Cын т?р?ысынан ойлау технологиясын пайдалануды? тиімділігі
“Үлкенбөкен мектеп – балабақша кешені ”КММ Изгуттинова Айгуль АлдабергеновнаБиология пән мұғалімі Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында: « ... жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайларында алынған терең білімнің, кәсіби дағдының негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру» Сын тұрғысынан ойлау технологиясы – әлемнің түкпір-түкпірінен жиылған білім берушілердің бірлескен еңбегі. Тәжірибені жүйеге келтірген Джинни Стил, Куртис Мередит, Чарльз Тэмпл. Жобаның негізі Ж.Пиаже, Л.С.Выготский теорияларын басшылыққа алады. Дәстүрлі оқытуда мұғалім – оқушытехнологияда оқушы – мұғалім «Технология әдістер жиынтығы ғана емес, әдістер кездейсоқ таңдалынып алынған жоқ, олардың барлығы нақты өнім алудағы белгілі бір мақсатқа бағытталған» «... это искусство, мастерство, умение, совокупность методов обработки, изменения состояния объекта» В.Шепель «способ осуществления деятельности на основе ее рационального расчленения на процедуры и операции с их последующей координацией и выбором оптимальных средств и методов их выполнения» С.Н. Данакин С.А. Смирнов Технология: көздеген нәтиженің орындалу кепілінақтылы мақсатқа негізделген болашақ оқу үрдісінің жобасысатыланған және тәртіптелген іс-әрекет жүйесімұғалімнің кәсіби қызметін жаңартушы,жоспарланған түпкі нәтижеге жетудің кепілдік берерліктей іс-әрекеттер жиынтығыБілім беру стандартының негізгі талаптарына жетудің нақты жолы Біздің елімізге Джордж Соростың ашық қоғам институты, “Сорос-Қазақстан” қоры арқылы келген бұл технология орыс және қазақ тілдерінде мектеп тәжірибелеріне ене бастады. Мақсаты: барлық жастағы оқушыларға кез келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға сабақтарда үйрету. “Сын тұрғысынан ойлау” ұғымы белгілі бір идеяларды қабылдай отырып, оның неге қатысты екенін зерттеу, оларды жеңіл септикалық ойларға қарсы қоя білу, салыстыра алу, сол идеяларға қарсы көзқарастармен тепе-теңдікте ұстап зерттеу, оларға сеніммен қарау. Сыни тұрғыдан ойлау — бұл саналы мағынаны іздеу: өзінің көзқарасының қандайлық болуымен, басқалардың да пікірін ескеріп, қандай да обьективті ойлау және қисыны бар өзіндік қате сенімінен бас тарта білу. Сыни тұрғыдан ойлай білетін адам сұрақтар қоя біледі: Мен не білемін?Мен жаңаша нені білдім?Менің білімім қалай өзгерді?Мен осы біліммен не істей аламын? Сын тұрғысынан ойлау технологиясындағы негізгі үш саты: - Шақыру, ой туғызу, қызығушылықты ояту (мотивация) (7 минут)- Іске асыру, мағынаны тану (ұғыну, мәнін түсіну) (20-25 минут)- Рефлексия, ой толғаныс (сананың өзіне, өзінің психикалық күйіне назар аударуы) Тақырып туралы ой-толғаныс – бағдарламаның үшінші кезеңі. Күнделікті оқыту процесінде оқушының толғанысын ұйымдастыру, өзіне, басқаға сын көзбен қарап, баға беруге үйретеді. Оқушылар өз ойларын, өздері байқаған ақпараттарды өз сөздерімен айта алады. Бұл сатыда оқушылар бір-бірімен әсерлі түрде ой алмастыру, ой түйістіру, өз үйрену жолын, кестесін жасау мақсатында басқалардың әр түрлі кестесін біліп үйренеді. Бұл үйрену сатысы – ойды қайта түйіп, жаңа өзгерістер жасайтын кезең болып табылады. Әр түрлі шығармашылықпен ой түйістіру болашақта қолданылатын мақсатты құрылымға жетелейді. Осы кезеңді тиімді етуге лайықталған “Бес жолды өлең”, “Венн диаграммасы”, “Еркін жазу”, “Семантикалық карта”, “Т кестесі” сияқты стратегиялар әр сабақтың ерекшелігіне, ауыр-жеңілдігіне қарай лайықтала қолданылады. Кезеңдері Шақыру Іске асыру Рефлексия Мақсаты - Оқып үйренушінің өткен білімі мен тәжірибесін өзекті ету.