Планирование урока по казахскому языку: Азы?-т?лік д?кенінде(3 класс)
3 сынып
Ашық сабақ
Сабақтың тақырыбы:Азық-түлік дүкенінде.
Сабақтың мақсаты: Білімділік: азық – түліктер тақырыбы бойынша білімдерін кеңейту, алдыңғы сабақтарда меңгерген сөздерді әр түрлі жағдайда қолдана білуге үйрету, ойды жүйелеп айту дағдыларын қалыптастыру, Дамытушылық: жаңа сөздермен оқушылардың сөздік қорын молайту, өз беттерімен сөйлем құрауға үйрету, жазбаша тапсырмаларды дұрыс орындату, сауатты орындау дағдыларын, оқушылардың дүниетанымын, ауызекі сөйлеу тілдерін дамыту;Тәрбиелік: оқушылардың қазақ тілі пәніне деген қызығушылығын арттыру, мәдениеттілікке тәрбиелеу. Сабақтың міндеттері:1. Жаңа сөзбен танысу.
2. Берілген сөздерді дұрыс қолдана білу
3. Ойындар арқылы сөздерді дұрыс атап ,айту.
Сабақтың түрі: оқушылардың білімдерін ойын элементтері арқылы қорыту, аралас сабақСабақтың әдіс – тәсілдері: сұрақ – жауап, дидактикалық ойындар, диалог, жазбаша, ауызша, суретпен жұмысКөрнекілігі: интербелсенді тақта, суреттер, тапсырмалар, слайдтар, карточкалар.
Сабақтың барысы
1Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу.Қонақтармен амандасу.
Психологиялық дайындық.
Оқушыларды шеңберге тұрғызу.Ал енді балалар біз көңілді тақпағымызды айтамыз.
Қуанамын мен,
Қуанасың сен,
Қуанайық достарым
Арайлап атқан күнге!
Ал балалар орындарымызға отырайық.Айтылым, тілдесім.
Тілдік ортаға ену
- Қазір қандай сабақ?
- Қазақ тілі нешінші сабақ?
- Сен қай Республикада тұрасын?
- Мемлекеттік тіл қай тіл?
- Қазақстанның елбасы кім?
30
10
20
30
20
10
10
Балалар,енді үй тапсырмасын тексереміз.Үй тапсырмасы аукцион ойыны арқылы өткізіледі.
10 10110101101010101101101010
Әрбір санның соңында үй тапсырмасына байланысты сұрақтар бар.Оқушылар өздері тандап алады.
20
саны жеңіл сұрақ
30 30303
саны орташа сұрақ
саны күрделі
10- Бақ сөзінің аудармасын тап.
10- Бақша сөзінің аудармасын тап.
20- Қауын сөзімен сөз тіркес құрастыр.
20- Қарбыз сөзімен сөз тіркес құрастыр.
30- Сурет бойынша сөйлем құрастыр.
30- Жемістер қандай?Сөйлем құрастыр.
Дұрыс жауап берген оқушы бағаланады.
Ал енді, балалар, бағанағы сұрақтар немен байланысты болды?Жемістер,көкөністер оның барлығы не?Олар неге жатады?
Тағамдарға байланысты.Әртүрлі тағамдардың суреттері слайд арқылы көрсетіледі..Бұл тағамдардың барлығын біз қайдан аламыз.(дүкеннен) Қандай дүкеннен?(азық-түлік)
Жаңа сабақ.Тыңдалым.
Бүгін біздің сабақтың тақырыбы:Азық-түлік дүкенінде
2 Екінші слайд ашылады.Азық-түлік дүкенінің суреті.Суретпен жұмыс жасау.
Сурет.Суретте не бейнеленген?Бұл қандай дүкен?Қандай азық-түліктер суретте бар?
Жаңа сөз -керек
Мәтінмен жұмыс жасау.Ал енді балалар,оқулықтарымызды ашамыз 83 беттегі мәтінді тізбектеп оқимыз.
Мәтін бойынша сұрақтар.1Дүкен қай көшеде орналасқан?2Дүкенде не бар?3 Бұл қандай дүкен?
Сергіту сәті.Орнымыздан тұрамыз
Алақанды соғамыз
Бір отырып,бір тұрып
Демалып біз қаламыз
Итербелсенді тақта арқылы флипчартпен тапсырма орындау.
Тағамдарды топтастыр.
Жемістер Көкөністер Азық-түліктер
Әртүрлі жеміс,тағам,көкөністердің суреті тұрады.Дұрыс бағанға апарып жалғау.
Дүкен ойының ойнау.Бір оқушы сатушы келесі оқушы сатып алушы болады.
Сыпайы сөздерді қолдану.-Сәлеметсізбе,рахмет,беріңізші, алыңыз,сау болыңыз.
Ойын диалог,сөйлесім ретінде өтеді.
ЖАЗЫЛЫМ ӘРЕКЕТІ.
Енді балалар оқулықтағы 5 тапсырманы жазбаша дәптерге орындаймыз.Сұраққа жауап жаз не қайда сатылады?
Нан,сүт........дүкенінде сатылады.
Қияр,алма....... сатылады.
Қорытынды.Жеке карточкалар арқылы азық-түліктерге байланысты сөздермен сөзтіркес құрастыра білу.
Бүгін балалар сабақта біз не білдік?
Ойнадық,сөйлестік,оқыдық,жаздық.Сабақтың аяғында оқушыларды шеңберге тұрғызу.Оқушыларға сұрақтар қойылады.Қазір бізде қандай ай?(қараша)
Келесі қандай жыл мезгілі келеді?(қыс)
Қыста не жауады?(қар)
Қар қандай?(ақ)
Ақ деген адалдықтың,тазалықтың белгісі.Ал сендерге мен кіршіксіз ақ өмірлерінде ақ көп болсын деймін,тек қана аппақ қар ұпалары жаусын.Бүгінгі біздің сабаққа сиқырлы ұпалар ұшып келді.Сиқырлы деген себебім бұл ұпаларда арнайы тілектер бар.Ұпаларды шашу оқушылар өздері теріп алып,тілектерін оқиды.
Жазылған тілектер.Сабақты жақсы оқы,дұрыс тамақтан,зор денсаулық тілеймін,әдемі бол,ұқыпты бол,тек қана 4-5-ке оқы,достарыңмен тату бол,жақсы оқы,сыпайы бол,ашық аспан тілеймін,әдепті бол,тәртіпті бол.
Үй тапсырмасы:Азық-түлік тағамдарына байланысты 3 сөйлем құрастырып келу.
Сабақтың сонында оқушылар смайылмен бағаланады.
Оқушылардың еңбегін бағалау.