Ішкі, сырт?ы ж?не аралас бездер та?ырыбы бойынша 8 сынып?а арнал?ан саба? жоспары


8 сынып .Биология 10 сабақ
Сабақтың тақырыбы Ішкі, сыртқы және аралас секреция бездері. Эндокриндік жүйе. Гормондардың қасиеттері, мүшелер жұмысын реттеудегі маңызы.Бүйрек үсті бездерінің гормондары: адреналин, норадреналин, олардың қызметі. Гипофиз. Өсу гормоны. Гипофиздік ергежейлілер мен алыптар.
Сілтеме Жоспар, оқулық,қосымша мәліметтер
Жалпы мақсаты Ішкі секреция бездерінің маңызын түсіндіру
Күтілетін нәтиже Барлық оқушылар
Ішкі серкеция бездерінің атауларын біледі Кейбір оқушылар
Ішкі секреция бездері,гормондардың адам денесінде қандай қызмет атқаратынын сипаттай алады Жекелеген оқушылар. Ішкі секреция бездері,гормондардың адам денесінде қандай қызмет атқаратынын талдау жасай алады
Негізгі идеялар Ішкі секреция бездері Секреция – латын тілінен аударғанда secretio бөлініс деген мағынаны береді. Секреция адам ағзасына физиологиялық маңызы бар көп немесе аз мөлшерде секреттердің пайда болып, бөлінуі. Секреция екі топқа бөлінеді: ішкі немесе эндокринді және сыртқы, экзокринді. Эндокринді бездердің сөлін шығаратын өзегі жоқ,без жасушалары қан және лимфа капиллярларымен өте жиі торланған. Сондықтан без өнімдері тікелей осы тамырларға өтеді. Экзокринді бездердің өзегі бар, әрі ол өзек белгілі бір ағзаға ашылып, өз өнімдерін сол мүшеге шығарады. Ішкі сөлініс бездеріне гипофиз, эпифиз, қалқанша, қалқансерік бездері, айырша без, бүйрекүсті, ұйқы және жыныс бездері жатады. Ішкі сөлініс бездеріне плацентаны (бала жолдасы) да жатқызады. Екіқабат әйел организмінде бала жолдасы бірқатар гормондар бөліп шығарады-эстроген, прогестерон және гонадотропин. Ішкі сөлініс бездері гипоталамус құрылымымен және қызметімен тығыз байланыста болады. Оның ядроларының нейросөлінісі бар, яғни гипофиздің артқы бөлігіне түсетін немесе гипофиздің алдыңғы бөлігінің қан тамырларына тікелей келетін және аденогипофиздің жасушалар қызметіне әсер ететін биологиялық белсенді заттар бөліп шығаратыны анықталған. Бұлардан басқа ішкі сөлініс бездеріне бірқатар ағзалар жатады – бүйрек, ішек-қарынның кілегейлі қабығы, бауыр, себебі олар қанға организм мүшелерінің қызметіне ерекше әсері бар бірқатар заттар бөліп шығарады. Атап айтқанда ренин, гастрин, секретин, панкреозимин, энтерогастрин, энтерогастрон, эритропоэтин т.б. Эндокринді жүйеге шығару түтіктері жоқ бездер жатады, бірақ организмнің ішкі ортасына активті физиологиялық активті заттар бөлетін (гормондар), организмнің гуморалді реттелуін қалыптастыратын, жасушалар тіндер мен мүшелердің қызметтерін күшейтеді немесе төмендетеді. Гормондар-ағзадағы мүшелердің қызметін реттей отырып, оны бірде бәсендетіп немесе үдетіп отыратын жоғары активті зат. Мысалы, ағзадағы зат алмасу процестері, дененің өсуі мен репродуктивті қызметтер де гармондарға байланысты. Ішкі секреция бездерінің құрылысындағы ерекшелігі, безден шығатын өзектері болмайды. Сондықтан бездерден бөлінген гормондар тікелей қан мен лимфаға бөлінеді. Осыған байланысты эндокринді бездер қан тамырларымен тығыз қамтылған. Ішкі секреция бездері қызметін бірнеше арнаулы әдістермен зерттейді.
Оқыту құралдары Үлестірмелер. Видеокөрсетілім, презентация
Тапсырмалары Сыни тұрғыдан ойлауға сұрақтар
«Миға шабуыл»
Жеке жұмыс
Топтық жұмыс
Мұғалімнің іс- әрекеті Оқушының іс- әрекеті Бағалау
Үй тапсырмасын сұрау Биологиялық диктант
Ұйымдастыру
5 мин.
Қызығушылықты ояту «Миға шабуыл»
Негізгі бөлім:
Оқушылардың назарын сабаққа бағыттау, психологиялық ахуал тудыру.
Тақтаға жаңа сабақтың тақырыбы жазылады
Біздің денемізде бездер қандай қызмет атқарады деп ойлайсыздар? Сыртқы бездер туралы видеофильм
Видеокөрсетілімнен соң оқушылардан жүйке ұлпасы туралы не білетінін сұраймын.
1. Оқушылар сабаққа дайын екенін байқатады.
2. Оқушылар тақырып арқылы топқа бөлінеді.
Оқушылар сұраққа жауап береді Негізгі бөлім
Топтық жұмыс
Мәтінмен жұмыс жаса
Топтық жұмыс:
1 топ: Сыртқы бездер
2 топ: Ішкі бездер
3 топ: Аралас бездер
Бездердің неге бұлай аталуына сипаттама беру және қандай бездер жататынын анықтау
Жеке жұмыс: Термин сөздермен жұмыс:
Гормон дегеніміз________________________________________________
Гипоталамус дегеніміз_____________________________________________
Гормондар қызметі:
1.______________________________________________________________
2. .______________________________________________________________
3. .______________________________________________________________
4. .______________________________________________________________
Гипофиз
Атауы орны пішіні салмағы гормоны
Гипофиз Эпифиз
Топтық жұмыс:
1 топ: Гипофиздің алдыңғы бөлігі:
2 топ: Гипофиздің ортаңғы бөлігі:
3 топ: Гипофиздің артқы бөлігі:
Жоспары: бөлетін гормоны
Атқаратын қызметі
Жеке жұмыс:
Акромегалия ауруының белгісі:
Аяқ –қол сүйектері ұзарып маңдай –бет сүйектері шығыңқы болады.
Тілі аузына сыймайды
Дыбыс сіңірлері жуандап гүжілдеп шығады
83566047625Ергежейліліктің түрлері
00Ергежейліліктің түрлері

