Кітап сар?ылмас ?азына
Кітап сарқылмас қазына
(кітапханалық сабақ)
Мақсаты: Оқушыларды кітап оқуға қызықтыру,оны таза,ұқыпты ұстауға үйрету,кітаптың пайдасы мен маңыздылығын ұғындыру.
Көрнекілігі: Кітаптар көрмесі,кітап туралы қаннатты сөздер,слайдтар.
I.Кіріспе сөз.Тақырыбы мен мақсаттарын таныстыру.
II. Топтастыру.Кітап туралы оқушы білімін жинақтау.( Оқушылар «кітап деген не? Деген сұраққа өз жауап тарын береді).
Әр адамның ең жақын досы,..Өмір досы кітап болуға тиіс. М.Әуезов.
III.Кітап адам өміріне аса маңызды рол атқарады.Отанды сүюге,талапты,кішіпейіл болуға,мейірімділікке,төзімділікке баулиды.Кітап жаман әдеттерден аулақ болуға үндейді.Кітапты біздің қоғамымыздың әрбір адамы күнделікті тұрмысында пайдаланады.Оны оқиды,одан тәлім-тәрбие,үлгі-өнеге алады.Сондықтан да біз кітапты сүйеміз.Кітап-біздің досымыз!-дейміз.Ол-біздің рухани жан азығымыз!-дейміз.
Біздің елімізде көптеген дәстүрлі мерекелер бар.Олар біздің салт-дәстүрімізді,тарихымызды жаңғыртып отырады.Ал кітап дүние жүзі көлемінде аталып өтетін маңызы өте жоғары рухани байлық болып табылады.2 –сәуір- «Халықаралық балалар кітабы күні» және 23 сәуір- «Дүниежүзілік кітап күні» болып табылады.
Қымбатты балалар! Мектеп табалдырығын аттағалы бері көптеген дүниені білдіндер,таныстындар,оқыдындар.Бүгін біз сендермен кітап туралы және кітаптың құрылымы туралы әңгімелесеміз.
Кітаптың кұрылымымен таныстыру. (Слайд№1)
Осы кітапты қолына алған оқырманға жазушы өз шығармасы туралы бірнеше сөз айтқысы келеді.Бұл алғы сөз деп аталады.Алғысөзді осы кітап немесе автор туралы өз пікірімен алмасқысы келген басқа адамда жазуы мүмкін.
Әр кітап – өзінше бір құпия.Оны бірден парақтап оқи жөнелмей,
алдымен “аударып-төңкеріп” қарап, кілтін табуға тырысайық...
Бұл үшін кітаптың өзіндегі мәліметтердің құпиясын білу қажет.
Мұқаба – кітаптың сырты,ол қалың қағаздан жасалып безендірілген,
кітапқа әдемі көрік беріп тұрады.
Мұқабадан кітаптың авторын,атауын білуге болады.
Кейде бірнеше авторлар болуы мүмкін.
Мұқабадағы суреттеріне қарап,кітаптың не туралы жазылғаның аңғаруға болады.
Аннотация –кітаптың авторы және жалпы кітаптың қысқаша
мазмұны жөнінде мәліметтер беріледі. Кітап сөресінің жанында тұрып-ақ,
бұл кітаптың қаншалықты қажеттігін ұғасын.Яғни кітап өзі туралы өзі айтып береді.
Алғы сөзден кітап кім,не туралы жазылған ,қай елде,қандай оқиғалар болатынын біле аласын.Алғы сөз өте қысқа болады,оны сөре жанында оқып бұл кітап саған керек-керек еместін білесің.
Мазмұны- кітаптың бірінші немесе соңғы бетінде болады.
Мазмұны арқылы көп нәрсені білесін; көп кітаптар бірнеше өлендер,
әңгімелер және ертегілер құралған. Керек өлең немесе әңгімені табуға
кітаптың “мазмұны” көмектеседі.Бұл жерде кітапқа кірген барлық
тақырыптар қамталып,оларды керек беттен тауып аласың.
Кітаптың шығу тарихы.(Слайд № 2)
Алғашқы кітап осыдан әлденеше жыл бұрын пайда болған.Ол біздің қолымыздағы кітапқа еш ұксамайтын.Алғаш рет кітап жұмсақ балшықтан жасалды. Жұмсақ балшыққа үшкір нәрсемен жазу, жазып,оны кептіріп,сосын күйдірген.Ол кәдімгі кірпіш тас сияқты болған.Бамбук деп аталатын өсімдіктен таяқшалар әзірленіп,соған да жазған.Ежелгі Египетте кітапты тасқа қашап жазған.Кейіннен жануарлардың терісінен пергамент деп аталған материал жасалып,кітап соғанжазылған. Еуропада кітап шығарудың негізгі материалы қағаз XIIIғасырда пайда болған.Кітаптың шығу тарихы мындаған жылдар мен ғасырдағы артқа тастаған екен.
