Ш?к?рім ??дайберді?лыны? ?мірі мен шы?армашылы?ы
Сабақтың тақырыбы: Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығыСабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушылардың Шәкәрім Құдайбердіұлы туралы білімдерін тексеру,дамыту; ақын өлеңдерінің идеясын ашу, рухани-адамгершілік қағидаларымен танысу,өлеңдерін нақышына келтіре оқи отырып,негізгі түйінді таба білуге дағдыландыру; Шәкәрім лирикасы мен Абай өлеңдерінің үндестігін тануда оқушыларды өзіндік ой қорытуға бағыттау. Тәрбиелік: Шәкәрімнің өлеңдері арқылы оқушылардың рухани байлығын , адамгершілік қасиеттерін қалыптастырып, жаман мінезден аулақ болу,адами сезімді қастерлеу, сүйіспеншілік,ішкі рухани тазалыққа үйрету. Дамытушылық: Оқушылардың қоғамға деген өзіндік көзқарасының қалыптасуына ықпал ету, өз ойларын еркін,нақты жеткізе білуге баулу, тіл байлықтарын шыңдау, өзін-өзі дамыту,коммуникативтік,оқу-танымдық құзіреттіліктерін дамыту. Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, пікірлесу, талқылау, венн диаграммасы, топтастыру.Көрнекіліктер: «Дана сөздің дарасы» кітап көрмесі, ақынның суреті.Сабақтың барысы : 1.Ұйымдастыру кезеңі : а)Оқушылармен сәлемдесу,түгендеу, оқу құралдарын тексеру, назарларын сабаққа аудару.ә)Үй жұмысын тексеру.
б)Сабақ мақсатымен, барысымен таныстыру. (Ән және кесте арқылы)
Л У Р Й Ц У Ө К Е Н Г Ш З
Ш Ә К Ә Р І М Н І Ң Ы Ф Х
В А П Р Л О І Д Ж Э Б Ю Т
К Е Н Г Щ З Р Х Я Ч С М М
У Ц Й Ф Ы В І А П О Л Д Ж
Я Ч С М И Т Ь Б О П У Н Э
Ж Д Л П М Е Н Т Б П Щ А Ы
Е О А Й Ы В П Р Н О Ю Б Я
Ш Ы Ғ А Р М А Ш Ы Л Ы Ғ Ы
Мұғалім сөзі: - Балалар, біз бүгін Шәкәрім Құдайбердіұлы өмірі мен шығармашылығымен танысамыз. Жарты ғасырдан астам еріксіз үзілістен соң халық алдына қайта шыққан тұлғаларымыздың бірі- Шәкәрімнің қазақ халқының рухани мәдениетінің тарихында алатын орны ерекше. Шәкәрім-қазақ әдебиетін жаңа белеске көтерген , қазақ халқының көркемдік ойының үздік үлгілерін туғызған, қазақ өлеңін түрлендіре түскен кемеңгер ақын. Қытымыр, қилы заманда оққа ұшқан ақын есімі халық санасынан аласталмақ болды. Бірақ...өзі өлсе де аты өшпейді. Осы ретте Абай атамыздың «Өлді деуге бола ма, ойлаңдаршы, Өлмейтұғын артына сөз қалдырған»,-деген өлең жолдары ойымызға оралады. Ұлы ақын өлсе де, ұрпағына ғибрат етіп қалдырған мұрасы бар. Ол мұраны сақтау, одан тәрбие алу біздің міндетіміз. 2. «Ой қозғау». «Шәкәрім кім?» әр топ оқушылары Шәкәрім бойынша өз білімдерін ортаға салады. 3. «Кітаппен жұмыс». Оқушылар кітаптағы материалмен танысады.4.«Шәкәрім -Абайдың талантты шәкірті ».Шәкәрім мен Абайдың ұстанған жолдарындағы ұқсастық пен айырмашылықты байқайық. (Венн диаграммасын жасату ) 5. Абай мен Шәкәрім шығармаларын салыстыру. Қазақ поэзиясының асқар шыңы Абай қалдырған шығармашылық дәстүрді жалғастыра отырып, өз жаңалықтарымен байытып өрнектеген Шәкәрім Құдайбердіұлының көркем мұрасы-әдебиетіміздің асыл қазынасы. «Ғылымды іздеп, дүниені көздеп, екі жаққа үңілдім» деген Абай мектебінен тағылым алып, оның жолын жалғастырған Шәкәрім өлеңдері ақын өлеңдерімен үндесіп жатады. Оқушылар ақындардың өлеңдеріндегі ұқсастыққа тоқталады. Мысалы: Шәкәрім: Адам үшін еңбегім, Өмірден барлық тергенім. Қалағанын қарап ал, Мұрам сол ,жастар бергенім. Абай: Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін, Жоқ-барды ертегіні термек үшін, Көкірегі сезімді,тілі орамды, Жаздым үлгі жастарға бермек үшін. Шәкәрім: Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек Бұған ұйқасты өлең сөз керек, Өзіне орайлы, Ән-өлшеуіш Өлең – күміс Қоспаңыз мыс аралас. Абай: Өлең-сөздің патшасы,сөз сарасы, Қиыннан қиыстырар ер данасы. Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп, Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы.
6. Сергіту сәті.
7.Мағынаны ашу «Ойлан,тап».Мұғалім сөзі: Шәкәрім өлеңдерінің тақырып ауқымы өте кең. Соның ішінде ойып орын алар тақырып-рухани –адамгершілік мәселесіне қатысты ойлары. Шәкәрім ар-ұятты жоғары қояды.Тақтаға назар аударыңдар. Санда жасырынған сұрақтарға жауап беріңдер . Сұрақтары: 1. Адам өмірінің мәні неде? Адам баласының борышы не? 2. Шәкәрімнің уағыз, ақыл-кеңес, насихат түрінде жазған қандай өлеңдері бар? 3. Ынсап, рахым, ар-ұят, сабыр, сақтық туралы ақын не дейді?
8. «Өлең – күміс» Оқушылар ақынның өлеңдеріне сатылай кешенді талдау жасайды.І топ Кел,жастар,біз бір түрлі жол табалық , Арам айла,зорлықсыз мал табалық . Өшпес өмір,таусылмас мал берерлік , Бір білімді данышпан жан табалық. «Жастарға»ІІ топ Кел, байлар, балаңды оқыт, ғылым ізде,Қазақты бастайтұғын қару сізде.Партияға шашқанша, осыған сал,Қолыңда қорегің бар кезіңізде.
«Насихат»
ІІІ топ Жиырма үш жасымдаБұл өлең жазылған, Басында табылмайӨзіне лайық ән.Мұңлы, күйсіз, жесір боп жатыр еді,Мінеки, ойланып,Өз әні табылған. «Шын сырым»
9. «Шәкәрім шыңы». Сұрақтарға жауап беру арқылы сабақты қорытындылап,бекіту. А) Шәкәрім-лирик. (өлеңдерінің тақырыбы) Ә) Шәкәрім-аудармашы (кімнің қандай шығармаларын аударған?) Б) Шәкәрім-эпик (поэмалары) В) Шәкәрім –сазгер (әндері) Г) Шәкәрім –жазушы (әңгімелері,романы) Д) Шәкәрім-тарихшы,ойшыл (зерттеулері,философиялық жазбалары). Үйге тапсырма: Шәкәрім дастандарының тақырыбы мен идеясын зерттеу. «Дана сөздің дарасы» ой толғау . Оқушыларды бағалау.