Ш?к?рім ??дайберді?лыны? ?мірі мен шы?армашылы?ы


Қарашаның жиырма тоғызыШәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығы. ШӘКӘРІМ ҚҰДАЙБЕРДІҰЛЫАдамдық борышың,- Халқыңа еңбек қыл.Ақ жолдан айнымай Ар сақта оны біл.Мақтанға салынба Мансаптың тағы үшін,Нәпсіңе билетпе Басыңның бағы үшін.Өміріңді сарп қыл өлгеніңше,Жоба тап,жол көрсет, Келешек қамы үшін.Қайтадан қайрылып, Қауымға келмейсің,Барыңды,нәріңді, Тірлікте бергейсің.Ғибрат алар артыңа із қалдырсаңШын бақыт-Осыны ұқ, Мәңгілік өлмейсің!1858-1931style.colorfillColorfill.typefill.on
ppt_y Шәкәрім Құдайбердіұлы-үлкен ақын,жазушы,аудармашы,тарихшы,ойшыл.Қазақ қоғамының руханиөсуіне үлес қосып,жастарды ғылым-білім,өнер-өнегеге баулуды мұрат еткен ұлы Абай мектебінің шәкірті,талғамы биік талант иесі. Шәкәрім 1858 жылы 11-шілдеде Шыңғыс тауы бөктерінде қазіргі Семейдегі Абай ауданында дүниеге келген.Әкесі Құдайберді Құнанбайдыңүлкен бәйбішесі Күнкеден туған. Шәкәрім кезінде арнайы оқу орындарында оқып білім алмаса да, ез бетінше ізденіп және Абай ағасының жетекшілігімен жан сарайын байытқан Құдайбердіұлы заманында қазақ арасындағы аса білімдар адамдардың бірі болды. Әкесі Құдайберді Құнанбайдың Күңке деген бәйбішесінен туған. Шәкәрім 5 жасынан бастап ауыл молдасынан оқиды. 7 жасында әкеден жетім қалған ол Абайдың тәрбиесінде болады. Өз бетімен білім алып, араб, парсы, түрік, орыс тілдерін жетік меңгереді. ҚұнанбайКүңкеҰлжанАйғызНұрғанымҚұдайберді Тәңірберді ЫсқақОспанХалиоллаЫсмағұл Ибраһим (Абай)ШәкәрімАтадан алтау,анадан төртеу,Жалғыздық көрер жерім жоқ.Кел,жастар,біз бір түрлі жол табалық,Арам,айла,зорлықсыз мал табалық.Өшпес өмір,таусылмас мал берерлікБір білімді данышпан жан табалық.Ал,енді олай болса,кімді алалық,Қазақта қай жақсы бар,көз салалық.Шын іздесек-табармыз шыны ғалым!Жалыналық Абайға жүр баралық.






ppt_xppt_y
style.rotationppt_wppt_y






Абай мен Шәкәрім Шәкәрім жеті жасынан әкеден жетім қалғаннан кейін Абайдың тікелей тәрбиесінде болады. Өскен ортасының аса бай дәстүрлері мен Абай ағасының тәрбиесі табиғатынан зерек Шәкәрімнің жетімдік көрмей өсуіне ғана емес, оның талантты ақын, парасатты ой иесі болуына да зор ықпал жасады. Шәкәрім- Абайдың нағыз мұрагерлерінің бірі, бірі болғанда - бірегейі. Абай шәкірттерінің ішіндегі көп жасағаны да, көп жазғаны да -Шәкәрім. Мұхтар Әуезов “Абай ақындығының айналасы” атты мақаласында “Абайдың дәл өзі тұсында, өз дәуірінде еңбек еткен” ақындар туралы айта келіп: “Мұндай ақын төртеу, -дейді. – Оның екеуі – Ақылбай, Мағауия – Абайдың балалары... Қалған екеуі – Көкбай, Шәкәрім. Осы төрт ақын Абайдың нағыз толық мағынадағы шәкірттері, Абайдан аталық, ағалық, ұстаздық тәрбие алудан басқа, оның өлең мен қара сөздерін оқушы әрі таратушы, бағалаушы, тұтынушы болудан басқа, бұлар Абай басшылығымен өз жандарынан жырлар да жазған...”