Ашы? т?рбие са?аты Кітап сар?ылмас рухани ?азына 6 сынып
Тәрбие сағатының тақырыбы:
Кітап – сарқылмас рухани қазынаМақсаты: а) Білімділік: білімнің кітап арқылы берілетінін, адам өміріндегі маңызы,ғылым мен білімнің пайдасын түсіндіру;б) дамытушылық: кітапқа деген қызығушылығын арттыру, білімге құштарлығын ояту;в) тәрбиелік : кітапты таза ұстауға,тазалыққа, мейірімділікке баулу, тәрбиелеу.Әдісі: пікіралысуКөрнекілігі: Ұлы адамдардың кітап, оқу-білім туралы сөздері, интерактивті тақтаБарысы: І. Ұйымдастыру кезеңіОқушылардың сабаққа қатысуы мен оқу құралдарының әзірлігін тексеру.Оқушылардың назарын тақырып аясына шоғырландыру.ІІ.Негізгі бөлім.Кіріспе:Кітап та алма ағашы,Жемісін біздер теретін,Тәтті алмаға балашы,Кітабыңның әр бетін, -деп Мұзафар атамыз жырлағандай, әдеби кітаптар және оқулықтар сендерге білім көзі,рухани қазына.Біз кітап арқылы бастауыш кластардың өзінде –ақ бүкіл адамзаттың мәдениетімен таныса бастаймыз.Бірақ рухани өмірімізде кітаптың алатын орны осымен тоқтап қалмайды.Алға басқан сайын кітап біздің айнымас серігіміз болып қала береді.Кітап білімімізді молайтады,кітаптан көп үлгі –өнеге аламыз.Оқыған-тоқығаның көп болса, жеңбейтін жау,алынбайтын қамал жоқ. «Батыр бірді жығар,білімді мыңды жығар»,-деген халық даналығы бекер айтылмаған.Ендеше,кітап біздің сарқылмас рухани қазынамыз екен.Жүргізуші: Армысыздар қонақтар,оқушылар!Бүгінгі «Кітап-сарқылмас рухани қазына» атты тәрбие сағатымызды Ж.Саинның Кітаптар бейне жапырақ,Жырлайтын сырын өмірдің,Оқисың кейде жатып ап,Көтеріп күйін көңілді,Айдыны шалқар кейде бір,Кітаптан тұнған көл дерсің,Ауадай қажет бейне бұл,Татпасаң нәрін шөлдерсің!- деген өлең жолдарын оқи отырып, тәрбие сағатымыздың бірінші бөлімін бастасақ.1-оқушы: Кітап-адамның досы.Оны жасау үшін адам баласы көп еңбек сіңіреді.Алдымен адам орманнан ағаш кеседі.Оны фабрикаға апарады.Фабрикада ол ағашты қағаз қылып шығарады.Содан соң оған авторлар жазады,сурет салады.Баспахана суреттер мен жазуларды басып,кітап етіп шығарады.2-оқушы: Кітап-арабтың жазу деген сөзі.Кітап-рухани қазына, өмір айнасы,замана сыры,тарих шежіресі, оқу-тәрбие құралы.Алғашқы кітап жазу құпиясын тек дінбасылар мен монахтар ғана білген.Сондықтан дүние жүзіндегі тұңғыш кітаптар-еврей тіліндегі «Таурат», Қытай тіліндегі «Конфуция», парсы тіліндегі «Авеста», Юнан /грек/ тіліндегі «»Інжіл /Евангелис/,араб тіліндегі «Құран».3-оқушы: алғашқы кітап баспасы ағаштан жасалды.Ксилография қалыбы ХІ ғасырда пайда болды.Ал, 1045 жылы Шын елінің өнерпазы Би Шен құймалы әріптерді жасап шығарды.Еуропада тұңғыш рет ХҮ ғасырда неміс өнертапқышы И.Гутенберг баспа станогын жасады.Русьте тұңғыш басылымды 1564 жылы Мәскеуде Иван Федоров пен Петр Мстиславец басып шығарды.4-оқушы: Қазақ кітап баспасы Ресейге қосылған соң қалыптасты.Бірақ араб тілінде ІХ ғасырда жазылған «Оғызнама», ХІ ғасырдағы Ж.Баласағұнның «Құтты білігі», Махмуд Қашқаридың «Диуани Лұғат ат-түрік», т.