Тарихты? ?айнар к?зі – деректер
5-сынып. Қазақстан тарихынан әңгімелер
Сабақтың тақырыбы: §1. Тарих пәні туралы
Сабақтың мақсаты:
«Қазақстан тарихы бойынша әңгімелер» курсының мазмұны мен маңыздылығымен таныстыра отырып, тарих ғылымының жалпы ғылым ретінде қалыптысу тарихымен таныстыру.
Қоғамдық ғылымдардың ішінде тарих пәнінің ұлттық қасиетті танытудағы өткенді саралап, болашақты бағдарлауда әрбір адам үшін қажетті екендігінің мәнін ашып көрсету.
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: интерактивті.
Пән аралық байланыс: география, математика, әдебиет, бейнелеу.
Көрнекілік: карта, сызба, суреттер.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқу құралын тексеріп түгелдеу.
Әнұран орындау, «Хабар» ел жаңалықтарынан...
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару
Сабақтың алғашқы кезеңін әңгіме түрінде өткізге отырып, қалған бөлігінде оқушыларды оқулықтың құрылымы және мазмұнымен , оқулықтың сыртқы мұқабасының мағынасын түсіндіріп, авторларын жазғызып қою. Оқулықта берілген, арнайы ерекшеленген даталар, анықтамалар, шартты белгілерге оқушылардың назарын аудару.
Оқулықта берілген Қазақстан Республикасының ән ұранының мәтінімен таныстырып, әр адамның өз Отанын, әнұранын жатқа білу Отан алдындағы парызы деп оқушыларды туған жерді, елді сүюге, құрметтеуге, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың жоспары:
Тарих ұғымы, тарих пәні.
Тарих ғылымының қалыптасып, дамуы.
Тарихты оқып, білу не үшін қажет?
Қазақстан тарихынан әңгімелер пәнінің құрылымы.
Жоспар бойынша 1-тақырыпшаны 2-3 оқушыға мазмұнына қарай абзац бойынша оқытып, ал басқа оқушыларға тыңдатқызып, оның мазмұнын айтқызамын.
Тарихтың қалыптасып, дамуы тақырыпшасында оқушылардың көңілін «шежіре», «тарих атасы» деген жаңа сөздерге аударып, тек батыста ғана емес, ертеде қазақтарда да ауызша тарих айту дәстүрінің болғандығының, ол ұрпақтан-ұрпаққа сөз бен жадтың нәтижесінде жеткендігін атап айтады. Қазақ шежіресінде «Атамыз Алаш, керегеміз «ағаш» деген сөздің мағынасы туралы әңгіме қозғайды. Геродот сияқты Батыс әлеміне танымал тарихшылармен қатар Шығыста Сыма-Цян, Рашид-ад-Дин сияқты тарихи тұлғалардың болғанын айтып, оқулықтағы олардың суреттеріне оқушылардың назарын аударту. Алғашқы сабақтардан-ақ карта мен жұмыс дәптерін бастату. Қарапайым нысандарда болса да, алғашқы сабақтардан балаларды картамен жұмыс істеуге үйретеді. (Жұмыс дәптеріне алғашқы тақырыпты жазғаннан бастап, осы сабақта өткен мына сөздерді жазып алады.) Бұлар «Шежіре» - еста сақтау, жадыдағы білім, рухани қазына. «Батыста тарих атасы – Геродот, Шығыстың тарих атасы – Сыма-Цян» деп жазып қояды. Жоспардың 3-тақырыпшасы бойынша оқушыладың өзіне «Тарихты оқып білу не үшін қажет?» деген сұрақ қоя отырып, оқушылардың оқулықтығы мәтіннен тарихтың не үшін керектігін өздеріне тапқызып, бір-екі балаға дауыстатып оқыту. 4-ші тақырыпша бойынша Қазақстан тарихынан әңгімелер оқулығының мазмұны мен құрылымының ерекшеліктеріне оқушылардың көңілін аударып барлық курстың басты тарихи оқиғаларын әңгіме түрінде өтетіндерін түсіндіру. Алғашқы сабақтан сабақта онша белсенділік көрсете қоймаған оқушыларға баса назар аударуы қажет.
Қорытынды.
Осылайша сабақты әңгіме түрінде өткізіп шығып былайша қорытындылаймын. Тарих сабағы сендер аса назар аударып аңғарсаңдар өте қызықты пән. Сондықтан әр сабаққа тыңғылықты дайындалып отырсаңдар ғана сендер өздерің бұрын-соңды білмеген қызықты әңгімелерді біліп, оқып шығатын боласыңдар. Тарих – ең көне ғылымдардың бірі, соған қарамастан бүгінде оның маңызы зор және ешқашан жайылмайды, себебі кез-келген ғылым саласын алсақ, ең алдымен оны оқып меңгеру үшін оның пайда болу тарихын білу қажет.
Қарапайым адамнан үлкен ғалымға дейін жақсы азамат болу үшін тарихты сүю керек. Ағаш тамырымен, адам өз тарихымен өседі.
Бағалау:
Үйге тапсырма: §1.
5.09.2011ж
5-сынып. Қазақстан тарихынан әңгімелер
Сабақтың тақырыбы: §2. Тарихтың қайнар көзі – деректер.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Тарихи дерек дегеніміз не, оның түрлері, олар қалай пайда болады. Археология, этнография ғылымдары нені зерттейтіндері, олардың тарих ғылымын терең меңгерудегі маңызы туралы білім беру.
Дамытушылық: Оқушыларды өз ойларын жеткізіп, пікір айтуға бейімдеу, ойларын қорытындылап салыстыра білу дағдысын қалыптастыру. Өткен сабақтың материалдарымен байланыстыра отырып, деректердің ерекшелігі мен айырмашылығын, ұқсастығын айырып таба білу сияқты ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Тарих пәнінің салаларының тарихты жазудағы маңызын түсіне білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: интерактивті.
Пән аралық байланыс: география, математика, әдебиет, бейнелеу.
Көрнекілік:
Археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған ежелгі қалалардың суреттері (Бұзоқ қаласы, ежелгі Сарайшық, т.б.)
Тас бетінде жазылған ежелгі жазулардың суреті (Құлтегін, Тоныкөк, т.б.)
«Ежелгі Қазақстан картасы»
Плакатқа салынған кестелер
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Үй тапсырмасын сұрау. Үй тапсырмасын өз еріктерімен айтып бергісі келген 1-2 баладан сабақ сұрап, қалған балалармен жалпы әңгімелесу түрінде өткізуге болады. Ол үшін:
«Тарих қандай мағын білдіреді?»
Оны алғаш пайдаланған кімдер?
«Тарих атасы» деп кімдерді атаймыз, неліктен? – деген сұрақтарды қоямын. Тарих пәнін оқып-білу не үшін қажет деген сұрақтар бойынша оқушылардың өз ойларын айтқызып қорытынды жасай білуге үйрету қажет. Алғашқы сабақтан бастап балаларға «тарихи тілмен» сөйлеуге бейімдеу. Тағы айта кететін маңызды мәселе – үйге берілген жазбаша тапсырмаларды міндетті түрде алғашқы сабақтан бастап жүйелі түрде тексеріп отыру. Бұл оқушыларды жауаптылыққа үйретеді. Тіпті уақыт жетпей оны тыңғылықты тексеріп шығуға мүмкіндік болмаған күнде тездетіп оқушыларға дәптерлеріңді ашып қойыңдар, тексеріп шығайын деп көз жүгіртіп қарап шығу. Осылайша үй тапсырмасын тексеріп шыққыннан кейін оқушылардың тапсырманы қаншалықты дұрыс орындағанына, олардың белсенділігіне, дайындық дәрежесіне қарап, өзінің алғашқы сабағының қаншылықты нәтижелі болғанын біле аламын. Ал егер оқушылардың жауабы қанағаттандырмаса, өзімнің қай жерде олқылық жібергендігімді іздестіремін. Осылайша үй тапсырмасы арқылы өткен оқу материалдарын қорытындылап, негізгі есте сақтайтын тірек сөздерді ескертіп, жаңа сабақты бастаймын.
Жаңа сабақты түсіндіру.
Бүгіннен бастап бұл «Тарих әлемі» деп аталатын бөлімде саяхатымызды бастаймыз. Тақтаға «Тарихтың қайнар көзі-деректер» деп жазып қоямын. Алдын ала дайындап қарап қоятын жоғарыда айтылған көрнектіліктерге (үй тапсырмасын сұрағанда балаларды алаңдатпау үшін бұл көрнектіліктерді ашпалы-жаппалы тақтаның артына іліп дайындап қоямын) оқушылардың назарын аударады. Тақтада ілінген суреттер бойынша оқушыларға «Сендер тақтада ненің суреттерін көріп отырсыңдар?» деген сияқты сұрақтар қойып, жаңа тақырыпты түсіндіремін. Өтілетін жаңа оқу материалы бойынша жаңа тақырыптың жоспары тақтаға жазылады.
Тақырыптың жоспары:
1 Тарихи дерек көздері .
ә) Жазбаша деректер.
ә) Ауызша деректер.
б) Археологиялық деректер.
в) Этнографиялық деректер.
Бұл түсініктер мен ұғымдар оқушыларға бұрын таныс болмағандықтан алдын ала
«Тарихи деректер» деген кесте іліп қою керек.
Тарихи деректер
Ауызша Жазбаша Археологиялық Этнографиялық
Отанымыздың тарихы бүгінгі күнге дейін негізінен заттай және жазбаша түрде басқа тілдегі деректер арқылы жазылып келгенін, атадан-балаға мұра болып жетіп отырған ауызша тарих айту дәстүрінің болғанына тоқталу. Тарихты дұрыс түсіну үшін осы деректердің бәрін салыстыра қолдану керектігін айтамын.
Ауызша деректерден басқа қазақтардың ата-бабалары түріктерде де жазба дәстүрінің болғандығына оның куәләрі деп көне түрік жазуларының суретін көрсетемін. Мұндағы жазулардың қазіргі жазулардан айырмашылығына тоқталамын. Осы орайда жазбаша тарихи деректерге қандай деректер жататынын сұрап, оқушылардың жауаптарынан кейін оны толықтыру мақсатынында оқушыларға жалпы мәтіннен жазбаша деректерге не жататынын іздетіп, 1 оқушыға оқытамын. Осылайша ауызша дәстүр бағанымен жұмыс түрін жүргізіп тақтадағы кестені толтырамын. Алғаш жазуды ойлап тапқан кімдер, неге жазған деген сияқты мәселелердің шет жағасын аздап айтып өтемін. Бұл кейбір қызығушылығын тудырған оқушылардың осы тақырыпты өздігінен үйден меңгеріп келуіне түрткі болады.Оқушылардың назарын археологиялық деректер деген кестеге аударып, тақтадағы суреттерге қарап оқушыларға бұл бағанды өздері толтыруға тапсырма беремін, Оқушылар бағанды толтырып болғаннан кейін, 1-2 оқушыға оқытқызып, қалған оқушылар айтпай қалған жері болса оқулық мәтінін пайдалана отырып толықтырады. Археология ғылымын «күрекпен қаруланған ғылым» деп те айта кетемін. Ал енді этнография ғылымы туралы оқушылардың түсінігін қалыптастыруда жер бетінде 3000 жуық этнос өкілдері өмір сүретінін, олардың тек 200-дейі ғана өз мемлекеттігін құрып отырғанын, олардың даму деңгейі мен тіршілігі, әдет-ғұрып, салт-дәстүрінің өзіндік ерекшеліктерге толы екенін ескертемін. Тақтаға «Этнография- әр түрлі халықтардың тұрмыс-тіршілігін зерттейтін ғылым» деп жазып балалар оны дәптеріне көшіріп алады. Бұл жерде өздерінің теледидардан көрген әртүрлі халықтар мен тайпалардың өмір тіршілігіндегі ерекшеліктері туралы әңгімелесемін. Оқушыларды ойландыру мақсатынында «Қалай ойлайсыңдар,неліктен жер бетіндегі халықтардың өмір сүруі әркелкі,бірінікі сонау алғашқы қауымдық құрылыстағыдай болса,бірі ұлы ғылыми-техникалық прогресті бастан кешіп отыр» деген сияқты сұрақтар қоямын. «Этнос» терминінің анықтамасын дәптерлеріне жазғызып қоямын.