- Оқушылардың іс-әрекетін белсенді ету.- Оқу іс-әрекетіне уәж (негіздеме) қалыптастыру.- Оқу іс-әрекетінде оқып үйренушілердің жекелей мақсаттарын қою. - Оқып үйренушімен жаңа білімді алу.- Белгілінің жаңамен арақатынасын білу, түсінігін қалыптастыру және білімдерін жүйелеу.- Жұмыс тәсілін ақпаратпен үйрену.- Шақыру кезеңіне қойылған мақсаттарын қолдау. - Жаңа білімді беру.- Пән туралы бүтіндей көрініс жасау.- Мәселе өрісін кеңейту, оқу іс - әрекетінде жаңа мақсаттарды қою.- Оқып үйренушінің пәндегі дамуын бағалау және өзін-өзі бағалау бойынша жұмысы. Тәсілдері - «Миға шабуыл» - Болжам (сурет, портреті бойынша)- Қажетті сөздер бойынша болжам- Альтернативті тест (дұрыс немесе дұрыс емес пікірлер)- Сұрақтар, мәтіннен тауып жауап беруге болатын жауаптар тұжырымы- Кластер- Кесте «Б–Б–Б» - insert әдісі бойынша белгілеумен мәтінді оқу- Астын сызу арқылы қажетті сөздерді көрсету - insert таңбалау кестесі- Шығармашылық жұмыс – синквейнқажетті сөздерге,дұрыс және дұрыс емес пайымдауға қайта оралу. - Досына хат жазу, күнделік жүргізу.- Қажетті сөздерден кластерді бітіру.- Шатысқан қисынды тізбектер Нәтижелер - Маңызды тәжірибе- Белсендірілген білім- Қалыптасқан уәж (негіздеме) - Жүйелі білім- Шақыру кезеңіндегі баяндалған мақсаттарын нығайту. - Берілген білім- Пән бойынша қалыптасқан бүтіндей көрініс- Келешекте қызмет бабында көтерілуіне қойылатын мәселелер Джиксо – ұжымдық оқыту әдісі Мақсаты – жалпы мәселені алдымен жұпта, сосын ұжымда талқылау. Бұл жағдайда әрбір оқушы бір сәт өзін мұғалім ретінде сезінеді, оқуға деген жауапкершілігі артады.Әдісті қолдану төмендегіше ұйымдастырылады. Алдымен ұжым 4 адамнан тұратын топтарға бөлінеді. Бұл “жанұя” топтар деп аталады. Содан кейін 1, 2, 3, 4-ке санау арқылы 1-лер бөлек, 2, 3, 4 өз алдына “жұмыс” тобын құрайды. Оқуға ұсынылатын материалдың тақырыбы талқыланған соң осы мәтінді түсіну қажет екендігі ескертіледі. 4 логикалық бөлікке бөлінген мәтіннің 1-бөлігін 1-лер, 2-бөлігін 2 санын алғандар, 3, 4 нөмірлі топтарға оқуға тапсырылады. Жұмысты бастамас бұрын оқушыларға “жұмыс тобында” мәтіннің тиісті бөлігін жақсы меңгеру қажеттілігін, өйткені сол бөлікті “жанұя топ” оқушыларына түсіндіруге жауапты екенін, мәтінді тұтас түсіну әр оқушының ыждағаттылығына байланысты екенін түсіндіру қажет. Келесі кезекте ұжым мүшелері бастапқы топтарымен қайта табысып, өздерінің үйреніп келген бөліктеріндегі мазмұнды ортаға салады. Осылайша ұжым мүшелері бірін-бірі оқытуға, сол арқылы ойлауға үйренеді. ДЖИКСО стратегиясы мазмұнды жоғары табыспен меңгеру, оқығанды есте сақтау үшін өте тиімді. Оқушының оқуға деген қызығушылығы артады, ұжымда жақсы қарым-қатынас қалыптасады, саналы тәртіп орнайды. Сондай-ақ, мұғалімді, мектеп қызметкерлерін түсіну, оларға деген дұрыс көзқарасқа үйренеді. ИНСЕРТ (INSERT)I – interactive: өзінен-өзі