Шы?армашылы? баяндама «О?ушыларды адамгершілікке ж?не ?дептілікке т?рбиелеу».


«Отбасында, мектепте, қоғамдық орындарда үлкендер мен бала арасындағы сыйластық, махаббат пен мейірімділік, шапағат шуағы мен ізгілік нұрына бөленуі тиіс.Өйткені біз баланы  адал еңбек етіп, елін, халқын сүюге тәрбиелеп отырмыз. Сондықтан ұл-қызымызға көзбе-көз айтқан сөзіміз, берген тәрбиеміз жүректен жүрекке жетсе, қандай ғанибет!»                                                     С.А.Назарбаева
Тәуелсіз Қазақстан үшін жалпы адамзаттық мәселе, рухани бай тұлғаны қалыптастыру мәселесі өзекті сипатқа ие болып отыр. Жас ұрпақтың бойына адамгершілік-рухани қайнарын сіңіріп, мінез-құлқын тәрбиелеу үшін, жалпы адамзаттық құндылықтарды, адамгершілік ұстанымдарды, әділдік пен өзара көмекті ғұмыр бойы мұрат тұтуға бет бұруы қажет.
Адамгершілік – адамның қоғамдық өмірінің негізі. Адамгершілік білімі – қоғамдық білімдердің басты және бастапқы бөлігі, оның базасы болып табылады. Қоғамдық білімдерге жататын саяси, құқықтық, эстетикалық, философиялық, діни білімдердің барлығы да адамгершілік білімдерге, яғни кез келген саясат, эстетикалық идеал, құқықтық нормалар, діни наным-сенімдер адамдарда және қоғамда қалыптасқан адамгершілік идеяларға, нұсқамаларға, мақсаттарға тәуелді және онымен тығыз байланысты болып келеді. Өйткені адамгершілік білімі адамдардың дүниетанымын, олардың қызметін және мінез-құлқын, істері мен әрекеттерін анықтайды. Сондықтан да көрнекті педагогтар адамгершілік білімін «білім берудің алтын қазығы» деп бекер айтпаған.Адамгершілік - Адамға қойылатын басты талап – асыл да ізгі адамгершілік қасиеттерді бойына сіңірген, ұлағатты азамат болып шығу. Өйткені адам – өзінің адамгершілігімен, қайырымдылығымен, адалдығымен және әділеттігімен ардақты. Халқымыз қайырымды - мейірімді жанды «адамгершілігі мол адам» деп дәріптеген. Қайырымды, мейірімді жан – өзгелерді, басқа адамдарды ойлап, соларға қол ұшын беруші жан. Ал, адамдардың қамын жеу дегеніміз адамгершілікке келіп саяды. Адамгершілік – адамның рухани арқауы. Мұны адамгершілік туралы айтылған мақал-мәтелдерден байқауға болады.
Адамгершілік болмай,Әділдік болмас.Адамның ұяты бетінде ,Адамгершілігі ниетінде.Асыңа тойғызбасаң да,Ақ ниетіңе тойғыз.Су бермегенге, сүт бер,Ақ ниетіңді білсін.Кең болсаң, кем болмайсың.Кішіпейілділік – кісінің көркі.Ақылың болса, арыңды сақта,Ар ұят керек әр уақытта.Ынсап, ұят, терең ой -Асыл зейнет ойлап қой.Ұлық болсаң, кішік бол.Өз қадірің – өз байлығың.Ары таза, нар жүгін көтереді.
