«М.?теміс?лы шы?армалары» та?ырыбына «Ж?зден ж?йрік, мы?нан т?лпар» ойыныны? сценарийімен жасал?ан сайыс саба? жоспары


«М.Өтемісұлы шығармалары» тақырыбына «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» ойынының сценарийімен жасалған сайыс сабақ жоспары
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылрға М.Өтемісұлының шығармашылығын үлгі ету, топ алдында еркін сөйлеуге баулу.
Дамытушылық: Жаңа технологияны пайдалана отырып оқушылардың ой-өрісін, қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды азаматтық рухта тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап әдісі.
Сабақтың көрнекілігі: компьютер, перфокарта, магнитофон,табиғи заттар ( гүл, бұтақ, тас, су, сүт, кітап), ту түстес таяқшалар, лозунгтер, плакаттар.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
1. Кіріспе сөз. Құрметті қауым! Теңсіздік пен әділетсіздікке қарсы Исатай бастаған халық көтерілісінің жаршысы, жалынды жырды ту етіп ұстаған каһарман ақын, қара қазан, сары бала қамы үшін күрескен ақын Махамбет Өтемісұлының шығармашылығына арналған «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» атты сайысымызды бастаймыз.
Ортаға сайысқа қатысатын оқушылар шығады.
1-тур. Таныстыру. Оқушылар өздерін таныстырады.
2-тур. «Ойлан, тап»
Ойын шарты: Белгілі ақындардың өлеңдерінен үзінділер оқылады.Оқушылар өлеңнің тақырыбы мен авторын табу керек. Өлеңдер магнитофоннан тыңдалады. Білетін оқушы көк таяқшаны көтереді.
Мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген,
Жөргегімде таныстым, мұң тіліммен ...
(«Мен қазақпын». Ж. Молдағалиев)
Қараңғы қазақ көгіне
Өрмелеп шығып күн болам ...
(«Шәкірт ойы». С.Торайғыров)
Сені көлден айырған
Лашын құстың тепкіні,
Мені елден айырған
Хан Жәңгірдің екпіні ...
(«Қызғыш құс» М.Өтемісұлы)
Қалқам мен Лермонтов, Пушкин де емен,
Есенинмін демедім ешкімге мен...
(«Қара өлең» М.Мақатаев)
ІІІ тур. «Қиыннан қиыстырар ер данасы».
Перфокарта арқылы талдау жұмысын жасайды. Шарты: Сөйлемді сөйлем мүшелеріне талдау.
Махамбет бала күнінен ер жүрек, палуан, шебер домбырашы, құралайды көзге атқан мерген адам болған.
Махамбет өлеңдері ерлік-жігерге толы батырлық пен батылдықтың символы іспеттес.
Махамбет хан алдында ақиқатты айтудан танбайды.
ІV тур. «Білімді мыңды жығады». Бұл тур 3 бөлімнен тұрады.
Жаңылдырсаң да жамылмаймын.
Викториналық сұрақтар.
Компьютерде сұрақ-жауап.
Үміткерлерге бір түсті көк таяқшадан берілген. Берілген сұрақтар жылдамдықпен
оқылады. Жауабы дайын оқушы таяқшасын көтереді. Сол оқушы жауап береді.
Жаңылдырсаң да жамылмаймын.
Қазақ тілінің фонетика саласы бойынша жаңылдырғыш сұрақтар.
Қолда буын көп пе, аяқта буын көп пе?
Сөз құрамында дыбыс көп бола ма, буын көп бола ма?
Қай буында дыбыс көп болады?
Бота мен қозы ұқсас дейді. Олар қалай ұқсас болады?
Қай буында дыбыс көп болады (ашықта ма, тұйықта ма, бітеуде ма)?
Ерінде еріндік бар ма? Езуде езулік нешеу?
Викториналық сұрақтар.
Тәуелсіздік шежіресінен сұрақтар.
25 қазан мен 16 желтоқсан күнгі мерекелердің айырмашылығы.
Ата Заң қашан қабылданды?
Тіл туралы Заң қашан қабылданды?
Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына қай жылы мүше болды?
ҚР Әнұранының авторлары кімдер?
«Қазақстан - 2030» дегеніміз не?
Желтоқсан оқиғасы қай жылы болды?
Қазақстанның астанасы қай жылы Ақмолаға көшірілді?
М. Өтемісұлы қанша жаста?
Желтоқсан құрбаны Қайрат Рысқұлбековке қандай атақ берілді?
Елбасымыздың жарлығы бойынша үстіміздегі жыл қандай жыл деп аталды?
Компьютерде сұрақ-жауап.
Үміткерлер компьютерде сұраққа жауап береді. Сұрақ тест үлгісінде алынады.
М. Өтемісұлының сүйегі қай жерде жерленген? (Қараой)
Ақынның өліміне себепші болған сұлтан кім? (Баймағамбет)
«Хан емессің қасқырсың,
Қас албасты басқырсың» - деген өлең жолдарын ақын кімге айтқан?
Махамбеттің досы кім? (Исатай)
V тур. «Мақал – сөздің мәйегі».
Үстел үстіне табиғи заттар: гүл, бұтақ, су, тас, сүт, кітап сияқты заттар қойылады. Сол заттарды кірістіріп, кемінде 10 мақал айту керек.
VІ тур. «Егер мен болсам...»
Сайыс соңында екі оқушы қалады. Екеуіне екі қарама-қарсы пікір беріледі. Үміткерлер сол туралы өз пікірлерін білдіреді.
Досыңа сырыңды айтпа.
Досыңнан сырыңды жасырма.
Сайыс соңынды жүлдегер анықталып, «Болашақ барыс» атанады.