б. кітаптары болды.1800 жылы тұңғыш қазақша кітаптар шығарыла бастады.Төңкерістен кейін өзімізде шыға бастады.5-оқушы:Кітап-заманымыздың өмірі,ол кәріге де, жасқа да қажет.Біз кітаппен күн сайын кездесеміз.Кітап сендердің дүниетанымдарыңды кеңейтіп,рухани жан-дүниелеріңдіоятып,ертегі,әңгімелермен сыр шерткен,кітап-сенің ақылшың.6-оқушы: Адамның досы-кітап,өмір кілті,Тең келмес оған дүние,жиған мүлкі,Ақылшы,жанға серік,жол бастаушы,Ақыл-ой,қазынасы,өмір көркі.7-оқушы: Қазақстан азаматтары білімді, мәдениетті,өнерлі болуы керек.Ол үшін терең білім, ғылым жаңалықтарын,өткен тарихымызды,өнерімізді білу үшін кітапты көп оқу қажет.Оқулықты бүктеп,жыртып,бүлдіруге болмайды.Өйткені,әр кітап-Отан байлығы, аға-апаларымыздың маңдай тері.8-оқушы: Саған білім жемісін,Оқулығың береді,Талай адам сол үшін,Маңдай терін төгеді,Оқулықты мектебің,Берер саған теп-тегін,Білмейсің-ау сен бірақ,Қаншама еңбек кеткенін.9-оқушы: Оқулығың құралың,Жағар білім шырағын,Баса алмайсың ешқашан,Онсыз алға бір адым,Оқулықты құрметте,Күтіп ұста,кірлетпе,Кішілерге табыс ет,Дақ түсірмей бір бетке.Жүргізуші: Кітап-адам өмірінде аса маңызды рөл атқарады.Ол елді,жерді сүюге,талапты,кішіпейіл болуға,мейірімділікке,төзімділікке баулиды.Кітап-жаман әдеттерден аулақ болуға үндейді.Өздеріңе белгілі 1997 жылдан бастап,төл оқулықтар шыға бастаған.Осындай көптеген еңбекпен келіп түскен оқулықтарды қыркүйек айында таратамыз.Өзінің әдемі суреттерімен,небір төгілген асыл сөздерімен,қиын да,қызықты есептерімен күлімдеп жеткен оқулықтарымыз мамырдың аяғында ренішпен,мұңды болып кітапханаға қайтады.Енді тәрбие сағатымыздың екінші бөлімінде сол оқулықтарым «Кітаптар мұңы» деп аталатын әңгімесін тыңдасақ.-Беттерін шаң басқан бір топ кітаптар бөлменің бұрышында жатыр.көзін сығырайта ашып бір кітап жан-жағына қарады.аздап керіліп,жанындағы кітапқа:-Ей,тұрсаңшы!Біз қайда келдік?Тірімісің өзің?-Ой,мазамды алмашы.Бүйткен тірлігі құрысын.Бұданда парақтарымның жыртылып,желге ұшып кеткені жақсы еді ғой!-Не болды соншама?Жалғыз сен деймісің?Сосын келесі жағына бұрылып:-Сыртың бүп-бүтін ғой өзіңнің?-деді келесі кітапқа қарап.-Сыртымды қайтесің?Сыртым бүтін болғанымен,ішім түтін.Ана тілімін.Мені басып шығару үшін қаншама адам баласы еңбек етті.Балалар оқысын,сауат ашсын,адам болсын деген ниет қой бәрінікі.Мен де өзімнің білімімді беруге тырыстым.Бәрімізде сондай ниетте едік.Адырбай деген баланың қолына түстім.Бір жыл болмай осы күйге түстім.-Ал,мен Сотқарбай деген баланың кітабымын.Ол парақтарымды жыртып алып,кептер жасап ұшырып ойнағанда қой демеді ғой үлкен ағасы.-Онда мұңдас болдық қой,-достым.Біздің Артықбай көзімді бақырайтып қойып,суреттерімді бастырып, бетімді шимайлайды.Адам өз мүлкіне ұқыпты болса ғой.Әдепті балалар көп.Мысалы,менің бір досым бар.Ол екеуміз парталас болдық.Соның иесін айт.Оқушы деп!Бүлдірмек түгілі шаң мен кір жуытпайды ғой.-Ендігі алдағы күніміз не болар екен?Мүмкін бәрімізді жинап, отқа жағар.