Внеклассное мероприятие Зачем планету губит Спид


Сабақтың тақырыбы: Модель және модельдеу. Модель түрлері
Сабақтың мақсаты:
а) білімділігі: оқушылардың модель, модельдеу, модель түрлері туралы түсініктерін қалыптастыру.
ә) дамытушылығы: оқушылардың ақыл-ой өрісін, танымдық қабілетін дамыту.
б) тәрбиелілігі: оқушыларды ұқыптылыққа, әсемдікке баулу, шығармашылық қабілетін арттыру.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: АКТ, топтық жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: тірек-сызба, кесте, тапсырмалар,слайдтар, бейнефильм.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі. 5 мин
Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеріп, оқу-құралдарының дайындығын қадағалау. Балалар 4-баладан 3 топқа бөлінеді. Балаларға нөмірленген қағаз таратылады олар оны қолдарына жабыстырып алады. Топ басшысы тағайындалады.
2. Үй тапсырмасын тексеру. 10 мин
«Ақпараттық диктант» арқылы үй тапсырмасы тексеріледі. Оқушыларға бос орындарға қажетті сөздерді тауып жазу үшін төмендегідей арнайы кеспе қағаздар беріледі. Оқушылар жазып болған соң интерактивті тақтадағы дұрыс жауаптар көмегімен өздерінің диктанттарын тексеруге мүмкіндік алады.
1. Бірнеше рет қайталанатын әрекеттер тізбегі....................................................... деп аталады.2. Блок - сызбада циклдік алгоритмнің шарты................................................. фигураға жазылады.3. Шарт циклдік алгоритмнің...................................................... немесе .....................келуі мүмкін.4. Алгоритм түрлері:........................................................................................................................
Алғашқы кезең – Ой қозғау- қызығушылықты ояту. Назарларыңды экранға аударайық. (слайдтар) -Бұл не деп ойлайсыңдар? - Күнделікті тұрмыста өздерің кездестіретін нысандарға мысалдар келтіріңдер?
Ендеше бүгінгі жаңа сабағымыз модель және модельдеу ұғымдарымен танысамыз. 
3. Негізгі бөлім.
а) Жаңа материалды меңгерту. 17 мин
А) бөлімі
Топпен жұмыс (Флипчарт дайындау)- 7 мин
1-ші топ Модель және модельдеу.
2-ші топ Модель кезеңдері.
3-ші топ Модель түрлері.
Флипчартты қорғау- 2 мин
Модель – кез-келген нысанның қарапайым кейіпі. Нақты объектіні, процесті немесе құбылысты ықшам әрі шағын түрде бейнелеп көрсету. Модельдер материалдық түрде, яғни бар болуы мүмкін. Кей жағдайларда модельдер құрамы бойынша нағыз нұсқаны ауыстыруы мүмкін. Мысалы, қуыршақ қыздың моделі. Бір нысанда бірнеше модель болуы мүмкін. Мысалы: балықтікі жылтырауық немесе қағаздан жасалған модель. Модельдердің ақпараттық түрі болады. Бұл информатика үшін маңыздырақ. Ақпараттық модель: ауызша, математикалық және графикалық.
Автомобиль сызбасы графиктік модель. Қарапайым ақпараттық модель – адамның есімі. Тақпақтар да ауызша модель бола алады. Математикалық модельдерді математика сабағында сандарды және символдарды пайдаланып құрамыз.
Б бөлімі
Презентация Модель түрлері. – 2 мин

1-слайд 2-слайд

3-слайд 4-слайд
«ЕХРО-2017» қалашығының компьютерлік моделінің бейне ролигі. -2 мин
Модельдеу – нысандарды, үдерістерді және құбылыстарды зерттеу үшін модель құру.
399923058420І. Есептің қойылымы
Есептің сипаттамасы
Модельдеу мақсаты
Нысанды талдау
ІІ. Модельді құру
Ақпараттық модель
Таңбалық модель
Компьютерлік модель
ІІІ. Компьютерлік модель
Модельдеу жоспары
Модельдеу технологиясы
Компьютерлік модель
ІV. Модельдеу нәтижесін талдау
Нәтиже мақсатқа сәйкес келеді
Нәтиже мақсатқа сәйкес келмейді
І. Есептің қойылымы
Есептің сипаттамасы
Модельдеу мақсаты
Нысанды талдау
ІІ. Модельді құру
Ақпараттық модель
Таңбалық модель
Компьютерлік модель
ІІІ. Компьютерлік модель
Модельдеу жоспары
Модельдеу технологиясы
Компьютерлік модель
ІV. Модельдеу нәтижесін талдау
Нәтиже мақсатқа сәйкес келеді
Нәтиже мақсатқа сәйкес келмейді
Модельдеу кезеңдері
ә) Жаңа материалды пысықтау 5 мин
Интерактивті тақтамен жұмыс
Қолдану – «Модельдер сыры»
Шарты: 2. Берілген модельдерді материалдық және
ақпараттық бағытқа топтаңыздар.
Глобус
Театр қойылымының декорациялық безендіру макеті
Театр спектаклінің костюмдер эскизі
Адам қаңқасының макеті
Химия рекацияларының теңдеуі
Шыңғыс хан жанұясы ұрпақтарының сызба түріндегі моделі
Қуыршақ
Су молекуласы құрылымының моделі (макеті)
Автобус қозғалысының кестесі
Паровоз ойыншығы
Метроның сызбасы
Тіктөртбұрыштың ауданын табу формуласы
Чарльз Бэббидж суреті
Материалдық модельдер 1, 2, 4, 7, 8, 10
Ақпараттық модельдер 3, 5, 6, 9, 11, 12 ,13
Тәжірибелік жұмыс -7 мин
1-ші топ Гүлдің суретін қағазға салу.
2-ші топ компьютерде Paint графикалық л\редактор арқылы Гүлдің суретің салу
3-ші топ Гүлді қағаз арқылы жасау.
4. JoyClass бағдарламасы бойынша тест орындау. 5 мин
1.Модельді тек ... құруға болады.
A) нақты бар нысанға
B) ойластырып алған нысанға
C) кез келген нысанға, үдеріске, құбылысқа
D) табиғи құбылыстарға
2. Модельдеудің негізгі кезеңдері ол:
A) модельді құру, компьютерлік тәжірибе
B) есептің қойылуы, модель құру, компьютерлік тәжірибе, модельдеу нәтижесін талдау
C) есептің қойылуы, модельді құру
D) модельді құру, модельдеу нәтижесін талдау
3. Ақпараттық модель:
A) компьютердің көмегімен жүзеге асады
B) нысанның, үдерістің, құбылыстың сипаттамасын береді.
C) нысанның қасиеттерін сипаттайтын математикалық формулалар
D) тек статистикалық модель болуы мүмкін
4. Уақыт факторларына байланысты модельді келесідей деп айтуға болады:
A) компьютерлік және компьютерлік емес
B) статистикалық және динамикалық
C) тәжірибелік және имитациялық
D) сөздік модельдеу
5. Адамның қолымен жасалған нысан ... деп аталады
A) модель
B) ақпарат
C) тәжірибе
D) графика
Тест кілті: 1 А 2В 3В 4В 5А
5.Бағалау. Топ басшылары бағалайды. 3 мин
№ Аты-жөні Үй тапсырмасы Жаңа тақырып Жаңа тақырыпты меңгеру Тәжірибелік жұмыс Тест Барлығы
1 2 6. Үй тапсырмасы. Параграф 12-13 оқу, өзің қалаған модельді мозайка арқылы жасау.
7. Рефлексия
8. Қорытынды. Рахмет! Сау болыңыздар!