Открытый урок Кітап — ба?алы сыйлы?
Сабақтың тақырыбы: Кітап - бағалы сыйлық.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: cөйлесім әрекеттері арқылы оқушылардың сөйлеу қабілетін жетілдіру, практикалық жұмыстарға мейлінше көп көңіл бөліп, тілдесім әрекетіне жетелеу.
Дамытушылығы: оқушылардың байланыстырып сөйлеу дағдысын қалыптастыру,берілген материалдарды өмірдегі жағдайлармен салыстыра, байланыстыра отырып, тілдесім әрекетін жандандыру, ойлау, есте сақтау қабілеттерін күшейте түсу.Тәрбиелігі: оқушыларға эстетикалық тәрбие беру.
Сабақтың түрі: жаңа сабақСабақтың әдісі: сұрақ –жауап, түсіндірмелі талдау, әңгімелеу, топтық жұмысСабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:Сәлемдесу,түгелдеу
II. Үй тапсырмасын тексеру:
-Үйге қандай тапсырма берілді?
III. Жаңа сабаққа даярлау:
-Сыйлық дегеніміз не?
-Сыйлықты қай уақытта беру керек?
-Сендер көбінесе кімге сыйлық бересіңдер?
-Өздерің кімнен сыйлық аласыңдар?
-Көбінесе сыйлыққа не аласыңдар?
IY. Жаңа тақырып:Сөздікпен жұмыс:
а) берілген сөздердің оқылуымен, аудармасымен, қолданылу аясымен таныстыруә) сөздерді хормен, жекелеп оқытып шығуб) сол сөздерді қатыстыра отырып, сөз тіркестерін, сөйлемдер құратуасыл - драгоценный (-ая,-ое) жинақ - сборник
қазына - сокровище байлық - богатство
Мәтінмен жұмыс:-берілген мәтіннің оқылуын үнтаспадан тыңдату-оқушыларға жекелеп, кезекпе-кезек оқытып шығу-мәтінді аудартуКітап - асыл қазынаКітап - асыл қазына. Кітапты ең жақсы сыйлық ретінде қабылдайтын адамдар қазір де кездеседі. Кітапты туған күнге де, мерекеге де, балаға да, үлкенге де сыйлауға болады. Қазіргі таңда сыйға беретін полиграфиялық туындыларды да таңдап алуға болады. Балаларға қазақша, орысша немесе үш тілді энциклопедиялар сыйлауға болады. Үйінде бай кітапханасы бар адамдардың коллекциясына әйгілі авторлардың шығармалар жинағын сыйға тартуға болады. Кітап қай заманда да болсын ең жақсы сыйлық болып қала бермек.
Топпен жұмыс.
-Әр топ мәтінге 3 сұрақтан дайындап, қарсы топтарға қою, қатесін түзету.-Сызба бойынша сөйлемдер жазу.
....
Кітап ....
...
Кітапты ... сыйлауға болады.
...
...
Балаларға ... сыйлауға болады.
...
V. Грамматикалық тапсырма
1 топ- мәтіннен көптік жалғауы бар сөздерді теріп жазыңдар
2 топ- септік жалғауы бар сөздерді теріп жазыңдар
3 топ- сын есімдерді теріп жазыңдар
V. Қорытынды:
-Сонымен бүгінгі сабақта қандай тақырыппен таныстық?
-Қандай жаңа сөздермен таныстық?
-Не туралы мәтін оқыдық?
VI. Бағалау.
VII. Үйге тапсырма:
YIII. Рефлексия.