Адамгершіліктің негізі мінез-құлық нормалары мен ережелерінен тұрады. Олар адамдардың іс-қылықтарынан, мінез-құлықтарынан көрінеді, моральдық өзара қарым-қатынастарды басқарады. Отанға деген сүйіспеншілік, қоғам игілігі үшін адам еңбек ету, өзара көмек, сондай-ақ қоғамға тән адамгершіліктің өзге де формалары, бұл – сананың, сезімдердің, мінез-құлық пен өзара қарым-қатынастың бөлінбес элементтері, олардың негізінде қоғамымыздың қоғамдық-экономикалық құндылықтары жатады.Рухани-адамгершілік тәрбие — бұл дұрыс дағдылар мен өзін-өзі ұстау дағдыларының нормалары, ұйымдағы қарым-қатынас мәдениетінің тұрақтылығын қалыптастырады. Жеке адамның адамгершілік санасының дәрежесі оның мінез-құлқы мен іс әрекетін анықтайды.Сананың қалыптасуы – ол баланың мектепке бармастан бұрын, қоғам туралы алғашқы ұғымдарының қалыптасуына, жақын адамдардың өзара қатынасынан басталады. Баланы жақсы адамгершілік қасиеттерге, мәдениетке тәрбиелеуде тәрбиелі адаммен жолдас болудың әсері күшті екенін халқымыз ежелден бағалай білген. «Жақсымен жолдас болсаң – жетерсің мұратқа, жаманмен жолдас болсаң - қаларсың ұятқа...» «Жаман дос, жолдасын қалдырар жауға» — деген мақалдардан көруге болады. Мақал-мәтелдер, жұмбақ, айтыс, өлеңдер адамгершілік тәрбиенің арқауы. Үлкенді сыйлау адамгершіліктің бір негізі. Адамзаттық құндылықтар бала бойына іс-әрекет барысында, әр түрлі ойындар, хикаялар, ертегілер, қойылымдар арқылы беріледі. Адамгершілік – адамның рухани байлығы, болашақ ұрпақты ізгілік бесігіне бөлейтін руханият дәуіріне жаңа қадам болып табылады. Адамгершілік тәрбиенің нәтижесі адамдық тәрбие болып табылады. Ол тұлғаның қоғамдық бағалы қасиеттерімен сапалары, қарым-қатынастарында қалыптасады. Адамгершілік қоғамдық сананың ең басты белгілерінің бірі болғандықтан, адамдардың мінез-құлқы, іс-әрекеті, қарым-қатынасы, көзқарасымен сипатталады. Олар адамды құрметтеу, оған сену, әдептілік, кішіпейілдік, қайырымдылық, жанашарлық, ізеттілік, инабаттылық, қарапайымдылық т. б. Адамгершілік – ең жоғары құндылық деп қарайтын жеке адамның қасиеті, адамгершілік және психологиялық қасиеттерінің жиынтығы. Адамгершілік тақырыбы – мәңгілік. Ол ешқашан ескірмек емес. Жас ұрпақтың бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіру- ата-ана мен ұстаздардың басты міндеті. Адамгершілік әр адамға тән асыл қасиеттер. Адамгершіліктің қайнар бұлағы – халқында, отбасында, олардың өнерлерінде, әдет-ғұрпында. Әр адам адамгершілікті күнделікті тұрмыс — тіршілігінен, өзін қоршаған табиғаттан бойына сіңіреді. Көрнекті педагог В. Сухомлинский «Егер балаға қуаныш пен бақыт бере білсек, ол бала солай бола алады», — дейді. Демек, шәкіртке жан-жақты терең білім беріп, оның жүрегіне адамгершіліктің асыл қасиеттерін үздіксіз ұялата білсек, ертеңгі азамат жеке тұлғаның өзіндік көзқарасының қалыптасуына, айналасымен санасуына ықпал етері сөзсіз. Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мұрат-міндеттерінің ең бастысы — өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу. Ұрпақ тәрбиесі — келешек қоғам тәрбиесі. Сол келешек қоғам иелерін жан-жақты жетілген, ақыл-парасаты мол, мәдени — ғылыми өрісі озық етіп тәрбиелеу — біздің де қоғам алдындағы борышымыз. Адамгершілік тәрбиесінің әрқайсысының ерекшеліктерін жетік білетін ұстаз халық педагогикасын ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүрлерді, әдет-ғұрыпты жан-жақты терең білумен қатар, өркениетті өмірмен байланыстыра отырып, білім берудің барлық кезеңдерінде пайдаланғаны дұрыс. Ата-ананың болашақ тәрбиесі үшін жауапкершілігі ұрпақтан ұрпаққа жалғасуда.«Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі»дегендей, ата-ананың күн сайын атқарып жүрген жұмысы – балаға үлкен сабақ.Жақсы адамгершілік қасиеттердің түп негізі отбасында қалыптасатыны белгілі. Адамгершілік қасиеттер ізгілікпен ұштастырады. Әсіресе еңбекке деген тұрақты ықыласы бар және еңбектене білуде өзін көрсететін балаларды еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу басты міндет болып табылады.Ата-бабаларымыздың баланы бесігінен жақсы әдеттерге баулыған. «Үлкенді сыйла», «Сәлем бер, жолын кесіп өтпе» деген секілді ұлағатты сөздердің мәні өте зор. Адамгершілікті, ар-ұяты бар адамның бет-бейнесі иманжүзді, жарқын, биязы, өзі парасатты болады. Ондай адамды халық «Иман жүзді кісі» деп құрметтеп сыйлаған. Балаларымызды имандылыққа тәрбиелеу үшін олардың ар-ұятын, намысын оятып, мейірімділік, қайырымдылық, кішіпейілдік, қамқорлық көрсету, адалдық, ізеттілік сияқты қасиеттерді бойына сіңіру қажет. Баланы үлкенді сыйлауға, кішіге ізет көрсетуге, иманды болуға, адамгершілікке баулу адамгершілік тәрбиесінің жемісі. «Оқушыларды адамгершілікке және әдептілікке тәрбиелеу» шығармашылық тақырыбы бойынша 2013 жылдың қыркүйек айыннан бастап жұмыс істеу бастадым. Енді оқушылардың өзін-өзі тану сабағындағы оқушыларды адамгершілікке және әдептілікке тәрбиелеу мақсатында өткізген сабағымды мысалға келтірсем.
Пәні: Өзін-өзі тану. Сыныбы: 3
Тақырыбы: «Сіз» деген - әдеп, «біз» деген – көмек
Кұндылығы: «сыйластық», «қамқорлық»
Қасиеттер: мейірімді, әдептіМақсаты: Балалардың «сыйластық», «қамқорлық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.Білімділігі: өзара сыйластық қарым - қатынастарының адам өміріндегі мәнін түсіндіру;Дамытушылығы: бірлесіп еңбек етуге қызығушылықтарын арттыру;Тәрбиелігі: өзара сыйластыққа, өзара көмекке, бірлікке тәрбиелеу.Көрнекі құралдар: оқулық,слайд, дәптер, түрлі - түсті қағаздан қиып жасалған үйдің макеті.
Сабақтың түрі: әңгімелесу
І. Ұйымдастыру кезеңі:
-Балалар, «Әдептіліктің белгісі-иіліп сәлем бергені»дегендей бәріміз,қонақтармен,бір-бірімізбен сәлемдесіп алайық.
2901315103505Сыйластықты іздеген
Әдеп сақтар ізгі өрен,
Сыпайылық белгісі-
Үлкендерге «сіз»деген.
Бүгінгі сабақта біз әдептіліктің бастауы- «сіз»бен «біз»туралы әңгімелесеміз.
Әңгімелесу:
-Адамдармен сіз деп сөйлескенде қандай сезімде боласыңдар? «Сен»деген де ше?
- «Біз»деп сөйлескенде ше? «Мен»деп сөйлескенде ше?
-Өздеріңе басқа кісілер «сіз»дегенде ше?»сен»дегенде ше?
Түйіндеу (мұғалім):
-қазақ халқында өзінен үлкенмен, сондай –ақ жасы кіші болса да сыйлы адаммен «сіз»деп сөйлесу игі әдетке айналған.Бұл сыпайылықты, адамға деген сыйластықты білдіреді. «Біз»деген ұғым көпшілікті білдіреді. «Жалғыз ағаш орман болмайды »деген халық мақалы бар.Сол сияқты жалғыз адам бір өзі адами қасиеттерді көрсете алмайды, адамның адамдығы адамдармен бірге көрінеді.
II.Тыныштық сәті.
III.Оқулықпен жұмыс.
Мәтінді оқу
Бірлік дегенді қалай түсінесіңдер?
-Жалғыз боп істеген жұмыстан көп болып жасаған істің қандай айырмашылығы бар?
