Кітап — сар?ылмас ?азына 5-сынып
Ақтөбе облысы
Шалқар ауданы
Сарысай негізгі мектебі
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
К.Ә.Аймағамбетова
Тақырыбы. Кітап – асыл қазына.
Мақсаты: білімнің кілті кітап арқылы берілетінін ұғындыру; кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіру; кітапты күтіп, оны таза, ұқыпты пайдалануға үйрету.
Көрнекілігі: түрлі жағдайдағы кітаптар, кітап туралы нақыл сөздер, дәрігер киімі, кітап көрмесі.
Барысы:
Мұғалім сөзі:
Саламатсыздар ма, оқушылар, қонақтар. Қазіргі заман талабы білімді, бәсекеге қабілетті азамат болу. Енді сол бәсекелестікке қабілетті болу үшін біз білімді болуымыз керек. Солай ма, балалар. Ал білімді біз қайдан аламыз?
-Кітаптан.
- Дұрыс айтасыздар, кітап –білім бұлағы, білім–өмір шырағы деп бекер айтпаған.
Талап қыл артық білуге,
Артық ғылым кітапта,
Ерінбей оқып көруге, деп ұлы Абай атамыз үндегендей бүгінгі сабағымызды кітапқа арнаймыз. Яғни, сабағымыздың тақырыбы « Кітап – сарқылмас қазына».
Бүгін мейрам, бізге үлкен мереке,Тойлайықшы кітабыңды жыр ете.Әрі ақылшың – рухани қазынаң,
Құнды байлық баға жетпес бұл өте - деп ақын жырлағандай әдеби кітаптар мен оқулықтар сендерге білім көзі, рухани қазына. Кітап – біздің рухани құндылығымыз, теңдессіз байлығымыз, өткен замандардың тұңғиық тереңінен сыр шертетін тарихты да, әдебиетті де, басқа ғылым кереметтері де, талай оқиғалардың куәсі, талай жаңалықтардың көзі –осы кітаптар. Рухани білімнің, мәдениеттің ауадай қажеттілігі, маңыздылығы ешқашан мәнін жойған емес.
Кітап арабтың “жазу”деген сөзінен шыққан. Ол тарих шежіресі, оқу тәрбие құралы болып табылады.”Оқымасан ой тоқырайды”деген сөз кітап оқымағанның ойы таяз, санасы төмен, өмірі қараңғы болатыны дәлелдейді. Ендеше кітап біздің рухани қазынамыз дей келе кезекті әдеби - монтажға береміз.1 Әли: Адамның досы – кітап, өмір кілті,Тең келмес оған жиған дүние мүлкі.Ақылшы, жанға серік жол бастаушы,Асыл ой, қазынасы, өмір көркі.2. Әсет: Тұрады басын құрап әріп неден,Басталған білім басы әліппеден.Қарасаң шалқар теңіз, түпсіз мұхит,Оқысаң кітап сырын алып неден.3. Нұрғиса: Кітапты оқымайды сыйламаған,Білімге жанын жанып қинамаған.Өсірген кімнің болсын ой-өрісін,Сол кітап бек ақылшы күнде маған.
4. Еркебұлан:
Айдың шалқар кейде бір,Кітапты тұнған көл дерсің.Ауадай қажет бейне бір,Татпасаң нәрін шөлдерсің.
5. Бекжан:
Елімізде атақты,Ғалым ата не тапты?Бәрін, бәрін білесің?Оқи берсең кітапты.
Балалар, кітаптың адам өмірінде қандай маңызы бар?
Оқушылардың жауабы.
-Кітап – біздің досымыз, ақылшымыз, кітаптан көп мағлұмат аламыз, кітап адамгершілікке, ізгілікке тәрбиелейді. Енді, біз осы кітаптың шығу тарихы туралы не білеміз. Олай болса алғашқы кітаптар қандай болды екен тақтаға назар аударайық. Слайдтар.
Алғашқы кітаптар осыдан бірнеші жыл бұрын пайда болған.Ол біздің қолымыздағыға еш ұқсамайды. Алғаш рет кітап жұмсақ балшықтан жасалған. Жұмсақ балшыққа үшкір нәрсемен жазу жазып, оны кептіріп, кейін күйдірген.Ол кәдімгі кірпіш тас сияқты болған.Бамбук өсімдігінен таяқшалар әзірлеп соған да жазған.Ежелгі Египетте кітапты тасқа қашап жазған.Кейін жануарлардың терісінен пергамент деп аталатын материал жасалып, кітап соған жазылған.Еуропада кітап шығарудың негізгі материалы қағаз XIII ғасырда пайда болды.Кітаптың шығу тарихы мыңдаған жылдар мен ғасырларды артқа тастаған.
