Ашы? саба? Кітап — сар?ылмас ?азына
Сабақтың тақырыбы: “ Кітап-сарқылмас қазына”.
Мақсаты: Оқушыларға білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру.
Зейінін шоғырландыру, шығармашылық қабілетін, ой-өрісін дамыту.
Оқулықты құрметтей білуге, ұқыптылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Көрнекілік: Интерактивті тақта, тақтадағы суреттер
Сабақтың барысы:1 - бөлім. Ұйымдастыру кезеңі.I-слайд. Жұмбақ шешу.
Көп әңгімем өлеңім,
Күнде ақыл беремін.
Жақсы көрсе мені кім,
Мен де оны жақсы көремін. ( Кітап).
2 слайд.
Кітап та алма ағашы,Жемісін біздер теретін.Тәтті алмаға балашы, Кітабыңның әр бетін,- деп Мұзафар Әлімбаев атамыз жырлағандай әдеби кітаптар мен оқулықтар сендерге білім көзі, рухани қазына. Біз кітап арқылы бастауыш мектептің өзінде - ақ бүкіл адамзат өмірімен танысамыз. Кітап білімімізді молайтады, кітаптан көп өнеге мен тәрбие аламыз. Оқығаның, тоқығаның көп болса жеңбейтін жау, алынбайтын қамал жоқ. Дана халқымыз «Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» деп бекер айтпаса керек деп бүгінгі 4 - сынып оқушылары дайындаған «Кітап - сарқылмас қазына» атты тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер.2 - бөлім. Кіріспе.IIІ слайд. Кітап туралы не білеміз?Кітап – араб сөзі, “жазба”,ал түрікше “дәптер”, мерзімді баспасөз басылымы” деген сөз.Кітап өмір айнасы, замана сыры, тарих шежіресі, оқу, тәрбие құралы.Түркі халықтарының көне жазба ескерткіші.( слайд)“Папирус” кітабы.( слайд)Мысырда жазуға папирус қолданыла бастады. Кітап “Папирус”деп аталатын су өсімдігінен дайындалған материалға жазылып, жұмыр таяқшаларға шиыршықтап оралды.“ Пергамент” кітабы.( слайд)Кітап басу цехы.( слайд)Түптеу цехы.( слайд) Мағынаны тану. Алғашқы кітап баспасы ағаштан жасалды. Қазақ кітап баспасы Ресейге қосылған соң қалыптасты. Тұңғыш қазақ кітаптары 1800 жылы шығарыла бастады.
1-жүргізуші: Армысыздар, ұстаздар,оқушылар!
Кітап- шебер ұстаз, тілсіз мұғалім.
Кітап- адал пейіл, асыл дос.
Кітап- мұхит, сол мұхиттан не терең?
Мен біліммен ылғи дос боп өтер ем!
2- жүргізуші: Кітапты оқи отырып, адамның ішкі рухани жан дүниесі артады. Айналадағы өмірмен, табиғатпен, адамның еңбегімен, құрбы-құрдастарыңмен танысып, жақсы болуға, жақсылық іс істеуге құштарландыратын осы –кітап.
Кітап- қарым-қатынастың, еңбектің, күрестің құдіретті құралы. «Кітап-білім бұлағы» деп бекер айтылмаған екен.
Енді біз кітап туралы қандай нақыл сөз, мақал-мәтел, өлеңдер білеміз, соны ортаға салайық.
1-оқушы.
Адамның досы кітап, өмір кілті,
Тең келмес оған жиған дүние-мүлік
Ақылшы, жанға серік жол бастаушы,
Асыл ой, қазынасы, өмір көркі.
2-оқушы
Тұрады басын құрап әріп неден,
Басталған білім басы әліппеден.
Қарасақ шалқар теңіз, түпсіз мұхит,
Оқысақ кітап сырын ашып терең.
3-оқушы
Кітапты оқымайды сыйламаған,
Білімге жанын жайып қинамаған.
Өсірген кімнің болсын ой-өрісін,
Сол кітап бек ақылшы күнде маған.
4-оқушы
Түлекті тәрбиелер кітап-мектеп,
Өседі сол кітаптан бұтақ көктеп.
Молайтып ақылыңды сан еселеп,
Береді білім нәрін кітап көптеп.
5-оқушы
Кітаптар бейне жапырақ
Жырлайтын сырын өмірдің
Оқисың кейде жаттап
Көтеріп күйін көңілдің
Кітап.
Күнде өсіп көңілім, көріктеніп келемін,
Көптің тауып керегін, кезінде айтып беремін.
Бірақ білмес парқымды, байқап жүрмін әркімді
Оқушы.
әсерлемей,асырмай, айтып берші жасырмай,
жан азығым, серігім, ренжіткен сені кім?
Кітап.
Кейбіреулер ерігіп, бос жүруден зерігіп
Бетімді менің ашады, әңімеге басады
Жолдарымда сызады, шырқымды да бұзады
Онымен іс бітпейді, беттерімді бүктейді
Көп жерімді жазады, қайшыменен қияды
Налымаймын неге мен, бұл секілді пендеге.
