Технологическая карта по развитию речи на тему ?ыс?ы орман?а саяхат ( младшая группа)


Смағұлова Венера Серікқызы
Павлодар қаласы,
МҚКК №44 сәбилер бақшасының тәрбиешісі.Топ: 2-ші сәбилер
Сабақтың тақырыбы: «Қысқы орманға саяхат»
Білім беру саласы: Қатынас
Бөлімі: Тіл дамыту
Тақырыбы: «Қысқы орманға саяхат» (мнемотәсіл арқылы мәтін құру)
Мақсаты: Қыс жайында жалпы балалардың білімдерін бекіту.
Міндеті: Тірек-сызбалар арқылы 2-3 сөзден тұратын сөйлем құрауға үйрету. Есте сақтау қабілеттерін арттыру. Шағын әңгіме құрастыра білу біліктерін дағдыландыру.
Әдіс - тәсілдері: Мнемотәсіл, саяхат, көрсету, түсіндіру, ойын, сергіту сәті, сұрақ – жауап.
Қажетті құрал-жабдықтар, көрнекіліктер: Топты безендіруге шырша, бөренелер. Ойыншықтар аю, қоян, қасқыр,жалмауыз кемпір. Интербелсенді тақтаға жазылған хат. Мнемокестелер.
Тәрбиешінің іс –әрекеті
Мотивациялық –қозғаушы
Біз әдепті баламыз ең алдымен қонақпен амандасып аламыз!
Шаттық шеңбері. Жақсы істерді жақсы көңіл-күймен бастау. Жылы лебіздерін білдіру.
(Есік қағады.) Балалар, бұл ненің дыбысы. Иә, дұрыс айтасындар бұл есікті қаққан дыбыс. Бұл кім екен көрейікші.
Балалар бізге хат келген екен. Онда не деп жазылған екен көрейікші. Интербелсенді тақтаға қарап көрейік.
-«Мен, орман ханшайымы. Ормандағы барлық тіршілік иелерін жалмауыз кемпір адастырып жіберді. Маған оларды қайтаруға көмектесіндер». Балалар орман ханшайымына көмек керек.
-Балалар, көмектесеміз бе?
-Балалар қуана келіседі.
Балалар бізге жолға шығу керек.
Ұйымдастыру іс-әрекеті
Дидактикалық ойын «Көлікті таңда»
-Бізге сиқырлы ертегі еліне жету үшін бір көлікті таңдап алу керек.
-Балалар қандай көлік түрлерін білесіңдер. Атап беріңдерші?
-Балалар паровозбен барсақ жарайды ма?
Олай болса кім қарама-қарсы сөзді бірінші табады сол паравоздың бірінші вагоны болады. Ойын солай жалғасын табады.
Сөздік ойыны «Қарама-қарсы сөзді айт»
Түнде қараңғы, күндіз ...
Алма тәтті, лимон ...
Жазда жылы, қыста ...
Аналарын жас, әжелерін ...
Аналарын алыста, апайларын ...
Піл үлкен, тышқан ...
Бір-бірінің соңынан тұрып чух-чух-чух деп жүріп кетеді.
Балалар біз сиқырлы ертегі еліне жеттік.
Енді бізге жалмауыз кемпір тығып қойған орман жануарларын босату керек.
Сиқырлы ертегі еліне кіру үшін жалмауыз кемпірдің тапсырмасын орындау керек.
Дидактикалық ойын: «Сиқырлы сандықша».
Сандықшаның ішінде тапсырмалар .
Балалар тапсырмаларды орындайды.
Балалар біз ертегі еліне кірдік.
Балалар аюды көріп тұрсындар ма?
Бізге оны босату үшін кілемге отырып жаттығулар орындау керек.
Дыбыстық жаттығу.
Тірек сызба арқылы көрсету.
Жел уледі у-у-уБоран соқты зу-зу-зу,Қатты-қатты жел соқты гу-гу-гу,Мамық қарлар қол соқты ду-ду-ду,Шыдай алмай ұлпа қар ах-ах-ахБилеп кетті қалтырап пах-пах-пах.- Өте жақсы балалар!
Жұмбақ шешу.
Сылдырдан қорқады,
Шошынып жортады.  (Қоян)
Сергіту сәті
Ұзын құлақ сұр қоян,
Естіп қалды сыбдырды
Ойлы-қырлы жерлерден,
Ытқып-ытқып секірді.
«Сиқырлы қапшық». Сөйлем құрастыру.


Балалар барлық жануарларды құтқардындар.
Ал енді балалар бізге балабақшаға оралу керек. Ол үшін паровозға отырайық.
Назарларыңызға рахмет.
Рефлексивті-түзетуші Сұрақ-жауап арқылы қорытындылау.
Нені білу керек: Шағын әңгіме құрастыра білулері керек.
Нені игереді: Мнемотәсіл арқылы сөйлем құрауды игереді.
Нені біледі: Жаңа сөздердің мағынасын түсіне біледі.