-Сендер достарыңмен бірлесіп жұмыс істеген де қандай сезімге бөлендіңдер?Жалғыз істегенде ше?
-Әңгімеден қандай ой қорытуға болады?
ІҮ. Сахналау
3472815355600Балалар, А.Естеновтың «Бес нәрсеге асық бол!» өлеңін саханалап оқып көрсетеді. Қатысушылар: Мұғалім, Қанағат, рақым, Терең ой, Талап, Еңбек.
Ү. Жағдаяттарды талдауБалалардың сабақта түйген ойларын бекіту мақсатында балаларды 3 топқа бөліп алып, жағдаяттарды талдау ұйымдастырылады. 1. Ұланға әке - шешесі жұмысқа кетерде:- Балам, біз жұмыстан келгенше сабағыңды оқып болған соң, үйдің айналасын жинастыр, үйге су алып кел,- деп тапсырды. Ұлан сабақ оқып болған соң, үйге оның достары Айдын мен Дидар келіп, Ұланды футбол ойнауға шақырды. Ұлан әке - шешесінің тапсырмасын орындауды, әлде достарының көңілінен шығу керек екенін білмеді.Сендер Ұланның орнында болсаңдар, не істер едіңдер?2. Жаңыл өзінің інісі Ернармен үйдің ауласында ойнап жүр еді. Екеуінің тұсынан көрші үйдегі Гүлнардың анасы дүкеннен келе жатыр еді, Ернар:- Гүлнар бізбен ойнасын, шақырып жіберші,- деді. Жаңыл інісінің сөзінеұялып қалып, Ернарға әлденені түсіндіре бастады.Жаңыл інісіне не туралы айтты?3. Бүгін сенбілік. Кеше мұғалім мектепке сыпыртқы, шелек алып келулерін тапсырған. Мектеп алдында барлық мектеп оқушыларына жиналыс болып, әр сыныпқа әр түрлі жұмыстар тапсырылды. 3 - сынып оқушыларына мектеп ауласын сыпыруды және гүлдерге су құю жұмыстары тапсырылды. Сенбілікке сыныптағы барлық оқушылар жиналды. Ұлдар мектеп ауласын сыпырып, ал қыздар гүлге су құйды. Сынып жетекшісі балаларға қызыға қарап тұр. Балалар өздеріне жүктелген жұмысты ұйымшылдықпен тез әрі ұқыпты аяқтады.Бұл сыныпты қандай сынып деп ойлайсыңдар?
ҮІ.Тақтамен жұмыс:
«Көп жүрген жер –көңілді.,көп еңбегі-өнімді.»
-бір адам жалғыздан жалғыз көп жұмысты бітіре алмайды,жұмыс жасаса да әрі қызықсыз,әрі қажыр қайратын тауысып барып ұзақ уақытта аяқтауы мүмкін. Ал көп болса,жұмыс әрі қызықты,әрі тез, әрі тиянақты бітеді.Бәрі бірге жасаған жұмыстан адамның көңіл күйі көтеріледі,тіпті дем алады.Бұл адамды достыққа,қамқор болуға жетелейді.
VІ.Дәптермен жұмыс
Дәйексөзді жазу
VІІI.Жаттығу-ойлану.
-Жаңыл інісіне не туралы айтты деп ойлайсыңдар?
-Ернардың орнында болсаңдар не істер едіңдер?
273621529210ІХ.Ойын. «Киіз үй»құрастыру.
Керегенің тапсырмасы:Бірлік бар жерде........бар.(тірлік)
Бірлігі........ел тозады,(жоқ)
Бірлігі ........ел озады.(күшті)
Шаңырақ тапсырмасы...:......... тілеймін!(бақыт,байлық,денсаулық)
...............тілеймін!
.............тілеймін!
Есіктің тапсырмасы: ........... келдіңіздер!(қош)
Мұғалім: Міне, балалар бәріміз бірлесіп жасаған еңбек нәтижесінде әдемі,жақсы тілекке толы үй құрдық.Бұл жай үй емес, достық, бірлік үйі.
