Ашы? саба? Жылды? т?рт мезгілі (3 сынып)
Ақмола облысы
Бұланды ауданы
КММ «Алакөл негізгі мектебі»
Ашық сабақ
«Төрт жыл мезгілі»
Қазақ тілі 3 сынып
Қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімі:
Алибекова Дана Канатовна
2016-2017 оқу жылы
Ақмола облысы
Бұланды ауданы
Алакөл негізгі мектебі
Қазақ тілі және әдебиет мұғалімі: Алибекова Дана Канатовна
Сабақтың тақырыбы: Төрт жыл мезгілі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Балаларға жыл мезгілдері туралы, ондағы өзгерістер мен ерекшеліктер жайлы мағлұмат беру.
Тәрбиелік: Табиғаттың әсем көрінісін қызықтай білуге, қоршаған ортаны сүюге, қорғауға тәрбиелеу.
Дамытушылық: Балаларға жыл мезгілдері жайлы мағлұмат бере отырып дүниетанымын, ой-өрісін, сөздік қорларын дамыту.
Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Әңгімелеу, түсіндіру, жұптық, жеке жұмыстар, сұрақ-жауап
Сабақтың көрнекілігі: үлгі суреттер, интерактивті тақта, үлестірмелі материалдар
I.Ұиымдастыру кезеңі:
1) Оқушылардың оку-құралдарын түгендеу.
2) Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
Амандасу.
Оқушылармен шаттық шеңбер құрып, психологиялық дайындық жасау.
Сәлем бердім досыма Сәлем бердім қонаққа. Қоңырау үні соғылды Бізде сабақ басталды .
Рахмет отырыңыздар
Бүгінгі сабағымыздың жоспары тақтада жазылып тұр. Олай болса танысайық.
— Мына жоспармен жұмыс істейміз. «Ер дәулеті – еңбек» үй жұмысын қайталау
Іздесең табасың,талаптансаң – жетесің,зейін салсаң – ұғасың!” жаңа сабаққа кіріспе
«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» «Ойлан, тап!» «Жарқыраған шың»
II. “Ер дәулеті – еңбек”(Үй тапсырмасын сұрау) 5 мин
Өткен сабақта қандай тақырыппен таныстыңдар?
1. Топтық жұмыс.
Азық-түлік, көкөніс, жеміс-жидек атауларын еске түсіру мен оларды ажырату білу мақсатымен өткізіледі.АЛМА НАН СҮТ ІРІМШІК ҚИЯР ПИЯЗ ОРАМЖАПЫРАҚ ТАҢҚУРАЙ ҚҰЛПЫНАЙ МАЙ ШҰЖЫҚ ЖҮЗІМ АЛМҰРТ СӘБІЗ ҚЫЗЫЛША АЗЫҚ –ТҮЛІК ДҮКЕНІ КӨКӨНІС ДҮКЕНІ ЖЕМІС-ЖИДЕК ДҮКЕНІӘр тағамды өз дүкеніне орналастыр.
Жақсы өткен тақырыпты қайталадық
ІІ. Іздесең табасың,талаптансаң – жетесің,зейін салсаң – ұғасың!”
Жаңа сабақты меңгерту.
Видео жыл мезгілдері 4 мин
«Миға шабуыл жасау» стратегиясы 2 мин
Ал енді жұмбақтарды шешіп көріңдер
Қар еріп,су ағады,
Сарқырап сайға толады.
Күн ұзарып,жылиды,
Бұл қай кезде болады? (көктем)
: Күн де ысып,шөп пісіп,
Ел пішенін орады
Бұл қай кезде болады? (жаз)
Күмістен алқа тағынып,
Бақтар күлім қағады.
Күн нұрына шағылып,
Қар жұлдыздай жатады
Бұл қай кезде болады?(қыс)
Айнала сары түсті
Бау-бақшада жеміс пісті.
Қамба толы дәнге
Дастарқан толы дәмге
Бұл қай кезде болады?(күз)
-Дұрыс айтасыңдар балалар, қыс, көктем, жаз, күз мезгілдерін бір сөзбен қалай айтатынын білесіңдер ме?
-Өте жақсы, олай болса бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Жыл мезгілдері» деп аталады.
Балаларды топқа бөлу 5 мин
4 Топқа бөлу үшін оқушыларға түрлі-түсті гулдер таратылады. Гүлдердің түсіне байланысты топқа бөлінеді, топ басшысы тағайындалады.
Жұмылы көтерген жүк жеңіл (музыка) Топтық жұмыс «Джигсо» стратегиясы бойынша топтық жұмыс класстер жасап, қорғау 15 мин
Әр топ басшысы басқа топқа барып оны қорғайды
4 топтың аты жаз күз қыс көктем
Мақсаты: Балаларды жұпта бір-біріне көмектесіп, ақылдасып жұмыс жасауға, ой қорытындылауға үйрету.
Әр топ жыл мезгілін таңдап, суретін салып, әңгімелеп беру. Изобразить на класстере и объяснить
Жақсы ,рахмет
Сергіту сәті 2 мин
Ойлан тап 5 мин
Жұптық жұмыс дәптерде жұмыс \тақтада топ басшысы\
Ең алдымен дәптерлерімізге бүгінгі күнді жазамыз
Мақсаты: Баланың өз бетінше жұмыс жасауына, өзі шешім қабылдауына, ойлануына дағдыландыру. Бір –бірін тексеру
Қате жазылған сөздерді түзету әр дұрыс жауап үшін фишка тарату
Қүзде, жазта, қос, күктем, қар үриді, жазз, наурыс,сәуыр, мезгүл, қолақшын.
Коктемде, тамыс, қүс, ақтан,ғүл,сәуыр, қолгап, маузым,қүзде, мамір
Жарайсыңдар
Жарқыраған шың
Сабақты қорытындылауЖалпы сөзжұмбақты шешу
Рефлексия
Балалар бүгінгі сабақ қызықты өтті ме?
Сендерге сабақ ұнады ма?
Немен таныстыңдар?
Ал енді біздің бағдаршамға алдарыңда тұрған смайликтерді жабыстырыңыздар
Қызыл түске түсінген жоқпын
Сары түске әлі білуім керек
Жасыл түске барлығы түсінікті
Әр бала суретке стикер жабыстырады
Кері байланыс
Бағалау Оқушыларды сабаққа қатысқандарына байланысты бағалау.
Үй тапсырмасын беру: сүйікті жыл мезгілінің суретін салу
Қоштасу-«Қонағыңнан алтын алма, алғыс ал» дегендей бүгінгі сабағымыз аяқталды. Сау болыңдар балалар