?дебиет п?нінен презентация Абай ??нанбаев ?мірі мен шы?армашылы?ы
Абайдың азан шақырып қойған аты – Ибраһим.Әжесі Зере сүйікті немересін Абай, яғни сүйкімді деп еркелеткен. Осыдан кейін ел арасында шын аты аталмай, Абай атанып кетеді. Абайдың әкесі - Құнанбай. Құнанбай Өскенбайұлы 1804 жылы өмірге келеді. Ол халық арасында өте беделді, абыройлы, әділ би болған. Ол 81 жыл ғұмыр кешкен. Құнанбай ел ішінде қажы атанған. Семей өңірінде Құнанбай қажының мешіті орналасқан. Абайдың әжесі - Зере Абайға халық қазынасынан нәр беріп, бойына ізгілік шуағын сепкен, білімге итермелеген ұлы ұстаз, тәлімгер, ана. Анасы Ұлжан – ұстамды, мейірімі мен ақылы мол дана кісі болған. Зере әже көңілі кең, жүрегі нәзік адам болған. Абай әжесін қатты жақсы көреді. Күндіз де, түнде де ертегі айтқызады. Абай әжесімен бірге: “Е-е.. Бұлдыр-бұлдыр күн өткен,Бұрынғыда кім өткен?”– деп бастап, әңгіме сұраған тілегін осылайша бастайтын. Абай қоғам өміріне, ел басқару ісіне араласты. Зомбылық, зорлық, жаулыққа жаулық қашанда дайын тұратын түсінген Абай кез келген істің мәнін бейбіт түрде шешуге құлықты (әзір) болады. Абай он екі жасында Семей қаласындағы Ахмет Риза қазіретінің медресесіне түседі. Онда 3 жыл оқиды. Медреседе оқып жүріп 3 айдай орыс мектебінен дәріс алады. Абай араб, түрік, парсы тілдерінде үйренеді. Ұлы Абай қарапайым пенделер ше бір күнін, жылдарын, ауыл аймағын ғана ойлап толғанбайды. Ол өткен заманалар мен болашақ дәуірлерге, тек қазақ емес, күллі адамзат қоғамына ортақ рухани заңдылықтарға көз жібереді. Абай орыс әдебиеттерімен атап айтқанда Пушкин, Лермонтов, Достоевский, Белинский, Добролюбов шығармаларымен танысады. Әсіресе Пушкин мен Лермонтовтың шығармаларын сүйіп оқыған. Абай Құнабаев Н. Долгополов досымен бірге. Пушкиннің “Евгений Онегин”қазақ тіліне аударады, әрі өзі “Татьянаның хаты” атты ән шығарды. Біржан сал, Ақан сері, Жаяу Мұса, Тәттімбет сияқты сазгердердің маржан мұраларынан сусындап, әншілік-күйшілік өнерді ерекше бағалаған. Әнге, өнерге жаны құмар болған.Абай күйлері: “Торы жорға”, “Май түні”, “Абай желдірмесі”.Абай әндері: “Көзімнің қарасы”, “Айттым, сәлем, Қаламқас”, “Сегіз аяқ”, “Қор болды жаным”. Абай тоғыз жасынан бастап өлең шығарған. Балаларға арналған өлеңдері “Адам болам десеңіз”, “Әсемпаз болма әрнеге”, “Жазғытұрым”, “Күз”, “Қыс” т.б