Суды? физикалы? ж?не химиялы? ?асиеттері ашы? саба?


Күні: 21.02.2017 ж Сынып: 8
Сабақтың тақырыбы: Табиғаттағы су. Судың құрамы, физикалық және химиялық қасиеттері
Сабақтың мақсаты: Судың құрамын, физикалық және химиялық қасиеттерін меңгерту
Күтілетін нәтиже: Оқушылар судың құрамын біледі; физикалық және химиялық қасиеттерін ажырата алады; реакция теңдеулері арқылы есептер шығара біледі
Көрнекілігі: плакаттар, сызбалар, картотекалар, слайд
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: топтық жұмыс, жеке жұмыс
І. Сабақтың барысы: сергіту сәті «Шаттық» шеңбері
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Графикалық диктант
Жауаптарыңды “иә” немесе “жоқ”
Газдардың салыстырмалы тығыздығы- ρ(ро) әрпімен белгіленеді.
Сутек периодтық жүйеде І орында тұр.
Сутек элементіне «гидрогениум» деген атауды Менделеев берді.
Протий, дейтерий, тритий – сутек изотоптары.
Электронды қосып алатын атомдар немесе иондар- тотықтырғыш деп аталады.
Сутектің ең басты қосылысы- қышқыл
ІІІ. Жаңа сабақ
Бірі жанып, бірі “қолдап” жануды,
Екі элемент бізге бұрын табылды.
Өрт болып ел, сөндіруге көп адам,
Қосылысын алып соған ағылды.
Су
Судың химиялық формуласы- H2O. Су-оттектен кейін екінші орын алатын маңызды қосылыс. Адам ағзасынының 65-70% судан тұрады.
Судың физикалық қасиеттері
- түссіз
-иіссіз
-дәмі жоқ
сұйық зат
табиғатта 3 түрлі агрегаттық күйде: қатты, сұйық, газ кездеседі
0С қатады
100С қайнайды
- таза су электр тогын нашар өткізеді.
Судың химиялық қасиеттері
1. Жай заттармен әрекеттеседі.
а/ белсенді металдармен:
2Na+ 2H2O→2NaOH + H2↑
ә/ орташа белсенді металдармен:
Zn+ H2O→ZnO + H2
б/ кейбір бейметалдармен:
С+ 2H2O→ СО2 + 2H2
2. Күрделі заттармен әрекеттеседі:
а/ негіздік оксидтермен:
Na2O + H2O →2NaOH
(суда еритін негіздер- сілтілер деп аталады)
б/ бейметалл оксидтермен немесе қышқылдық оксидтермен:
P2O5+ 3H2O→2 H3PO4
фосфор қышқылы
Судың ластану түрлері:
-Ағынды сулармен (фабрика,заводтардан, өндірістік қалдықтардың жүйесіз қолда –нылған суларымен)
-Органикалық заттармен(мұнай қалдықтары, улы химикаттармен,машина майларымен)
-Инфекциялы қоздырғыштармен(суға мал шаруашылық орындарынан ағынды сумен келетін вирустар мен бактериялардың түсуі).
Су әртүрлі қоспалардан құралады. Соған сәйкес құрамындағы қоспалар еритін және ерімейтін болып бөлінеді.
Үш артық қосылысты табыңыз
I-топ II- топ ІІІ-топ
Түссіз, өзіне тән иісі бар, сутек, азот, мыс, 0 С қатады, электр
Қатты, қоймалжың,сары гелий, оттек тогын жақсы өткізеді
түсті, сұйық, дәмі жоқ иілімді, созылғыш,
100 С қайнайды
Ойлан тап!
I-топ
90 г су айырылғанда түзілетін сутек пен оттектің массаларын тап.
  II-топ
MgSO4* 7H2O магний сульфатының кристаллогидратының құрамындағы судың массалық үлесін тап
ІІІ -топ
Бір шай қасық судың массасы шамамен 5 г болады. Бір шай қасықта судың қанша молекуласы болатынын тап.
Кім зерек?
I-топ II-топ
2K+ 2H2O→2KOH + H2↑ K2O + H2O →2KOH
ІІІ -топ
P2O5+ 3H2O→2 H3PO4
IV.Бекіту сұрақтары
Химиялық диктант
Адам денесінің 65-70 % су құрайды. Судың құрамындағы қоспалар еритін және ерімейтін болып бөлінеді. Судың формуласы - H2O. Қалыпты жағдайда су 0° С қатады, 100° С қайнайды. Су неғұрлым таза болса, соғұрлым электр тогын нашар өткізеді. Суда еритін негіздерді сілтілер деп атайды.
Жаңа сөздер:
Сілті-основа- basis
Су- вода- water
Қышқыл- кислота- acid
Оксид- оксид-oxide
V.Бағалау
VI. Үй тапсырмасы: §§46,47,49. 166 беттегі №5 есеп