Презентация по информатике на тему Компьютер негіздері ж?не информатика п?ніне бастама.


§ 1. Компьютер негіздері және информатика пәніне бастама. Жоспар Информатиканың шығу тарихы Информатика және компьютер ұғымы. 5-сынып информатика пәнінің тақырыптарын қарастыру. Компьютерді қолданудың ережелері.

Информатиканың шығу тарихы Информатикакның ғылым болып қалыптасуы және адам іс-әрекетінің барлық салаларында компьютердің (ЭЕМ-ның) қолданылуы XX ғасырдың елуінші жылдарына тұстас келеді. Алғашқы ЭЕМ-ң құрылуы мен шығуы информатиканың ғылым ретінде даму тарихына жол ашты, мұндай байламның бірнеше себебі бар.«Информатика» термині есептеу техникасының дамуымен тығыз байланысты, және алғашында есептеулер туралы ғылым ретінде түсінілді.Информатиканың жеке ғылым болып бөлініп шығуына есептеу техникасындағы өңделетін және сақталатын ақпараттардың ортақ көрсетім пішімдері сияқты маңызды қасиеті әсер етті.

Информатика және компьютер ұғымы Бұл аталым француздың Informatique, яғни Informacion (ақпарат) және Automatique (автоматика) деген сөздерінен шыққан. Көптеген батыс Европа және АҚШ елдерінде басқа аталым – Computer Science (компьютерлік ғылым) қолданылады.Informatique = information + automatique Информатика = информация + автоматика

Информатика және компьютер ұғымы Информатика (Computer science, informatics) - компьютер және одан басқа да техникалық құрылғылар көмегімен ақпараттарды алу, сақтау, түрлендіру, жеткізу және оны пайдалану зандылықтарын, тәсілдерін, жолдарын зерттейтін ғылым саласы.  Компьютер (ағылш. computer – «есептегіш»), ЭЕМ (электрондық есептеуіш машина) — есептеулерді жүргізуге, және ақпаратты алдын ала белгіленген алгоритм бойынша қабылдау, қайта өңдеу, сақтау және нәтиже шығару үшін арналған машина.
5-сынып «Информатика» пәнінің негізгі бөлімдері«Информатика» пәнінің негізгі бөлімдеріДыбыстық ақпаратты өңдеу және дыбысты жазуКомпьютердің негізгі құрылғыларының міндеттері мен мүмкіндіктеріАқпаратпен танысуҚарапайым графикалық және мәтіндік редакторлар




Компьютерді қолданудың ережелері Компьютердің алдында оқу ыңғайлы болу үшін, денсаулыққа зиян тигізіп алмау үшін, пайдаланушы отыратын орнын дұрыс ұйымдастыру білуі тиіс. Жұмыс уақытында дұрыс кейіпте отыру бұлшық еттің зорығуын алдын алады. Қан айналымының және дем алудың қалыпты болуына себебін тигізеді. Компьютерді қолданудың ережелері Компьютерді қолданғанда берілген суреттердегідей отырған жөн.