Қорытындылау.
Тарих ғылымы осындай дерек көздерінің арқасында ғана ақиқат болатынын айтып, бұл ғылым салаларында қызмет ететін адамдардың еңбегінің ауыр екенін, соған қарамастан олар адамзат үшін тер төгіп, қызмет етіп жүргендерін баса айтады.
Бекіту:
Сұрақтарды пайдалана отырып, оқушылардың бір-біріне сұрақ қойып, жауап алу арқылы тақырыпты бекітеміз.
Бағалау:
Үйге тапсырма: 1. 2-параграфты оқып келу.
2. Параграф бойынша әр оқушыға 1-3 сұрақ жазып дайындап келу тапсырылады.
6.09.2011ж
5-сынып. Қазақстан тарихынан әңгімелер
Сабақтың тақырыбы: §3. Жазбаша деректер
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:Оқушыларды жазудың, қағаз бен кітаптың пайда болу тарихымен таныстыру, оның маңызын ашу.
Дамытушылық:Алғашқы жазу, алфавит, кітаптар мен қазіргі адамзат қол жеткізген бұл саладағы жетістіктерді қатар қойып, салыстыруға, айырмашылығы мен ұқсастықтарын таба білуге икемдіктерін қалыптастыру.
Тәрбиелік:Жазу, кітаптың пайда болуын адамзат қол жеткізген ұлы жетістіктер ретінде ашып көрсетіп, оның мазмұнына, тарихына шолу жасау; алғашқы жазбалардың авторы болған қайраткерлердің ісін үлгі етуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: интерактивті.
Пән аралық байланыс: география, математика, әдебиет, бейнелеу.
Көрнекілік: карта, сызба, суреттер.
Сабақтың көрнектілігі:
1. «Алғашқы мемлекеттер картасы» -дүние жүзі тарихынан.
2.Ежелгі көне жазулардың суреті.
3.Ежелгі алфавит пен қазіргі алфавиттің салыстырмалы суреті.
4. Бізге дейін жеткен ертеде әр елде пайда болған кітаптардың суреті.
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасын сұрау.
Үй тапсырмасын тексеру және бағалау мақсатында, алдымен сыныпты байқап шығамын. Одан кейін оқушылар өздері үйден тақырып бойынша дайындап келген сұрақтарын бір-біріне қойып сұрақ-жауап ойынын өткіземін. Әр топтың жауаптарын тақтаға оқушылар көріп отыратындай етіп жазып, белгілеп отырамын. Осылайша үй тапсырмасын оқушылармен бірге қорытындылап, жаңа тақырыпқа көшемін.
Жаңа тақырыптың жоспары:
Жазу тарихы.
Алфавиттің пайда болуы.
Тарихи оқиғалардың және жеке тұлғалардың қағаз бетіне түсіу.
Оқулықтағы оқу материалы көлемді болғанына қарамастан, оқушылар бұл жаңа тақырыптан мол жаңалықтар алып шығу мүмкіншіліктері бар.
Тақырыпты тақтаға жазып қойып, «Балалар, жазу, оқу бізге не үшін қажет?», «Егер жазу, оқу,кітап болмаса біздің қалай болатынымызды елестетіп көріңдерші?» деген сияқты сұрақтармен жазу, оқу, кітаптың маңызын ашып, қызыққа толы тарихын тақтаға ілінген көрнекіліктерді пайдалана отырып қысқаша әңгімелеп беремін. Мәтінді кезек-кезек оқушыларға оқытып, оның мазмұнын сұрап отырады. Осылайша жаңа тақырыпты түсіндіре отырып әр абзацтағы жаңа көздерді пиктография, иероглиф, шумерлер, финикиялықтар, папирус, пергамент т.б сөздердің мағынасын тақтаға жазып отырамын. Оқушылар оны дәптеріне жазып алады.
Бұл тақырыптың оқушылармен, мектеп өмірімен тығыз байланысы болғандықтан тәрбиелік маңызы зор. Жазу, үтірдің оңайшылықпен келмегендігін, бір кітапты жасап шығару үшін көп күштің кететіндігін, бұл салада ата-бабаларымызға қарыздар екенімізді айтып, олардың еңбектерін үлгі етуге, тәрбиелеуі қажет. Оқу, білімсіз адамның өмірі қараң екенін нақты мысалдар арқылы дәлелдеу.Тақырыпты қорытындылау үшін оқушыларғы мына кестедегі тапсырманы орындатқызамын.
Жазудың пайда болуының себептері Жазудың пайда болуының маңызы Бекіту: Жаңа тақырыпты бекіту мақсатында «Жұмыс дәптеріндегі» 1-2 тапсырмаларды сыныпта орындатып, тексеріп шығамын.
Бағалау:
Үйге тапсырма:
3 параграфты оқып келу
Оқушылардың қызуғышылығын арттыру үшін бір-бірлеріне Ежелгі сурет жазуларымен хат жазуға тапсырма беремін.
7.09.2011ж
Сабақтың тақырыбы: §4. Заттай деректер.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Археология, этнография ғылымдарының зерттеу нысаны жайында өткен сабақтарда алған білімді жалғастырып, осы аталған ғылымдардың қалыптасу тарихы мен археологиялық, этнографиялық зерттеулурді жүргізудің өзіндік ерекшелігі туралы ақпарат беру.
Дамытушылық: Археологиялық және этнографиялық зерттеулер арқасында алынған деректердің айырмашылығын салыстыра білу осы деректер негізгі ежелдік адамдар оқушылардың қорытынды жасай білу қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушылардың тарихи мәдени ескерткіштерін қастерлеуге, туған өлкелеріндегі маңызды ошақтарын қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың көрнекілігі:
«Алтын киімді адам» суреті.
Ежелгі және орта ғасырларға жататын ата-бабаларымыз үй-жайлары, киім-кешектері, ішкен тамағы, рухани білімі туралы деректер- тарихи ескерткіштердің салыстырмалы суреті.
Этноархеология ғылымының белгілі тұлғалары: Әлікей Марғұлан, Халел Арғынбаев, Кемал Ақышев, Мир Қадырбаев т.б портреттері.
«Ежелгі Қазақстан» картасы.
Археологиялық, этнографиялық экспедициялар жұмыстары бейнеленген бейнефильм.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасын сұрау.
Үйге берілген тапсырманы тексеру және бағалау мақсатында жалпы сыныпты қадағалап өткен соң, екі нұсқадан төмендегі анықтама сөздік жұмысын аламын. Ол үшін алдын ала төмендегі тапсырма көбейтіліп, дайындалып қойылады.
I нұсқа
Арамей алфавиті Күлтегін
Иоганн Гутенберг
II нұсқа Бумын каған
Папирус
Пергам па
Жаңа оқу материалын түсіндіру.
Өтілетін жаңа сабақтың тақырыбы мен жоспарын алдын ала дайындап плакатқа жазып, тақтаға іліп қоямын.
Жаңа тақырыпқа кіріспес бұрын өткен сабақтағы «Жазбаша деректер» тақырыбы бойынша өткен материалдарды еске түсіремін. Деректердің қандай түрлерін білетінін сұрап, тақырыпты түсіндіруге көшемін.
Археология терминін б.з.б. 4 ғасырда алғаш рет көне замандарды зерттейтін ғылым ретінде қолдана бастаған ғалым Платон болды. Алайда нағыз археологиялық зерттеулер тек ХІV-ХV ғасырларда Қайта өрлеу дәуірінде ғана жүргізіле бастаған. Еуропалық ғалымдар ол кезеңде көбінесе грек және рим мәдениеті мен өнеріне, яғни антика дәуіріне қатысты ескерткіштерді зерттеді. Қазіргі Қазақстандық археология ғылымының даму тарихы және оның болашағы мен негізін салушы белгілі тарихшы-археологтар Әлкей Марғұлан, Кемал Ақышев, Мир Қадырбаевтың еңбек жолдарының қызықты кезеңдерінен қосымша деректер келтіремін.
Өткен сабақтар нәтижесінде оқушыларда археология туралы түсініктері болғандықтан, оған кеп тоқтала қоймай, оқушылардың назарын тақтадағы археологиялық ескерткіштерге аударады немесе мүмкіндік болса, археологиялық, этнографиялық экспедиқиялар жұмысы жазылған кітаптарды көрсетемін. Оқушылардың назарын әсіресе археологиялық және этнографиялық деректер жинаудың ерекшелігін анықтауға аударады. Этнология мен этнографияның айырмашылығын, тарихты білу үшін әр елдің негізгі қасиеттерін зерделеу қажеттілігін түсіндіремін.
Сабақ нәтижелі болуы үшін алдын ала оқушыларға 2-3 сұрақ-тапсырмалар беріп қоямын. Кітаптарды көріп болғаннан кейін, егер уақыт болса оқушылардан осы алдын ала берілген сұрақ-тапсырмалар бойынша әңгіме-сұхбат еткіземін. Ал егер уақыт тығыздау болса, бұл сұрақ-тапсырмаларды ауызша немесе жазбаша түрде үй тапсырмасы ретінде беремін.
Келесі мәселе - жаңа сөздермен жұмыс. Бүгін сабақта кездескен жаңа сөздерді:
Қайта өркендеу дәуірі, нәсіл, радиоактивтік көміртекті пайдалану, Тигр мен Евфрат, пирамида, этноархеология анықтамаларын оқушылардың жас ерекшелігіне қарай тақтаға жазып қоямын. Тақтаға жазған жаңа сөздерін оқушылар дәптерлеріне жазып алады.
Өткен сабақты қорытындылау үшін алған білімдерін қыскаша анықтағаннан кейін, сабақты оқушылардың өздеріне қорытуына болады. Ол үшін оқушыларға мынадай сұрақтар қою ұсынылады:
1) Бүгінгі сабақтың несі саған ұнады немесе ұнамады?
2) Бүгінгі сабақ алдындағы сабақтардан несімен ерекшеленді?
3) Бүгінгі сабақтан сен өзіңе қандай жаңалық алдың?