Кітап шығару үшін көп қаржы керек.Жанашыр балалар бізді түптеп,қажетке жаратар,а?-Бәріміздің де арманымыз сол.Білімге қызығатын ұқыпты балалардың қолына түссек екен.-Иә,достар,кітап қадірін білетін жақсы балалар көбейе берсін.Жүргізуші: Міне,балалар,арамызда кітапты ұқыпты,таза ұстайтын және кітапқа ұқыпсыз қарайтын балалар да кездеседі.-Кітап-білім бұлағы,Білім өмір шырағы,Деген сөзді мен ұқтым,Биікте ол тұрады,-дегендей енді «Кітап емханасы» деп аталатын көрініспен тәрбие сағатымыздың 3-ші бөлімін бастаймыз.Кітапханашы:-Балалар біз кітаптан барлық жақсылықты аламыз.Сондықтан оған біз де көмектесуіміз керек.Дәрігер келеді: қолында құралдар: қайшы,желім,қағаздар,ине,жіп,мата бар.Кітапханашы дәрігерден қолындағы кітаптардың ауруын анықтап беруін сұрайды.Дәрігер: -Балалар, адамдар мен жан-жануарлардың ауыратыны сияқты,кітаптар да ауырады.Кітаптарда мынадай ауру түрлері болады:1.Туғаннан пайда болатын аурулар(Яғни,баспадан дұрыс басылмаған).2.Қартайғаннан болатын аурулар.(Көп жыл ұсталған).3.Жұқпалы аурулар (жыртылып,сия төгіліп немесе май қолмен ұстау т.б).4.Дұрыс жағдай болмағандықтан болатын аурулар(Терезенің алдында күнде көп тұруы немесе ылғал,дымқыл жерде сақталуы).5.Бақытсыздықтан кездейсоқ болатын аурулар.(Жығылып,батпаққа былғануы,жыртылуы т.б).-Дәрігер кітаптың ауруын анықтау үшін тексеруден өткізеді:А) сыртқы қабын шешеді.Ә) кітапты шешіндіредіБ) форзацты қарайдыВ) рентгенге түсіредіОсылар арқылы ауру кітаптың диагнозын қояды:1.Судың әсерінен ішкі беттерінің былғануы,парақтарының бүктелуі-бұл жеңіл емделетін аурулар.2.Насекомдардың зиянды әсерінен, сыртқы қабының бүлінуі, форзацтың жыртылуы,түбінің ажырауы,парақтарының босап қалуы-бұл ауруларды дәрігер мен кітап емшілері операция жасау арқылы емдейді.Келесі кезекте кітап туралы шығармаға кезек берейік.Оқушылар өздері жазған кітап туралы шығармаларын кезек-кезек оқиды.Жүргізуші: Балалар ендігі кезекте сендер үшін тыным таппай, кітапхана сөрелерін жаңа кітаптармен толтырып,әр кітапқа сендерді қызықтыра жетелеп жүрген кітапханашы апайларыңа сөз кезегін берелік.Қорытынды бөлім.Қазақстанның әрбір азаматы білімді,мәдениетті,өнерлі болуы керек.Ол үшін терең білім қажет.Ғылым жаңалықтарын,өткен тарихымызды,өнерімізді білу үшін кітапты көп оқудың маңызы зор. Оқулықты бүктеп,жыртып,бүлдіруге болмайды.Өйткені, әр кітап-Отан байлығы, аға-апаларымыздың маңдай тері.Кітап-жаман әдеттерден аулақ болуға үндейді.Арамызда кітап қадірін білетін жақсы балалар көбейе берсін деген тілекпен тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.
Тәрбие сағатының тақырыбы: Кітап –білім бұлағы
Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік: Кітап –білім бұлағы,- дей келе, білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру.
2.Дамытушылық: Оқушыларға кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіру.
3.Тәрбиелік: Оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру, оқулықты құрметтеуге, күтіп ұстауға үйрету.
