Методическая разработка урока на тему: ???ы? ?ор?ау органдары
САБАҚТЫҢ ЖОСПАРЫ №26 Тобы________ Күні______
Тақырыбы: Құқық қорғау органдары
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Құқық қорғау органдарының қызметі, түрлері, мемлекеттік қызмет ұстанымдары, жауапкершілігі туралы ақпарат беру.
Дамытушылық: Оқушылардың тақырып бойынша тұжырым жасай алу
дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік: Құқық қорғау органдарымен таныса отырып, тәртіптілікке баулу
Сабақтың түрі: семинар
Пәнаралық байланыс;Құқық негіздері,қазақ тілі
Қолданылған құрал-жабдықтардың тізімі: оқулықтар, тірек-сызба, слайд.
Сабақтың барысы: (мазмұны мен оның түріне байланысты сабақтың әр кезеңін өткізу әдістері, оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыру көлемі, нысаны мен әдістемесі)
Оқушылармен сәлемдесу
Оқушыларды түгендеу
Берілген үй тапсырмасын сұрау
Оқушылардың назарын сабаққа аудару
Жаңа сабақтың барысы: Құқық қорғау органдары
Құқық қорғау органдарының қызметі мен ұйымдасу негіздері.
Құқық қорғау органдарының түрлері, мемлекеттік қызмет ұстанымдары.
Құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің құқығы, міндеттері және жауапкершілігі.
Бекіту сұрақтары: Жоба құру
1. Бала конвенциясы
2. Құқық қорғау қызметі
3. Мемлекеттік қызмет
Бағалау
Үй тапсырмасы:
Конспектіні қайталау
Қолданылған әдебиеттер:
М.Изотов «Адам, қоғам, құқық. 2015ж, 11 сынып
Интернет
М.Изотов «Адам, қоғам, құқық»2014ж, 11сынып
М.Изотов «Адам, қоғам, құқық» хрестоматия 2014ж, 11сынып
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
«БҚОӘББ Орал газ, мұнай және салалық технологиялар колледжі» МКҚК
«БЕКІТЕМІН»
Директордың ОӘЖ
бойынша орынбасары
__________А.Н.Утебаева
«____»________201__ж.
Жас оқытушылар апталығы шеңберіндегі
ашық сабақ тақырыбы:
Құқық қорғау органдары
1049020270319500257683018669000-75565018669000
Орал – 2016 ж.
Құрастырушы: ӘГП ПЦК оқытушысы А.А.Ибатова
«КЕЛІСІЛДІ» ӘГП ПЦК отырысында қаралды
Колледж әдіскері ПЦК төрайымы
__________А.М.Қайырлиева __________А.К. Алтаева
«____»________201__ж. «____»________201__ж.
Сабақтың тақырыбы: Құқық қорғау органдары
Сабақтың мақсаты: ҚР құқық қорғау органдарымен таныстыру.
Білімділік: Құқық қорғау органдарының қызметі, түрлері, мемлекеттік
қызмет ұстанымдары, жауапкершілігі туралы ақпарат беру.
Дамытушылық: Оқушылардың тақырып бойынша тұжырым жасай алу
дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік: Құқық қорғау органдарымен таныса отырып, тәртіптілікке баулу
Сабақтың түрі: семинар
Сабақты ұйымдастыру әдісі: топтық жұмыс
Көрнекілігі: слайд, оқулық,тірек сызба
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңіОлар 3 топқа бөлінеді. Сабақ 8 кезеңнен тұрады.ІІ. Сабақтың барысы:1. Топпен таныстыру. Әр топ өз презентациясын қорғайды
2. Сұрақ-жауап 3. Мағынаны тану. Синквейн әдісін қолдану
4. Ой сергіту5. «Адасқан әріптер»
6. Бейнелі сұрақ
7. Ойлан тап8. Сабақты бекіту.
Қорытынды
1. Топпен таныстыру. Әр топ презентациясын қорғайдыОқушылар сайысты өздерін таныстырудан бастайды. Бұл кезеңде оқушылар топтың аты мен топ мүшелерімен таныстырады.
2. Сұрақ-жауап. «Әділет» тобына қойылатын сұрақтар.1. Құқық қорғау қызметі дегеніміз не?