Х.Жаңа ақпаратАдамдар арасындағы ізгілік, сыйластық қарым - қатынасынан әдептілік туады. Әдепті адам биязы, сыпайы, инабатты, ізетті, тәртіпті болады.Дәптермен жұмысТапсырмаӨлеңді оқыңдар. Өлеңнен түйген ойларыңды жазыңдар.«Сіз», «біз» деген жылы сөзӨ. Тұрманжанов«Сіз», «біз» деген жылы сөз – Баршаға керек жақсылық!Жылытады жүректі. Қызғанбай бөліп алыңыз!Жақсылық билеп жанды тез, «Сіз», «біз» деген жылы сөз –Оятады игі тілекті. Жақсылықтың мейірі.Біреуге біреу жақсылық, Бір - біріне болып көз,Тілесе әркез жаны ашып, Кең болсын адам пейілі!Осы бір шырын – тәттілік,Тұрмай ма жанға жарасып?!ҚорытындылауӘрбір адам «Сіз» бен «біз» туралы ұмытпаса, оны өмірде қолданса, онда барлық адамдар бір - бірімен жарастығын, сыйластығын табады, әлемде тыныштық орнайды, бейбіт, бақытты өмір болады. А. Естеновтің «Әдеп» атты өлеңін оқиды.Әдеп, ізет, иба да – Әдеп - алтын сабырың,Шарайнасы жаныңның Жетелейтін мұратқаӘдептіні сыйла да, Әдеп - талап, жалының,Тәңіріңдей табынғын. Ақ желкенін құлатпа.
Үйге тапсырма: «Әдеп» өлеңін жаттау
Шеңбер құрып, құшаққа алып, қуанышты сезіммен : «сіз» «біз» бірге болайық!3рет
Қорыта келгенде, сабақтарды түрлендіріп өткізу арқылы жан – жақты дамыған, терең білімі бар, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыруға болады. Қазіргі заманның да талабы сол. Сондықтан, ұстаздар үнемі ізденіп, шығармашылықпен жұмыс істеп, білім деңгейін үнемі жоғарылатып отыруы керек. Сонда ғана оқушылар өзін-өзі тану пәнінен білім мазмұнын жүйелі меңгеріп, олардың пәнге деген қызығушылығы арта түседі, өз бетінше оқып үйренуге дағдыланады.
 
 
Пайдаланылған әдебиеттер тізбегі:
 
1. «Самопознание kz» журналы:. №8 июль 2011 (25-29 беттер).
2. «Самопознание kz» журналы. №7 (19) июль 2011 (25-27 беттер).
3. «Жантану» оқулығы
 
4. www.ustaz.kz  сайты.
5. «Самопознание kz» журналы: №3 август 2011 (30-32 беттер)
6. Баспасөз материалдары, Интернет қор көздері.
Өзін-өзі тану сабақтарында қолданылатын әдіс тәсілдер
 «Шаттық шеңбері» ─ сабақты көтеріңкі, жақсы көңіл күймен ұйымдастыруға бағытталған сабақтың бас кезеңінде қолданылатын әдістемелік тәсіл. Мұғалімнің балалармен бірге құрған шеңберінде олар бір-бірімен еркін қарым-қатынас жасайды, әр түрлі әндер мен өлеңдер айтады. «Шаттық шеңберінің» педагогикалық тұрғыда маңызы зор. Өйткені мұнда әрбір бала өзін еркін сезінетін үлкен достық шеңберіне қабылданғанын түсінеді, өзіне сенімі артып және өзгелердің де сеніміне ие болады.
«Тыныштық сәті» ─ релаксация тұрғысындағы әдістемелік тәсіл. Толық тыныштықта баланың жүрек соғу ырғағы мен тыныс алуы реттеледі, денесі жеңілденеді. Ол өз ойын жинақтай алу мүмкіндігіне ие болады, өзінің ішкі «Менін» түсіне алады, өзінің сезімі мен көңіл күйін жақсы сезінеді. Мұғалім балаларға осы жаттығуды орындату барысында олардың дене қалпына, тыныс алуы мен денесін бос ұстай білуіне баса назар аударуы тиіс.