Көрнекілік: Слайдтар, кітаптар.
Тәрбие сағатының барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі-оқушылармен сәлемдесу,мемлекеттік әнұранды орындату. 2. Негізгі бөлім
Кітап арабтың “жазу”деген сөзінен шыққан.Ол тарих шежіресі,оқу тәрбие құралы болып табылады.”Оқымасан ой тоқырайды”деген сөз кітап оқымағанның ойы таяз,санасы төмен,өмірі қараңғы болатыны дәлелдейді.Алғашқы кітаптар осыдан бірнеші жыл бұрын пайда болған.Ол біздің қолымыздағы еш ұқсамайды.Алғаш рет кітап жұмсақ балшықтан жасалған.Жұмсақ балшыққа үшкір нәрсемен жазу жазып,оны кептіріп,кейін күйдірген.Ол кәдімгі кірпіш тас сияқты болған.Бамбук өсімдігінен таяқшалар әзірлеп соған да жазған.Ежелгі Египетте кітапты тасқа қашап жазған.Кейін жануарлардың терісінен пергамент деп аталатын материал жасалып,кітап соған жазылған.Еуропада кітап шығарудың негізгі материалы қағаз XIII ғасырда пайда болды.Кітаптың шығу тарихы мыңдаған жылдар мен ғасырларды артқа тастаған.«Кітап атаулы досы бола бастаған шақтан былай ғана, әрбір жан өзін интеллегент бола бастадым деп санауына болады» деген Мұхтар Әуезовтың сөзімен келіспейтін жан бола қоймас.Шынымен де, кітап арқылы адамзат ақыл-ойының, інжу-маржанын бойына жинайды да, оларды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізеді. Кітап-барлық білімдердің басын бір жерге тоғыстырып, кез-келген сәтте көмекке келетін ерен күш, әрі білімді жетілдіріп, жан-жақты ізденіп, тіл байлығын дамытып, саналы да, білімді адам шығаруда тап-тырмайтын баға жетпес дүние. «Кітапсыз өтілген бір күн, орны толмай бос кеткен күн». Сондықтан да кітап атаулы мен дос бола бастау сәби шақтан басталу керек.Баланың ой - өрісін дамытудағы дамыту ойын-дары, табиғатпен байланыс, музыкалық білім және т. б. қатар маңызды орындардың бірі кітап оқу болып табылады. Кітап оқу баланың ой-өрісін кеңейтеді, ойлауға үйретеді, сөйлеу қабілетін, есте сақтауын, қиялын дамытады, танымдық және дамытушылық қызметін анықтайды. Бүгін біз «байлықтың үлкені - рухани дүние» деп айтамыз. Ал, оған құмарлық адамның кіп -кішкене кезінен басталады. Сәби тілі былдыр-лап шыққаннан ақ сүтін емізген анасының әлди әуеніне құлақ түреді. Әжесі мен атасының жа-рыса айтқан ертегілерін қызыға тыңдайды. Жалмауыз кемпірдің жауыздығын естігенде жәудіреген жанарларына үрей ұялайды. Батырлық пен тапқырлық туралы айтылатын жерлерінде жаны жадырап, рақаттанып отыра-ды. Осы құштарлықты әдемі безендірілген суретті кітапшалар ұштай түсетінін де үлкендер жақсы біледі. Ал кітап таңдай алудың өзі үлкен өнер. Балалар үшін барлық іс - кітаптар таңдауда, на-шар таңдап алынған кітаптарды оқу бала үшін ештеңе оқымағаннан да гөрі жаман да, зиян-ды. . . Адамзат баласының қол жеткізген ұлы игіліктерінің бірі – білім қазынасы. Ал білім сипаты алуан түрлі. Ол ұрпақтан – ұрпаққа ауызша, жазбаша түрде немесе көркем әдебиет арқылы да жеткен. Кітап адам баласының сан ғасырлық ақыл – ойының жемісі, тарихы мен тағылымының алтын сандығы. «Кітап дегеніміз – алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Кітап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан да тиылар едік» - деген