белсендендіретін "Ә" – әлдеқашан білгенмін;N – noting: жүйелік белгілеу "+" – жаңа;S – system: тиімділік үшін "–" – басқалай ойлады;E – effective: оқу және ойлану "?" – басқалай ойлады.R – readingT – thinking Инсерт ағылшын тілінен сөзбе-сөз аударғанда: тиімді оқу және ойлау үшін жазудың интерактивті жүйесі. Тәсіл бірнеше сатымен жүзеге асады. I саты: Мәтіндегі ақпаратты келесі түрде бөлшектеу үшін мәтінді белгілеу: V «қанат белгімен» оқушыларға әлдеқашан белгілі нәрсе белгіленеді; - «алу» белгісімен олардың түсінігіне қайшы нәрсе белгіленеді; + «қосу» белгісімен оларға қызықты және тосын нәрсе белгіленеді; ? «сұрақ белгісі» егер, бір нәрсе анық емес, көбірек білуге құштарлық пайда болса қойылады. II саты: Мәтінді оқи отырып, оқушылар жеке азат жолдар мен сөйлемдерді белгілейді. III саты: Оқушыларға ақпараттарды өздерінің белгілеуіне сәйкес кестеге орналастырып, жүйелеу ұсынылады IV саты: Кестенің әрбір бағанын тізбектей талқылау. Қолдануының пәндік саласы: көбінесе көптеген фактілер мен мәліметтерден тұратын ғылыми-танымал мәтіндер. Осы тәсіл аналитикалық ойды дамытады, материалды түсінгенін қадағалаудың құралы болып табылады. ИНСЕРТ-тің кезеңдері үш сатыға сәйкес: шақыру, ұғыну, рефлексия V «қанат белгі» (әлдеқашан белгілі нәрсе) - «алу» (белгісі түсінігіне қайшы нәрсе) + «қосу» белгісі қызықты және тосын нәрсе ? «сұрақ белгісі» (егер бір нәрсе анық емес, көбірек білуге құштарлық пайда болса) ... ... ... ... ... ... ... ... ТОПТЫҚ ПІКІРТАЛАС Пікірталас латын тілінен аударғанда – зерттеу, талдау, қандай да бір сұрақты талдау. Оқушыларға бір – бірлерімен білімдерімен, ойларымен, уәждерімен бөлісу ұсынылады. Пікірталасты жүргізуде басты шарт: оған қатысушылардың әртүрлі көзқарастарын сыйлау; туындаған қайшылықтардың құрылымдық шешімін бірге іздеу. Топтық пікірталас шақыру сатысында да, рефлексия сатысында да қолданылуы мүмкін. Және бірінші жағдайда оның міндеті: алғашқы ақпаратпен алмасу, қайшылықтарды анықтау, ал екінші жағдайда – алынған мағлұматтарды қайта ойлауға, мәселені өзіндік көруін басқа көзқарастармен және ұстанымдармен салыстыруға мүмкіндік. Топтық пікірталас түрі диалогтық қатынасты дамытуға, ойлаудың өзіндік болуына көмектеседі. ҮЗІЛІСТЕРМЕН ОҚУ ЖӘНЕ БЛУМ СҰРАҚТАРЫ Әр типті сұрақтарды қолдану арқылы оқуды ұйымдастыру әдістемелік тәсілінің шартты аты Дайындық жұмыстары: 1. Ұстаз оқу үшін мәтін таңдайды. Таңдау үшін критерилер: - Мәтін берілген аудиторияға мүлдем белгісіз болуы тиіс (кері жағдайда тәсілді қолданудың мағынасы мен логикасы жойылады); - Динамикалық, оқиғалы сюжет; - Күтпеген шешім, «ашық» мәселелі мәре. 2. Мәтін алдын-ала мағыналық бөліктерге бөлінеді. Мәтіннің өзінде қай жерде оқуды тоқтатып, үзіліс жасау керектігі белгіленеді: «бірінші үзіліс», «екінші үзіліс» және т.с.с. 3. Ұстаз алдын ала мәтінге оқушылардың әр түрлі ойлау дағдыларын дамытуға бағытталған сұрақтар мен тапсырмалар ойластырады. Ұстаз нұсқаулар береді және мәтінмен жұмыстың ережелерінің сақталуын мұқият қадағалай отырып, үзіліспен оқу үрдісін ұйымдастырады. (Сипатталған стратегия өзіндік оқуда ғана емес, мәтінді естіп қабылдауында да қолданылуы мүмкін). КЛАСТЕРЛЕР Қандай да бір тақырыпты ұғынуда болатын ой үрдісін көрнекті ететін, материалды графикалық ұйымдастыру тәсілі. Кластер ойлаудың сызықтық емес форманың бейнесі болып табылады. Кейде осы тәсілді «көрнекті миға шабуыл» деп атайды. Іс-әрекет тізбегі оңай және қисынды: 1. Ойдың, тақырыптың «жүрегі» болып табылатын басты сөзді немесе сөйлемді таза беттің ортасына (тақтаға) жазу керек. 2. Берілген тақырыпқа келетін, бейнелерді, фактілерді, ойды көрсететін сөздерді немесе сөйлемдерді жан-жағына «лақтырып» тастау керек. («Планеталар және оның серіктері» үлгісі) 3. Жазылуына қарай, пайда болған сөздер пасты ұғыммен түзу сызықпен біріктіріледі. Әрбір «серіктің» өз кезегінде тағы да «серіктері» пайда болады, жаңа логикалық байланыстар тұрғызылады. Кластерлермен жұмыс жасағанда келесі ережелерді сақтау керек: 1. Ойға келген нәрсенің барлығын жазудан қорықпау керек. Қиял мен интуицияға ерік беру керек. 2. Уақыт біткенге дейін немесе ойлар сарқылғанға дейін жұмысты жалғастыру. 3. Көбірек байланыстар жасауға тырысу. Алдын-ала белгілі жоспарды қолданбау. СИНКВЕЙН 1. (бірінші жол – БІР сөзбен, әдетте зат есіммен көрсетілген өлеңнің тақырыбы); 2. (екінші жол – ЕКІ сөзбен, әдетте сын есімдермен берілген тақырыптың сипаты); 3. (үшінші жол – ҮШ сөзбен, әдетте етістіктермен берілген осы тақырып көлеміндегі іс-әрекеттің сипаты); 4. (төртінші жол – автордың берілген тақырыпқа қатысын көрсететін, ТӨРТ сөзден тұратын сөз орамы); 5. (бесінші жол – БІР сөз – тақырыптың негізін қайталайтын жалынды-көркем немесе философиялық-жалпыланған деңгейдегі бірінші сөздің синонимі). Мысалы: АнаСүйікті, нәзік Тәрбиелейді, тыңдайды, көмектеседі Өмірде ең маңызды адамӨмір ЭССЕ Сынның және публицистиканың жанры, қандай да бір әдеби, философиялық, эстетикалық, моральдық және әлеуметтік мәселенің еркін баяндамасы. Әдетте сұрақтың жүйелі ғылыми қарастырылуына қайшы қойылады. Батыс педагогикасында жазба жұмыстарының өте кең таралған жанры. Әдетте рефлексия сатысында кішкене жазба тапсырмасы ретінде қолданған орынды. «Б-Б-Б» КЕСТЕСІ («БІЛЕМІН – БІЛГІМ КЕЛЕДІ – БІЛДІМ» Материалды графикалық ұйымдастырудың және логикалық-мағыналық құрылымдаудың бір тәсілі. Тақырыптың мазмұны кешенді түрде қарастырылатын болғандықтан, түр ыңғайлы. 1 қадам: Мәтінмен таныспай тұрып, оқушылар өздері немесе топта бірінші және екінші «Білемін», «Білгім келеді» бағандарын толтырады. 2 қадам: Мәтінмен танысу барысында немесе оқығанды талдау үрдісінде оқушылар «Білдім» бағанын толтырады. 3 қадам: Қорытынды жасау, бағандардың мазмұнын салыстыру. ӨЗАРА СҰРАҚ Жұппен жұмыс жасаудың бір тәсілі. «Ұғыну» сатысында қолданылады. Қолдану технологиясы: екі оқушы әрбір азат жолдан кейін тоқтай отырып мәтінді оқиды, содан кейін бір-біріне оқығанының мазмұны бойынша әртүрлі деңгейдегі сұрақтар қояды. Берілген түр коммуникативті дағдылардың дамуына әсер етеді. СТО технологиясының стратегияларымен жұмыс жүргізгенде мынандай талаптарды ескерген жөн: 1. Оқушыларға топқа берілген тапсырмалар ұзаққа созылып кетпес үшін уақытты шектеп беру. Мысалы 1 тапсырмаға 3 минут.2. Оқушы өз ойын не пікірін айтқанда оны шектемеу.3. Оқушы жауап бергенде, не өз ойын ашық айтқанша ешқашан «сенің айтқаның дұрыс емес» деуге болмайды.4. Басқа оқушылар бір-бірінің жауаптарын сын тұрғысынан бағалайды.