 «Өзіммен-өзім» ─ бұл тәсіл баланың өзін және өзінің жүрегін тыңдай білуіне септігін тигізеді. Ол баланың сезімі мен эмоциясын, жалпы рефлексияға қабілеттерінің дамуын ынталандырады. Осы тәсіл балаларға жайлы әсер етеді, олардың қиялын дамытады, топтағы мінез-құлыққа жағымды ықпал етеді және әдетте, материалды жаңадан түсіну барысында пайдаланылады. Осы мақсаттарды жүзеге асыру барысында мұғалімнің сөзі, сондай-ақ үнтаспалар, бейнетаспалар (классикалық музыка тыңдау, бейнефильмдер мен мультфильмдер көру және т.б.) қолданылады.
«Мәтін оқу» ─ оқушылардың білімін және адамгершілік қасиеттер мен құндылықтар туралы түсініктерін кеңейтуге, оқу іскерліктерін дамытуға бағытталған әдіс. Оқушылардың танып-білуге құштарлығын арттыру мақсатында үлкендермен бірге және өз бетінше көркем шығармаларды оқу ұсынылады. Бұл әдіс оқушылардың ойын, жадын, эмоционалдық күйін, еркіндігін дамытады.
«Сабақтың дәйексөзі» ─ оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруға, оқу материалын эмоционалдық-бейнелі тұрғыдан қабылдауға ықпал ететін өзін-өзі тану сабақтарының міндетті элементі болып табылады. Сабақтың дәйексөзі ретінде халық даналығы, халық мақалы, нақыл сөз, даналық сөз, ұлағатты сөз алынады.
«Әңгімелеу» ─ оқушылардың әңгіме, ертегі, өсиет әңгіме, өлеңдерді ұжым болып тыңдауына жақсы жағдайлар тудыратын сөйлеу мен ойлау іс-әрекеттерінің маңызды түрі. Балалар осы әдіс арқылы әңгімені тыңдай және есіте білуді, сезіне алу және сезіммен қабылдауды, ойдан өткізу мен талдай алуды үйренеді. Шығарманы үзіліспен әңгімелеу сияқты амал-тәсілдері қолданылады: әңгімелеу, сахналық элементтер бірлігінде жүзеге асырылады.
«Әңгімелеу» – 1,2-сыныптарда (рөлдік әңгімелеуді қоспағанда) мұғалімнің әңгімелеуі арқылы, жүзеге асырылады.
Әңгімелеуге арналған мәтіндер «Өзін-өзі тану» оқулығында беріледі.
«Әңгімелесу» – бұл балалардың тақырып мазмұнын түсінуіне мүмкіндік беретін дидактикалық тәсілдің сұрақтар мен жауаптар түріндегі қарым-қатынас формасы. Әрбір бала өзінің пікірін айта алады, тақырыпқа өзінің көзқарасын білдіре алады, өзін ойландыратын сұрақтарды қоя алады. Мұғалім балалардың өз пікірлерін айтуын қолдап отырады, оларға ойлана алуды, жағдаяттар мен іс-әрекеттерге адамгершілік тұрғысынан баға бере білуді үйретеді.
«Ойын», «Жаттығу» ─ балалардың танымдық қызығушылықтарын арттыру мен жаңа игерілген түсініктері мен іскерліктерін бекітуге арналған оқыту әдісі. Ойын әрекеттері мен жаттығулары арқылы баланың жеке тәжірибесі негізінде оқу материалының мазмұны жүзеге асырылады. Балалар ойындар мен жаттығулар нәтижесінде құрбыластарымен жағымды қарым-қатынас жасау дағдыларына ие болады, өмірлік дағдыларды меңгереді.
«Шығармашылық жұмыс» ─ өзін-өзі тану сабағының маңызды бөлігі. Шығармашылық жұмыс сурет салу, макеттер, коллаждар мен өлең, әңгіме құрастыру және т.б. түрінде жүзеге асырылуы мүмкін. Бұл тәсіл балалардың шығармашылық шабытын аша түсуге, олардың символдарды, бейнелер мен әрекеттерді ұғынуы арқылы өзіндік «Менін» көрсете алуына септігін тигізеді. Бірлескен шығармашылық әрекет оқушылардың ынтымақтастық, шыдамдылық, ынталылық сияқты адами қасиеттерді ұғынуына, өзінің пікірін айту мен басқалардың пікірін құрметтей білу дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді, балалардың өз күшіне сенімділігін, өзінің қабілеттері мен шығармашылық мүмкіндіктеріне сенімдерін қалыптастырады, жауапкершілікке, дербестілікке тәрбиелейді.
