Призма мен пирамиданы? жазы?ты?пен ?ималарын салу та?ырыбына арнал?ан саба? жоспары 10 сынып


CАБАҚ ЖОСПАРЫ
Күні: Сынып: 10 Пән: геометрия
Сабақ тақырыбы: Призма мен пирамиданың жазықтықпен қималарын салу
Мақсаты:
Білімділік.
Оқушыларды көпбұрыштың жеке түрлерімен және кеңістіктегі фигураларды бейнелеуге қойылатын талаптармен таныстыру;
Көпжақтардың қималары туралы түсінік беру;
Көпжақтардың қимасына арналған жаттығуларды орындау негізінде оқушылардың бойында кеңістік елестету қабілетін қалыптастырып, дамыту;
Дамытушылық: Пәнге деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру, шығармашылығын, ойлау қабілетін дамыту, қиялын ұштап, білімін шыңдауға жетелеу.
Тәрбиелік: Топпен жұмыс істей білу дағдыларын қалыптастыру. Оқушыларды алғырлыққа, тапқырлыққа, шапшаңдыққа, ойын ашық жеткізуге, берілген тапсырманы жауапкершілікпен орындай білуге, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақ түрі: жаңа сабақ
Сабақтың көрнекілігі: деңгелік тапсырмалар.
Қанатты сөздер: Білім асыл қазыналы сандық, оны алатын кілт – еңбек. (П. Буаст)
Сабақтың әдісі: жекелей және топпен жұмыс
Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер:
Білімді жеткізу: көрнекіліктерді қолдану арқылы
Практикалық (ауызша жаттығу жұмыстарын орындату кезінде және сызба жұмыстары кезінде)
Ішінара ізденушілік (шығармашылық тапсырмалар орындату)
Оқытудың ақпараттық технологияларын қолдану (компьютер, электронды оқулық).
САБАҚ БАРЫСЫ:
Ұйымдастыру кезеңі:
а) Сәлемдесу
ә) Оқушылар тізімін тексеру
б) Сабақтың мақсатын нұсқау
ӨТКЕНДІ ҚАЙТАЛАУ
-КӨПБҰРЫШТАР
-КӨПЖАҚТАР
-ЖАЗЫҚТЫҚТЫҢ БЕРІЛУ ТӘСІЛДЕРІ
-ПАРАЛЛЕЛЬ ТҮЗУЛЕР
-ПАРАЛЛЕЛЬ ЖАЗЫҚТЫҚТАР
-ПАРАЛЛЕЛЬ ПРОЕКЦИЯЛАУ
ЖАҢА САБАҚ (Білім беру)
Көпжақтардың тек екі түрін: параллелепипед және тетраэдрді қарастырамыз.
Тікбұрышты параллелепипед: 6 жағы, 12 қыры, 8 төбесі, барлық жағы тіктөртбұрыш, дербес түрі:куб (барлық жағы квадрат).
Тетраэдр (үшбұрышты пирамида): 4 жағы, 6 қыры, 4 төбесі, жағы-үшбұрыш, барлық жағы тең болса- дұрыс тетраэдр.
Көпжақтың қимасы деген не?
Егер көпжақтың ең болмағанда екі нүктесі \ жазықтықтың әртүрлі жағында жатса, онда осы жазықтық\ көпжақты қияды дейді. – қима жазықтық.
Көпжақ пен қима жазықтығының ортақ нүктелерінен тұратын фигураны берілген жазықтықпен көпжақ қимасы деп аталады.
Тетраэдрдың төрт жағы бар сондықтан оның қимасы үшбұрыш немесе төртбұрыш болады.
Параллелепипедтің қимасы не болады?
Параллелепипедтің алты жағы бар. Оның қимасы үшбұрыш немесе төртбұрыш, бесбұрыш, алтыбұрыш болып табылады.
Параллелепипедтің табандарының диогональдары арқылы өтетін жазықтықпен қимасы – диагональ қима деп аталады.
Мысалдар қарастыру (Түсіну)
Есеп. К, Р, Т нүктелері тетраэдрдің бір төбесінен шықпайтын үш қырында жатыр. Осы нүктелер арқылы өтетін жазықтықпен тетраэдрдің қимасын салу.
Есеп. К, Р, Т нүктелері кубтың үш айқас қырларының ортасы. Осы нүктелер арқылы өтетін жазықтық пен кубтың арасындағы қимасын салу.
Бағалау.
Үйге тапсырма. Тест жұмысы 10 есеп