Павлодар ?аласында?ы К.И. Чуковский атында?ы №2 балалар кітапханасыны? о?у залында «Эрудит» профиль лагеріні? 10 «а» сынып о?ушыларыны? ?атысуымен ?тілген диалогты? ала? ?ткізілді


Павлодар қаласындағы К.И. Чуковский атындағы №2 балалар кітапханасының оқу залында «Эрудит» профиль лагерінің 10 «а» сынып оқушыларының қатысуымен өтілген диалогтық алаң өткізілді
К.И. Чуковский атындағы №2 балалар кітапханасының оқу залында қазақ әдебиетінде алғашқы болып тарихи зерде тамырына қан жүгіртіп, ұлт рухын тірілткен жазушы ретінде қазақ әдебиетінің тарихында оқшау орны бар ұлы тұлға Ільяс Есенберлиннің өмірі мен шығармашылығын, зерттеу еңбектерімен қоса, оның тарихи шығармасы «Көшпенділер» трилогиясына арналған диалогтық алаң өткізілді. Іс-шараға М.Әуезов атындағы №42 жалпы орта білім беру мектебінің 10 «а» сынып оқушылары, сынып жетекшісі Камзина Алмира Ермуханбетқызы және мектеп кітапхана меңгерушісі Жунусова Гульзира Еркенқызы қатысты.
Кеш жүргізушісі Карюкина Л. П. «Көшпенділер» трилогиясы қазақтың рухани өмірінде ойып орын алатын тарихи еңбек екендігі жайында айтып өтті. Алты кітаптан тұратын тарихи эпопея Шыңғыс әулеті билеп тұрған дәуірлердегі ұлт тарихына тереңдеп еніп қадам жасауы қазақ әдебиеті мен көркемдік әлеміне алғаш рет І. Есенберлин әкелген жаңалық пен батылдық туралы да айтылып өтілді. «Көшпенділер» трилогияда жан-жақты камтылған адамгершілік мәселелері көрініс тауып, өткен дәуір шындығы бүгінгі заман сипатымен сабақтастырыла суреттелетіндігі, шығарма кейіпкерлері ретінде негізін тарихи тұлғалар, Шыңғыс хан дәуірінен басталып Кенесарымен аяқталатын қазақ мемлекетінің бастау көзі мен қиын-қыстаулы тағдыр-талайының басында тұрған хандар тізбегі, ел мұңы мен арман-тілегінің хабаршысы ақын-жыраулар, ел бірлігінің ұйтқысы, халықтың ақыл-парасатты билер, ел мен жер үшін, ұрпақ болашағы үшін қасық қаны қалғанша жаумен шайқасып отанын қорғай білген арыстан жүрек, атанжілік батырлар туралы туынды екеніне көз жеткізді. Оқушылар кітапхана қорындағы Ільяс Есенберлиннің кітаптарымен, көрмемен танысты.
10 «а» сынып оқушылары қызығушылықтарын танытып сұрақтар мен қоса өз ойларымен бөлісті. Диалогтық алаңның ұнағандығын айтып, кітапхана ұжымына алғыстарын білдірді. 
Камзина Альмира Ермұханбетқызы
қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі