Саба?ты? та?ырыбы: С?йінбай Арон?лы «Жа?сы мен жаман» адам ?асиеттері
Оқу ісінің меңгерушісі: Жармуханов А.К
Күні: 4.10.2016
Сынып: 6 «а», «ә»
Пәні: Қазақ әдебиеті
Сабақтың тақырыбы: Сүйінбай Аронұлы «Жақсы мен жаман» адам қасиеттері Сабақтың мақсаты:
Білімділік:Жетісудың ақындарының алтын діңгегі Сүйінбай Аронұлының өміршең өнері жайлы сыр шерту, өлеңнің мағынасын ашып түсіндіру.Дамытушылық:өлеңді мәнерлеп оқуға, оқушының сөйлеу тілін дамыту, өзіндік пікір, ой қорыта білуге жетелеуТәрбиелік:оқушыларды жаман қасиеттен бойын аулақ ұстап, жақсы қасиеттерді бойына сіңіріп, жақсы адам болуға тәрбиелеу, адамгершілікасыл қасиеттерді бағалау.
Сабақтың түрі: жаңа сабақӘдісі: өлең құрылысына талдау, шығармашылық жұмыс.Көрнекілігі: Сүйінбай Аронұлының портреті, интерактивті тақта, тақырып бойынша слайдтар.Пәнаралық байланыс: саз өнері, қазақ тілі
Көрнекілігі:Ақын портреті, кітаптар, көрнекі кеспе қағаздар.
І. Ұйымдастыру кезеңі. 1. Сәлемдесу.2. Оқушылардың назарын сабаққа аудару
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:
Дулат Бабатайұлы «О,Ақтан жас, Ақтан жас»
Сұрақ-жауап:
1.Д.Бабатайұлы қашан және қай жерде туылған? Қайда қайәтыс болды? Қашан?
2.Кішкентай кезінде қандай болып өсті?
3.Кімдердің жолын өзіне үлгі тұтты?
4. «О,Ақтан жас, Ақтан жас» өлеңі кімге жазылған, бұндағы басты кейіпкер кім? Ол өмірді қалай сүрді?
5. Ақтанның бар мақсатына жетуі үшін не істеу керектігін айтады?
6.Дулат Бабатайұлы жайлы М.Әуезов, Р.Сыздықов қандай пікір білдіреді?
ІІІ.Жаңа тақырып: Сүйінбай Аронұлы «Жақсы мен жаман» адам қасиеттері
1.Сүйінбай-айтыс өнерінің алтын діңгегі. (М.Әуезов)
2.Сүйінбай –ұлы дүбірде жарысқа түскен, өлеңді ойдан желше соқтыра беретін жезтаңдай ақын. (І.Жансүгіров)
ІҮ.Оқулықпен жұмыс: Өлеңді мәнерлеп оқып, мазмұнын ашып түсіндіру.
Жаңа білімді бекіту: Өлеңдегі ақынның адамның жақсы мен жаман қасиеттерге берген бағасын жіктеп жаз
Жақсы адамның қасиеттері: Жаман адамның қасиет:
сөзіне сақ, жүзі жылы, сөзі майда, елінің ағасындай, жүзі жылы, жақсы , жыл құсындай , басшы серкесіндей т.б көкірегі көр, өтірікші өсегі көп, кеудесі үлкен, сөзі кесек т.б
Талдау-табыс кілті:
1 Шумағы : 9
2 Тармағы: 38/42
3 Бунағы: 3
4 Буын саны: 11,12
5 Ұйқасы: қара өлең ұйқасы
6 Теңеулер:
қаласындай, анасындай, баласындай, ағасындай, ағашындай, шаласындай, танасындай, серкесіндей, еркесіндей, көрпесіндей, бөлкесіндей, жыл құсындай, ұңғысындай, тұрғысындай, жындысындай.
Сөдікпен жұмыс:
Мағынасы түсінуге қиындық тудыратын сөздерді түсідірме сөздермен бірге дәптерге жазғызу. 1.Әмме жұрт- баршы, барлық, күллі2.Парқы – 1) бір нәрсенің екінші нәрседен айырмасы , ерекшелік
2) бір нәрсенің қадір-қасиеті, мән-жайы, жай –жапсары
3)белгілі бір істің байыбы ,пайымы.
3.Сеңсең тон- марқайған қозының қырқылмаған өсскелең жүн терісінен тігілген тон.4.Миуалы ағаш- жемісі бар ағаш
5.Көкірегі көр, көзі соқыр- білімсіз, санасыз
6. Іріткі салу- алауыздық тудыру, шырқын бұзу7. Ағаштың шаласы- отынның толық жанып бітпеген қалдығы 8. Тана-екі жасқа жетпеген торпақ тайынша
9. Бөлке- пешке пісірілген төртбұрышты нан
10. Балтаның ұңғысы- балтаның сабына киілетін қуыс жағы, қуысы
11.Жалған - өтірік12.Жұғымды- сыйлы13.Серке-ел ағасы, беделді азамат Қорытындылау. Тест. Ауызша айту.
1. Сүйінбай ақын қай жерде дүниеге келген?а) Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданындаә) Алматы облысы, Жамбыл ауданындаб) Солтүстік Қазақстан облысы, Қызылту ауданында 2. «Сүйінбай -айтыс өнерінің алтын діңгегі» деген кімнің сөзі?а) М.Әуезовә)Ж.Жабаевб) Қ.Тұрлыбайұлы
3. Сүйінбай ақынның ескерткіші қай қалада орнатылған?а) Алматы ә)Талдықорғанб)Тараз 4. Ақын қай ғасырда өмір сүрген?а) ХІХ ғасырә)ХХ ғасырб)ІХ ғасыр
5. Сүйінбайды кім өзіне пір тұтқан?а) Мағжанә)Жамбылб)Дулат 6.Сүйінбайдың арғы атасы а) Қабанә)Күсепб)Арон
7. Ақынның атасы Күсеп қандай адам болған?а) батыр, ақын, қобызшыә)домбырашы, диқаншыб)шаруа адамы 8. Миуалы ағаш дегеніміз не?а) қураған ағашә)жемісі бар ағашб) жемісі жоқ ағаш
9. «Бөлке» сөзінің мағынасын тапа) жеміс атауыә)тағамға қатысы жоқб)пеште пісірілген төртбұрышты нан 10. Қайсысы Сүйінбай Аронұлының өлеңі емеса) «Мақсұтқа»ә) «Жазғытұрым»б) «Қасымға»
Үйге тапсырма : Өздеріне ұнаған шумағын жаттап келу. Жақсы, жаман қасиеттерге байланысты мақал-мәтелдер жазу. 8. Бағалау