Компьютер негіздері ж?не информатика п?ніне бастама.


№ 1 сабақ
МҰҒАЛІМГЕ АҚПАРАТ
Тақырыбы:
Компьютер негіздері және информатика пәніне бастама.
Күтілетін нәтиже:
Білімдік Жаңа білім Информатика және компьютер ұғымын анықтайды. Информатика ғылымының тарихын таниды.
5 - сыныптағы «Информатика» пәнінің тақырыптарын атап шығады.
Жаңа түсінік Компьютердің негізгі функцияларының қалай жұмыс істейтіндігін түсіндіреді.
Құзырлылық Қолданым әрекеті Пән бөлімдерінің арасындағы байланысты анықтайды. Информатика ғылымының даму жолын көрсетеді.
Талдау әрекеті 5 - сынып тақырыптарын тоқсандарға бөліп қарастырады.
Информатиканың зерттейтін бағыттарын талдайды.
Шығармашылық әрекет Компьютерді қолданудың ережелерін жасайды.
Құнды-
лық Бағамдау әрекеті 5 - сыныптағы «Информатика» пәнінен үйренетін ақпараттың маңыздылығын ерекшелейді. Өтілетін тақырыптар компьютерді үйренудің бастамасы деп есептейді.
Сабақ құрылымы:
І. Ақпарат алмасу (12 мин.).
ІІ. Алғашқы бекіту (5 мин.).
ІІІ. Құзырлылық қалыптастыру (15 мин.).
ІV. Шығармашылық қалыптастыру (10 мин.).
V. Бағамдау - бағалау (3 мин.).
Оқыту әдісі: Репродуктивті, ішінара - зерттеушілік.
Мұғалім іс - әрекетінің тәсілі:
• Қажетті бастапқы ақпарат береді, алдын ала әзірленген тапсырмалардың орындалуын ұйымдастырады, көмек көрсетеді.
Сабақ типі:
• Белсенді - ізденушілік, шағын топтарда жұмыс істеу.
Оқушы іс - әрекетін ұйымдастыру:
• Күтілетін нәтижеге қол жеткізу мақсатында ұсынылған алгоритм бойынша жұмыс жасау.
Оқушыда дағды қалыптастыру:
• Логикалық ойлау, ой қорыту, өздігінен және топта жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру.
Негізгі ұғымдар мен терминдер:
• Логика, ақпарат, информатика, алгоритм, программалау.
Үй тапсырмасы:
5 - сыныпты өтілетін тақырыптардан нені күтесіз? Өтілетін тақырыптардың күнделікті өмірдегі пайдасын жазыңыз.
САБАҚ БЛОКТАРЫ
і. аҚПАРАТ алмасу Тақырып жоспары:
1. Информатика және компьютер ұғымы.
2. 5 - сынып информатика пәнінің тақырыптарын қарастыру.
3. Компьютерді қолданудың ережелері.
Слайдтар:
1 - слайд Информатиканың шығу тарихы
Информатиканың ғылым болып қалыптасуы және адам іс - әрекетінің барлық салаларында компьютердің (ЭЕМ - ң) қолданылуы XX ғасырдың елуінші жылдарына тұстас келеді.
Алғашқы ЭЕМ - ң құрылуы мен шығуы информатиканың ғылым ретінде даму тарихына жол ашты, мұндай байламның бірнеше себебі бар.
«Информатика» термині есептеу техникасының дамуымен тығыз байланысты, және алғашында есептеулер туралы ғылым ретінде түсінілді.
Информатиканың жеке ғылым болып бөлініп шығуына есептеу техникасындағы өңделетін және сақталатын ақпараттардың ортақ көрсетім пішімдері сияқты маңызды қасиеті әсер етті.
2 - слайд Информатика және компьютер ұғымы
Бұл аталым француздың Informatique, яғни Informacion (ақпарат) және Automatique (автоматика) деген сөздерінен шыққан.
Көптеген батыс Европа және АҚШ елдерінде басқа аталым – Computer Science (компьютерлік ғылым) қолданылады.
Informatique = information + automatique
Информатика = информация + автоматика
3 - слайд Информатика және компьютер ұғымы
Информатика (Computer science, informatics) - компьютер және одан басқа да техникалық құрылғылар көмегімен ақпараттарды алу, сақтау, түрлендіру, жеткізу және оны пайдалану заңдылықтарын, тәсілдерін, жолдарын зерттейтін ғылым саласы. 
Компьютер (ағыл. computer – «есептегіш»), ЭЕМ (электрондық есептеуіш машина) — есептеулерді жүргізуге, және ақпаратты алдын ала белгіленген алгоритм бойынша қабылдау, қайта өңдеу, сақтау және нәтиже шығару үшін арналған машина.
4 - слайд 5 - сынып «Информатика» пәнінің негізгі бөлімдері
«Информатика» пәнінің негізгі бөлімдері

Дыбыстық ақпаратты өңдеу және дыбысты жазу

Ақпаратпен танысу


Қарапайым графикалық және мәтіндік редакторлар
Компьютердің негізгі құрылғыларының міндеттері мен мүмкіндіктері

4 - слайд Компьютерді қолданудың ережелері
Компьютердің алдында оқу ыңғайлы болу үшін, денсаулыққа зиян тигізіп алмау үшін, пайдаланушы отыратын орнын дұрыс ұйымдастыру білуі тиіс.
Жұмыс уақытында дұрыс кейіпте отыру бұлшық еттің зорығуын алдын алады. Қан айналымының және дем алудың қалыпты болуына себебін тигізеді.
5 - слайд Компьютерді қолданудың ережелері
Компьютерді қолданғанда берілген суреттердегі дей отырған жөн.

іі. алғашқы бекіту Мына кестені толтыра отырып сабақтың мазмұны бойынша қорытынды шығар.
Информатика және компьютер ұғымы. 5 - сынып информатика пәнінің тақырыптарын қарастыру. Компьютерді қолданудың ережелері.
Қорытынды:_________________________________________________________________________________________________________________________________
ііі. құзырлылық қалыптастыру Деңгейлік тапсырмалар:
І деңгей тапсырмалары
1. Информатика ғылымы нені зерттейді?
2. Информатика пәнінің басқа қандай пәндермен тығыз байланысы бар?
3. Информатика сөзінің мағынасы қандай?
4. 5 сыныпта өтілетін информатика пәнінің басты бөлімдерін атап шығыңыз.
5. Информатика ғылымы қандай қызмет аяларымен байланысты?
6. Информатиканың басты бөліктері мен оны қолданудың басты бағыттарын атаңыз?
7. Компьютердің жұмыс істеу принципін қысқаша түсіндіріңіз.
ІІ деңгей тапсырмалары
1. Информатика пәнін үйрену үшін қандай тақырыптарды білу керек?
2. Информатика ғылымының жылдам дамуының себебін түсіндіріңіз.
ІІІ деңгей тапсырмалары
Басқа пәндерде информатика пәнін қолданудың мысалдарын келтіріңіз?
іV. шығармашылық әрекет Топтық жұмыс.
1 - топ – Пайдаланушының компьютерде отыру ережесін жазыңыз.
2 - топ – Компьютерді қолданғанда тез шаршамау үшін не істеу керек.
V. бағамдау - бағалау  Сабақтың мақсатына қалай қол жеткізгендігін туралы эссе жаз.
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________