Ұлы ақын дүниеден өткен соң халық Шәкәрімді Абайымыз деп танып, ерекше құрметтеген. Әкеміздің бір шешесінен туған Ибраһим мырза, - дейді Шәкәрім шежіре кітабында. – Қазақ ішінде Абай деп атайды. Сол кісі мұсылманша һәм орысша ғылымға жүйрік һәм Алланың берген ақылы да бұл қазақтан бөлек, дана кісі еді. Ер жеткен соң сол кісіден тағылым алып, әр түрлі кітаптарын оқып, насихатын тыңдап, аз ғана ғылымның сәулесін сездім”, - дейді (“Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі” Орынбор, 1911, 72-б.) Шәкәрім ауылдан ұзақ шығып, ешбір оқу орнында оқымаған адам еді. Оның мектебі де, университеті де – Абай. АудармаларыПрозасыТрактаттарыӨлеңдеріДастандарыЗерттеулері Шәкәрімнің дастандары“Қодардың өлімі”“Шыныбақ”“Жайлаудың басымен айтысы”“Нартайлақ -Айсұлу”Дума“Қалқаман – Мамыр”“Еңлік-Кебек” Өлеңдері“Бостандық таңы атты,” “Шын сырым”, “Жастарға”, “Жастық туралы”... т.б Зерттеулері Шәкәрімнің прозалық шығармалары“Ұждан”“Үш анық”“Қолшатыр бұйрығы” “Жан мен тіршіліктуралы“Әділ-Мария” романы“Адам баласыныңшын бақыттыӨмірі туралы әңгіме Шәкәрімнің аудармаларыДубровский әңгімесі“Ләйлі- Мәжнүн”“Том ағайдың балағаны”ДумаЛев Толстойдың әңгімелері Бейнебаянға назар аударыңыздар! “ҚАЛҚАМАН-МАМЫР” дастаны.Шәкәрім шығармашылығында басты орын алатын жанр бұл Абай ұстаздығымен дарыған дастаншылдық яғни поэма жанры.Жалпы Шәкәрім бірқанша поэма жазған және аударған.Олар:“Қалқаман-Мамыр”,“Еңлік-Кебек”, “Нартайлақ пен Айсұлу”,“Мұтылғанның өмірі”,“Ләйлі-Мәжнүн”,А.С.Пушкиннен аударған “Дубровский” поэмалары.Соның ішінде мазмұны және көлемі жағынан “Қалқаман-Мамыр” сәтті жазылған.Поэма тақырыбы қос ғашықтың адал да пәк махаббаты,ғашықтық мұңы және бұған қарама-қарсы рушылдық,ескі нанымыды сұлтауратқан опасыз сатқындардың озбырлығы.Поэма сюжеті автор өмірінен сәл алдын 1722 жылдары Сыр бойын жайлаған қалың Тобықты руы ішіндегі тарихи оқиғадан алынған.Демек бұл тарихи оқиға Шәкәрімнің өз руы ішіндегі тарихи дерек болып шығады.Поэмадағы оқиғалар желісі Орта жүздің белді Арғын руындағы Тобықтының ішінде болып өтеді.Шығарманың тақырыбы жастардың пәк махаббатына беріктігі және соған қарсы рушылдық пен әйел теңсіздігі тақырыбы.Шығарманың басты кейіпкерлері Әнет баба,Қалқаман,Мамыр,Мәмбетей,Көкенайлардың характеристикасын қаламгер тиімді диологтарда,портреттерде,мінездерде сәтті баяндаған.Шығарма шарықтау шегі екі жастың трагедисымен өрбісе,1723 жылғы тарихи қазақ сорына біткен “ақтабан шұбырынды оқиғасымен аяқталады. Поэма сюжеті - тарихи оқиға негізіТОБЫҚТЫМәмбетейКішікМәмбетей өте бай болып оның қызы:МАМЫРӘнет (поэмада Әнет баба)ӘйтекТоқалдан БайбөріҚАЛҚАМАНжәнеҚосымша дерекБәйбішеденОлжайАйдосҚайдосЖігітек1.Ырғызбай2.Көтібақ.3.Топай.4.Торғай.1.Үркер.2.Мырзатай.3.Жортар.4.ӨскембайҚұнанбайШәкәрімИбраһим (Абай)Оқиға желісі осы Қалқаман мен Мамырдың шынайы сезімінен өрбиді де,бір рудан болған екі ғашық бір ұшырасқанда Мамыр өз әкесінің өзге біреуге ұзатқалы жатқандығын білдіреді.Бұған көнбейтіндіктерін білдірген қос ғашық ел назарынан тыс жерде қашып өмір сүре береді.Бұл істі білген ру биі Әнет баба Мәмбетей еліне білдіреп,жастарды жөніне қалдырып есесіне қалың төлеп елді татуластырмақ болады.Бұл іске сірә көнбеген Мәмбетей кектеніп алады.Күндердің күнінде Мамыр еліне төркіндеп келе жатқанда оны Мәмбетей қолбасшысы Көкенай көріп қалып бұл жүзіқара неғып жүр мұнда деп Мамырды оққа жығады.Соң елді жинап біз Мамырды жазаладық,енді Әнет баба неге Қалқаманды жазаламайды деп оны да өлтірулерін тілейді.