Технологиялы? карта Адамдарды? баспаналары
Технологиялық карта
Тақырыбы: «Адамдардың баспаналары.»
Білім беру саласы: «Әлеумент»
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: қоршаған ортамен таныстыру.
Тақырыбы: Адамдардың баспаналары.
Мақсаты:адамдардың баспаналары:киіз үй,көпқабатты үй,пәтер,олардың айырмашылықтары,ұқсастықтары және ерекшеліктері туралы айтып беруге, оқылған әңгімедегі кейіпкерлердің әрекетін талқылауға үйрету.Балалардың таным белсенділігін арттыру.Ересектердің еңбегі туралы түсініктерін кеңейту.Баспана салған адам еңбегіне құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: киіз үйдің ,жер үй мен көпқабатты үйдің макеті мен әртүрлі баспаналардың суреттері.
Қолданылатын көрнекі құралдар: жұмыс дәптері ,үй құрастыруға арналған материалдары.
Алдын ала жұмыс:шаттық шеңбердегі өлеңді жаттау.
Әдіс-тәсілдері:сөздік,көрнекілік,ойын,практикалық
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері Педагогтың іс-әрекеті Баланың іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық Шаттық шеңберді ұйымдастыру.
Кәне,кәне,тұрайық,
Киіз үйді құрайық.
Бір уықты қолға алып,
Шаңыраққа тағайық.
Шеңбер болып айналып,
Арқандарды тартайық.
-Балалар,біздің шаттық шеңберіміз не жайында болды?
Дұрыс айтасыңдар балалар,олай болса біз бүгін адамдардың баспаналары туралы әңгімелеседі екенбіз. Балалар шеңберге жиналып,төмендегі өлең жолдарын айта отырып,қимылдар жасайды.
-Киіз үй жайында.
Ұйымдастырушылық-ізденістік Педагог әртүрлі үйлердің макеттері мен суреттерін көрсете отырып,ішінен киіз үйді табуларын сұрайды.
-Киіз үй екендігін қайдан білдіңдер?
-Дұрыс айтасыңдар, «киізден жасалғандықтан бұл үйді киіз үй деп атаған»,-деп киіз үйдің құрлысы туралы қысқаша ақпарат береді.Сонымен қатар киіз үйді адамдар үнемі көшіп жүргендіктен пайдаланғандығын және киіз үйлер даланың қатты дауыл желдерінен де қорған болатындығын түсіндіру.
-Сендер қандай үйде тұрасыңдар?
-Көпқабатты үй,екі қабаттан тұратын үй туралы не айтар едіңдер?
-Пәтер деп нені айтамыз.
Педагог пәтер туралы түсіндіреді.
-Қалай ойлайсыңдар,киіз үйдің ішінде пәтер бар ма?
-Бөлмелер қандай үйлерде болады?
-Тағы қандай үйлер бөлмелерге бөлінген?
-Міне балалар,киіз үйдің айырмашылығы
оның сыртқы көрінісінде ғана емес,сонымен бірге ішінде де байқалады екен.
Педагог киіз үй,көпқабатты т.б.
Үйлердің барлығы да адам баспаналарына жататындығын түсіндіреді.
-Қалай ойлайсыңдар,осы баспаналарды салған кімдер деп ойлайсыңдар?
-Оларды кімдер деп атаймыз?
Педагог баспана салудағы адамдардың еңбегі жайлы айтып түсіндіреді.
Педагог балаларды өздерінің қалауы бойынша екі орталыққа бөледі.
Бірінші орталықтағы балаларға киіз үй мен жер үйдің,көпқабатты үйдің макетін салыстырып,сипаттап беру,екінші орталықтағы балаларға көп қабатты үй,оның ауласын,ойын алаңын құрастыру тапсырылады.
Педагог ұйымдастырады да,балаларға орталықтағы орындарын ауыстыру керек екендігін, ескертіп қадағалайды.
Орталықтағы жұмыстардың аяқталғанын айтып орнынына отырғызады.
Дәптермен жұмыс.
Педагог Ы.Алтынсариннің «Ағаш үй мен киіз үй» әңгімесін оқып,бүгінгі күнгі ұйымдастырылған оқу іс әрекетін түйіндейді.Және балалардан бүгінгі жиынан алған әсерлерін,көңіл күйлерін сұрайды.
Сонымен қатар немен айналысқандарын,не үйренгендерін сұрайды.
Бүгінгі жиынның түйінді ойы немесе тақырыбы жайлы естеріне түсіреді .
Балалар киіз үйдің макетін немесе суретін тауып көрсетеді.
-Өйткені ол киізден жасалған.
-Көпқабатты үйде.
-мен пәтерде тұрамын.
-Ал мен екі қабатты үйде тұрамын.
-Көпқабатты үй биік, үлкен,онда көп адамдар тұрады.
-Екі қабатты тұратын үйде бір отбасы ғана тұрады.
Бірақ оның бөлмелері көп.
Балалар білетін болса өздерінің тәжірбиелеріне сүйеніп жауап береді.
-Жоқ,киіз үйдің ішінде пәтерлерде бөлмелер де болмайды.
-Көпқабатты үйлерде пәтерлер болады.Сол пәтерлердің үстінде бөлмелер бар.
-Адамдар.
-Құрлысшылар деп атаймыз.
Бірінші орталықтағы балалар киіз үй мен жер үйдің,көпқабатты үйдің макетін салыстыра отырып олардың айырмашылықтары мен ұқсастықтарын табады.
Екінші орталықтағы балалар құрылыс материалдарынан көп қабатты үйлерді ,оның ауласы мен ойын алаңын құрастырып әңгімелейді.
Балалар орталықтағы орындарын ауыстырып отырады.
Балалар бастапқы орындарына отырып ,дәптерде берілген тапсырманы орындайды.
Балалар әңгімені тыңдап,педагогтың әңгіме желісі бойынша қойған сұрақтарына жауап береді.
Әңгіме мазмұнындағы адам еңбегі туралы айтады.
Оқу іс әрекетінен алған әсерлерін,көңіл күйлерін дәптердегі
Таңбаларға белгілейді.
Күтілетін нәтиже:
Біледі:адамдардың баспаналары мен олардың айырмашылықтары,ұқсастықтары туралы .
Игереді:киіз үй,көпқабатты үй,пәтер,олардың айырмашылықтары ,ұқсастықтары және ерекшеліктері туралы.
Меңгереді:салыстыруды,сипаттап әңгімелеп беруді.