Сын т?р?ысынан ойлау ар?ылы о?ытуды? тиімділігі.


  БҚО, Теректі ауданы
Ш.Онашев атындағы бастауыш мектеп
Бастауыш сынып мұғалімі
Жунусова Гулшара Тыныштыбаевна.
Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқытудың тиімділігі.
ХХІ ғ мектебінің мақсаты жас жеткіншектерді жауапкершілігі жоғары, парасатты, адамгершілік мәдениеті қалыптасқан, өмірге икемді, ұлтжанды тұлға қалыптастыру.Ж аңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, басқа да көптеген қасиеттерінің қалыптасуына көмектеседі, оқу-тәрбие үдерісін дұрыс ұйымдастыруына әсерін тигізеді.  Адам баласының бес саусағы бірдей болмайтыны сияқты оқшыларда бір-біріне ұқсамайтын, бірін-бірі қайталамайтын, кішкене болса да өзіндік ерекшелігі бар жеке тұлғалар. Олардың ішінде ең үздігі де, ең нашары да,тентегі де, біліп тұрса да өз ойын жеткізе алмайтындары болады. Бірақ ұстаз барлығын да жақсы көріп, білім нәрімен сусындатуы тиіс. Сондықтан да бастауыш сынып кезеңінен бастап баланың тілін дамыту жұмыстарына көп көңіл бөліну керектігі көрінді. Осы жағдайда тиімді технологиялардың бірі- «Сын тұрғысынан ойлау» технологиясы. Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз педагогтің бағыттауымен оқушының өз бетінше білімді игеруі. Нәтижесінде неғұрлым дамыған оқушының жеке тұлғасы қалыптасады. Бұл технологияның мақсаты сынауға емес шыңдалған ойлауға үйрету. Жоба әдіс-тәсілдері оқушыларды тынымсыз ізденімпаздыққа баулиды. Баланың терең де еркін ойлауына, үздіксіз еңбектене білуіне жол ашады. Сын тұрғысынан ойлау-оқу мен жазуды дамыту бағдарламасы. Оқушыны мұғаліммен, сыныптастарымен еркін сөйлесуге, пікір таластыруға, бір-бірінің ойын тыңдауға, құрметтеуге, өзекті мәселені шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты жеңуге баулитын бағдарлама. Сын тұрғысынан ойлауды үйрету үшін төмендегі қағидалар сақталуы тиіс:-Сын тұрғысынан ойлауды тудыру үшін уақыт керек;-Оқушыларға ойланып толғануға, ойын ашық айтуға рұқсат беру;-Әртүрлі идеялар мен пікірлерді қабылдау;-Үйрену барысында оқушылардың белсенді іс-әрекетін қолдау;-Оқушылардың бір-біріне жасаған сынының дәлелді , дәйекті болуын талап ету;-Сын тұрғысынан ойлауды бағалау.Ал оқушылар осыған байланысты:-Сенімділікпен жұмыс жасау;-Бар ынтасымен оқуға берілу;-Пікірлерді тыңдау,құрметтеу;-Өз пікірін ашық білдіруді талап ету қажет.Тек сонда ғана олар:-Мен осы мәселе туралы не ойлаймын?-Осы мазмұннан алған ақпарат менің бұрынғы осы мәселе туралы білетініме сәйкес келе ме?-Осы ақпаратты үйрене отырып мен бірдеңе жасай аламын ба?-Маған бұл жаңа ойлар,идеялар қаншалықты әсер етті?-деген сауалдар төңірегінде ойлауға үйренеді.
Сын тұрғысынан ойлау –Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік.
Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз-сабақта оқушылардың қызығушылығын арттыра отырып,өз ойыңды еркін және зерттей отырып,тұжырым жасау.Сын тұрғысынан ойлау
дегеніміз-ой қозғай отырып,оқушының өз ойымен өзгелердің ойына сыни қарап,естіген,
білгенін талдап,салыстырып, реттеп, сұрыптап, жүйелеп, білмегенін өзі зерттеп,
дәлелдеп,тұжырым жасауға бағыттау өз бетімен және бірлесіп шығармашылықпен
жұмыс жасау.
Сын тұрғысынан ойлауға үйретудің мақсаты-барлық жастағы оқушыларға кез келген
мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім
қабылдауға сабақ барысында үйрету болып табылады.
Біздің елімізге Джордж Соростың ашық қоғам институты «Сорос-Қазақстан»қоры
арқылы келген технология мектеп тәжірибесіне енді.
Қазіргі уақытта жаңа технологиялар теориялық тұрғыда дәлелденіп,тәжірибеде өзінің
нәтижесін беруде.Жалпы жаңа технологиялар –оқушылардың шығармашылық қабілеттерін,терең ойлай білуін, теориялық негіздерін, эстетикалық көзқарастарын пайымдауын, баға беруін, танымдық белсенділігін дамытуға бағытталған.
Педагогикалық жаңа технологиялар бастауыш сынып мұғалімдеріне мынадай қағидаларды ұстанады:оқуға шығармашылықтың енуі, мұғалім мен оқушы арасында ынтымақтастық,өзара әрекеттестік сипатындағы жаңа әлеуметтік қатынастың пайда болуы, жеке тұлғаның дамуына жағдайдың туғызылуы, жеке тұлғаға бағдарланған оқу,тұлға дамуының сыртқы әсермен бірге оқушының ішкі түрткілері негізінде жүргізілуі.
Жаңа технологиялардың негізгі қағидалары:
-балаға ізгілік тұрғысынан қарау;
-оқу мен тәрбиенің бірлігі;
-баланың танымдық және шығармашылық икемдігін дамыту;
-баланың танымдық күшін қалыптастыру және дамыту;
-әр оқушының қабілеті мен мүмкіндік деңгейіне қарай оқыту;
-барлық оқушының дамуы үшін жүйелі жұмыс істеу.
Жаңа педагогикалық технологиялардың ішінде сын тұрғысынан ойлауды дамыту
технологиясының орны ерекше.Оқытуды жеке тұлғаға бағыттау арқылы кез келген
сабақтың дамытушылық,тәрбиелік мүмкіндіктерін пайдаланып және осы жүйені қолдану
барысында барлық пәндерде оқушының шығармашылық қабілеттерін дамыту жүзеге
асатыны белгілі. «Сын тұрғысынан ойлау»технологиясы стратегиялары негізінде құрып
оқыту,яғни сыни тұрғыдан ойлау тәсілін іс-тәжірибеме енгізу нәтижесі оқушылар
бойында іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыруға болатынын сабақ барысында байқатты.