Кітап қалай жазылады. (Слайд № 3)
Қағаздың негізгі материалы – ағаш.Ағаш орманнан кесіледі,жүргізушілер жүк машиналарына тиеп фабрикаларға жеткізеді,фабрика жұмысшылары ағашты өңдеп,одан қағаз жасайды.Дайын қағаз кітап шығарылатын баспаханаларға жеткізіледі.Жазушылар ,ғалымдар кітаптың мәтінін құрастырады.,оны әріп терушілер кітап бетіне түсіреді,суретшілер мәтінің маөмұнына сәйкес суреттерімен безендіреді.Осылайша кітап сауда орындарына және білім мекемелеріне таратылады.Оқушылар кітап шығару ісінде мыңдаған адамдардың маңдай тері бар екенін және көп көлемде қаржы бөлінгенін үнемі есінде сақтау керек.Сондықтан кітапқа үнемі құрметпен қарап,таза ұстауға дағдыланғаны жөн.
Кітап ұстау ережелері (Слайд №4)
1. Кітаптың мұқабасы бүлінбеу үшін оның сыртын қағазбен қаптап ал.
2. Тамақ ішіп отырып кітап оқыма, оны ластауын мүмкін.
3. Кітаптың арасына карандаш, қалам және басқа нәрсе салма, түбі жыртылады.
4. Кітап беттерін жыртпа, сурет салма, оған жазба.
5. Кітап беттерін бүктеме, қыстырғыш жасап ал.
6. Кітапты майыстырып бүктеме, бұдан оның беті жыртылады.
7. Кітапты ұқыпты, таза ұстау керек.
8. Өдеріңнен кейін оны көптеген балалар оқитын естен шығармаңыздар.
Кітап туралы мақалдар . Слайд (№ 5)
Кітап –білім бұлағы,білім – өмір шырағы.
Кітап – ақыл –ойдың айдыны.
Кітапсыз үй – терезесіз бөлме.
Кітап жинай берген мұрат емес,оқыған мұрат.
Көп жасаған білмейді,көп оқыған біледі.
Жақсы кітап – жан азығы.
Білім сандығы – кітап.
Кітап туралы қанатты сөздер. (Слайд №6)
Кітаппен дос бол,оның жомарт беттері көзінді ашар,
адал дос одан жоқ тегі
(Расул Гамзатов)
Талап қыл артық білуге,артық білім кітапта,
ерінбей оқып көруге.
(Абай)
Әрбір адамның ең жақсы досы,
өмірлік досы кітап болуы тиіс.
(Мұхтар Әуезов).
Мен өз бойыдағы барлық жақсылық үшін
алдымен кітапқа борыштымын.
(Максим Горький).
Кітап - өмір ұстазы.Кітап –рухани құндылық.
Кітап біздің досымыз ғана емес,мәңгілік тұрақты серігіміз.
Кітап ел мен жерде сүюге,талапты,кішіпейіл болуға,
төзімділікке баулиды.
(Мұзафар Әлімбаев).
Кітап туралы жұмбақтар(слайд №7)
Тілі бар да, үні жоқ,
Өзін адам түсінген.
Жүрегі бар,қаны жоқ,
Сөйлей туған ішінен.
Ол не?
Бір сандық бар өзгеше,
Викториналық сұрақтар (Слайд № 8)
1.Кітаптар тұрағы қалай аталады?
2.Кітаптармен жұмыс істейтін маман қалай аталады?
3.Кітапханаға үнемі барып кітап оқитын адам қалай аталады?
4.Балаларға арналған қандай газет-журналдарды білесіндер?
5. Кітап басып шығаратын жер қалай аталады?
6. Мектеп оқулықтары қандай баспалардан шығады?
7.Кітапты жазған адамды қалай атайды?
8.Халқаралық балалар кітабы күні қай күні?
9. Дүниежүзілік кітап күні қай күн?
Қорытынды.
Кітап-шебер ұстаз.Ол-тілсіз мұғалім.Сонымен бүгінгі сабағымыздың кейіпкері-кітап.Ол-бүкіл адамзаттың ұстазы.Бүгінгі сабағымыз мынадай өлең жолдарымен аяқталады.
Оқы талмай,түй санаңа,жас ұлан,
Сыр құямын,жыр құямын санаңа.
Білім –қару,білім керек адамға,
Ал білімді мен құямын санаңа.