Үй тапсырмасы: Өткен сабақты оқу. Жаңа сөздерді қайталап, еске сақтау.
5-сынып. Қазақстан тарихынан әңгімелер
Сабақтың тақырыбы: §5. Өлкетану дегеніміз не?
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Тарихи өлкетанудың жеке ғылым ретінде қалыптасу тарихы, оның маңызы. Өлкетану ғылымымен тығыз байланысты қосымша ғылым салаларының, олардың атқаратын қызметі жөнінде білім беру.
Дамытушылық: Тарихи оқиғалар мен үрдістердің дамуын тарихи география, тарихи демография, мұрағаттану деректері арқылы шыңдықпен баяндап өткенге ғылыми көзкарас қалыптастыру.
Тәрбиелік: Өз өлкесінің тарихына қатысты материалдарды жинастырып, оның жойылмауы үшін аялап күтуге, ата-бабаларына көмектесуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі:
1. Жергілікті өлкетану мұражайының тарихи-мәдени ескерткіштерін пайдалану.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: интерактивті
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасын сұрау.
Өткен сабақта көрген бейнефильм, алдын ала берген сұрақ-тапсырмалары бойынша оқушылармен әңгіме түрінде немесе жазбаша сұрақ-тапсырмаларға жауаптарын дауыстатып оқытып, оны жалпы сыныпта талқылату. Жаңа сөздер бойынша сөздік жұмысы жүргізу. Ол үшін алдын ала бір-бір сөзден жазылып көбейтілген кағаз қиындыларын оқушыларға таратып шығамын. Оқушыларға берілген уақыттың аз екенін ескертіп, бос орынға дұрыс анықтамасын жазу тапсырылады.
Үй тапсырмасын қорытындылау
Археологиялық зерттеулер нәтижесінде тарих ғылымы бүгінде адамзат таңғалатын ұлы жаңалықтарды ашқандығын, оның тарих ғылымын дұрыс, терең, толық жазып шығу үшін маңызының зор екендігін айтып қорытындылаймын.
Осылайша үй тапсырмасын тексеріп, өткен сабақтың бүгінгі өтетін жаңа сабақпен де байланысты екенін айтып өтіп, жаңа тақырыпқа көшемін.
Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Жаңа сабақты мына жоспармен жүргіземін.
1.Тарихи өлкетану ғылымының маңызы мен міндеттері.
2.Тарихи өлкетанудың жеке ғылым саласы болып қалыптасуы тарихы.
3.Тарихи өлкетанумен тығыз байланысты қосымша ғылым салалары мен олардың атқаратын қызметі.
Осы жоспармен жаңа сабақты түсіндіре бастап, оқушыларға параграфты кезек-кезек оқыта отырып, өздеріңе бұл ғылым саласының мақсат-міндеттері не екенін ауызша айтқызамын.
Одан соң жоспардың екінші бөліміне көшеміз. Әсіресе оқушылардың көңілін Ресейде тарихи өлкетану жеке ғылым ретінде 1713 жылы 13 ақпанда орыс патшасы I Петр тұсында ғана енсе де, қазақ даласында сонау ежелгі замандардың өзінде ел тарихын жадында сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа мұра ретінде жеткізген өз білімпаздары болғанын атап айтып кетемін.
Сабақ жоспары бойынша қосымша пәндерге тоқталамын. Сондықтан қысқаша тарихқа қосымша пәндер бойынша әңгімелеп өтемін де, осы бойынша мына ономастика, антропономика, топонимика, этнонимика, теонимия, космонимия, тарихи география, тарихи демография, мұрағаттану сияқты жаңа сөздерді тақтаға жазып қоямын. Оқушылар тақтаға жазылған сөздерін дәптерлеріне жазып алады.
Осы сияқты қосымша пәндердің жекелеген зерттеулерінің нәтижесінде ғана тарих ғылымы толық та дұрыс жазылатынын айтады.
Одан әрі оқушылардан мұрағат жайында қандай түсініктері барын тексеру үшін, тақтаға немесе плакатқа маркерді пайдаланып, төмендегі тапсырманы орындатады.
«Мұрағат»
Оқушылар өздерінің мұрағат жайындағы не білетіндерін бір-бірлеп орнында отырып айтады. Осылайша мұрағат туралы алғашқы түсініктерін біледі. Одан әрі оқулықтағы материал бойынша толықтырып айтады.
Бекіту: Тақырыпты бекіту үшін «Жұмыс дәптеріндегі» тапсырманы орындатқызамын.
Қорытынды: Тарихи өлкетанудың маңызы Отанға деген сүйіспеншіліктен бастау алатынын айтып, өздерінің туған өлкелерінде қандай ғылыми өлкетану жұмыстары жүргізіліп жатқанына тоқталады, оның жалпы тарих ғылымына қоскан үлесін атап айтып кетеді.
Бағалау:
Үйге тапсырма: 5-параграфты оқып келу. «Жұмыс дәптеріндегі» тапсырмаларды орындау.
5-сынып. Қазақстан тарихынан әңгімелер
Сабақтың тақырыбы: § 6. Тарих және уақыт
Сабақтың мақсаты.
Білімділік: Оқушыларға уақыт, оның кажеттілігі мен әр түрлі елдердегі уакыт өлшемдерінің пайда болуы тарихын түсіндіру. Ертедегі қазақ даласында мекендеген тайпаларда қолданылған уақытты өлшеу есептері туралы түсініктерін қалыптастыру.
Дамытушылық: Оқушыларды уақыттың маңызын саналылықпен түсінуге, салыстыра білуге үйрету. Уақыт адам дүниетанымының негізгі іргетасы түсінігін қалыптастыру.
Тәрбиелік: Уақыт деген ұлы өлшем, сондықтан оқушыларды уақытты босқа өткізбей үнемді және дұрыс пайдалана білуге, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: баяндау
Сабақтың көрнекілігі: Әр түрлі күнтізбелер, құмсағат, сағат. Уақыт сызығы көрсетілген плакат.
Сабақтың барысы.
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасын сұрау.
Үйге берген тапсырманы жалпы сыныптан тексеріп шығамын. Одан кейін үй тапсырмасын параграфтың соңындағы мына сұрақтар бойынша талқыға салу.
1. Тарихи өлкетанудың тарихты зерттеуде маңызы қандай?
2. Тарихи өлкетану ғылымы өз алдына қандай міндеттер қояды?
3. Өлкетану қашан жеке ғылым саласы болып қалыптасты?
4. Өлкетану тарихтың қандай салаларымен тығыз байланысты?
5. Мұрағат дегеніміз не, ол жерде қандай деректер сақталынады?
Қорытындылау. Біз өткен сабақтарда Өлкетану ғылымы және онымен тығыз байланысты тарих салаларымен таныстық. Олар бізге тарихи оқиғаларды тереңірек, жан-жакты меңгеруге көмектесетінін білдік. Ал осы әр түрлі тарихи оқиғалардың барлығының өзінің белгілі бір болған уақыты, тарихи кезеңдері бар. Бүгін біз сендермен осы тарихи оқиғалардың уақыты қалай белгіленгені немесе қалай анықталғандығы жөнінде білеміз, -деп қорытынды сөзді жаңа сабақпен байланыстырып жіберемін.
Жаңа сабақты түсіндіру.
Сабақтың жоспары.
1. Тарихи уақыт межесі.
2. Алғашқы уақытты жылмен есептеудің пайда болуы.
3. Ертедегі қазақтар арасында тараған уақытты өлшеу түрлерінің ерекшелігі.
4. Қазақша жыл санау. Мүшел дегеніміз не?
5. Хижра.
Алдымен үстелдің үстіне қойылған сағат түрлеріне балалардың көңілін аударып, олардан уақыт қалай өлшенетінін сұрайды. Әсіресе балаларға құмсағаттың жұмыс істеу тәртібін айтып шығып, көрсету оларға ерекше қызық болады. Оқушылармен бастауыш сыныптарда алған білімдері бойынша:
1. Бір сағатта неше минут бар?
2. Бір тәулік неше сағаттан тұрады?
Одан кейін тақтаға ілінген әр түрлі күнтізбелерді көрсетіп:
3. Бір жылда неше күн бар?
4. Жыл неше маусымнан тұрады деген сияқты сұрақтармен оқушылардың өздері білетін білімдерін қайталап шығамыз.
Оқушыларға тақтаға ілінген күнтізбелердің бір-бірінен айырмашылығы мен ұқсастықтарын табу тапсырмасы беріледі.
Уақыт ұғымының техника дамымаған ерте заманның өзінде адамзат баласы үшін зор маңызы болған. Ертеде адамдар уақыт межесін, оның ішінде, әсіресе жылдың белгілі бір мезгілде қайталанып отыратынын табиғат құбылыстары күннің жылынуы, суытуы, жаңбыр, қардың жаууы т.б. арқылы анықтай білген. Адамдар ерте заманда табиғатқа бас иіп, оның әрбір құбылысын бақылап отырған. Қазақ халқы өзіне тән шаруашылық дәстүріне байланысты уақытқа есеп жасап отырғанын айтып кеткен жөн. Ең алғаш уақытты жылмен есептеген ежелгі египеттіктер екенін айта отырып, қазақтарда осындай уакытты ірі тарихи тұлғалардың өмірімен есептеу сияқты түрлері болғандығының, оның ерекшелігін айтады. Бұдан кейін жер бетінде болып өткен оқиғалардың барлығы не б.з.б. немесе б.з-да болғанын айта келіп, б.з.б. деген шартты атау қай кезеңге дейінгі жер бетінде болып еткен тарихи оқиғаларға қатысты айтылатынын атап көрсетемін.
Жоспар бойынша берілген «Қазақша жыл санау» дәстүрі туралы қысқаша аңыз әңгімені айтып келіп, оқушылардың есте сақтау қабілетін дамыту мақсатында «Жұмыс дәптеріндегі» тапсырмаларды орындатқызамын.
«Хижра» деп аталатын мұсылмандардың жыл санауы туралы тақырыпшаны 1-2 балаға кезек-кезек оқытып, басқа балалардан оның мазмұнын сұрап шығамын. Егер оқушылардың жауабы толық болмаса, оларға төмендегідей сұрактар қоямын.
Мысалы:1. «Хижра» сөзі қандай мағынаны білдіреді?
2. Мұсылмандардағы жыл санау қандай тарихи оқиғамен байланысты?
3. «Хижра» жылы санауы қай жылдан басталады?
4. Мұсылмандардың Хижра жыл санауынан бері қазіргі күнге дейін қанша жыл өтті?
Осылайша жаңа тақырыпты меңгеріп шыққаннан кейін ой қорытындылап сабақты бекітеді.
Бекіту сұрақтар: Біз неліктен уақытты жылмен есептейміз? Оның біздер үшін мәні мен маңызы қандай?
Сабақты былай қорытындылаймын, жер бетіндегі адамзат баласы пайда болғаннан бастап оларға табиғат құбылыстарының өзгеріп отыру ерекшеліктерінің мәнін білу, тіршілік үшін маңызды болды. Бұл сонау замандардың өзінде ғылыми білімнің негізі қалыптаса бастағанын, уақытты өлшеу түрлерінің өркениеттің бір көрсеткіші екенін түсіндіріп өтеді. Мұғалім қазақтың өзіндік шаруашылық ерекшеліктеріне сәйкес басқа елдерден, ұлттардан кем түспейтін уакыт өлшемі болғандығын айтып сабақты қорытындылаймын.