-Әлемдегі қызықтың бәрін, қоршаған ортаны, жаратылыс сырларын, табиғат ғажайыптарын, адам қолымен жасалған кереметтің бәрін кітаптан табуға болады. Кішкене ғана кітап – сандықшаға бәрі қалай сыйып кеткен деп таңданасыңдар. Адамның ақылшы досына, сырласына айналған бұл алтын қазынаның шығу тарихын, ол жайындағы ғажайып қызықтарды біле бермеулерің мүмкін.Осыған орай әр оқушының үйден әзірлеп келген деректеріне сөз берейік.
Әли:
-Сіздер ежелгі кітапханалардың бірі түйе үстінде орын тепкенін білесіңдер ме?
Еркебұлан:
-Ертедегі Ассирияда Ашурбанипал деген патша өмір сүрген...
Әсет:
-Кітап шыққалы бері бірнеше мың жыл болды...
Нұрғиса:
-Ежелгі Египетте кітап сөзі тасқа қашалып жазылған...
Әсет:
-Орта ғасырларда кітаптар дәптер етіп біріктірілген парақтарға жазылды.
Мінеки, балалар, кітап оңайлықпен қолға келіп түсе қалмаған екен. Кітап Қазақстанда орта ғасырда ақ қолжазба түрінде тараған.
Манадан бері кітап оңайлықпен келмейді деп жатырмыз. Ендеше оқушылар кітаптың қалай жасалатынын айтып берсін,
«Кітап қалай жасалады?» өлеңдерін оқиды.
Мұғалім:
-Мінеки, балалар, кітап қолымызға тигенгенге дейін бірнеше қолдан өтеді, көптеген адамдардың еңбегінің арқасында осындай әдемі таза, білімге толы кітапқа айналады екен.
Қыркүйек айында өзінің әдемі суреттерімен, небір төгілген асыл сөздерімен, қиын да қызықты есептерімен күлімдеп келген оқулықтарымыз мамырдың аяғында ренішпен, мұңды болып кітапханаға қайтатын оқулықтарымыз да бар. Өйткені кейбір балалар кітаптың қадіріне жете бермейді, күтіп ұстамайды. Сондықтан кітап неше түрлі ауруға шалдығады. Келесі кезекті көрініске берейік.
Көрініс: « Кітап емханасы»
Енді осы кітап туралы қандай мақал-мәтел, жұмбақ білеміз?
Білетінімізді ортаға салайық.
Мақал-мәтелдер1.Оқу - білім азығы,Білім – ырыс қазығы.Білім басы - бейнет, соңы - зейнет.2.Кітап білім бұлағы-білім өмір шырағы3.Кітап-ақыл ойдың айдыны4.Кітапсыз үй-терезесіз бөлме5.Кітап жинай берген мұрат емес,оқыған мұрат6.Көп жасаған білмейді,көп оқыған біледі7. Өнер - ағып жатқан бұлақ,Ілім - жанып тұрған шырақ.8.Кітап - алтын қазына.9.Кітап-ғылым - тілсіз мұғалім.
Саған білім жемісін,
Оқулығың береді.
Күтіп ұста, кірлетпе.
Кішілерге табыс ет,
Дақ түсірмей бір бетке,-дей отырып кезекті көрініске берейік.
«Науқас кітап»
Автор:
Бірде оқушының кітабы науқастанып қалып дәрігерге әкеледі.
Оқушы. Дәрігер.
Мұғалім:
Енді балалр ойымызды да бір сергітіп алайық.
Балалар кітапты соның ішінде қазақ әдебиетін қалай оқып жүр екенсіздер, соны байқайық.
Мұғалім:
Кітап адам жаны сияқты нәзік. Сондықтан да кітапты ұқыпты, таза ұстау керек.
Кітаптарды таза етіп сақтаған,Оқырманға бар білгенін ақтарған.Аянбайды әрқашанда ел үшін,Кітапханашы ел үмітін ақтаған.«Кітап – сарқылмас қазынамыз», - деп жатамыз.Сол қазынамызды қорғап, қастерлеп, балаларды көркем әдебиетке баулып жүрген мектебіміздің кітапханашысы Лиза апайға сөз береміз.