еді Ғабит Мүсірепов. Кітап таңдап талғап оқи білу, оны түсіну мен түйсіну, алған әсеріңді өмір қажетіңе жарата білу – әрбір адамның білігі мен білімін, пайымы мен парасатын айқындайтын алғы шарттардың бірі. Міне осы асыл қазынаны оқу қазіргі таңда төмендеп отыр. «Кітап маған тақтан да қымбат», - деп атап көрсеткен Шекспир. Өкінішке орай көркем әдебиетке деген өз бетімен балалардың қызығушылығы азайды. Әдебиетке деген құлықсыздық пайда болды. Оның себептерін күнделікті қолданысқа енген ғалам торабын , компьютер секілді құралдардың әсері деп білеміз. Бұдан соңғы себеп, аттаған әр қадамыңыз ақша керек болатын күнделікті тіршілік қамы адамдардың кітапқа деген ынтасын төмендетіп жіберетіндігі. Мұның барлығы балалардың кітап оқуына үлкен кедергі келтіреді. Қоғамымыздың рухани әлемін жұтаңдатып әкетіп бара жатқан осы мәселеге ден қоюымыз да тегін емес. Мақсатымыз – кітап неге оқылмайды деген сауалдың жауабын жан – жақты іздеу.Қазақ балаларын қазақ әдебиетінен алыстатып алмаудың амалын бірлесіп табу. Кітапқа деген баланың қызығушылығын арттыру. Менің ойымша қазіргі кезде оқырман баланың қызығушылығын арттыру үшін «балабақша - мектеп – кітапхана – мұғалім – ата – ана» деген ара – жігі ажырамайтын схемамен жұмыс жасау қажет. Бала балабақша табалдырығын аттаған күннен бастап кітаптың құдіретін ұғындыру. Жыртпауға, сызбауға, боямауға үйрету. Бірінші сыныпта өзінің алғаш бастап оқыған пән оқулығы туралы мағлұмат беру. Алғашқы күннен бастап «Біздің кітапхана» деген балалар кітапханасында жыл көлемінде акция ұйымдастырылса.. Кітапханашыларға көмекші ретінде оқушылар арасынан кітапханашыларды сайлап қойсақ. Барлық оқушы кезекпен кітапханашы болып шыққаны дұрыс. Акцияға кезекші баланың ата – анасының біреуі айына бір – рет баласының жұмысын кітапхана келіп көрсе, танысса. Мүмкін болған жағдайда бірге бір күн жұмыс жасаса. Ол апта сайын ауысып, кезек келе береді. Бұл жұмыс оқушылардың кітапханаға деген қызығушылығын арттырады деп ойлаймын. Олар өзімен бірге басқа оқушыларды тартары сөзсіз. Кітапханаға деген дұрыс көзқарасы қалыптасып өседі, кітапты ұқыптап ұстауына, уақытында алған кітапты қайтаруына, кітпаханашы маманыдығына деген үстірт ой, жаңсақ мінез қалыптаспауына болысады. Сыныптың білім сапасы жоғарылайды, жолдастық сезімі оянады. Ата – ана жауапкершлігі артады. Қорытынды шығарылып «Кім көп кітап оқыды?», «Кім жылдам?» деген сайстар өткізу. Сайыста зейінді, жылдам, оқымысты, мәнерлеп оқитын, сауатты оқушыны аңғарып мадақтау. Басқа оқырмандар да соған ұқсау , не жаңаны ойлап табуы қалыптасады. Кітап оқымайды деп байбалам салғанша жан – жақты болып қызмет жасауымыз керек. Оқырман мен кітап оқушы қоғамды қалыптастыру ата – ана, мектеп, кітапханашы қызметі жоғары дәрежеде болуы керек. Әрине сауалдар мен себептер көп. Одан қалды түрлі сылтауға кезігеді екенбіз. Ал ол себептердің ар жағынан әдеби кітаптың оқылуы үшін кім қандай күш жұмсауы тиіс деген қисынды сауал туады. Кітапханашылар жас ұрпақты әдебиеттен тыс елеңдететін ақпарат түрлері көп, қазақ тілінде балаларға арналған әдебиеттер тым аз деп шырылдайды. Әр баланың жасына сай, тіліне жатық, безендірілуі көркем орыс тілінде басылған кітаптар сияқты қазақ тіліндегі басылымдардың сапасы осындай болуын өтінеді.