І.Жанс?гіровті? ?нші шы?армасына саба? жоспары
Сабақ жоспары.
Күні: 05.12.2012
Класы: 7
Пәні: қазақ әдебиеті
Тақырыбы: Ілияс Жансүгіров «Әнші».
Мақсаты: ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы мағлұмат алып, өзіндік ерекшелігін анықтай алу.
Міндеттері:
Ілияс өлеңінің мәнін ашып, мәнерлеп оқу, өлеңді талдау машығын жетілдіріп, теориялық ұғымдарын кеңейту;
Дүниетанымын, ой-өрісін кеңейту, шығармашылық қабілеттерін дамыту;
Ұжымдасып еңбектенуге, әдептілікке, ұлттық тәлім-тәрбие алуға, өнерлі болуға тәрбиелеу;
Түрі: аралас сабақ.
Әдісі: сұрақ-жауап, салыстыру, проблемалық талдау, топтық жұмыс.
Пәнаралық байланыс: әдебиеттану, музыка, тарих.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, кеспе карточкасы, асықтар, қосымша материалдар.
Сабақтың өту барысы.
І Ұйымдастыру.
Амандасу.
Класты түгендеу.
Сабақтың мақсатын анықтау.
ІІ Үй тапсырмасын тексеру.
«Зымыран сұрақтар»
Жамбыл кім? Ол туралы не білеміз?
Қай жылы және қай жерде дүниеге келген?
Жамбылдың әкесі мен шешесі кімдер?
Жамбылдың өзіне пір тұтқан ұстазы кім? Ол туралы не білесің?
Жамбыл өлеңдерінің тақырыптары қандай болып келеді?
Жамбыл кімдермен айтысқан?
«Алғадай туралы әрбір ой» өлеңінен ақынның қандай көңіл-күйін байқвуға болады?
Ақын өлеңдерінен халық ауыз әдебиетінің қандай үлгілерін көруге болады? Мысал келтір.
ІІІ Жаңа сабақ.
Балалар, бүгінгі сабақта дара талант иесі, ақындықтің хас шебері Сәкен Сейфуллиннің «Әнші» өлеңімен танысамыз. Бұл сабақта сендер өз білгендеріңді, сезгендеріңді қысылмай еркін жеткізулеріңді өтінемін. Нақтырақ айтсам, алдарыңдағы қосымша материалдар негізінде алған білімдеріңді толықтырып, сабаққа барлығымыз қатысып отырайық. Ендеше, әуелі Ілияс ақын туралы білетіндерімізді ортаға салайық.
(тақтадағы слайд бойынша оқушылар мұғалімнің көмегімен ақын туралы мағлұмат алады, білімдерін жинақтап топтастырады).
Дүниеге келген жылы____________________________
Туған жері____________________________
Бітірген оқу орындары_________________________
Қызмет еткен жерлері__________________________
Шығармалары_________________________________
Ақынның өзіндік ерекшелігі______________________
ІҮ Өлеңді мәнерлеп оқу.
(2-3 оқушыға шумақтарын мәнерлеп оқытқызу).
Тақырыбы: Ә.Найманбаевтың әншілік өнері туралы;
Идеясы: шынайы таланты дәріптеу, әншілік өнерге бас иіп, қастерлеу;
Ү «Проблемалық сұрақтар».
Өлеңнің шығу тарихы.
Өлеңде кім туралы айтылған? Неліктен ақын әнші тұлғаны өз шығармасына арқау етіп отыр?
Әсет Найманбаев кім? Әсет туралы не білесіңдер?
Шығармада Әсет қандай адам ретінде танылады?
Өлеңде Әсеттің салған әні қалай сипатталады?
Ақын әншіге қандай талаптар қойып отыр?
Қалай ойлайсыңдар? Қазіргі кезде ақын қойған талаптарға сай келетін әншілер бар ма?
ҮІ Өлеңді көріктеу құралдарына қарай талдау.
Өлеңнен троп түрлерін тауып, берілген кестені толыру.
метафора теңеу эпитет метанимия
ҮІІ Сабақты бекіту.
Төмендегі сұрақтар бойынша тірек-схема жасап, сабақ тақырыбы бойынша ой қорыту (постер жасау). Сандықшадағы асықтарда жасырылған сұрақтарға жауап беру.
1 асық: Әсет деп отырғанымыз кім?
2 асық: Не себепті өлең әншілік өнерге арналған?
3 асық: Сенің ойыңша, әнші тұлғасы қандай қасиеттерге ие болу керек?
4 асық: Бүгінгі сабақтан қандай әсер алдың? Не түсіндің?
ҮІІІ Үйге тапсырма беру.
Өлеңді ой жүйесіне қарай бөліп, әр бөлімге ат қою.
Өлеңнің бір шумағын өлең құрылысына қарай талдау.
ІХ Оқушыларды бағалау.
Метафора – ауыстыру, яғниекі нәрсені, құбылысты салыстыру және жанастыру негізінде астарлы тын мағына беретін бейнелі сөз немесе сөз тіркесі.
М: Тауықпын, тары тердім Найман шалдан.
Теңеу – заттың не құбылыстың белгілерін көрсетпей-ақ, оны басқа затпен, құбылыспен салыстыра суреттеу. –дай, -дей жұрнақтары және тәрізді, сияқты шылаулары арқылы жасалады.
М: аққудай аспандағы әнді өрлетіп.
Эпитет – заттың не құбылыстың айрықша белгісін білдіретін бейнелі сөз. Көбінесе сын есімдерге ұқсас болып келеді.
М: Толқытып тоқсан бунақ әнге салған.
Метонимия – алмастыру, яғни өзара байланысты ұғымдар мен шектес құбылыстарды бірінің орнына бірін қолдану.
М: Қоздырып делебені дәсерлетіп