Внеклассное мероприятие на тему Мені? ?лкем


Сыныптан тыс шара атауы: Менің өлкем
Шараның мақсаты: Оқушылардың Отан туралы түсініктерін кеңейту, тереңдету.
І. Ұйымдастыру кезеңіПсихологиялық дайындық.-Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері барлық өкпе мен мұңды жібітеді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.Барлығы:Күн жарығын алақанға саламын,Жүрегіме басып ұстай аламын.Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,Болып кетер сонда дереу жан-жағым.Әр кеспе қағаз Қазақстанның облыстарының жер көлемін бейнелейді. Сұраққа жауап бергеннен соң тақтадағы тиісті орнына жапсырады.Сұрақтар:1. Мектеп пен кәсіпорынның байланысы не үшін керек?2. Ауылдық мектептерде қандай өндіріс орындарымен байланыс жасай алады?3. Қазіргі заманға сай автоматтандырылған, компьютермен басқаратын қандай өндіріс орындарын білесің?ІІ. Сайыс кезеңіКеспе қағазды алу.-Балалар, «бұл қағазда сөзжұмбақты шешіңдер» деп жазылған.Сөзжұмбақты шешу.Т_________________У_________________Ғ__________________А__________________Н__________________Е__________________Л__________________О__________________Т__________________А____________________Н____________________1. Өсімдік жануарлар, тау, тас. (табиғат)2. Киіз үй жабдығы (уық)3. Аспан әлемі (ғарыш)4. Ардақты адам (ана)5. Ас атасы (нан)6. Мықты ағаш (емен)7. Ешкінің төлі (лақ)8. Қалың ағаш өсетін нулы жер (орман)9. Орман емшісі (тоқылдақ)10. Қазақстанның астанасы (Астана)11. Көктем айы (наурыз)ІІІ. Тақырып бойынша әңгімелеу.Дүйсенбек пен баласы Сәлім екеуінің әңгімесі арқылы Қазақстанның табиғатымен, шекарасымен, Жібек жолымен таныстыру. Тақырып мазмұнын түсіндіру.Кеспе қағаздың тағы біреуін алып, тапсырманы оқу. Оны орындап, қағазды тақтаға ілу.«Тянь-Шань» деген сөз Қытай тілінен аударғанда «Тәңірі тауы» деген ұғымды білдіреді. Оны біздің халқымыз «Еренқабырға» деп атаған. Оған Қытайдың батысы, Қазақстанның оңтүстік-шығыс өңірлерін алып жатқан алып тау жоталары енеді. Демек, мәтіннен «Тянь-Шань таулары» деген тіркестерді оқып отырғанда сөз өзіміздің әсем Алматымыздың жанындағы Іле Алатауы туралы да болып отыр деп түсіну керек.IY Ватманмен жұмыс.Кеспе қағаздың тағы бірін алып, тапсырманы оқу, оны орындау. Қағазды өз орнына, тақтаға ілу. Тапсырма: Картадан Қазақстан мен КХР аумақтарын және олардың арасындағы шекараны, «Жібек жолы» пойызы жүріп өткен жолды, Каспий теңізін, Алтайды, Батыс Сібір жазығын, Іле Алатауын, Алматыны тап.Тапсырманы карта арқылы орындау.Кеспе қағзады алып, тапсырманы оқу. Сергіту жаттығуыY Топтық жұмыс. «Қазақстан» сөзжұмбағын шеш.1. 1925-29 жылдардағы Қазақстанның астанасы? (Қызылорда)2. Алматы қай таудың баурайында орналасқан? (Алатау)3. Қазақстан қандай ел? (тәуелсіз)4. Медеу мұз айдыны Қазақстанның қай қаласында? (Алматы)5. Астананың бұрынға аты қалай аталған? (Ақмола)6. Астана қай өзеннің бойында орналасқан? (Есіл)7. Биіктігі 97 метр болатын бас қаланың символы. (Бәйтерек)8. Мемлекетіміздің мәйегі,Дербестігіміздің дәйегі... (Елорда)9. 1920-25 жылдардағы Қазақстанның астанасы? (Орынбор)- Соңғы тапсырманы орындайық. Тапсырманы оқып, қағазды тақтаға ілу.Тапсырма: Қазақстанды гүлдендір.Сайыс соңында әділ-қазы алқасы жақсы. дұрыс жұмыс істеген топты атап, марапаттау өткізеді.