Тесттер топтамасы Тарихты? ?айнар к?зі деректер
Тарихтың қайнар көзі деректер
Тарихи аңыздар мен шежірелер қандай дерек көзіне жатады?
а/жазбаша б/ауызша с/антропологиялық
Мемлекеттік және сауда құжаттары қандай тарихи деректерге жатады?
а/этнографялық б/ жазбаша с/ауызша
Тыйындар,құйма ақша кесектері т.б. ескерткіштер арқылы тиын соғу, ақша айналымы тарихын зерттейтін көмекші тарихи пән қалай аталады?
а/геральдика б/нумизматика с/антропология
Елтаңба тану ғылымы, елтаңбаларды арнайы деректеме ретінде зерттейтін қосалқы тарих пәні қалай аталады?
а/этнография б/ геральдика с/нумизматика
Адам қаңқасын зерттеу арқылыадамның дене бітімін, сипатын анықтайтын тарихтың бір саласы қалай аталады?
а/антропология б/этнография с/нумизматика
Халықтың тұрмыс тіршілігі мен салт-дәстүрін зерттейтін ғылым?
а/ономастика б/топонимика с/этнография
Пикторграфия деген не? а/тасқа,қышқа жазылған сурет жазулар б/папирустағы жазу с/көне түрік жазуы
Қазіргі біз қолданып жүрген әріптерді ойлап табушылар? а/гректер б/финикиялықтар с/ежелгі түріктер
Атаулар тарихын зерттейтін ғылым? а/мұрағат б/ономастика с/археология
Археология-
а/адамзаттың өткен тарихын қаңқа сүйектер арқылы зерттейтін ғылым б/ адамзаттың өткен тарихын заттай деректер арқылы зерттейтін ғылым с/ жер-су атауларын зерттейтін ғылым
Тарих әлемі
«Тарих» сөзін алғашқы қолданған кімдер?
а/парсылар б/арабтар с/гректер
«Тарих» сөзі қандай мағынаны білдіреді?
а/ «шежіре» б/зерттеу с/жазу
«Шежіре» сөзі қандай мағынаны білдіреді?
а/ тарих б/рухани қазына с/ зерттеу
Жазба тарихтың негізін салушы кім?
а/ Сыма Цзянь б/ Геродот с/ Рашид ад-Дин
Тарих атасы кім?
а/ Сыма Цзянь б/ Геродот с/ Рашид ад-Дин
Шығыста тарих атасы кім?
а/ Рашид ад-Дин б/Сыма Цзянь с/ Геродот
130 тараудан тұратын «Тарихи жазбаларды»
(«Ши цзи») қалдырған кім?
а/ Геродот б/Сыма Цзянь с/Рашид ад-Дин
1247-1318жж өмір сүрген тарихшы Рашид ад-Диннің еңбегі қалай аталады?
а/ «Жами ат-тауарих» б/ «Тарих» с/ «Тарихи жазбалар»
Қазақстан тарихы неше кезеңге бөлінеді?
а/2 б/3 с/4
Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихының шеңберін анықтаңыз.
а/VІ-XVІІғғ б/XVІІ-XIXғғ с/XXғ бастап бүгінгі күнге дейін