Бұған көпшілік Тобықты елі көніп алып Әнет бабаны мәжбүрлей бастайды.Осы жайттан және сол тұстағы Қалмақ елі шапқыншылығы үдегенін жақсы білген Әнет баба ел бірлігі үшін бұған шарасыздан көнеді.Оның шарты бойынша Қалқаман Көкенай алдынан атпен шауып өткенде оққа тұтсын тисе,тілегені болсын,тимесе Қалқаманды бұдан былай жөніне қойыңдар деп шешеді.Осы шарт орындалады,бірақ Қалқаман аман қалады да өзін оққа тосқан елден кетіп Ұлы жұздегі нағашысы Еділбайды паналап Бұхар жаққа кетеді.Сол жақта тұрмыс құрып ұрпақ жалғастырады.Ало осы оқиға болған 1722 жылдан соң 1723 жылы тарихта белгілі Қалмақтар шапқыншылығы боп қазақ сорына “Ақтабан шұбырынды” оқиғасына жалғасады.Осы тарихи кесапатты Шәкәрім Қалқаман-Мамыр таргедисына байланыстырып,соның салдарының қарғысы деп түсіндіргісі келетін сияқты.Олай ойламасқа да болмайды,шынында бұл оқиғалар 1722-1723 жылдары болып өткені ақиқат.Поэма сюжеті қысқаша осы.

















ppt_xppt_y
ppt_xppt_y
ppt_xppt_y
ppt_xppt_y
“Қалқаман –Мамыр”Кейіпкерлер галереясыЖырдың дауы Жырдың тарихы Кейіпкерлер галереясыҚалқаманМамырӘнет БабаКөкенай Қалқаман Шәкәрімнің Қалқаманы әуелде Мамырды сүйтін және сүйгеніне қосылудан басқа мұраты жоқ, албырт та аңғал жас ретінде ғана көрінеді. Шариғат жайынан, мұсылман мифологиясынан біршама хабардар. Сауаттылық нәтижесі ме, әлде өзінің жақын туысы Әнет Бабаң сияқты ғұламадан естіп түйгені ме – автор бұл жағын ашып айтпайды. Шариғатшылдылығымен емес, кірсіз көңіл, адал мінезімен ұнамды. Әлбетте, Қалқаман батырлықтан ада. Бірақ батырлықтан махрұм емес. Ең бастысы – намысқор, кісілігі мол азамат. Көкенай Шәкәрімнің заманалық кейіпкер жасаудағы бір үлкен табысы – Көкенай. Оны “ ұнамсыз кейіпкер” деп те айту қиын. Ол өз заманының перзенті, рулық-патриархалдық мораль сақшысы. Жай ғана “батыр, мінезі қатты кісі” емес, өр көкірек, шешімтал жан; асау қанды, салқын сабырлы адам. Көкенай ұғымында Мамыр ме Қалқаманның көңіл қосуы – адам естіменген және болашақта жол беруге болмайтын сұмдық. Ру рәсімін, адамшылық жолын аяққа басқан екі жас та өлімге кесілу тиіс. Көкенгай ызасы - жеке бас күйігі, араз-өкпе емес, тек қанмен ғана шешілуге тиіс кеселді түйін. Сондықтан да Мамырды көргенде: “ Ұялмай жүзіқараның жүргенін!” – деп, - “Аямай қақ жүректен атып салады”. Сондықтан да жүйрік атпен шауып бара жатқан Қалқаманды қолы қалтырамай нысанаға шалды. Осыған қарасмастан Шәкәрім Көкенайды қаныпезер санамайды. Бар кілтипан – Көкенай ұстанған моральдың дұрыс-бұрыстығында. Мамыр Мамырды сипаттайтын ерекшелік- күрескерлік. Күрес мұраты – жеке бас бақыты, махаббат бостандығына ұмтылу. Көп емес. Аз да емес. Мамыр – тым ұяң, Қалқаманды іштей ұнатқанымен, тартыншықтай береді. Тіпті, оңаша жолығысуға келгенде де бірден илікпейді. Жырдың дауы “Қалқаман мен Мамырдың дауы” неден шықты? Автордың баяндауынша, Қалқаман қыз айттырмаған, Мамырға ешкім құда түспеген, екеуінің де басы бос. Соған қарамастан, жігіт қызды алып қашады. Бұл кешірілмес айып емес. Араға ел ағасы Бабаң жүреді. Қалқаманның жақындары қалың малын да, айып малын да еселеп төлеуге әзір. Бірақ “Бітім болмай