Разработка урока по казахскому языку «Сан есім»
№1 Мәртөк орта мектебі5 сыныптағы ашық сабақ
Тақырыбы:Сан есім.
Пән мұғалімі: Тайманова Г. Т.
2012-2013 оқу жылы
Тақырыбы: Сан есім.
Мақсаты: а) Жаттығулар мен тапсырмалар орындау арқылы оқушылардың сан есім туралы алған білімдерін пысықтауға қайталауға жағдай жасау.
ә) Танымдық, шығармашылық қабілеттерінің дамуына белсенділіктерінің артуына ықпал ету.
б) Көркем жазуға, сауаттылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: бекіту сабағы.
Әдісі: ой қозғау , талдау, аудару.
Көрнекілік: интерактивті тақта, слайд, жай тақта.
Сабақтың барысы:
1 Ұйымдастыру: психологиялық дайындық
Екі көзің не үшін керек?
Жақсыларды көру үшін.
Екі құлағың не үшін керек?
Ақыл, кеңес тыңдау үшін.
Екі қолың не үшін керек?
Елге көмек беру үшін.
Екі аяғың не үшін керек?
Туған жерде жүру үшін!
Сәлеметсіңдер ме?
Қандай сабақ бастаймыз?
Класта кім кезекші?
Класта кім жоқ?
2 Көркем жазу:
Балалар, жұмбақ шешейік.
Сырт-сырт етеді,
Уақыт өтеді
Күнде есебін жаттайды
Ешбір тыным таппайды
Алмайды бір тағат
Оның аты-сағат.
Дұрыс, сағат. Сағат деген сөз қандай әріптен басталады? С-қандай дыбыс? Дұрыс, дауыссыз және қатаң. Слайдқа назар аударындар. Көркем жазу минутасын өткіземіз және сөздерді жазамыз. С әріпінен қандай сөз табы басталады? Дұрыс, сан есім.
3 Сабақтың тақырыбымен таныстыру:
Бүгінгі сабақтың тақырыбы: Сан есім.
Сан есімнен алған білімдерін кеңейтеміз, бекітеміз және қайталаймыз.
4 Үй жұмысын тексеру
Үйге қандай тапсырма берілді?
Сан есім туралы ережені жаттау.
Сан есім дегеніміз не ол? Оның сұрақтары? Мысалы келтіріңдер. Сан есім құрамына қарай қалай бөлінеді?
Сан есім мағынасына қарай неше және қандай топқа бөлінеді?
5 Бекіту
Кім көп беледі ойыны?
1 вариант – жуан дауысты дыбысты сан есімдерді жазады.
2 вариант – жіңішке дауысты дыбысты сан есімдерді жазады.
Енді оқулықпен жұмыс өткізейік: 144 бет №1 тапсырма. Диалогты оқып, өзара сөйлесіңдер. Қандай сан есімдер кездесті? Олардың құрамын және түрін айтындар. Өте жақсы. Келесі жұмысымыз сызбаны сан есімдермен толықтырып жазу- слайд.
ғасыр ____ . . . жыл
жыл ____ . . . ай
мезгіл ____ . . . жыл мезгілі
ай _______ . . . күн
апта ______ . . . күн
күн ______ . . . сағат
сағат _____ . . . минут
минут ____ . . . секунд .
Қандай сан есімдер кездесті? Олардың құрамын және түрін айтындар.
6 Сергіту сәті
Бір, екі, үш,
Бойға жинап күш.
Төрт, бес, алты,
отыр, тұр, шалқы.
Жеті, сегіз, уһ деңіз
Тоғыз, он
Енді орныңа қон.
7 Мақал-мәтелдер
Сан есімі бар қандай мақал-мәтелді білеміз. Слайд.
1. ______________атасын білмеген жетесіз.
2. Қызға ______________ үйден тию.
3. Ер жігіттің _______________ сөйлегені - өлгені.
______________ рет өлшеп, _______________ рет кес.
Білгенің - _________________ , білмегенің – тоқсан тоғыз.
Бала _____________________келгенше, жерден таяқ жейді.
Жаңа мақалдарды көшіріп жазайық. Сан есімдердің түрін және құрамын айтып шығайық. Енді тағы да бір сергіту сәтін өткізейік. Слайд.
Бір жүз екі құлақ неше
адамның құлағы ?
Аспанда үш түйеқұс ұшып келе жатты. Аңшы олардың бірін атып алды. Аспанда қанша түйеқұс қалды?
8 Оқулықпен жұмыс және слайд.
№3 тапсырма 146 бет
Өрнекті үлгі бойынша сөзбен жазу
10 + 2 =10 + 6 =
10 + 3 =10 + 7 =
10 + 4 =10 + 8 =
10 + 5 =10 + 9 =
9 Слайд. Тақтада жазылған сан есімдерді дара және күрделі сан есімдерді бөлек жазу. Екі, он, сегіз, он бес, жиырма, қырық, жиырма бір, отыз алты, елу, жетпіс, екі мың бес, жүз үш, қырық бес, бір, мың, он тоғыз. Тапсырма. 1 вариант– қырық сөзіне фонетикалық талдау2 вариант – алтыншы сөзіне фонетикалық талдауқырық- қы-рық – екі буынды, 1-ашық, 2-бітеу,
Қ- дауыссыз, қатаң
Ы-дауысты, жуан
Р-дауыссыз, үнді
Ы- дауысты, жуан
Қ- дауыссыз, қатаң
Сөзде 5 әріп, 5 дыбыс бар.
Алтыншы- ал-тын-шы-3 буынды:1-тұйық,2-бітеу,3-ашық
А-дауысты,жуан
Л-дауыссыз,үнді
Т-дауыссыз,қатаң
Ы- дауысты,жуан
Н- дауыссыз,үнді
Ш- дауыссыз,қатаң
Ы - дауысты,жуан
Сөзде 7 әріп,7 дыбыс бар.Тапсырма. есептік реттік Жинақтық1-бір Бірінші Біреу2-екі3-үш4-төрт5-бес6-алты.7-жеті8-сегіз9-тоғыз10-он25-жиырма бес38-отыз сегіз56-елу алты
Сөздерден сөйлем құрастыр
І Аяғы, сегіз, бар, өрмекшінің
ІІ Пәтерде, тұрады, бесінші Асқар
ІІІ Жағасында, он екі, Көл, жүр, Аққу
Сан есімдердің түрін және құрамын айтып шығайық.
10 Оқулықпен жұмыс
146 бет №1 тапсырма
11 Үйге тапсырма
146 бет №2 тапсырма
12 Баға қою, сабақты қорыту