2.Мемлекеттік қызмет түснігін айтыңдар.3. Құқық қорғау органдарының түрлері.
4. Арнаулы мемлекеттік органдарының қызметі қандай?5. ҚР-ның Бас прокоратурасын кім басқарады?«Ақиқат » тобына қойылатын сұрақтар
1.Заңдылық дегеніміз не?2.Ішкі істер министрлігінің . Прокурордың өкілеттілігі ҚР қай Заңында бекітілген ?3. Нотариат дегеніміз не?4. Мелекеттік қызметтің негізгі қағидалары?.
5. Құқық қорғау қызметкерлерінің құқықтарын ата.
«Мемлекет» тобына қойылатын сұрақтар
1. Құқық қорғау қызметінің жауапкершіліктерін айтып беріңдер
2. Мемлекеттік қызметкерлерді қамтамасыз ететін институтты ата.
3. Ішкі істер органы қандай қызметті жүзеге асырады?4. Адвокатураның басты мақсаты қандай?
5. Адвокатура мен нотариаттың атқаратын қызметтері қандай?3. Мағынаны тану. Синквейн
Әділет тобына: 1. Құқық
2. Сын есім. 2 сөзбен сипаттау
3. Етістік. 3 сөзбен жазу
4. Синоним
5. 4 сөзден тұратын 1 сөйлем
Ақиқат тобына:1. Мемлекет
2. Сын есім. 2 сөзбен сипаттау
3. Етістік. 3 сөзбен жазу
4. Синоним
5. 4 сөзден тұратын 1 сөйлем
Мемлекет тобына: 1. Тұлға
2. Сын есім. 2 сөзбен сипаттау
3. Етістік. 3 сөзбен жазу
4. Синоним
5. 4 сөзден тұратын 1 сөйлем
4. Ой сергітуШарты: Әр топқа құқық және білім туралы мақал-мәтелдер беріледі, соның жалғасын табу.Әділет тобына1. Жеті жұрттың тілін біл, (Жеті түрлі білім біл.)2. Ақыл - тозбайтын тон, (Білім – таусылмайтын кен.)3. Тура биде туған жоқ, (Туғанды биде иман жоқ)
Ақиқат тобына1. Біреуге ор қазба...(өзің түсесің)2. Заңның құрығы...(бәрінен ұзын)3. Қолыңмен істегенді...(мойныңмен көтер)
Мемлекет тобына
Заңды сыйлаған- (еркін жүреді)
Надандық кесел - (Дауасы жоқ)Ұрлық түбі...(қорлық)5. Адасқан әріптер
Шарты: ретсіз орналасқан әріптерден термин, мағыналы сөз құрау1.Прокуратура - атуракурпро2. Мемлекет- мкетлеме3. Президент- тпнрендзи
5. Адвокатура - урвоадката4. Нотариат- тариатно 5. Билік-клбиі6. Білім- іблмі
7. Республика - серубплиак
8.Үкімет-тіүкем 6. Бейнелі сұрақ
Әр топ 3 сұрақтан қояды
7.Ойлан тап. Дұрыс жауабын табу
№ Атауы
Жауабы
1 Құқық А - Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ететін, қылмыспен күресетін мекеме
2 Азамат В-Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етеді
3 Мемлекет С - мемлекеттік қызметкердің мемлекеттік биліктің міндеттері мен қызметтерін іске асыруға багытталған мемлекеттік органдардағы лауазымдың өкілеттіктерін атқару жөніндегі қызметі.
4 Құқық қорғау органы D - Заңдар жүйесі
5 Мемлекеттік қызмет Е – Құқығы бар ел тұрғыны
6 Ішкі істер органы F – Қоғамды ұйымдастыру
тәсілі
1. D; 2. Е; 3. F;4. А;5.С; 6.В
8.Бекіту. Болашақ жобасы. Үш топтың әрқайсысы тақырыптары бойынша жоба қорғайды
Үй тапсырмасы. Мен қандай мемлекетте өмір сүргім келеді?