Бағалау:
Үй тапсырмасы: 6-параграфты оқып келу. Оқушы дәптерлеріне «Уақыт сызығын» сызып, мына оқиғалардың болған уақытын ата-аналарының көмегімен белгілеу:
1. Бұдан 5 мың жыл бұрын алғашқы сурет жазулар шықты.
2. б.з.б. 4 ғасырда археология ұғымы пайда болды.
3. 622 жылдан мұсылмандардың жыл санауы басталады.
4. Өз ата-бабаларыңның өмір сүрген кезеңдерін анықтап әулеттік уақыт кестесін жаса.
5-сынып. Қазақстан тарихынан әңгімелер
Сабақтың тақырыбы: § 7. Тарих және кеңістік
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Ертеден дүниенің шексіздігі туралы ұғымның қалыптасқандығы және оны белгілеу үшін кеңістік ұғымының пайда болғаны, Ежелгі Қазақстан аумағын мекендеген тайпалар мен қазақ халқының кеңістік туралы өзіндік өлшемі мен түсінігі болғандығы жайында білім беру.
Дамытушылық: Кеңістік туралы алғашқы ғылыми түсініктері мен білімдерін қалыптастыру.
Тәрбиелік: Ертеден қазақ арасына кең тараған және бізге жеткен дүниенің шексіздігі туралы аңыздар негізінде әлемнің, жаратылыстың ұлылығын ұғыну және соның негізінде Отанды сүюге, Жеріміздің бүтіндігі үшін күресуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Әдісі: баяндау
Пән аралық байланыс: география, бейнелеу.
Көрнекілік:
1. Қазақстанның саяси-әкімшілік картасы.
2. Плакатқа жазылған тірек кестелер.
3. Ежелгі Қазақстан аумағын мекендеген тайпалардың кеңістік туралы түсініктерін бейнелейтін тасқа салған суреттері.
Сабақтың барысы.
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасын сұрау.
Үй тапсырмасын ауызша бірнеше баладан мына төмендегі сұрақтар бойынша сұрап шығамын.
1. Уақытты жылмен есептеген кімдер және олар неге арқа сүйеді?
2. Қазақтарда уақытты өлшеудің қандай түрлері болды?
3. Қиклдік есеп дегенді қалай түсінесіңдер?
4. Бір түзулік уақыт өлшемі дегенді қалай түсінесіңдер?
5. Кім қазақша жыл атауларын жатқа айтып береді?
6. Хижра сөзі қандай мағынаны білдіреді?
Үйге берілген «Жұмыс дәптері» бойынша тапсырмаларды жаппай тексеріп шығып, 1-2 оқушыға дауыстатып оқытамын, қалған оқушылар «Жұмыс дәптерінде» орындап келген үй тапсырмасының қатесін тексеріп, түзетіп отырады. Оқушыларға біз осы уақытты ұтымды пайдаланып жүрміз бе деген сұрақ қойып үй тапсырмасын қорытындылаймын.
Жаңа тақырыпты жоспары:
1. Кеңістік ұғымы.
2. Қазақстанның көршілес елдері.
3. Қазақ халқының кеңістік туралы ұғымдары.
Жаңа сабақ 5-сынып оқушыларының деңгейіне біршама қиындық туғызады. Бұл кеңістік туралы ұғымды барынша жеңіл түсіндіруге тырысамын. Ең алдымен оқушылардың назарын терезеге қарап біз жердің, аспан әлемінің шегін көре алмаймыз. Сондықтан ерте кезден адамдар өздеріне мәлім емес кеңістікті мифтік өлшемдермен өлшеген. Мысалы, жеті қат жер, жеті қат көк немесе жер асты әлемі т.б. Кеңістік ғылымның түрлі салаларында қолданылады. Ол: саяси кеңістік, философиялық кеңістік, тарихи кеңістік, географиялық кеңістік т.б. Тарих ғылымы үшін кеңістік жиі қолданылатын ұғым. Мысалы, қандай да бір оқиға қай жерде болды, оның сипаты, ерекшелігі қандай деген сұрақтарға жауап іздейміз. Бұл кеңістікті анықтау болып табылады. Жер кеңістігінде орналасқан Қазақстан өзінің жан-жағында шектескен кершілес елдері арқылы өзінің аумағын айқындайды.
Картадан Қазақстанмен шектескен көршілес мемлекеттерді көрсетеді.
Қазақ халқының кеңістік туралы ұғымдарын төмендегі сызбаларды пайдалану арқылы түсіндірген қолайлы болады.
Қола дәуірінде өмір сүрген арий, тур тайпаларының кеңістік туралы түсінігі.
сол АЛДЫҢҒЫ оң
ӘЛЕМ
АРТҚЫ
Сақтардың әлем туралы түсінігі.
ЖОҒАРҒЫ - АСПАН ӘЛЕМІ
ОРТАҢҒЫ - ЖЕР ӘЛЕМІ
ТӨМЕНГІ-ЖЕРАСТЫ - ӘЛЕМІ
Сабақтың жалғасын оқушыларға қызықтырақ болу үшін «Ер Төстік» ертегісінен үзінділер оқып беремін. Түріктердің Күнді неліктен ерекше құрметтегенін айта келіп, оның мысалы ретінде ежелгі дәуірде тас бетіне салынған күн суреті бейнеленген көрнекіліктерді оқушылардың назарына ұсынамын. Одан әрі оқушыларға қызықты болуы үшін ертедегі адамдардың жер, аспан құбылыстары туралы түрлі түсініктерін қазақ ертегілері мен аңыздарын пайдаланып әңгімелеп беремін.
Бекіту сұрақтары:
1. Кеңістік ұғымын қалай түсіндіңдер?
2. Ертедегі көшпелі тайпалардың кеңістік туралы қандай түсініктерімен таныс болдыңдар?
3. «Ер Төстік» ертегісінің мазмұнынан ертеде кеңістік туралы қандай түсінік болғандығын әңгімелеп беріңдер.
4. Ертедегі көшпелі тайпалардың Күнді ерекше құрмет тұтып, қастерлегенін неден көруге болады?
Бағалау:
Үйге тапсырма: §7 оқу. «Жұмыс дәптеріндегі» тапсырмаларды орындап келу.
5-сынып. Қазақстан тарихынан әңгімелер
Сабақтың тақырыбы: § 8. Тарихи карталар
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Картаның пайда болуының алғышарттары, ерте заманнан біздің күнге дейін жеткен карталардың тарихы, оларды құрастырған ғұламалар туралы білім беру.
Дамытушылық: Картаға қарай отырып, ондағы берілген шартты белгілер арқылы картаны оқи білу, оны тақырыпты түсінуде, сабақты айтуда көмекші құрал ретінде пайдалана білу дағдыларын қалыптастыру.
Тәрбиелік: Еңбексүйгіштікке, өз елін, жерін бағалай білуге, қорғауға, өзге елдің тарихын, дербестігін құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: интерактивті
Пәнаралық байланыс: география
Сабақтың көрнекілігі.
1. Дүниежүзінің саяси картасы.
2. Қазақстанның физикалық картасы.
3. Қазақстанның әкімшілік-саяси картасы.
4. Ежелгі карталардың үлкейтілген суреті.
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасын сұрау.
Үй тапсырмасын «Жұмыс дәптері» бойынша өткіземін. Берілген тапсырмаларды тездетіп тексеріп шығып, одан кейін өткен тақырыпты мына сұрақтар бойынша оқушылардың дайындығын бағалаймын.
1. Қазақстан қандай елдермен шектеседі?
2. Ежелгі Қазақстан жерін мекендеген қола дәуірі тайпаларының түсінігі бойынша әлемнің неше бұрышы болған?
3. Сақтардың түсінігі бойынша әлем қандай құрылымнан тұрады?
4. Ежелгі түріктердің діни нанымы туралы баянда.
5. Ертедегі адамдардың түсінігі бойынша отбасы қамқоршысы кім болды?
6. Түріктер үшін қасиетті болып не есептелінеді?
7. Б.з.б. Ш-ІІ мыңжылдықтарда өмір сүрген арий, тур және сақ тайпалары Күнді құрметтеп, неліктен оның құрметіне тек жылқы малын құрбандыққа шалған?
8. Қазақтар кеңістікті тағы қалай атаған? Синонимдерін ата.
9. Үй тапсырмасын оқушылардың сұрақтарға берген жауаптарына сүйеніп, ежелгі Қазақстан аумағын мекендеген тайпалардың кеңістік, уақыт туралы тиянақты түсініктерінің болғандығын, негізінен олардың наным-сеніммен тығыз байланысты екендігін дәлелдеп үй тапсырмасын қорытындылаймын.
Жаңа тақырыптың жоспары:
1. Карта ұғымы туралы түсінік.
2. Ерте замандағы адамдардың пайдаланған карталарының сипаты.
3. Бізге дейін жеткен карта түрлері мен олардың авторлары.
4. Орта Азия мен Қазақстанды сипаттаған карталар.
5. Осы жоспарды оқушылардың дәптеріне жазғызып, оқушыларға бүгінгі сабақтың мақсатын қысқаша айтып кетемін. Ең алдымен «карта» ұғымына түсінік беріп, оқушыларға:
1. Сендер картаның қандай түрлерін білесіңдер?
2. Картада жердің бедері, су, мемлекет т.б. қандай белгілермен белгіленеді?
3. Картаның қажеттілігі неде?
4. Ерте дүние адамдарының өміріндегі алғашқы карталардың пайда болуының алғышарты неде? деген сияқты сұрақтар қойып, оқушылардың білімін бекітемін. Оқушылардың карта туралы түсінігін дамытып, мәтінді кезек-кезек оқыту арқылы тың ұғымдарды меңгеруге көшемін. Алғашқы қауым адамдарының өміріндегі жер-су туралы алғашқы түсініктің қазіргі ғылыми білімнің негізі болғанын атап айтамын.
Алғашқы ғылыми білім туралы адамдардың түсінігін оқушылардың өзіне мәтіннен тауып алғызып, бір оқушыға дауыстатып оқытамын.
Одан кейін оқушыларға ежелден белгілі карталар мен оның авторлары туралы қысқаша айта отырып, оқушылардың есте сақтау қабілетін дамыту үшін мына төмендегі кестені толтыру ұсынылады.
СұРАҚТАР ЖАУАБЫ
Әлемде алғаш карта жасаған мемлекет. Геродоттың кескін картасында қай елдер сипатталған? «География» кітабын жазған, ежелгі дүние ойшылы... Әл-Хорезмидің карта тарихы жайындағы еңбегі. Қазак жерінің картасын жасаған швед офиқері. Орыс ғалымы С. Ремезовтың картасы. «Жер беті суреті» картасының авторы. Ыстыккөлді алғаш картаға түсірген қазақтың ұлы ғалымы. Ол үшін алдын ала дайындалған плакатты тақтаның ортасына іліп қойып, ал тақтаның бір шетіне оның дұрыс жауаптары жазылған, алдын ала дайындалған қағаз қиындылары жапсырылады. Бұл оқушыларға қойылған сұрақтың дұрыс жауабын табуға мүмкіндік береді. Әр топтан, әр қатардан өз еріктерімен бір-бір оқушыдан шығып, дұрыс жауап жазылған қағаз киындыларын кестедегі сұраққа қарама-қарсы бос орынға жапсырады. Оқушыларды ынталандыру үшін қай қатар немесе топ көп дұрыс жауап бергенін белгілеп отырамын.
