Графикалы? ?дістер мен процедуралар


Сабақ жоспары
Сынып 10 Күні: 26.01.2017 Пәні: Информатика
Сабақтың тақырыбы: Графикалық әдістер мен процедуралар
Негізгі түйінді идея: VisualBasic-те бағдарламалау заңдылықтарын біледі.
Оқу мақсаты: VisualBasic-те графикалық файлдарды қолдануға, әдістерді пайдалана білуге, процедураларды жазудың әдістерін білу .
Табыс критерийлері
Барлық оқушылар: Көпшілік оқушылар: Жекелеген оқушылар:
а) VisualBasic-те бағдарламалау негіздерін біліп түсінеді
а) Координаталарда мәнді енгізіп, программасын құрады, сызықтарды сызады, координатаға геометриялық фигураларды орнатады,
ә) операторларын жазады, қателермен жұмыс жасай алады.
а) Графикалық әдістер мен процедуралардың практикалық маңызын біледі. Бағдарламалау негізіндегі жаңартуларды өмірмен байланыстыра алады.
Уақыты Кезеңдері Тапсырма Мақсаты Мұғалім не істейді Оқушылар не істейді Ресурстар
2
мин
Ұйымдастыру:
Топқа біріктіру Ынтымақтастыру, жақсы көңіл күй қалыптастырып, оқушылардың көңілін сабаққа бейімдеу. - Амандасу, түгендеу.
-Ыңтымақтастық атмосферасын қалыптастыру үшін 2 топқа біріктіу.
Топқа біріктіу үшін түрлі -түсті қағаздардан қиылған геометриялық фигураларды балалардың өз қалауымен алуын дұрыс ұйымдыстырады - Амандасады
геометриялық фигуралар бойынша 2 топқа бірігеді.
- 1-топ – «Алгоритм»,
- 2-топ – «Visual»
Түрлі түсті қағаз.
7 мин
Үй тапсырмасы:
2 топқа тапсырма
1-топ «Алгоритм»
Visual Basic негізгі терезе элементтерінің қызметі.
2-топ – «Visual»
Басқару элементтерін атап, қолдану аймағына мысал келтіріп түсіндіру.
Өткен тақырыптарды есіне түсіріп, қайталау
Тақырыпты меңгергенін бақылау. Бағалау крийтерийлерімен таныстыру
Сұрақтар беру
Топтағы оқушылардың сұрақты талқылауын қадағалау, бақылау. Топпен шығып талқылайды.
Бір-бірімен пікір алмасады.
Бір-біріне мәтін бойынша сұрақтар қояды.
Үлестірме қағаздар.
12 мин Негізгі бөлім:
Жаңа сабақты
білу,түсіну. Қолдану.
Ой қозғау «Стоп кадр»
«Сұрақтар шеңбері»
1. Графикамен байланысты батырмаларды атаңыз.
1-топ:
2. Scale әдісі не үшін қажет?
2-топ:
3. Нүкте, сызық, тіктөртбұрыш, боялған, боялмаған тіктөртбұрыш, эллипс салу операторлары қандай?
Бағдаршам арқылы бағалау
Тақырыпты ашу мақсатында
Жаңа материалды талқылап, толық меңгеру.
Жауапкершілігін арттыру
Шығармашылық ой қозғау. Видео роликті көрсетіп сұрақ қояды.
Бақылайды, сұрақ қояды, бағыт береді
Талқылауды тыңдау, өзектісін шығаруға бағыттау, сұрақтарға берілген жауапты бақылау. Видео роликті оқушылар көре отырып, жаңа сабақтың тақырыбын ашады.
Оқушылар сұрақтарға жауап береді, білімін жинақтайды. дәптерге жазады.
Бір-бірне түсіндіреді, сұрақ қояды.
Әр топ өз
мәтінін қорғайды.
Мәтін мазұмынының өзекті мәселелері туралы көзқарастарын
суреттер, сызбалар арқылы постер қорғайды. . Әділ бағалауға дағдылану. Оқулық дәптер.
АКТ пайдалану
14 мин Компьютермен тәжірибелік жұмыс
VisualBasic-те бағдарламалау. Тәжірбиелік тапсырма:
1-топ:
Графикалық әдістерді қолданып үйдің суретін салу.
2-топ:
Графикалық әдістерді қолданып аққаланың суретін салу.
Алған білімдерін тәжірибеде қолдану Бақылайды, бағыт-бағдар береді.
Visual Basic бағдарламалау ортасыда графикалық әдістерді қолданып, сурет салады.
Оқулық, дәптер. VisualBasicбағдарламалау ортасы
7 мин Қорытындылау
Жинақтау.
Тест жұмысын беру. Компьютерде орындайды
Тақырыпты қай деңгейде меңгергенін білу
Кері байланыс.
Талқылау бойынша серіктестер
(Өзіңіз үйренген үш нәрсе туралы;
Не нәрсе оңай болды?
Не нәрсе қиын болды?
Не білгіңіз келеді?)Бағыт-бағдар беру. Бағалау Тест жұмысын орындайды.
Кері байланыс
Оқушылар талқылау серіктестер
бойынша өздерінің жауаптарын стикерге жазып тақтаға жабыстырады.
Компьютер. Стикер
2 мин
Бағалау. Әділ бағалауды үйрену
Өзін-өзі бағалауды үйрену Оқушылардың білім деңгейін бағалау Әр топ басшысы оқушы бағалау парағындағы сабақ барысында оқушылардың жинаған бағаларын жинақтап, суммативті бағасын қояды Өзін-өзі бағалайды. Бағалау парағы.
1 мин
Үйге тапсырма. §19. Графикалық әдістер мен процедуралар Білімдерін толықтырып, іздену. Үй тапсырмасына түсінік береді. Күнделікке тапсырманы жазады
Күнделік, кітап.
Сабақтан кейінгі ойланатын сұрақтар:
Не сәтті болды?
Не сәтті болмады?
Нені жақсартуға болады?
Мен өз дағдыларымды нені дамыта алдым?
Нені өзгертуге болады?
Топ мүшелерінің өзін-өзі бағалау парағы
№ Аты, жөні Негізгі бағалау
Үй тапсырмасы1-тапсырма 2-тапсырма 3-тапсырма 4-тапсырма Балл Баға
1 2 3 4 0-5
ұпай 0-3
ұпай 0-6
ұпай 0-6
ұпай 0-7
ұпай 1 11 - тан төмен болса, сабақ қанағаттанарлықсыз болып есептеледі.
2 12 - 18 арасында болса, қанағаттанарлық.
3 19 - 24 арасында болса, жақсы деңгей.
4 25 - 27 арасында болса, жоғары деңгей.