Поурочный план на тему Кітап д?кенінде 7 класс
Кожахметова Акжибек Мырзалиевна
Қарасу ауданы әкімдігінің білім бөлімі
"Октябрь орта мектебі" ММ
қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі
Кітап дүкенінде тақырыбына сабақ жоспары
Қоғамдық-гуманитарлық бағыт
dinara_kozh@mail.ru
Күні: 23 қазан 2014 жыл.
Сынып: 6 «Б».
Тақырып: Кітап дүкенінде.Сабақтың мақсаты:Білімділік: кітап туралы білімдерін жүйелеу, жинақтау, бекіту.Дамытушылық: тақырып бойынша оқушылардың сөйлеу тілдерін, сауатты жазу қабілеттерін дамытуТәрбиелік: кітапты бағалау, кітап оқуға, оның пайдасын түсінуге тәрбиелеу.Сабақтың түрі: жаңа сабақ.Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгеру,Сабақта қамтылатын модульдер: диалогтік оқыту, сын тұрғысынан оқыту, ОүБ және ОБ, АКТ қолдану, талантты және дарынды балаларды оқыту, жас ерекшелігіне сәйкес оқыту және оқу, оқытудағы басқару және көшбасшылық.
Стратегиялар: «Бір тілек», Ой қозғау», «Кім көп біледі?», «Өз ойыңды айт», «Синквейн», Сергіту сәті «Жұмбақтар»,«Сұхбаттасу», Рефлексия «Блум жүйесі» бағалау.Көрнекілік: интерактивті тақта, слайдтар, үлестірмелі тапсырмалар, стикерлер.Сабақ барысы:І Ұйымдастыру:а/ оқушылармен амандасу, ә/ әңгімелесу,- Қазір қандай сабақ?- Қазақ тілі нешінші сабақ?- Сыныпта кім кезекші?- Кім жоқ? Қазір жылдың қай мезгілі?- Күз айлары қандай?- Бүгін нешесі? Аптаның қай күні?Үй жұмысын тексеру: «Киім дүкенінде» тақырыбына диалог құру (жұппен), бағалау.
Сыныпты түрлі түсті стикерлер арқылы 3 топқа бөлу.Әр топ жаңа тақырыпқа байланысты сөздік жұмысын орындайды.білім – знание
бағалы - ценныйалдымен - сперва, сначалакөркем - художественнаямәдениет - культурашығармалар - произведенияБерілген сөздермен сөз тіркестерін құрастыру. 1 – топтың тапсырмасы.
Мәтінді түсініп оқу. Топта талқылау. «Кітап» сөзіне Синквейн жасау.
Кітап оқу – өнер
Білім - адам үшін ең бағалы іс. Сол білімді тарататын құралдардың бірі - көркем әдебиет. Әрбір адам алдымен әдебиетті жақсы білуі керек. Әдеби шығармаларды оқу арқылы біз көркемдікті, жақсы мен жаманды түсінеміз. Кітапты түсініп оқу керек. Мазмұнын жазып немесе біреуге айтып бере алатын болу керек. Сондықтан көркем шығармаларды көп оқып, кітапты бағалай білуге тиістіміз.
2 – топтың тапсырмасы.Кітап дүкенінде тақырыбына диалог құрастыру. 3 - топтың тапсырмасы. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып жазыңдар.Әрбір кітапты... сақта. Кітапты кір қолыңмен.... Кітапқа атыңды.... Кітабыңның... қаптап ал. Кітапты жарықта....Керекті сөздер: таза, ұстама, жазба, мұқабасын, оқы.
Сергіту сәті. Жұмбақтың шешуін табыңдар.1) Тілі бар үні жоқ, Өзін адам түсінген. Жүрегі бар да, қаны жоқ, Сөйлеп тұрған ішінен.
2) Жүзі бар сәнді сұлу ондап, мыңдап сыры бар неше.
Алуан тұрсаң шындап жүрмейтін жеріде жоқ әлемде оның,
Қадірлі мейлінше зор, ол кеткен зат?
3) Ізіне іздегендер жол табады,
олжаны аздап емес мол табады.
«Өз ойыңды айт». Әр топтан бір оқушы жауап береді. Мәтінді оқып, кітаптың қандай қасиеті бар екенін айтып беріңдер.Кітаптан не іздесең, бәрін табасың. Ол - білімнің жолдасы. Ол - ғылымның ордасы. Асыл дос, шын адамгершілік үлгісін кітаптан табуға болады.Кітап - шебер ұстаз. Кітап - ұлы үйретуші.
Интерактивті тақтада флипчартты орындау. Нақыл сөздердің сөздері орындары ауыстырылып беріледі. Сол сөздерді орындарына орналастыру.Есіңде сақта!Күш білімде, білім кітапта.Кісінің кісілігі киімінде емес, білімінде.Жаста оқыған білімнің тасқа жазғанмен бірдей.«Кім көп біледі?». Жылдам орындаған топ жауап береді. Көп нүктенің орнына сөздердің тиістісін қойып, сөйлемдерді көшіріп жазыңдар. Септік жалғауларын табу.Мен кеше... (кімнен) хат алдым.Гүлсім... (ненің) оқу залында... (не) оқып отыр.Ол... (кімнен) екі жас үлкенМұғалім журналды.... (неден) алды.(сөреден, менен, кітапхананың, кітап, жолдасымнан).VІ. Сабақты қорытындылау. Сабақты қорытындылау, жинақтау, жүйелеу мақсатында «Блум жүйесі» бойынша талдауды ұсынамын.
тапсырматүсінік,
саралау,
мысалдарБілімЖаңадан қандай білім алдың? Түсіну, ұғуБерілген білімді түсіндің бе? Немен дәлелдейсің? ҚолдануАлған біліміңді неге қолданар едің? Анализ Қабылдаған біліміңнің маңызын дәлелде? Синтез Алған біліміңді жинақта БағаӨзіндік баға берТүзетуНені ұға алмадың, жете түсінбедің, соны саралаVІІ. Үйге тапсырма: Кітап дүкенінде сұхбат.