Қорытынды
25403048000
Құқық қорғау органдары
Мемлекеттік органдар арасында құқық қорғау оргаындары айрықша орын алады. Олар қоғамдағы құқықтық тәртіп пен заңдылықты қамтамасыз етеді. Құқық қорғау органдарына: сот, прокуратура, Ішкі істері органдары, Ұлттық қауіпсіздік, Әділет органдары, Кедендік бақылау органдары, жемқорлық және басқа кәсіби қылмыстармен күрес органдары жатады.
Құқық қорғау органдары жүйесі заңдылық кағидасы негізінде әрекет етеді. Заңдылық — бұл қоғамдық қатынастарға қатысушылардың құқық нормаларын қатаң, бұлжытпай орындау және сақтау қағидаты, әдісі мен тәртібі. Заңдылықтың мәні — құқық қорғаушы органдардың құқықтық нормаларды адал, жауапкершілікпен сақтауында, орындауында, пайдалана және қолдана білуінде. Заңдылық, ең алдымен, осы органдардың заң негізінде және оның шеңберінде мемлекеттік және қоғамдық істерді басқаруға белсенді қатысуларын көздейді.
Заңдылық табиғатын түсіну үшін оның негізгі қағидаттарын анықтап алу қажет. Заңдылық қағидаттары — бұл заңдылықтың мазмұнын бейнелейтін негізгі идеялар, бастаулар. Оларға жататындар:
— Жалпыға бірдейлік қағидаты. Заңдылықтың жалпыға бірдейлігі жағдайына, шеніне және дәрежесіне қарамай, жалпы жұртқа және әрбір адамға бірдей міндеттілігі. Заң алдында жұрттың бәрі бірдей жәнө бәрі де оған бағынуы тиіс, керісінше болған жағдайда жауапкершіліктен ешкім кашып құтыла алмайды.
— Бірлік қағидаты. Заңдылық бірлігінің мәні. Бұл талап елдің бүкіл аумағына таралады.
— Заңның үстемдік қағидаты. Ол дегеніміз — мемлекеттің өмір сүруі лауазым иелерінің өздерінің міндеттері мен құқықтарын қатаң іске асыруы арқылы тек заң негізінде ғана жүзеге асырылуы тиістігін білдіреді. Мемлекет құқық Корғау органдарының қызметкерлеріне өз ұйғарымы бойынша еркін әрекет етуге, өз дегенімен шешім шығаруға, қандай да бір себептермен заңды орындап не орындамауына жол бермейді.
— заңдылықты іске асырудың тұрақтылық қағидаты. Заңдылықты іске асырудың тұрақтылығы кез келген заң бұзушылықтың кімнің тарапынан болғандығына қарамастан оның жолы кесілетіндігін, заңды бұзғаны үшін жауапкершіліктен құтылмайтындығын білдіреді.
— Заңдылық пен мақсатқа лайықтылықты қарсы қоюға болмайтындық қағидаты. «Жоғары мүдделер», «халық талабы», «мораль (өнеге) талабы» деген желеулермен заңылықтан кез келген кері шегініс қоғамның тұрақсыздығына әкеліп соқтырады, құқықтық нигилизмнің (немқұрайлықтың) өсуіне жағдай жасайды. Егер заң ескіріп, оны пайдалану орынды болмай қалса, онда оны тек заң арқылы белгіленген рәсімге сәйкес өзгерту, толықтыру қажет, Заң өзгеріс енгізілгенге дейін өмір сүреді, әрекет етеді. Бұрынгылар «заң қатал болса ғана заң» («Dura lex, sed lex») деп бекер айтпаған.
— Заңдылық пен мәдениеттілік қағидаларының байланыстылығы. Мәдениеттіліктен ада заңдылық туралы әңгіме болуы да мүмкін емес: тұтас алғанда қоғамның, жекелеген азаматтардың мәдени деңгейі жоғары болған сайын, заңдылықтың да деңгейі жоғары болады.