248348589535001022358953500
-21590819150024072853429000

Әрбір оқушы жеке жұмыс жасайды.
Топта талдау
Термин сөздермен жұмыс жасайды
Бір-бірлерінің пікірлерін тыңдап, сын пікірлер мен өздерінің ойларын ортаға салады, топ пен топ бағалайды.
Топтар бір бірін бағалайды
Сабақты қорытындылау
3 минут
Рефлексия
Оқушыларды бағалау.
Үйге тапсырма беру Оқулықтың 43 бетіндегі 5 кестені талдау
2874010944245Мүлдем ұнаған жоқ00Мүлдем ұнаған жоқ-21590791845Ұнады
00Ұнады
969010791845Жартылай ұнады
00Жартылай ұнады

Ішкі, сыртқы және аралас секреция бездері. Эндокриндік жүйе. Гормондардың қасиеттері, мүшелер жұмысын реттеудегі маңызы.Бүйрек үсті бездерінің гормондары: адреналин, норадреналин, олардың қызметі. Гипофиз. Өсу гормоны. Гипофиздік ергежейлілер мен алыптар. Оқушыларға сұрақтар қойылады.Оқушылар берілген сұрақтарға жауап береді. Бүгінгі сабаққа анализ жасайды.
Сабақ рефлексиясын жасайды. Сабақты бағалау
Оқушыларды бағалау