Әр түрлі саладағы баларға арналған ана тіліндегі энциклопедиялардың жоқтығы. Қазақтың көркем тілі – қазақ тілі қазақтың көркем әдебиетінде. Ал әр ұлттың әдебиеті мен тілі ең алдымен әр ұлттың әдебиеті мен тілі ең алдымен әр ұлттың өзіне керек. Қазіргі қазақ қоғамының алдында жас ұрпақты кітапқа, оның ішінде қазақ тілінде жазылған кітапқа баулу. 2 сәуір – “Халықаралық балалар кітаптарының күні” ,ал 23-сәуір-”Дүниежүзілік кітап күні”болып табылады. Мақал-мәтелдер1.Оқу - білім азығы,Білім – ырыс қазығы.Білім басы - бейнет, соңы - зейнет.2.Кітап білім бұлағы-білім өмір шырағы3.Кітап-ақыл ойдың айдыны4.Кітапсыз үй-терезесіз бөлме5.Кітап жинай берген мұрат емес,оқыған мұрат6.Көп жасаған білмейді,көп оқыған біледі7. Өнер - ағып жатқан бұлақ,Ілім - жанып тұрған шырақ.8.Кітап - алтын қазына.9.Кітап-ғылым - тілсіз мұғалім. Кітап туралы ой-толғаныстар
**Кітап оқымай ми толмайды, көз көрмей, көңіл тыңбайды.**Оқырмандарға айтарым: көңіліңе ұнаған кітапты күн сайын оқу керек, тіпті жылына бір рет қайталап оқу керек, сонда одан бұрын аңғармаған көптеген пікірлерді табасың.**Саф саф алтын тапқын келсе, кітапты көп оқы, ол мың кітаптың бірінде жатыр, іздене бер, кездесесің!**Кітаптан әнуар нәрсе таппадым, жылынасың я суынасың да, қуанасың да, мұңаясың да, сүйтіп өзіңді әлемнің бір бөлшегіндей сезінесің.**Кітапты оқысаң, өзіңнің қай жерде адасып жүргеніңді білесің.**Әр кітап оқыған сайын, бұрын беймәлім дүниенің есігін ашып кіргендей өзіңді сезінесің, кітаптың кереметтігі осында.**Кітап бір үғымды әсерлеп көрсетудің әртүрлі жолын көрсетеді.**Кітапта сыр-сипат көп, оқып шығу бірінші іс. Окығанды ой таразысынан өткізіп, салмақтау екінші іс, өз ойыңмен салыстырып саралау, қортындылау үшінші іс. Ал бұны істей алмасаң, окыған кітабыңның берері аз. Кітап сараң, кім-көрінгенге сыр-сипатын бере бермейді.**Кітап алып күш қана емес, күркіреп-күрсініп жатқан өмірдің өзі.**Кітапты көп оқыған кенже қалмайды.**Адам өледі, кітап жасарып жасай береді.**Кітаптың берер сабағы, ойы ғарыштан да шексіз, жарық, нұрлы, қуатты.**Сезімтал, сергек жасқа ұлы ұстаз — кітап.**Түсініксіз ұғымды, пікірді, сұрауды білу үшін талай кітаптың бетін ақтарасың, арқа етің арша, борбай етің борша етіп іздегенді табасың,**Кітапты қалам жазбайды, қаламды ұстаған жазады**Оқыған кітабыңдағы сөз өз ойыңдай, өз түсінігіңдей болса, онда олкітапты жаман жазылған деуге болмайды, себебі кітаптағы сөзді өзойыңмен салыстырып, салмақтап көресің, сүйтіп түсінігіңнің дұрысбағытта екеніңді, өз мөлшеріңді байқайсың.**Жақсы кітап жолдағы бастау, әр адам керегінше сусандай алады.**Жүрегіңді жылыту үшін кітапты көп оқы.**Керексіз кітап болмайды, керегін таба алмаған оқырман болады.**-Әр оқыған кітабыңнан сезімге – сезім, ойға – ой, үмітке – үміт тудыратын пікірді тауып алсаң, өзіңді бақытты сана.**- Қай істе болмасың, басы мен соңы болады. Сол сияқты әр кітаптың басы мен соңы бар, оған ерекше мән бере оқу қажет.3.Қорытындылау