Басқа бір құқықтық құбылыс — құқықтық тәртіп заңдылығымен байланысты. Құқықтық тәртіп — бұл заң мен құқыққа негізделген қоғамдық қатынастардың тәртіптілік жай-күйі. Бұл құқықтық талаптарды іске асырудың құқықтық нормаларды, яғни заңдылықты сақтаудың, орындаудың түпкі нәтижесі. Заңдылық — талап, құқықтық тәртіп — осы талаптарды орындау тәжірибесі. Құқықтық реттеудің мақсаты құқықтық тәртіп, нақ осыған қол жеткізу үшін өзге де нормативтік құқықтық актілер шығарылады, заңнаманы жетілдіру жүзеге асырылады, заңдылықты нығайту жөніндегі шаралар жүргізіледі. Құқықтық тәртіп пен заңдылық арасында бір-біріне тікелей тәуелділік бар: заңдылықтың нығайтылу құқықтық тәртіпті нығайтады, ал бұған керісінше, егер заңдылық бұзылса, онда құқықтық тәртіп те іле-шала бұзылады.
Құқық қорғау қызметі кез келген тәсілмен ғана емес, ықпал етудің заңдық шараларын қолданудың көмегімен жүзеге асырылады. Олардың қатарына заңмен белгіленетін мемлекеттік мәжбүрлеу және жазалау шараларын жатқызуға болады. Мемлекеттік мәжбүрлеудің төрт түрі белгілі:
1) қылмыстық-құқықтық (қылмыс жасаған жағдайда)
2) азаматтық-құықтық (қылмыстық жауапкершілікке әкеліп соқтырмайтын мүліктік зиян келтірілген жағдайда);
3) әкімшілік-құқықтық (әкімшілікке теріс қылық жасау; мысалы, ұсақ бұзақылық, қоғамдық орындарда алкогольді ішімдіктер ішу);
4) тәртіптік (өзінің еңбек ету және басқа міндеттерін атқармау немесе оларға салдыр-салақ қарау).
Заң құқық қорғау органдарынан заңның немесе өзге де құқықтық актілердің белгіленген тапсырмаларына ғана сәйкес келетін заң жөнімен ықпал ету шараларын қолдануды талап етеді. Егер заң бойынша суық қаруды сақтау тәртібін бұзғаны үшін айыппұл түріндегі санкция қарастырылған болса, әкімшілік жолымен тұтқынға алуды қолдануға болмайды. Құқық қорғау қызметі белгілі бір тәртіптің аясында орындалады. Мысалы, қылмыстық, әкімшілік немесе тәртіптік жазалау шараларын қолдану шегін қажетті тексерулер жүргізбей тұрып айқындауға болмайды.
Құқық қорғау органдарының жалпы сипаттамасы
Құқық қоргау органдары заңдылықты бұзуға жол бермейді, құқықты қалпына келтіреді, құқық бұзушылықтың жағымсыз зардаптарын жояды. Қылмыстың жасалуына итермелеген себеп пен жағдай және қылмыстылықтың жолын кесу шараларын қабылдау.
Сот — әділеттілікті жүзеге асырушы орган. Сот әділдігі — қылмыстық және азаматтық істерді қатаң түрде заңға сәйкес қарау жене шешу жөніндегі құқық қорғау қызметінің бір түрі.
Сот әділдігі мынадай белгілермен сипатталады:
— Сот әділдігін тек қана сот жүзеге асырады.
— Сот әділдігі қатаң түрде заңға сәйкес қылмыстық және азаматтық істерді қарайды және шешеді. Сот әділдігінің барлық маңызды мәселелерін тек қана заң анықтайды.
Сот шешімі жалпыға міндеттілік күшіне ие. Бұл Қазақстан Республикасының аумағындағы барлық мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, қоғамдық ұйымдар, лауазымды тұлғалар мен заңды және жеке тұлғалардың міндетті сот шешімінің заңды күшіне енгенін көрсетеді. Сот шешімін орындамау мемлеттік мәжбүрлеу, тіптен бостандығынан айыру шарасын қолдануға алып келеді. Қазақстан Республикасында сот әділдігі соттар арқылы ғана жүзеге асырылады. Ешқандай басқа мемлекеттік немесе мемлекеттік емес органдар сот әділдігін жүзеге асыра алмайды. Соттың шығарған шешімдерін бұзуға немесе өзгертуге тек қана соттардың ғана құқығы бар.
Сот билігін жүргізуші — судья. Судья сот әділдігін жүзеге асыруды айыпталушының кінәсіздігін дәлелдеу қағидасына сүйене отырып атқаруы тиіс. Кінәсіздігін дәлелдеу азаматты жазықсыз соттап жіберуден қорғайды. Әр азамат заң жүзінде кінәлілігі дәлелденгенше кінәлі емес деп есептеледі. Тек сот үкім шығарғаннан кейін ғана оны қылмыскер деп айта аламыз.