«Жаттығу-ойлану»  балалардың өмірдің тәлімдік-танымдық жағдайларының мәнін ұғына білу мен нақты өмірлік жағдаяттарды бағалай білу дағдыларын дамытуға, өзінің ойы мен ісіне, әрекеттеріне жауапкершілігін қалыптастыруға ықпал ететін әдістемелік тәсіл. Жаттығу-ойлану тапсырмалары болып нақты өмірлік жағдаяттар, мақал-мәтелдер, тәлімдік-танымдық мәні бар өлең жолдары табылады. Балалардың мақал-мәтелдерді өлең жолдарының тәлімдік, өмірлік мәнін талдауы және жағдаяттарды талқылауы арқылы олардың ойлана білуге, өзін және өзгелерді бағалай алуға икемділігі артып, адамдармен, айналасымен жағымды қарым-қатынас жасау дағдылары қалыптасады.
Жаттығу-ойлану жұмыстарын орындау барысында ойлануға берілетін уақытты тапсырмалардың күрделілігіне қарай мұғалімнің өзі белгілейді.
«Бейнематериалдар көру (фильмнен, мультфильмнен үзінділер және т.б.)» – оқу мағлұматтарын көрнекілік тұрғысынан жеткілікті түсіндіруге мүмкіндік беретін әдістемелік тәсіл. Айқын көркем көріністер балаларға оқу материалының мазмұнын түсінікті қабылдауына және жете меңгеруіне ықпал етеді.
«Сергіту сәті» ─ сабақ үстінде балалардың жалығуы мен шаршағандығын ұмыттыратын, бойларын сергітуге қажетті өзін-өзі тану сабағының құрамдас бір бөлігі. Сергіту жаттығулары бір іс-әрекет түрінен екіншісіне ауысатын сәтте қысқа ойындар, қимыл-қозғалыстар түрінде қолданылады. Осы тәсіл топтың көңіл күйін көтереді, оқуға, білуге ынтасын дамытады, жылдам назар аударуын күшейтеді, ұжымның ұйымшыл болуына ықпал етеді.
«Сахналау» ─ бұл тәсіл өзін-өзі тану сабақтарында оқу материалының мазмұнын эмоционалдық-сезімдік күймен тиімді қабылдау мақсатында әр түрлі жағдаяттарды балалардың өздері рөлдерде орындауы арқылы ұйымдастырылады.    
«Қорытындылау» ─ сабақ барысында айтылған ойларды мұғалімнің өзі немесе балалармен бірге жинақтап қорытуға бағытталған әдістемелік тәсіл.
«Үй тапсырмасы» ─ баланың сабақ тақырыбына және сабақта меңгерген білімдері мен игерген іскерлік, дағдыларын бекітуге қызығушылығын арттыратын тәсіл. Балалар үй тапсырмасын дәптерлеріне өз бетінше немесе үлкендермен бірге орындайды. Бұл балалар мен үлкендердің бірін-бірі жақсы түсінуіне септігін тигізеді. Балалардың үй тапсырмасын қызығушылықпен, жақсы көңілмен орындауы үшін дәптерге олардың көмекшілері – Данышпан ата, ақылды ұл мен қыз– Алпамыс, Махаббат, түйенің ботасы – Ақбота сияқты ертегі кейіпкерлері енгізілді
 «Жүректен-жүрекке»  ─ сабақтың аяқталу кезеңінде қолданылатын, бір-бірімен пікір алмасуды, бір-біріне тілектер айтуды немесе бәрі бірге сабақтың негізгі ойын қорытатындай ән не өлең орындауды қамтитын және мұғалімнің әрбір баланың эмоционалдық күйін, олардың сабақ мазмұнын түсіну деңгейін анықтауға мүмкіндік туғызатын әдістемелік тәсіл.