Оқушы.
Сені сүймес адам аз
Ақылды көп, надан аз
Ондайлардан түңілме
Сені ойлар түбінде
1-жүргізуші: Көрініс.
Енді Т.Дәуренбеков ағаларыңның «Кітаптар мұңы" әңгімесіне құлақ асайық.
Мектептің отын қоймасына біреу бір құшақ кітап әкеліп тастады. Есік қайта жабылуы мұң екен, шеткірек түскен бірі басын көтеріп алды. «Қайда келдім?» дегендей жан-жағына қарап сәл отырды да, жанында жатқан көршісін түртті.
Ол қозғала қоймап еді, жұлқып-жұлқып қалды.
-Ей, тұрсаңшы! Қайда келдік? Тірімісің өзің?
-Ой, мазамды алма. Бүйткен тірлігі құрысын! Мұнан да парақтарымның пәре-пәресі шығып ұшып кеткені жақсы еді.
-не боп қалды? Жалғыз сенің басыңа келді деймісің бұл қасірет. Биылғы оқу жылын зорға аяқтап шықтық. Басыңды көтер. Жөн сұрасайық. Кімсің өзің? Сыртың бүп-бүтін ғой.
-Сыртымды қайтесің?! – деді анау жер таяна орнынан әрең тұрып. Сыртым бүтін болғанмен ішім түтін. Ана тілі оқулығымын. Мен үшін авторлар түн ұйқысын төрт бөліп, қанша қызмет етті десеңші! Баспа қызметкерлері әрбір әрпімді жекелей теріп, көз майын тауысып па еді? Сонда кім үшін? Балалар оқысын, сауатын ашсын, адам болсын деген ізгі ниет еді ғой бәрінікі. Мен де, қолымнан келгенше, өз бойымдағы білімді беріп, балаларды адамгершілік парасатқа тәрбиелеуге тырысып бақтым. Сөйткен күнім не болды? Сорым қайнағанда, Адырбай деген баланың қолына түсіп, бір жыл болмай мына күйге ұшырадым. Егер, күтіп ұстаса, келер жылы мені басқа балалар оқымас па еді? Қайтейін, өткен күнім есіме түссе, сай-сүйегім сырқырайды. Іші бауырымнан сау жерім қалмады. Жыртылмаған,, шимайланбаған, сия тамбаған парағым кемде-кем.
-Біздің де оңып тұрған жеріміз жоқ, әріптесім. Ендеше, мұңдас болдық. Мен «Ежелгі дүние тарихы» оқулығы боламын,- деді бірінші кітап. Сотқарбай деген баланың меншігіне тидім. Әдепкіде оқулық болып болып, мектеп босағасын аттамағаныма қуанған едім. Оным көпке бармады. Бірнеше күн өтпей-ақ, Сотқарбай көзімді бақырайтып қойып, суретімді сиямен бастырып-бастырып сызып тастады. Онан көтеріп жүруге ауырсынды ма, кейде өзіне керекті бір беттерді жыртып алатынды шығарды. Оқу жылы аяқталған күні мектеп ауласында доп қылып тепкілеп-тепкілеп, сілікпемді шығарды да, тастап кетті.
-Әріптестер, қанша айтқанмен «Ана тілімін» ғой. Менің айтқаныма құлақ асыңдар. Бұл жерде тек кішкентайлар емес, жоғары сынып оқушылары да кінәлі-ау!
-Дұрыс айтасың, «Ана тілі»,- деді қаракөлеңкелеу жерде жатқан бір кітап.
-Менің оқушым үйінде парақтарымды жыртып алып, кептер жасап ойнағанда қой демейді ғой үлкен ағасы. Сондағы сылтауы: «Оқу жылы аяқталды».
- бірақ-деді «ана тілі» сөзін қайта жалғап,- шындығын айтқанда, әркім өз дүниесіне ұқыпты болуы керек қой. Ондай балалар жоқ та емес,, бар. Бар емес-ау, көп. Алайда олардың бір кемшілігі –Адырбай мен Сотқарбай сияқтыларға достық ақыл айта алмай келеді. Мысалы, менің өзім сияқты құрдасым болды. Екеуіміз – мектеп кітапханасына бір күнде түстік. Қызық болғанда, сыныпта да парталас болдық.. Міне, оқушы деп оның иесін айт. Ондай баланың қолына түссең, арманың болмас шіркін! Кітабыңа шаң жуытпайды. Керек бетін белгілеу үшін, парағын қайырып бүктемейді. Қағаз салып қояды. Сызбайды., сия тамызбайды. Оның «Ана тілі» кітабы қыстап су жаңа күйінде шықты.
-Енді бізді не істер екен?- дейді кітап.
-Әлде жинап-жинап отқа тамызық етер ме екен?
От деген сөзден бәрі де селк ете қалды. Бір сәт үндері шықпай, іштен тынды.
-мүмкін, бір кәдеге жаратар. Түптер,- деді «Ежелгі дүние тарихы» сәлден соңбасу айтып.
