма беру.
Жұмыс дәптеріне тапсырманы орындау Тапсырманы орындау
Талдау
Кестені толтыру
Гормондар Бөлетін бездер Ағзаға әсері
VІІ. Қорытынды Сұрақ қою арқылы Сұрақтарға жауап беру
VІІІ. Рефлексия Стикер тарту Сабақтан ұнаған, ұнамаған тұстарын жазу
ІX. Бағалау Формативті, суммативті бағалау Бірін-бірі бағалау
X. Орындалатын тапсырма §9 тақырыпты оқу