(Кітапханашы сөз сөйлейді)
Кітапханашы сөзі:
Балалар, кітап жыртылмас үшін не істеу керек?
-Қаптау керек.
-Кітаптың беттеріне сурет салмау керек. Кітапты әрдайым қаптап, ұқыпты , таза етіп ұстау керек. Бос уақытыңды кітап оқуға арнау керек.Кітап ұстау ережесі: (Слайд арқылы түсіндіріледі)Ақылдың сөнбейтұғын шамшырағы,
Білімнің сарқылмайтын бал бұлағы.
Ашқанда – ақ өткен күнмен беттеріңді,
Келер күн көз алдыма кеп тұрады.
-Енді балалар дәптерлеріңізді алып түртіп алыңыздар.
«Сен білесің бе?» Слайд. (Кітап және кітап басу ісін ойлап табушылар)
2 сәуір – “Халықаралық балалар кітаптарының күні”, ал 23-сәуір-”Дүниежүзілік кітап күні”болып табылады.6 дерек.
Қорытынды.
-Балалар, кітап туралы біраз мағлұмат алдық. Енді алған білімдерімізді бір жерге топтастырайық.
«Кітап» сөзіне кластер жасау.
Мұғалім сөзі.
-Кітап туралы, оның қасиеті туралы айта беруге болады. Ұқыпты, тәрбиелі, тәртіпті баланың қолына түссе кітап қызыққа толы. Жүсіп Баласағұнның «Құтты білігінен» үзінді тыңдаңыздар.
Ақыл керек білім таңдап аларға,
Білім керек іске жақсы қарарға.
Ақыл –шырақ қара түнді ашатын,
Білім – жарық нұрын саған шашатын.
Біліктіні тыңда – ақылдың бұлағы,
Білімді сөз – шырын жанның құнары.
Тәрбиесіз бала білім ұғар ма,
Олай болса уысыңнан шығарма.
Қатты тәртіп көрсе бала күнінде,
Өмірімен қуантады түбінде.
Бүгінгі тәрбие сағатымызды мына бір сөздермен аяқтауға рұқсат етіңіздер.
Кітапхана - кітаптардың ордасы,Біле білсең кітап - нағыз жол басшы.Біздің ғасыр білімділер ғасыры,Деп айтқан-ды Нұсұлтандай Елбасы.Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің кезекті жолдауында «Қазақстан әлемнің бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарынан лайықты орын алу үшін өзінің мәдениеті мен ғылымын, білімі мен білігін, рухани байлығымен елімізді айдай әлемге паш ете білу керек»,- деген еді. Олай болса, құрметті қонақтар, Ұстаздармен бірге отырып балаларыңыздың кітап оқуға ынтасын арттыру мақсатында жұмыс істейік. Кітаппен дос болайық, кітапхана оқырмандары көбейе берсін!
Сарысай негізгі мектебі
Кітап – сарқылмас қазына!
Ашық тәрбие сағаты
5-сынып
Өткізген: К.Ә.Аймағамбетова
2015-2016 оқу жылы
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру.2.Кіріспе.3.Әдеби-монтаж.4.Монолог.5. «Кітап қалай жасалады?» Көрініс.6.Кітап – рухани қазынамыз.(Кітапханашы сөз сөйлейді)7. «Кітаптар мұңы» көрініс.8. Кітап ұстау ережесі.9. «Оқушы мен кітап» көрініс.10. «Кітап емханасы» көрініс.11.Қожанасыр қоржыны(Тапсырмалар орындау)12.Қорытынды.2. Кіріспе.Мұғалім сөзі: Бүгін мейрам, бізге үлкен мереке,Тойлайықшы кітабыңды жыр ете.Әрі ақылшың – рухани қазынаң,Құнды байлық баға жетпес бұл өте - деп ақын жырлағандай әдеби кітаптар мен оқулықтар сендерге білім көзі, рухани қазына. Кітап – біздің рухани құндылығымыз, теңдессіз байлығымыз, өткен замандардың тұңғиық тереңінен сыр шертетін тарихты да, әдебиетті де, басқа ғылым кереметтері де, талай оқиғалардың куәсі, талай жаңалықтардың көзі –осы кітаптар. Рухани білімнің, мәдениеттің ауадай қажеттілігі, маңыздылығы ешқашан мәнін жойған емес.Адам баласы сол байлықтың көзін «Кітап» деген құдіреттен тапты.Ғылым мен техника, жоғары технология дамыған XXI ғасырда да бәрінің бастау алар қайнар көзі – кітап.Ендеше кітап біздің рухани қазынамыз дей келе кезекті әдеби - монтажға береміз.