Қазақстан Республикасының әділет органдары мен мекемелері
Әділет саласында мемлекеттік саясаттың іске асырылуын қамтамасыз ететін атқарушы биліктің орталық органы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі болып табылады. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі аумақтық әділет мекемелеріне, нотариалдық кеңселерге, азаматтық хал актілерін тіркеуді жүргізетін органдарга (АХАТ), қылмыстық атқарушылық жүйеге, оку орындары мен ғылыми мекемелерге басшылық қызметін атқарады.
Әділет министрлігінің негізгі міндеттері:
Саяси, экономикалық, әлеуметтік өмірдің құқықтық негіздерін бекітуге ықпал ету;
заң жобалау жұмыстарын ғылыми және тәжірибелік жағынан қамтамасыз ету;
заң жобаларын құқықтық және қылмыстық тұрғысынан сараптауды қамтамасыз ету;
қабылданатын заңдардың тиімділігін болжау.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік органдары
Ұлттық қауіпсіздік органндары — Қазақстан Республикасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылатын арнаулы мемлекеттік органдар. Олардың міндеті — өздеріне берілген өкілеттіктер мен жеке адамдар мен қоғамның қауіпсіздігін, конституциялық құрылысты, мемлекеттің егемендігін, аумақтық тұтастығын; елдің экономикалық, ғылыми-техникалық және қорғаныс қуатын қорғауды қамтамасыз ету.
Ұлттық қауіпсіздік органдары:
жеке адамдардың, қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігі қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты жасап, іске асыруға қатысады;
Қазақстан Республикасының мүдделеріне сәйкес барлау ақпараттарын іздестіріп табады;
Қазақстан Республикасының аумақтық тұтастығын бұзуға, қауіпсіздігін әлсіретуге бағытталган терроризм сияқты қауіпті қылмыстар мен өзге де әрекеттерден сақтандырып, олардың жолдарын кеседі;
мемлекеттік органдарды, еліміздегі ұйымдар мен әскери құрылымдарды ақпараттық және кодталған (астыртын) байланыстармен қамтамасыз етеді.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті, оның құрамына кіретін департаменттер мен өзге де қүрылымдық бөлімшелер, Ұлттық қауіпсіздік комитеті жанындағы үкіметтік байланыс органдары, оқу орындары, ғылыми-зерттеу мекемелері мен өзге де ұйымдар ұлттық қауіпсіздік органдарының біртүтас жүйесін құрайды. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік органдарында қызмет етуге тілек білдірген, өздерінің моральдық (өнегелік) және іскерлік қабілеттеріне, жасы, білімі мен денсаулығына қарай өздеріне жүктелген міндеттерді орындауға қабілетті азаматтар ұлттық қауіпсіздік органдарына қызметке орналаса алады. Кедендік бақылау органдары Қазақстан Республикасындағы Кедендік қызмет республиканың кеден шекарасы арқылы тауарлар мен көлік құралдарының (тасымалдаушының) қозғалысына кедендік иідемдер мен салықтар алу, кедендік рәсімдеу, кедендік бақылау және кедендік саясаттың, басқа да құрамаларын іске жұмылдырудың шарттары мен тәртіптерін құрайды. Кедендік органдардың лауазым иелері билік өкілдері болып табылады, олардың заңды талаптары мен өнімдерін мемлекеттік органдар, заңды және жеке тұлғалар орындауғa міндетті.
Кедендік органдар жүйесіне Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің құрамындағы кедендік бақылау агентігі, кедендік басқармалар, кедендер, кедендік бекеттер кіреді. Сонымен, құқық қорғау қызметі дегеніміз — заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудегі арнайы мемлекеттік органдардың қызметі. Бұл қызмет мемлекеттің, жалпы қоғам мен әрбір жеке адамның құқықтары, еріктері мен заңды мүдделерін қорғаудан тұрады. Құқық қорғау қызметі заңды ықпал ету шараларымен заңға сәйкес қатаң түрде жүзеге асырылады.[1]