Поурочный план по казахскому языку Биік ?имарат


Сынып: 4 «г,в»
Күні:
Пән аты: Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы:
1.Білімділік. Сөйлесім әрекеттерін ( оқылым, тыңдалым, айтылым, жазылым) жүйелі түрде қолдану арқылы оқушылардың тілдесім қабілетін жетілдіру. Әр оқушының білім сапасын сабақ және модуль сайын тексеріп, арттырып отыру.
2.Дамытушылық: Астана жылнамасын құру, жаттау арқылы оқушылардың есте сақтау қабілетін дамыту, Астана тарихын насихаттау арқылы тіл байлығын, сөз саптауын, ойын жеткізе білу дағдыларын жетілдіру.

3.Тәрбиелік. Астананың мәдени жетістіктерінің негізінде оқушыларды Отан-сүйгіштікке, әсемдікке, салауаттылыққа баулу.
Түрі: Жаңа тақырыпты меңгерту.
Көрнекілігі: Сөзжұмбақтар суреттер, тапсырмалар, үнтаспа.
Әдісі: Сұрақ жауап, тапсырмалар.
Пән аралық байланысы: Қазақ тілі, орыс тілі.
Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру: Сәлемдесу, әнұран айтқызу, үй тапсырмасын сұрау, назарын жаңа тақырыпқа аудару.
2.Үй тапсырмасын сұрау.
Астана –арман қала,
Бағы бар жанған қала.
Тұрады ол жап-жас болып,
Мен үлкен болғанда да.
Астана-сұлу қала,
Біз оны анамыздай
Сүйеміз шынында да.
3.Жаңа тақырып: Биік ғимарат
1-тапсырма.Тыңда.Оқы.
Мен жазда Астанаға бардым. Мен «Бәйтеректі», «Ханшатырды» көрдім.
2-тапсырма. Сұрақтарға жауап бер.
1.Сен «Бәйтеректі» көрдің бе? Иә, көрдім.
2.Сен «Ханшатырды» көрдің бе?
3.Сен «Пирамиданы» көрдің бе?
4.Сен «Ақ Орданы» көрдің бе? Жоқ көрмедім.
3-тапсырма.Тыңда.Оқы.
-Сен Астанаға бардың ба?
-Иә, мен жазда Астанаға бардым.Астана –әдемі қала.
-Сен Астанада нені көрдің?
-Мен «Бәйтеректі», «Ханшатырды» көрдім.
-Саған ұнады ма?
-Иә, маған ұнады.
Есте сақта!
-ны, ні -ды, ді -ты, -ті
Астананы
Алматыны Ханшатырды Бәйтеректі
4-тапсырма.Толықтырып айт.
Мен Астананы көрдім. Мен Аматыны көрмедім.Мен Ақтауды көрмедім.Мен Өскеменді көрмедім.Мен Көкшетауды көрдім.Мен Бәйтеректі көрдім. Мен Ханшатырды көрдім. Мен Мұхитаралды көрдім.
5.Серкіту: Сөзжұмбақты шешу.
1 Қазақ халқының ұлттық музыка аспабы.
2. Қазақстан Республикасының елбасының есімі.
3.Қазақстанның тұңғыш ғарышкері
4.Қазақ халқының ұлы ақыны.
5.Ас атасы.
6 Қазақстан Республикасының рәмізі.
SKIPIF 1 < 0
SKIPIF 1 < 0
6-тапсырма .Оқы, Салыстыр.
Биік-биіктік-биіктігі Высокий-высота
«Астана-бәйтерек» - биік ғимарат. Оның биіктігі 97 метр.
7-тапсырма.Оқы Үлгі бойынша айт.
Мынау –«Астана – Бәйтерек» монументі. Ол 2002 жылы салынды. Оның биіктігі 97 метр. Мынау « Бейбітшілік және келсім » сарайы. Ол 2006 жылы салынды. Оның биіктігі – 97 метр. Мынау - «Ханшатыр».Ол 2010 жылы салынды. Оның биіктігі -150 метр. Мынау – «Ақ Орда». Ол – 2004 жылы салынды. Оның биіктігі – 80 метр.
Үйге тапсырма : сөздік жаттау
Қортынды сөз: