Открытый урок по биологии на тему Аралас бездер (8 класс)
Ақмола облысы Ерейментау ауданы
Балабек Жахин атындағы Новомарковка орта мектебі
«Аралас бездер»
8 «а» сынып
Ашық сабақ
Биология пәнінің мұғалімі:
Ботакоз Серикбаевна Абенова
Пән: биология. Сынып: 8 «а» Күні:
Сабақтың тақырыбы:Аралас бездер
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
Адам организміндегі алмасу процестеріндегі гормондардың атқаратын рөлін көрсету.
Оқу материалымен өздігінен жұмыс істеу.
Өзінің оқушының міндеттеріне саналықпен қарауды тәрбиелеу.
Мақсат: гормондар туралы білімнің медицина үшін маңызын көрсету.
Құрал-жабдықтар,көрнекті құралдар:оқулық,компьютер,интерактивті тақта.
Сабақ түрі: бекіту сабағы (білімді қорытындылау)
Әдіс-тәсілдер:СТО, ауысша,тест.
Сабақ барысы
І. Ұйымдастыру
ІІ. Оқытылған тақырып бойынша білімді өзектку:
А) «Миға шабуыл» сұрақтары
Ә) «Ішкі секреция бездері» суреті
Б) Биологиялық диктант
ІІІ. Жаңа сабақ:
А) Жұппен жұмыс (оқулық мәтінімен жұмыс)
Ә)Спикер
ІV. Бекіту. Тест
V. Үйге тапсырма
VІ. Бағалау
І. Ұйымдастыру кезеңі: әр оқушыға бағалау парақтары беріледі, кез келген жұмысын орындағанын белгілеу қажет
Оқушының аты-жөні......................................................................
№ тапсырма балл баға
1 «Миға шабуыл» 2 «Ішкі секреция бездері» суреті 4 Биологиялық диктант 5 Спикер 6 Тест ІІ. Оқытылған тақырып бойынша білімді өзектеу:
А) «Миға шабуыл» сұрақтары:
1.Гуморальдық реттелу деген не?
2.Ішкі секреция бездері дегеніміз не?
3.Сыртқы скреция бездері дегеніміз не?
4.Гормондар дегеніміз не?
5.Гипофиз гормондары қалай әсер етеді?
6.Қалқанша без қызметінің бұзылуы организмде қандай өзгерістер тұғызуы мүмкін?
7.Организм қызметіне адреналин гормоны қалай әсер етеді?
8.Өсу гормона жетіспесе не болады?
9.Химиялық зат йод гуморальдық реттелуде қандай қатысы бар?
10.Организмде кальций және фтор тұздарының қандай пайдасы бар?
2999740494728500Ә) «Ішкі секреция бездері» суреті бойынша бездердің атауларын дұрыс орналастыру керек
1.эпифиз
2.гипофиз
3.қалқанша безі
4.қалқаншаманы безі
5.айырша безі
6.ұйқы безі
7.бүйрек үсті безі
8.жыныс бездер
Б) Биологиялық диктант
1.Гормон деп ішкі секреция бездерінің қанға бөліп шығаратын және дененің түрлі әрекетін реттейтін химиялық заттар айтады.
2.Ұйқы безі инсулин гормонын бөледі.
3.Бүйрек үсті безі адреналин гормонын бөледі.
4.Қалқанша безі тироксин гормонын бөледі.
5.Оқушылар мен балабақша балалары йодомарин қабылдауы тиіс.
6. 1921 жылы американдық ғалымдар өсу гормонын ашты.
7.Тер, жас, май, сүт бездері сыртқы секреция бездері.
8.Мида орналасқан без гипофиз деп аталады.
9. Медицина ғылымының ішкі секреция бездерін зерттейтің маман дәрігер эндокринолог.
10.Қалқанша безінің қызметі шамадан тыс жоғарласа және организмде гормондар артық мөлшерде болса базедов (бадырақ көз) ауруы пайда болады.
ІІІ. Жаңа сабақ оқулықтың 41 беттегі §11 Аралас бездер
Жұппен жұмыс (оқулық мәтіні бойынша ұйқы безі және жыныс бездер туралы оқып, көрші балаға түсіндіру)
Спикерлер ұйқы безі және жыныс бездер туралы тақтаның алдына шығып айтады.
ІV.Бекіту. Тест тапсырмасы
1.Ішкі секреция бездерінің гормондары қайда бөлінеді?
А) ішекке ә) ұлпа сұйықтығана б) қанға в) теріге
2.Қандай бездер аралас қызмет атқарады?
А) ұйқы безі ә) қалқанша безі б) гипофиз в) бүйрек үсті безі
3.Сыртқы секреция бездеріне қайсысы жатады?
А)сілекей безі ә) бүйрек үсті безі б) гипофиз в) ұйқы безі
4.Адреналин қай без бөліп шығарады?
А) ұйқы безі ә)бүйрек үсті безі б)қалқанша безі в) гипофиз
5.Бақшаңкөз ауруы қай бездің қызметі бұзылғанда болады?
А)бүрек үсті безі ә) гипофиз б) қалқанша безі в) ұйқы безі
6.Алыптық және ергежейлілік қандай гормонның әрекетінен пайда болады?
А) адреналин ә) тимозин б) өсу гормоны в) инсулин
7.Қалқанша безде қандай элемент көп болу керек?
А)Са ә)Р б) Ғе в) І
Дұрыс жауаптар: 1б, 2а, 3а, 4ә, 5б, 6б, 7в.
V. Үйге тапсырма: Гормон және без деген сөздерге бес жолдық өлеңдер (синквейн) жазу.
VІ. Бағалау: бағалау парағы бойынша балдар санау және бағалау.
Кері байланыс. Рефлексия (оқушылардың парталарында түрлі-түсті парақшаларға көңіл аудару)
Қызғылт түс – сабақ өте ұнады, бәрін түсіндім
Сары түс – сабақ ұнады, түсінуге тырыстым
Ак түс – сабақ ұнаған жоқ, түсінген жоқпын