1 Әли: Адамның досы – кітап, өмір кілті,Тең келмес оған жиған дүние мүлкі.Ақылшы, жанға серік жол бастаушы,Асыл ой, қазынасы, өмір көркі.2. Әсет: Тұрады басын құрап әріп неден,Басталған білім басы әліппеден.Қарасаң шалқар теңіз, түпсіз мұхит,Оқысаң кітап сырын алып неден.3. Нұрғиса: Кітапты оқымайды сыйламаған,Білімге жанын жанып қинамаған.Өсірген кімнің болсын ой-өрісін,Сол кітап бек ақылшы күнде маған.
4. Еркебұлан:
Айдың шалқар кейде бір,Кітапты тұнған көл дерсің.Ауадай қажет бейне бір,Татпасаң нәрін шөлдерсің.
5. Бекжан:
Елімізде атақты,Ғалым ата не тапты?Бәрін, бәрін білесің?Оқи берсең кітапты.
Мұғалім: Айдын шалқар кейде бір,Кітапты тұнған көл дейсің.Ауадай қажет бейне бұл,Таппасаң нәрін шөлдерсің - деп келесі кезекте«Кітап қалай жасалады?» көрініс. Орындайтындар: Ислам, Динара, Перизат, Назерке, Ғарифулла.Мұғалім:
Кітаптарды таза етіп сақтаған,Оқырманға бар білгенін ақтарған.Аянбайды әрқашанда ел үшін,Кітапханашы ел үмітін ақтаған.«Кітап – рухани қазынамыз», - деп жатамыз.Сол қазынамызды қорғап, қастерлеп, қазіргі балалар әдебиеті туралы библиографиялық шолу жасау үшін мектебіміздің кітапханашысы Алтынай апайға сөз береміз.(Кітапханашы сөз сөйлейді)Мұғалім: Қыркүйек айында өзінің әдемі суреттерімен, небір төгілген асыл сөздерімен, қиын да қызықты есептерімен күлімдеп кеткен оқулықтарымыз мамырдың аяғында ренішпен, мұңды болып кітапханаға қайтатын оқулықтарымыз да бар.Енді сол оқулықтардан көріністер көрейік.Көрініс: «Кітаптар мұңы» Орындайтындар: Ғарифулла-автор, Ислам-ана тілі оқулығы, Айдос-қазақ тілі оқулығы, Нұржан-математика кітабы, Оңталап- дүниетану кітабы.Мұғалім: Міне, балалар, арамызда кітапты ұқыпты, таза ұстайтын және кітапқа ұқыпсыз қарайтын балалар да кездеседіКітап ұстау ережесі: (Слайд арқылы түсіндіріледі)Мұғалім: Кітап жинап, түптеймін, жыртылмасын,Мұқабасын бүкпеймін, қырқылмасын.Таза болсын беттері, кірлемесін,Көрген кісі кітабың кір демесін - деп«Кітап емханасы» көрінісін тамашалаңыздар.Автор-Жайнагүл, Мұғалім-Назерке, Дәрігер-Перизат,Кітапханашы-Сәнім.«Қожанасырдың қоржыны»(Қоржындағы сұрақтарға жауап беру)Қорытынды:Мұғалім: Кітапхана - кітаптардың ордасы,Білсең кітап - нағыз жол басшы.Біздің ғасыр білімділер ғасыры,Деп айтқанды Нұсұлтандай Елбасы.Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің кезекті жолдауында «Қазақстан әлемінің бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарынан лайықты орын алу үшін өзінің мәдениеті мен ғылымын, білімі мен білігін, рухани байлығымен елімізді айдай әлемге паш ете білу керек»,- деген еді. Олай болса, құрметті қонақтар, Ұстаздармен бірге отырып балаларыңыздың кітап оқуға ынтасын арттыру мақсатында жұмыс істейік. Кітаппен дос болайық, кітапхана оқырмандары көбейе берсін!