-Түптер,-деді оны кекетіп әлгі кітап.
-Түптесе сені түптер, ал түптеуге келмейтінін тұттай жалаңаш бізді қайтеді? Көрмеймісің, көзге түсуге де ұялып, бір түкпірге бұқпалап отырғанымды.
-Пысықтығына қарағанда есеп кітабы боларсың, - деді оған «Ана тілі».
-Дұрыс айтасың. Бізден енді оқулық шықпайды. Осы отырған бәріміз де жарымжанбыз.
-Әріптестерім, отқа тамыздық қылады деп ұнжырғыларың түспесін,-деді «Ежелгі дүние тарихы» жұбата сөйлеп.
-Мен тарихты білсем, бізді фабрикада жуып, тазартып, баяғыдай ақ қағаз жасап, баспаханаларға жөнелтеді. Тек келесі жолы ұқыпты оқушының қолына түссек деңдер.
-Соны айтсаңшы,-деді бірдей жамырап.
2-жүргізуші
1. Әңгіме неге «кітаптар мұңы" деп аталған?
2. Кітаптарды өздерің қалай ұстайсыңдар?
3. Оқушылырға кітаптың тигізер пайдасы қандай?
4. Кітаптарды кімдер және қалай жасайды?
5. Кітаптардың оқушыларға ренжігендері дұрыс па?
6. Кітап қайда басылып шығады?
7. Кітапты баспадан шығару үшін не қажет?
-Сендер сол жайлы не білесіңдер, балалар?
1-жүргізуші
Балалар, кітапты жыртпай, кірлетпей, бүлдірмей таза ұстау-бәріміздің міндетіміз.
Бізде кітаптары қапталған, өте таза, ұқыпты ұстайтын оқушылар да арамызда бар.
Олар жауапкершілікті түсінген оқушылар.
2-жүргізуші
Ойланайық, балалар,
Кітап-асыл досымыз.
1-жүргізуші
Жайнатып жанымызды
Келтіріп сәнімізді.
Арнайық бас қосқанда
Тамаша әнімізді.
2-жүргізуші.
Ән әуен теріңдер
Бәрің бермен келіңдер
Мың бұралған бишілерді
Тамашалап көріңдер.
Абай Құнанбаевтің әні «Желсіз түнде жарық - ай !» әні орындалады.Орындайтын Серік Акерке
1-жүргізуші.
«Кім көп біледі?» ойынын ойнайық (мақал-мәтелдер айтылады). Мақал-мәтелдер1.Оқу - білім азығы,
Білім – ырыс қазығы
Білім басы - бейнет, соңы - зейнет.2.Кітап білім бұлағы-білім өмір шырағы3.Кітап-ақыл ойдың айдыны4.Кітапсыз үй-терезесіз бөлме5.Кітап жинай берген мұрат емес,оқыған мұрат6.Көп жасаған білмейді,көп оқыған біледі7. Өнер - ағып жатқан бұлақ,Ілім - жанып тұрған шырақ.8.Кітап - алтын қазына.9.Кітап-ғылым - тілсіз мұғалім.10.Кітап алтын сандық: іші толған қазына, құт,оқы, оқы, ойыңа тұт. 11.Кітап - ғалым, тілсіз мұғалім. 12.Кітап көзі жұмыққа арзан, көзі ашыққа маржан.13.Кітап - қаймақ, білім - оймақ. 14.Кітап - оқығандікі, білім тоқығандікі.
2- жүргізуші. Кітап туралы ой-толғаныстар
1- жүргізуші: Кітап жайлы өлеңдер
Кітапты алып қолына
Дәптердің әр жолына,Шыймай салып отырсың.Кітапты алып қолыңа,Бірдеңе деп оқисың.Тауып алдан жалғасам,Жазым өтіп күз келсін.Құдай сенің әрқашан,Осы ынтаңды үзбесін.
Шалқар Кенесжаң.Кітапты алып қолына. / Кенесжан Шалқар // Жыл – он екі ай. - 2010. - № 5. - 72 бет.
Кітап – Жеміс ағашы
Көрдің талай аралапМәуелі жеміс бақшасын.Тәттілерін таңдап ап,Жемісін қайта өнер ме?!Кітап та – алма ағашыЖемісін біздер теретін.Тәтті алмаға балашыКітабыңның әр бетін...
Әлімбаев МұзафарБалдаурен: Өлеңдер, дастандар, жұмбақтар, жаңылтпаштар. – Алматы: Раритет, 2008. – 256 б.
-2- жүргізуші:
Хор: "Ақкөгершін"
Қорытынды: Балалар, біздің ата-бабаларымыз «Кітап – көп ақылдың құйылған көлі», «Кітап – ғажап дос» деп бекер айтпаған. Барлық білімді кітаптан аламыз. Кітап бізді қайырымдылыққа, адалдыққа, әділдікке үйретеді.Осымен «Кітап – сарқылмас қазына» атты тәрбие сағатымыз аяқталды.