созылды сөз аяғы”. Өйткені “Жақыным қызымды алды”, - дейді Көкенай. “Қыз алған жоқ жақыннан тобықты әлі”, - дейді осыдан бұрын Мамыр. “Алар болса, мал алар, адам алмас” – деген бұған орай Қалқаман. Ал Көкенай, жалғыз Көкенай емес жарты Тобықты Қалқаманға қатал жаза қолданылуын талап етеді. Бітімсіз дау бір ата, бір ру көлемінен шығып, жалпыхалықтық (“Тобықты, Қнжығалы, Бәсентиін, Атығай, Қарауыл мен бәрі жиын...”) талқыға түседі. Ел екіге жарылады. Сөз ынғайына қарағанда, Қалқаманға болысушылар азшылықта қалады. Бабаңа тілектес ағайынның өзі Қалқаманды құрбанға шалуға, сөйтіп, ұлыстың бірлігін сақтап қалуға кеңес береді. Бар дау – қыз бен жігіттің аталас туыстығында. Екі ғашық шөбере болып шығады (Шежіре бойынша шынында да солай) Бұрынғы түгілі қазіргі ұғымында Қалқаман қарындасын алған. “Шариғат қосады екен немерені”, - дейді Қалқаман өзі қызды аздырар алдында. Шәкәрімнің атын бүкіл елге паш еткен оның поэмалары. “Қаламан – Мамыр”поэмасы 1912 жылы Семейде “Жәрдем” баспасында басылып шыққан. Нақты жазылған уақыты белгісіз. Ескі қазақ тұрмысынан алынған, бірақ тарихи шығарма емес. Тарих- фон ғана, автордың баса назар аударғаны - әлеуметтік мәселелер, мінез-құлық жайы. Жанрлық тұрғыдан алғанда, лиро-эпикалық жырға бейім. Өмірде шын болған бақытсыз ғашықтар – Қалқаман мен Мамыр. Шығарманың өзегі де өмірде болған, нақты оқиға. Жырда Шәкәрім XVIII ғасырдағы тарихы туралы біршама мағлұмат береді. Қалқаман жігіт пен Мамыр қыздың махаббат драмасының мекені де, мезгілі де нақты. Қалқаман -Мамыр Жанның да әлдісі бар, әлсізі бар.Жүрегім дертті, сөзім у.Дүние қу — бір ағын су.Үйренсе білім менен сан өнерін,Білер еді-ау өнердің не берерін.Білгеніңнің жақсысын қыл, білмегенін біле бер...Құр білген керек емес - білгенді іс қылған керек.Билік айтсаң - түзу кес, адалын айт.Тиянақ көрме жалғанды. .Шәкәрім бес жасында ауыл молдасына оқуға беріледі де онда жеті жасына дейін оқиды.Жеті жасында әкесінен жетім қалған ол бұдан былайғы кезде Абайдың тікелей тәрбиесінде болады. Өскен ортасының аса бай дәстүрлері мен Абай ағасының төрбиесі табиғатынан зерек Шәкәрімнің жетімдік көрмей өсуіне ғана емес, оның таланты ақын, парасатты ой иесі болуына да зор ықпал жасады. Шәкәрімнің өзі кейінірек былай деп жазады: «Әкеміздің бір шешесінен туған Ибраһим мырза, қазақ ішінде Абай деп атайды, сол кісі мұсылманша Һәм орысша ғылымға жүйрік Һәм Алланың берген ақылы да бүл қазақтан белек дана кісі еді, ержеткен соң сол кісіден тағлым алып, әр түрлі кітаптарын оқып, насихатын тыңдап, азғана ғылымның сәулесін сездім». Кезінде арнайы оқу орындарында оқып білім алмаса да, ез бетінше ізденіп және Абай ағасының жетекшілігімен жан сарайын байытқан Құдайбердіұлы заманында қазақ арасындағы аса білімдар адамдардың бірі болды.  Постер қорғау Тақырыбы: Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармашылығы {284E427A-3D55-4303-BF80-6455036E1DE7}Сабақтың тақырыбыНені үйрендім?Сабақ қалай өтті?Білгім келеді? Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығы Кері байланысБелсенді қатыстым Түсінікті болды Қызықты болдыЖаңа мәліметтер алдым Назарларыңызға рахмет,Сау болыңыздар!!!