Химиядан 8 — сынып?а арнал?ан Ауа.Оттегі. Жану тарауы бойынша ба?ылау ж?мысы (критериалды ба?алау)

«Ауа. Оттек. Жану» тарауы бойынша №3 бақылау жұмысы. І нұсқа.
Оттегі. Оттегі тақырыбы бойынша мына тұжырымдар дұрыс айтылған
(дұрыс тұжырымдарды дәптерге көшіріп жаз):
Зертханада оттегін құрамында оттегі көп күрделі қосылыстарды айыру арқылы алады;
Зертханада оттегіні ауаны сұйылту арқылы алады;
Оттегі ауа қоспасының 1/5 бөлігін құрайды;
Оттегі таралуы бойынша жер қыртысында 3-ші орын алады. (барлығы – 4 ұпай)
Оксидтер.
Мына оксидтердің химиялық формуласын жаз: дифосфор пентаоксиді, көміртек (ІҮ) оксиді, диалюминий триоксиді. (барлығы – 6 ұпай)
Салыстырмалы тығыздық
Көміртек диоксидінің оттек (О2), азот (N2), сутек (Н2) бойынша тығыздығын тап.
(барлығы – 5 ұпай)
Молярлық көлем
Массасы 42 гр азот (ІҮ) оксидінің (қ.ж.) көлемін тап. (барлығы – 5 ұпай)
Термохимиялық теңдеу.
Көмірдің жану реакциясының нәтижесінде көміртек (ІҮ) оксиді түзілді және 393 кДж жылу бөлінді.
6 гр көмір жанғанда қанша жылу мөлшері бөлінеді? (барлығы – 5 ұпай)
Жалпы ұпай саны - 25
№ Критерийлер Дескрипторлар
1 Оттегі туралы теориялық білімі (4 ұпай) - Оттегінің негізгі қасиеті мен табиғатта таралуы жайында білуі (2 ұпай);
- Мәтінді оқып, түсініп талдай алуы (2 ұпай).
2 Оксидтердің аталуы бойынша химиялық формуласын жаза білуі, валенттік бойынша формула құрастыру
(6 ұпай) Оксидтің екі элементтен тұратынын және оның біреуі міндетті түрде оттегі екендігін біледі (3 ұпай);
Валенттік арқылы химиялық формула құрастыра алуы
(3 ұпай).
3 Салыстырмалы тығыздық бойынша газдардың салыстырмалы тығыздығын есептеу
(5 ұпай). Салыстырмалы тығыздықты табатын формуланы білуі
(1 ұпай);
Салыстырмалы тығыздық формуласын қолдана алуы (1 ұпай);
Оттектің, азоттың, көміртек диоксидінің және сутектің молярлық массаларын есептей алуы және жауаптың дәл болуы (3 ұпай).
4 Қалыпты жағдайдағы көлемді есептеу (5 ұпай). Азот (ІҮ) оксидінің формуласын дұрыс жазу (1 ұпай);
Оксидтің молярлық массасын дұрыс есептей алуы (1 ұпай);
Массаны пайдаланып зат мөлшерін есептей алуы (1 ұпай);
Зат мөлшерін пайдаланып көлемді есептей алуы (1 ұпай);
Жауаптың дәл болуы (1 ұпай).
5 Термохимиялық теңдеулерге есептер шығару (5 ұпай). Есептің шартын дұрыс құру (1 ұпай);
Көмірдің (ІҮ) оксидінің формуласын дұрыс құрастыру (1 ұпай);
Көмірдің жануының реакция теңдеуін дұрыс жазу және теңестіру (1 ұпай);
Есепті шығаруда пропорцияны дұрыс пайдалануы (1 ұпай);
Жауаптың дәл болуы (1 ұпай).
6 Барлығы 25 ұпай. Бағалануы: 1-7 – «2», 8-14 – «3», 15-19 – «4», 20-25 – «5»
«Ауа. Оттек. Жану» тарауы бойынша №3 бақылау жұмысы. ІІ нұсқа.
Оттегі. Оттегі тақырыбы бойынша мына тұжырымдар дұрыс айтылған
(дұрыс тұжырымдарды дәптерге көшіріп жаз):
Латын тілінен аударғанда қышқыл тудырушы деген мағынаны білдіреді;
Зертханада оттегіні ауаны сұйылту арқылы алады;
Фотосинтез процесінің өнімі болып табылады;
Оттегі таралуы бойынша жер қыртысында 3-ші орын алады. (барлығы – 4 ұпай)
Оксидтер.
Мына оксидтердің химиялық формуласын жаз: күкірт (ҮІ) оксиді, көміртек диоксиді, дитемір триоксиді. (барлығы – 6 ұпай)
Салыстырмалы тығыздық
Күкірт триоксидінің оттек (О2), азот (N2), сутек (Н2) бойынша тығыздығын тап.
(барлығы – 5 ұпай)
Молярлық көлем
Массасы 9,6 гр күкірт (ІҮ) оксидінің (қ.ж.) көлемін тап. (барлығы – 5 ұпай)
Термохимиялық теңдеу.
Көмірдің жану реакциясының нәтижесінде көміртек (ІІ) оксиді түзілді және 111 кДж жылу бөлінді.
18 гр көмір жанғанда қанша жылу мөлшері бөлінеді? (барлығы – 5 ұпай)№ Критерийлер Дескрипторлар