Қазақ жері туралы карталық мәліметтер тақырыпшасы бойынша Ұлы Жібек жолының бағыттары көрсетілген картаны және қазіргі Қазақстан Республикасының саяси картасын салыстырмалы түрде пайдалана отырып, Ұлы меридианалды жол мен Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан бүгінгі Қазақстан қалаларын атап шығамын.
Ұлы меридионалды жол бойынша қосымша дерек ретінде пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер:
Ә. X. Марғұлан. Бетпақдала арқылы өтетін көне керуен жолдары//Мир казаха. Жинақ. Құрастырған Е. М. Арын, Д. Ә. Марғұлан. Алматы, 1997.
Тақтада ілінген әр түрлі карталардың шартты ерекшелігі мен ортақ белгілерін аныктауға тырысады. Осы сәттерден оқушыларды контур, атлас картамен жұмыс істеуге дағдыландырамын. Бұл тақырыпты оқығанда мектеп балаларына арналған бірнеше картаны пайдалануға болады. Соның ішінде: Қазақстан тарихы. Атлас. Ібөлім. 5-7-сыныптар. Құрастырған П. Косович. Ред. Басқарған Ж.О. Артықбаев. Астана, 2005.
Оқушыларға мына сұрақтарды қоя отырып тақырыпты қорытындылаймын.
1. Картаның маңызы қандай?
2. Бүгін сендер карта жасаған қандай авторлармен таныстыңдар?
3. Дүниежүзінің саяси картасынан Қазақстанның шекарасын анықтауға тырысыңдар.
4. Қазакстанның саяси-әкімшілік картасынан өздерің туып-өскен облыс, қала, туған аудандарды анықтап көрсетіңдер.
5. Картадан Қазақстанның 14 облысын атап көрсетіп шығыңдар.
Осы сабақты картаның маңызын баяндай отырып оқушылардың сұрақ -тапсырмаларға берген жұмыс жауаптары бойынша қорытындылаймын..
Үйге тапсырма:
1. 8-параграфты оқып келу.
2. Жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды оқушылардың деңгейін ескере отырып беремін.
3. Қазакстанның картасын оқушы дәптеріне салып, оған негізгі қалаларды белгілеу.
5-сынып. Қазақстан тарихынан әңгімелер
Сабақтың тақырыбы: § 9. Қазақстан –әлемдігі ірі мемлекеттердің бірі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Картаның көмегімен оқушыларға Қазакстанның аумағы бойынша әлемдегі ірі мемлекеттердің бірі ретінде сипатын беріп, ондағы жер-су атауларының өзіндік тарихы туралы білімдерін қалыптастыру.
Дамытушылық: Қазақстан картасымен жұмыс істей білу қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Қазақстанның ұлан-байтақ жері ата-бабаларымыздан найзаның ұшы, білектің күшінің арқасында мұра болып қалған қастерлі жер екенін оқушыларға түсіндіріп, өз Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: интерактивті
Пәнаралық байланыс: география
Көрнекілік: Қазақстанның физикалық картасы.
Ойын қалташықтары және сөздер жазуға арналға қағаз қиындылары.
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
Үй тапсырмасын 2-3-оқушыдан ауызша түрде сұрап, қалған оқушылар толықтырады. «Жұмыс дәптері» бойынша тапсырмаларды жаппай тексеріп шығып, бір, екі оқушыға тапсырманы дауыстатып оқытқызамын. Қалған оқушылар өздерінің «Жұмыс дәптеріндегі» тапсырмаларын тексеріп отырады.
Қорытынды. Кеңістік — тоқтаусыз құбылыс. Оның мәнін білу қажет дей отырып, өткен сабақта біз Қазақстанмен көршілес мемлекеттер туралы айтып кетсек, бүгін біз Қазақстанның әлемдегі жер көлемі бойынша ірі ондыққа кіретін мемлекет екенін дәлелдейміз деп бүгінгі тақырыпқа көшемін.
Жаңа тақырыптың жоспары:
1.Қазақстан әлем картасында.
2. Қазақстан - Еуразия кіндігі.
3. Топонимика - жер-су атауларын зерттейтін ғылым саласы.
4. Туған жер тарихынан.
Тақтаға жазған жаңа тақырыптың жоспарын оқушылар дәптерлеріне көшіріп алады.
Одан әрі жұмысты оқушылармен ойын түрінде өткіземін. Ең алдымен сыныпты топтарға бөліп алып, ала дайындалған сыныптағы топтың санына байланысты бірнеше қалташық дайындап қоямын. Әр топқа әр түрлі кескінде қағаз қиындыларын үлестіріп, оның санын уақытқа қарай мөлшерлеймін.
«Қазақстан - әлемдегі ірі мемлекет» сөз тіркесін ұсынамын, топтағы балалар бірден мен үлестірген қағаз киындыларына өздерінің білгендерін кезек-кезек жазып отырып, өз тобына арнайы белгіленген ойын қалташығына әр топ өз толықтыруларын енгізеді. Бұл үшін мен берілген уақыт мөлшері қанша екенін оқушыларға ескертіп қоямын. Осы белгіленген уақыт бойынша әр топтан түскен жауап парағының мөлшерімен топтың ұпай саны анықталады. Қойылған талапқа сай емес сұрақтардың жауаптары есептелмейді. Одан әрі тақырыпты жалғастырып, Қазақстан әлемдегі ірі құрлық Еуразияның дәл ортасында орналасқан, сондықтан оны «Еуразия кіндігі» деп айтамын. Қазақстан жер көлемі бойынша әлемде мемлекеттер арасында тоғызыншы орын алады. Ұлыбритания, Франқия, Германия, Италия, Испания сияқты Еуропаның дамыған елдерінің жер көлемі Қазақстан аумағына еркін сыйып кететінін атап айтьш өтеді. Бұл оқушылардың өз Отанына деген мақтаныш сезімін тудырады.
Одан әрі Қазақстанның әкімшілік-саяси картасына оқушылардың көңілін аударып, мұндағы белгіленген таулар мен өзен-көлдер, елді мекендердің де атаулары тарихына белгілі жер атауларына тоқталамын.
Бұл жер-су атауларының шығу тарихын зерттейтін ғылым саласын топонимика деп атайды. Жаңа сөздің анықтамасын тақтаға жазамын. Оқушылар дәптерлеріне жазып алады. .
Одан әрі оқушылардың ойлау қабілетін дамыту мақсатында төмендегі кестені толтыру ұсынылады. Оқушылар өз өлкелеріне қатысты жер-су атауларының шыққан тарихын төмендегі ретпен орналастыруы керек.
Тарихи оқиғаларға байланысты жер-су атаулары Табиғат жағдайына қатысты койылған жер-су атаулары Тарихи тұлғалардың атына қатысты жер-су атаулары Пайдалы кен байлықтарына қатысты қойылған жер-су атаулары
Бекіту сұрақтары:
1. Қазақстан әлемде жер көлемі бойынша нешінші орында?
2. Қазақстанды «Еуразия кіндігі» деп неліктен атайды?
3. Елімізді жан-жақтан қоршап тұрған ірі тауларды атап шығыңдар.
4. Топонимика нені зерттейді?
5. Топонимика ғылымының тарихты жазуда маңызы қандай?
6. Өз туған жерлеріңде Қазақстанға танымал тарихи тұлғалардың есімімен аталған қандай жер-су атаулары бар?
Бағалау:
Үйге тапсырма: 9-параграфты оқып келу. «Жұмыс дәптеріндегі» тапсырманы орындау.
5-сынып. Қазақстан тарихынан әңгімелер
Сабақтың тақырыбы: § 10. Біздің Отанымыз-Қазақстан
Сабақтың мақсаты.
Білімділік: Қазақстан табиғаты ерекше, жан-жануарлар дүниесі мен қазба байлықтары мол бірден-бір ірі мемлекет екендігі жөнінде білім беру.
Дамытушылық: Қазақстанның физикалық және қазба байлықтар картасын пайдалана отырып олардың атлас, контур картамен жұмыс істей білу қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Туған Отанымыздың дүние жүзіндегі байлығы мол бай мемлекеттің бірі ретінде сипаттай отырып, оның болашақ иелері өздері екенін әрбір оқушыға сіңіріп, Отанға деген сүйіспеншілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: баяндау
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, бейнелеу, география, математика.
Көрнекі құралдар:
1. Қазақстанның физикалық картасы.
2. Қазақстанның қазба байлықтар картасы.
3. Қазақстанның «Қызыл кітапқа» кірген жан-жануарлар дүниесінің суреттері.
4. Қазақстанның табиғаты сұлу жерлерінің суреті.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасын сұрау.
Үйге берілген «Жұмыс дәптері» бойынша тапсырманы сыныптан жаппай әр партаны аралап жүріп тексеріп шығамын. Тексеріп шыққан соң, 2-3 оқушыға тапсырманы оқытып, ал қалған оқушылар жауаптың қатесін тексереді. Бұл жерде оқушылардың өздерін-өздері тексеру жұмысын жүргізуге болады. Ол үшін қатар отырған екі оқушы бір-бірінің дәптерін ауыстырып қатесін тексереді. Үй тапсырмасын бағалау үшін тақтаға баға критерийін алдын ала жазып қоямын. Оқушылар бір-бірінің тапсырмасын тексеріп, сол талап бойынша бағалайды.
Бұл уақыт үнемдеуге мүмкіншілік береді.
Одан кейін үй тапсырмасының мазмұнын сұрау үшін мынадай тапсырма беремін. Үйге берілген тақырып бойынша бір сөйлем айтамын, бір-бір оқушыдан кезек-кезек, тез сөйлемді жалғастырып алып кетуі қажет. Бұл жерде мен көмек беріп тұрғандықтан, әсіресе бұл тапсырма түрі нашар, орташа оқитын оқушыларды тартуға ыңғайлы әрі қажет. Мысалы: «Қазақстанды Еуразия кіндігі» деп атайды, себебі. Осылайша үй тапсырмасы бойынша оқушылардың дайындығын тексеріп шығып, бүгінгі жаңа тақырыптың осы тақырыппен тығыз байланыстылығын айтамын.
Жаңа тақырыптың жоспары:
1. Қазақстанның ірі таулары.
2. Қазақстанның ірі өзен, көлдері.
3. Қазакстанның жан-жануарлар дүниесі.
4. Қазақстанның қазба байлық кені.
Қазақстанның кең-байтақ екенін оның табиғи географиялық жағдайынан аңғаруға болады деп осы жерде оқушылардың өздерінен Қазақстанның төрт бөлігіндегі табиғат ерекшеліктеріне сипаттама беру. Оқушылардың жауабын алғаннан кейін, параграфтағы оқулық мәтінін оқушыларға кезек-кезек абзақ бойынша дауыстатып оқытамын. Әр абзақтан соң оқулықтағы Қазақстанның физикалык картасына назар аударып осы аталған тауларды тауып алуды, 2-3 окушыға тақтадағы «Қазакстанның физикалык картасынан» осы тауларды көрсетуді ұсынамын. Қызықтырақ болу үшін бір таудың аты айтылып, бір оқушыға оны тез тауып беру тапсырылады. Осы айтылған жерлердің тақтадағы суретіне окушылардың назарын аударады. Тағы бір оқушыдан тақтадағы Қазақстанның табиғаты бейнеленген суретке карап кысқаша әңгімелеп айтып беруді сұраймын.
Осылайша Қазакстанның өзен-көлдерін карта, суреттің көмегімен окушылармен бірге меңгеріп шығамыз. Әсіресе, оқушылардың туған орындарға қатысты жерлерді ерекше айтып кету орынды. Бұл оқушылардың өз туған жеріне деген мақтаныш сезімін туғызады.
Қазақстан табиғаты әр алуан, жануарлар дүниесіне өте бай. Қазакстанда жануарлардың -155, құстардың -480, бауырымен жорғалаушылардың -49, қосмекенділердің -11, балықтардың - 150 түрі бар екенін айта кетіп Қазақстанда мекендейтін өздері білетін құстар, жануарлар дүниесін кезек-кезек айтып шығуды тапсырамын. Одан кейін оқушыларды Қазакстанның «Қызыл кітабына» енген жан-жануарлармен таныстырамын.
Қазақстанның қазба байлықтары тақырыпшасын Қазақстанның жер асты қазба байлықтары картасы бойынша түсіндіріп, мұндағы шартты белгілермен, еліміздің әр аймағындағы қазба байлықтарын кеңімен таныстырамын.
Сабақты бекіту үшін «Жұмыс дөптеріндегі» тапсырмаларды орындатады.
Жалпы сыныптың өткен тақырыпты қалай түсінгенін тексеру мақсатында сыныпқа мынандай тест сұрақтар қояды.
1. Қазакстанның ең биік шыңы (Хантөңірі).
2. Қазақстанның солтүстігін алып жаткан үлкен таулар жүйесі (Алтай таулары).
3. Алтай тауларын кандай төрт мемлекет өзара бөліседі? (Қытай, Ресей, Қазақстан, Монғолия).
4. Көкшетау, Баянаула, Қаркаралы, Ұлытау Қазакстанның қай өңірінде орналасқан (Сарыарқа өңірінде).
5. Қазақстанда неше өзен бар? (85 мыңға жуық).
6. Қазақстанда көлемі 100 шаршы шакырымнан асатын көлдер саны (21).
7. Қазакстанның алтыны шоғырланған аймақтары (Кенді Алтай, Шыңғыстау, Майқайың).
Қорытындылау: Оқушылар, сендер бүгінгі Қазақстаннын болашағысыңдар. Сендер жақсы білім алып, оқысаңдар, ата-бабаларымыздан қалған ұлан-байтақ жеріміздің иесі өздерің деп сабақты қорытындылаймын.
Бағалау:
Үйге тапсырма: 10-параграфтың соңындағы сұрақ-тапсырмалардың көмегімен үй тапсырмасын оқып келу.
5-сынып. Қазақстан тарихынан әңгімелер
Сабақтың тақырыбы: § 11. Қазақстан халқы
Сабақтың мақсаты.
Білімділік: Қазақстанның көп этносты мемлекетке айналуының алғышарты, себеп-салдары туралы және этнос, диаспора үғымдарына түсінік беру.
Дамытушылық: Оқушылардың ұлт және халык туралы бұрыннан калыптасқан, білген ұғымдарын одан әрі дамытып, сыни тұрғыда талдай білуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: Көп этнос өкілдері мекендеген Қазакстандағы казақ ұлтының және де баска этнос өкілдерінің салт-дәстүрін, мөдениетін құрметтеп, сыйлауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: интерактивті
Пән аралық байланыс: география, бейнелеу
Көрнекілі:
1. Плакатка сызылған кесте.
2. Қазакстан Республикасының Конституқиясы.
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасын сұрау.
Үй тапсырмасы бойынша оқушылардың дайындығын тексеру үшін тақтаға алдын ала толтырылған сызбаны іліп қоямын.
Кестені толтыр.
Қазба байлықтар Қайда өңдіріледі?
Оқушылар тапсырмаларды орындау талабына сай өз еріктерімен бір-бірден тақтаға шығып кестені толтырады. Тапсырма орындалмас бұрын сыныптан қатарлас отырған екі оқушыға көршісімен дәптерлерін алмастырып, тақтадағы дұрыс жауапқа сүйеніп бір-бірлерінің үй тапсырмасын тексеріп шығу тапсырылады. Тақтаға жазып қойған бағалау кретерийі бойынша есептеледі. Мысалы: 9 дұрыс жауап «5»...
Бұдан кейін үйге берілген такырыпты әр баладан кезек-кезек сұрап шығамын, қалған оқушыларға оны толықтырып отыру тапсырылады. Бұл жерде уакытты үнемдеу үшін бір оқушыға жауапты тақырыпша бойынша бастатқызып, келесі оқушыға оны жалғастыруды талап етемын.
Оқушыларға: Сендер өткен сабақта кең-байтақ Қазақстанның әр алуан табиғат байлығы, жануарлар дүниесімен таныс болдыңдар. Табиғат байлығы жағынан Қазақстан әлемдегі еш мемлекеттен кем емес екеніне көздерің жетті. Бүгінгі сабағымызда Казақстанның әлемдегі көп этносты мемлекеттердің бірі екендігі жөне оның қалыптасу тарихымен танысасыңдар деп жаңа тақырыпқа көшемін.
Жаңа тақырыпты түсіндіру. Қазақ халқы осындай кең-байтақ жерді иеленіп, жауға бермеу үшін талай қиын-қыстау кезеңдерді бастан кешірсе де мойымағанын айтып, оқушыларды туған жерді қорғауға, елінің қамын ойлауға тәрбиелеймін. Соған қарамастан тарихтың небір сындарлы жылдарында күштеп көшірілген ондаған этнос өкілдерінің Отаны бола білген Қазақстан шыққан тегі, затына қарамастан олармен бір үзім нанды бірге бөлісіп жеп, туысқандай қонақжайлық көрсеткендігін айтамын. Ұжымдастыру, индустрияландыру, репрессия, Екінші дүниежүзілік соғыс, тың игеру сияқты тарихи оқиғалармен окушылар әлі таныс болмағандықтан, олардың түсініктерін қалыптастыру мақсатында бұл оқиғалардың тарихына қыскаша тоқталып өтемін. Төмендегі кестені пайдалана отырып, басқа этнос өкілдерінің Қазақстанға күштеп көшірілу себептерін, ақтаңдақтарға толы тарихын оқушыларға ашып көрсетемін.
Қазақстанға келіп қоныстанған этнос өкілдері Қандай тарихи оқиғаға байланысты қоныстандырылды?
96 мың кәрістер соғыс карсаңында Екінші дүниежүзілік
105 мың поляктар Ұлы Отан соғысы карсаңында
1 млн-нан аса немістер, оның 400 мыңы Қазакстанға Ұлы Отан соғысы карсаңында
Жалпы саны 2,5 млн-дай баска ұлт өкілдері Ұлы Отан соғысы кезінде
2-млн-дай баска ұлт өкілдері Тың жөне тыңайған жерлерді игеру жылдары
Одан әрі бүгінде жер бетінде 3000-дай этнос өмір сүрсе, олардың 130-ға жуық өкілдері Қазакстанда мекен етеді. Олар да қазақ ұлты сиякты Отанымыздың гүлденіп, көркеюіне күш салуда. Қазақстан Республикасының Ата Занында дініне, тіліне, шыққан тегіне қарамастан Қазақстанды мекен ететін барлык этностардың тең екендігі жазылғанын айтып, Қазақстан Республикасы Конституциясынан үзінді келтіремін.
Жаңа тақырыпты меңгеруде окушылармен жүргізетін келесі жұмыс сатысы - жана сөздермен жұмыс.
Тақтаға этнос, диаспора, большевиктер деген жаңа сөздердің аныктамасын жазып қоямын. Окушылар тактадағы осы сөздерді дәптерлеріне жазып алады.
Жаңа тақырыпты бекіту үшін «Жұмыс дәптеріндегі» тапсырма бойынша оқушылармен жұмыс жүргіземін. Одан кейін сабақтың соңында төмендегі сұрақ-жауап жарысы арқылы такырыпты оқушылар калай меңгергенін тиянақтаймын.
Сұрақтар:
1. Қазакстанның көп этносты мемлекет болып қалыптасуына себеп болған тарихи оқиғаларды атап шығыңдар.
2. Қазакстанға Екінші дүниежүзілік соғыс жылдары қандай этнос өкілдері көшіп келді? Неліктен?
3. Ұлы Отан соғысы қашан басталып, қашан аякталды?
4. Тың және тыңайған жерлер қай жылдары игерілді?
5. Бүгінде жер бетінде қанша этнос өкілдері өмір сүреді?
6. Басқа ұлт өкілдеріне Қазақстанда қандай мүмкіншіліктер жасалған?
7. Этнос дегеніміз не?
8. Диаспора дегеніміз не?
Үй тапсырмасы: 11 -параграфты соңындағы сұрақ-тапсырмалардың көмегімен мазмұнын түсініп оқып келу. Келесі сабақта өтетін жаңа такырыпқа дайындық ретінде, оқушыларға «Қазакстан қалалары» бойынша қосымша деректер, кітаптар, суреттер жинастырып алып келуді тапсырамын.
5-сынып. Қазақстан тарихынан әңгімелер
Сабақтың тақырыбы: § 12. Қазақстан қалалары
Сабақтың мақсаты.
Білімділік: Қала үғымы және оның саяси-әкімшілік, мәдени қызметі, Қазақстан қалаларының күрделі де қызықты қалыптасу тарихы жөнінде білім беру.
Дамытушылық: Оқушылар еліміздің жөне өздері туып-өскен қалалары туралы білімдері мен картамен жұмыс істеу дағдыларын, өз ойын еркін жеткізе білу, дәлелдей алу біліктілігін дамыту.
Тәрбиелік: Туған қаласының Отан тарихына қосатын үлесін байыпты айта білуге, түсіне білуге, өз туған жерін, қалаларын көркейтуге үлестерін қосуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Әдісі: Баяндау
Пәнаралық байланыс:география
Көрнекілік:
1. Қазақстанның әкімшілік-саяси картасы.
2. Ежелгі және қазіргі Қазақстан қалаларының суреттері.
Сабақтың барысы.
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасын сұрау.
Үй тапсырмасын ең алдымен біз сендермен өткен сабақта не туралы өттік деп оқушылардың ойын кайталаудан бастаймын. Оқушылардың кысқаша жауабынан кейін балалардың «Жұмыс дәптеріндегі» үйден жазып келген өздік шығармашылык әңгіме жұмыстарын бірнеше оқушыға дауыстатып оқытамын. Қалған окушыларға осы әңгіме бойынша бір пікір, бір ұсыныс айту ұсынылып, үй тапсырмасын тексеру әңгімелесу түрінде жүргізіледі. Тапсырманы орындау барысында оқушылардың тарихи тілмен өз ойын жинақы да жүйелей баяндай білу қабілеттеріне назар аударамын. Үй тапсырмасын осылайша тексеріп шыкқаннан кейін жаңа такырыпқа көшемін.
Жаңа тақырыпты түсіндіру. Бірінші Қазақстан калалары деген тақырыпты түсіндіремін: бүгінде Қазақстанда 2004 жылғы есеп бойынша 14 облыс, 90-ға жуық қала, 200-дей қала тектес кент, 150-ден астам аудан тіркелген. Олардың ішінен біз сендермен Қазакстанның бірқатар калаларының тарихымен таныс боласыңдар деп бастаймын. Ол үшін алдымен оқушылардың кала туралы түсініктерін біліп алып, одан әрі сабақтың барысымен таныстырамын. Бүгін біз осы тақырыпты меңгеру үшін біз топ-топқа бөлініп, сайыс түрінде сендермен саяхат сабағын өткіземіз деп айтамын.
Мұғалім сыныпты шағын-шағын бірнеше топқа бөліп, әр топқа кала атаулары бойынша ат беріледі. Бір топ әділ қазылар алқасы болады. Олардың міндеті әр топтың жауаптарын әділ бағалай білу. Ол үшін әділ қазы берілген тапсырмаларды сайысушы топтардан артық білуі тиіс. Сондыктан бұл топқа ең жаксы оқитын оқушыларды алуға болады. Оларға барлық топтарда дайындалып жатқанда қалалар бойынша білімдерін толықтыруға мүмкіншілік беріледі. Саяхат сайыс сабағы 4 кезеңнен тұрады.
I кезең «Тарихым» деп аталады. Әр топқа мына төмендегі сұрақ-тапсырмалар бойынша өз каласын саяхатшыларға таныстыру тапсырылады:
1. Қаланың құрылу тарихы.
2.Қаланың мәдени-тарихи сәулет ескерткіштері мен мәдени орталықтары.
3. Қаланың географиялык, табиғат жағдайы.
4. Қаланың бүгінгі күндегі өндірістік жағдайына қысқаша сипаттама беру.
Тапсырмаларды орындау барысында окушыларға үйге берілген сұрақтар бойынша өздері жинап дайындап келген материалдарды пайдалануды ұсынамын. Сонымен қатар оқушыларға қиындық туғызбау үшін үйден өзім де тақырыпқа байланысты қосымша материалдар дайындап келіп, топтарға үлестіріп беремін және сайыс барысында оқушыларға бағыт беріп отырамын. Әр тапсырма кезеңіне бөлінген уақыт мөлшері ескертіледі.
«Тарихым» деп аталатын бірінші кезеңде, әр топтан бір-бір окушыдан шығып ойын қапшығынан алдын ала дайындалған сұрактарды кезек-кезек бір-бірден алып отырып, жауап береді. Әр топтан алынған дұрыс жауапты есептеп отырамын. Әр топқа дайындалған сұрактар саны мән мазмұны бірдей болуы тиіс.
Сайыстың «Маған саяхатқа кел!» деген II кезеңінде әр топ өз қалаларының тарихи-мәдени ескерткіштерін сипаттап суреттер салады. Тапсырмаға берілген уақыт аяқталғаннан соң, әр топка өздерінің қаласын салған суреттері бойынша белгіленген уакыт ішінде баяндап шығу тапсырылады. Бұл тапсырманы топтың бірнеше адамы катысып, корғауға болады. Мұнда алдын ала дайындалып қойылған суреттер де пайдаланылады.
«Табиғатым» деп аталатын сайыстың III кезеңінде әр топ «Қазақстанның физикалык» картасын пайдаланып, өз қалаларының географиялык, табиғат жағдайын сипаттап шығады. Оқушылар өз өлкесінің өзен, көлдері, таулары т.б. географиялық жағдайын сипаттап көрсетуі тиіс.
«Отанға үлесім» деген сайыстың IV кезеңінде топтарға «Қазақстан» деп аталатын тақтада ілінген плакаттағы әр топқа арналып бөлінген қалташыққа өз каласының Отанға беретін пайдасын қағазға жазып, белгіленген уақыт ішінде толтыруы тиіс. Өз қаласын осы тапсырма бойынша айту үшін әр топтан бір-екі оқушы шығып қорғайды. Ұпай саны әр топтың қайсысы қалташықка көп жауап толтырғаны және дұрыстығымен есептелінеді.
Сайыстың корытындысы бойынша әділ қазы тобы әр топтың алған ұпайын төмендегі талап бойынша есептеп шығарып, қорытындылайды.
1.Тапсырманың талабының дұрыс орындалып, тақырыптың ашылғандығы.
2.Сайыстың әр кезеңіне қойылған талап бойынша қай топтың жауаптары қызықты, жүйелі, көңілден шықты.
3.Қай топ уақытты ұтымды пайдалана білді, тапсырмаға жауапкершілікпен карады.
Соңында қай топтың сайыстың қай кезеңінде тапсырманы орындауда уакытты ұтымды пайдалана білгенін, қызықты болған жауаптарды және сайысқа белсенді қатысқан оқушыларды ерекше атап өтемін.
Бекіту:
Жалпы сынып бүгінгі сабақты қалай менгеріп шыққанын тексеру мақсатында, уақыт қалса төмендегі сұрақтарды қойып, саяхат сайыс сабағын бекітемін.
1. Қазақстанда неше облыс, қанша қала бар?
2. Түркістан қаласында орналасқан ірі мәдени ескерткішті атаңдар.
3. 1992 жылға дейін Ақтау деп аталып келген, портты қаланы атаңдар.
4. Ақтөбе қаласының ортасымен ағып өтетін өзенді атаңдар.
5. Алматы қаласының ескі атауы.
6. Атырау қаласына 40 шақырымдай жерде орналасқан орта ғасырлық мемлекет астанасын ата.
7. Кеңес заманында ірі саяси лагерьлер өлкесі болған қала.
8. Тобыл өзені бойында орналаскан Қазақстан облыс орталықтарының бірі.
9. Қызылорданың 1853 жылға дейінгі атауы.
10. Ерте замандарда Ертіс жағалауында қимақ тайпаларының қонысы болған қала.
11. Шымкент қай ғасырдан бері белгілі болды?
12. Шымкент атауы кандай мағына білдіреді?
Бағалау:
Үйге тапсырма. 12-параграфты оқып келу. Параграфтың соңындағы 3-5 сұрақ-тапсырмаларды орындау.
Бірінші бөлімді қайталау үшін сұрақтар мен тапсырмалар.
1.«Тарих» сөзі қандай мағынаны білдіреді? Онда біз не туралы оқып үйренеміз?
2. Жалпы Қазақстан тарихы қандай кезеңдерге бөлінеді?
3. Тарихи деректпер дегеніміз не және оның қандай түр-лері бар?
4. Археологтпар, антропологтар, этнографтар кімдер, олар нені зерттейді?
5. Тарихи өлкетпану ғылымы қашан жеке гылым саласы болып қалыптастпы және оның тарихты жазуда атқаратын қызметіне бага беріңдер.
6. Ертеде қазақтар уақытты өлшеудің қандай түрлерін қолданған?
7. Кеңістік дегенімізді қалай түсіндіңдер?
8. Тарихты оқып білуде картаның маңызы қандай?
9. Қазақстан әлемдегі ірі мемлекет екендігін картаның көмегімен дәлелде.
10. Қазақстанның табигатына сипаттама беріңдер.
11. Қазақстан қалайша көп этносты мемлекетке айналды? Бугінде Қазаңстанда қанша басқа этнос өкілдері өмір суреді?
12. «Қазақстан қалалары» тақырыбы бойынша естеріңде қалғандарын айтып беріңдер.
5-сынып. Қазақстан тарихынан әңгімелер
Сабақтың тақырыбы: § 13. Адамды кім жаратты?
Сабақтың мақсаты.
Білімділік: Адамның пайда болуы туралы эволюқиялық жөне діни ілімдердің калыптасып, даму тарихы жөне адамның даму сатысы туралы білім беру.
Дамытушылық: Адамның пайда болуы туралы түсініктерін дамыту. Адамның дамуының әр сатысындағы кол жеткізген жетістіктерін салыстыра отырып, айырмашылығын, ортақтығын тауып, ой корытындылай білу қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларға бүгінгі адамзат баласы осындай қалыпка жетуі үшін ұзақ та киын кезеңді басынан кешіргенін, оған еңбектің аркасында жеткенін айта отырып еңбек-сүйгіштікке, ал адамның пайда болуы туралы діни түсінікті қалыптастыра отырып оларды имандылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: интерактивті
Пән аралық байланыс: дінтану, биология
Көрнекілік:
1. Адамның пайда болуы туралы діни наным-сенімдерді сипаттайтын суреттер.
2. «Алғашқы адамдардың даму сатысы» суреті.
3. «Адамзаттың жер бетіне қоныстану» картасы.
4. Плакаттағы «Қала» кестесі.
5. «Адамның қалыптасып, дамуы туралы ілімдер» кестесі.
6. Жаңа сөздер жазылған плакат.
Сабақтпың барысы. I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасын сүрау.
Үй тапсырмасы бойынша параграфтың соңындағы 3-5 сұрақтар бойынша бір, екі оқушыдан үйден орындап келген Қазақстанның ең халкы көп облыстарын анықтау жұмысы бойынша дұрыс жауабы окытылады. Баска оқушылар осы сұрак-жауап бойынша өздерінің тапсырмаларының катесін тексеріп отырады. Одан кейін тақтаның ортасына алдын ала дайындалып қойылған плакаттағы «Қала» деген тірек сөзді пайдаланып, оқушылардың өткен сабақта алған білімдерін тиянақтаймын. Ол үшін тапсырманы орындауға бір-бір окушыдан тақтаға шығарылып, олар маркердің көмегімен сызбаны толтырып, жазып шығады.
ҚАЛА
Бағалау кала ұғымы бойынша көп түсінік айтқан окушылардың жауабы бойынша есептелінеді. Бұдан кейін 2-3 окушының өз каласы туралы жазған әңгімесі оқылады. Окушыларға ол оқушының жазған шағын әңгімесіне бір-екі пікір, ұсыныс айту тапсырылады.
Үй тапсырмасын мұғалім қаланың саяси-мәдени маңызы зор, кала мәдениетінің көрсеткішімен мемлекеттің экономикалық жағдайы сипатталады деп қорытындылайды.
Жаңа сабақты тусіндіру.
Бүгін сендер тарихтың аса бір қызықты оқиғаларымен танысуға мүмкіндік беретін «Тарихқа саяхат» деп аталатын бөліміне саяхат жасайсыңдар деп жаңа бөлімнің бірінші такырыбына көшемін. Тақырыпта камтылатын материал көп болғандықтан, бүгінгі жаңа сабактың такырыптың жоспарын алдын ала плакатка жазып қоямын.
Жоспары:
1. Адамның пайда болуы туралы ежелгі наным-сенімдер.
2. Жаратушы туралы казак аңыздары.
3. Жаңа замандағы адам туралы ілімдердің дамуы.
4. Адамның пайда болуы және оның дамуы.
5. Саналы адамның калыптасуы.
6. Адам баласы казак жерінде.
Сабакта алғашқы адамның пайда болуы әлі күнге толық ашылмаған құпия жұмбақтарға толы күрделі мәселе екенін айтамын. Эволюқиялык ілім бойынша адам бірте-бірте биологиялык даму нәтижесінде калыптаскан. Сонымен бүгінде әлі де адамды Құдайдың жаратқаны туралы ілімнің жокқа шығарылмайтынын айта кетемін. Осы жерде салыстырмалы түрде адамның жаратылуы жөнінде эволюқиялык, ілім мен Құдайдың адамды жаратқаны туралы наным-сенімдер туралы әңгімелеп айтып беремін.
Сабақта өтілетін материал көп, бірақ бұл балаларды қызықтыратын такырыптардың бірі. Сондыктан үйден алдын ала қалайша уақытты үнемдеп, сабақта барлык материалды меңгеріп шығуға болатынын жоспарлаймын. Мысалы, «Жаңа замандағы адам туралы ілімдердің дамуы» туралы тақырыпша ХVIII-ХІХ ғасырларда Еуропада қалыптаскан ғылыми түсінікте XVIII-XIX ғасырларда өсімдіктер мен жануарлар туралы жан-жақты зерттеліп, көптеген еңбектер жарық көрді. Солардың ішінде біз сендермен Чарльз Дарвин, Фридрих Энгельс, Жан Ламарк сияқты ғалымдардың адамның пайда болуы туралы көзкарастарымен танысамыз. Ол үшін окушыларға мәтінді абзақ-абзақ бойынша кезек-кезек оқытып, тақтадағы кестенің көмегімен мазмұндап беруді сұраймын.
Адамның қалыптасып, дамуы туралы ілімдер
Зерттеушілер Ілімі
Карл Линей, Чарльз Дарвин Адам мен маймыл арасындағы туыстық қатынас туралы
Ф. Энгельс Адамның қалыптасуына еңбектің қажеттілігі тікелей әсер етті
Жан Ламарк Маймылдың бірте-бірте дамуының барысында адам қалыптасты
Одан кейін сабақтың келесі тақырыпшасын «Адамның пайда болуы мен оның дамуынан» бастап жер бетінде ең алғашкы адамға ұқсас тіршілік иелері осыдан 2,5-3 млн жылдар бұрын Африка және Азияда өмір сүргенін айтып, ол аймақты «Адамзаттың жер бетіне коныстану» картасын көрсетіп шығамын. Адам тектес жан иелері пайда болғаннан қазіргі адамға ұқсас адам калпына келгенге дейін ұзак уакыт кеткенін, ұзак даму сатысынан өткенін айта кетіп, оны «Алғашқы адамдардын даму сатысы» суреті бойынша қысқаша сипаттап шығамын. Осы жерде оқушылардың назарын адамның қол жеткізген жетістіктерін даму сатысы бойынша айырып, таба білуге бөледі. 1-2 окушыға салыстырып айтып бергізуге болады.
Сабақтың келесі сатысы жаңа сөздермен жұмыс түрі. Ол үшін үйден дайындап, плакатка жазып алып келген тотемизм, гоминид, австролопитек, «хомохабилис» - епті адам, питекантроп, синантроп, тік жүретін адам, неандерталь адам, саналы адам, кроманьондық адам деген жаңа сөздердің анықтамасын оқушыларға жазғызамын.
Алғашкы қоғам баяу дамыды, соған қарамастан адам тектес жан иелері қазіргі адамдар калпына келді. Бұдан кейін нағыз, саналы адамдардың тарихы басталады.
Бұдан 1 миллион жыл бұрын Қазакстан жерінде адамдар мекендеген. Олардың сүйек қалдыктары табылмағанымен, олардың пайдаланған құралдары, тұрақтары көптеп кездеседі. Алғашқы адамдардың өмір сүруіне әсіресе Оңтүстік Қазакстан өңірі қолайлы болған. 1958 жылы X. Алпысбаев бастаған археологтар Жамбыл облысының Қаратау маңынан ежелгі адамдардың тұрағын тапқан деп мұғалім бүгінгі сабакты корытындылайды.
Сабақты бекіту: Сабақты бекіту үшін картаның кемегімен 1-2 окушыға адамзаттың жер бетіне қоныстанған аймағын керсетуді ұсынамын.
Одан кейін оқушылармен «Адамның даму сатысының» тарихын кыскаша әңгімелеп, өздеріне корытынды жасаткызамын.
Үйге тапсырма: 13-параграфты окып келу. «Жұмыс дәптеріндегі» 1 -тапсырманы орындау. Атлас, контур картамен жұмыс. Жаңа сөздерді қайталап, еске сақтау.
5-сынып. Қазақстан тарихынан әңгімелер
Сабақтың тақырыбы: § 14. Тас дәуірі (палеолит)
Сабақтың мақсаты.
Білімділік: Адамзат дамуы тарихындағы ең ұзақ тас дәуірінің кезеңдерін хронологиялық ретімен, еңбек құралдарымен баяндап, тас дөуіріндегі Қазакстан аумағының табиғат жағдайы туралы білім беру.
Дамытушылық: Тас дәуірінің әр кезеңінде ежелгі адамдардың материалдық және рухани мәдениеті үздіксіз дамып отырғанын қорытындылап, салыстыра білу, картамен жұмыс істеу дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік: Ежелгі мәдениетті сақтап-қорғауға, адамгершілікке, еңбеккорлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: интерактивті
Пәнаралық байланыс: биология, геогафия, математика
Сабақтың көрнекілігі:
1. «Ежелгі Қазақстан» картасы.
2. «Тас дәуірінің кезеңдері» деп аталатын кесте.
3. Тас дәуірінің күралдарының суреттері.
Сабақтың барысы. I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасы.
Өткен сабақтағы сабақ жоспары бойынша бірнеше оқушыдан үйге берілген тапсырманың мазмұнын сұрап шығамын. Одан кейін үйге берілген «Жүмыс дәптеріндегі» тапсырманы жалпы сыныптан әр партаны аралап жүріп, тексеремін. Одан кейін алдын ала дайындаған қағаз қиындыларына әр нұсқаға жеке-жеке жазып келген 3-4 жаңа сөздермен таратып беріп, оның жауабын берілген уақыттан соң жинап алып, тексеріп шығамын.
Жаңа тақырыптың жоспары:
1. Ерте тас дәуірі (Палеолит).
2.Тас кұралдары.
3. Тас дәуіріндегі Қазақстанның табиғаты.
4. Орта тас дәуірі.
5. Жаңа тас дәуірі.
6. Неолит жаңалықтары.
Адам баласының алғаш қолданған еңбек құралдары тастан жасалған. Еңбек құралдарын тастан жасау, оны қолдану дәуірі өте ұзаққа созылған. Сондықтан адамзат тарихының осы кезеңі тас дәуірі деп аталады. Тас дәуірі үшке бөлінеді деп темендегі кестенің көмегімен тас дөуірінің кезеңдерімен таныстырамын.
Тас дәуірінің кезеңдері.
ТАС ДӘУІРІ
ПАЛЕОЛИТ (б.з.б. 2 млн 500-12 мыңжылдыктар)
МЕЗОЛИТ (б.з.б.12-5мыңжылдықтар)
НЕОЛИТ (б.з.б. 5-3 мыңжылдықтар)
----------► 1. Ерте палеолит ( б.з.б. 2 млн 500-140 мыңжылдықтар)
----------► 2. Ортаңғы палеолит (б.з.б. 140-40мыңжылдықтар)
----------► 3. Соңғы палеолит (б.з.б. 40-12мыңжылдықтар)
Одан кейін тас дәуірінің кұралдарын суреттердің көмегімен таныстырып өтемін. Окушылар дәптерлеріне алғашқы адамдардың пайдаланған еңбек құралдарын жазып алады:
тескіш, кескіш (чоппер), қырғыш, чоппинг, қол шапқы, пышақ, найза, болос.
Оқушыларға Казақстанның ерте кезеңдегі табиғат жағдайы мен қазіргі табиғатын салыстыртамын. Оқушылар дәптерлерін екіге бөліп, осы тәртіппен екі бағанды салыстырмалы түрде толтырып шығады.
Ежелгі Қазақстан табиғаты Қазіргі Қазакстан табиғаты
Сабакты түсіндіру барысында төмендегі негізге сүйенемін.
Мезолиттегі өзгерістер:
Мұздың еріп, табиғаттың өзгеруі,
Ірі жан-жануарлардың құрып кетуі,
Жебелі садақтың, бумерангтың, кақпан мен тұзақтың пайда болуы,
Балық аулаудың көбеюі қайықтың пайда болуына түрткі болды,
Мал шаруашылығы мен егіншіліктің алғашкы белгілері пайда бола бастады,
Тас өңдеудің жетіле түсуі,
Еуразия, Қиыр Шығыс, Америка құрлығының адам мекенінің игілігіне айнала бастауы.
Неолит дәуірінің жаңалықтары:
Тас өңдеу әдістері жетіліп, жоғарғы дәрежеге жетті,
Ыдыс жасауды үйренді,
Жабайы аңдарды қолға үйрете бастады,
Егіншілікпен айналыса бастады,
Кен өндірісінің негізгі белгілері пайда болды. Мезолит пен неолит дәуіріндегі жетістіктерді тактаға ілінген тас дәуірінің археологиялық ескерткіштерінің суреті аркылы сипаттап шығамын. Картадан оқушыларға тас дәуірінің ескерткіштері шоғырланған аймақтарды көрсетемін.
Осылайша жаңа тақырыпты осындай тірек кесте, сөздер арқылы түсіндіріп былай корытындылаймын: Тас дәуірі біз көріп отырғандай адамзат дамуының ең ұзакка созылған дәуірі. Мұз басу дәуірі Қазақстан аумағына жетпегенмен, мұздың еруі Қазақстанның табиғатына әсер етті. Мезолит дәуірі палеолит пен неолит кезеңі арасындағы жалғастырушы көпір болса, ал неолит кезеңіндегі жеткен жетістіктерінің маңызының зор болғандығы соншалық, тарихта оны ғалымдар «неолит төңкерісі» деп атады.
Бағалау:
Үйге тапсырма: 14-параграфты оқу. Параграфтың соңындағы сұрак-тапсырмаларға ауызша дайындалып келу.
5-сынып. Қазақстан тарихынан әңгімелер
Сабақтың тақырыбы: § 15. Қола дәуірінің қоныстары
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Қола дәуірі, оның адамзат тарихындағы маңызы, қола дөуірінің мәдениет ескерткіштері, оның ерекшеліктері туралы білім беру.
Дамытушылық: Қола дәуірінің адамзат баласының басынан кешірген тарихи кезеңдегі орны жөнінде, кола туралы түсініктері мен оның басқа металдардан артыкшылығы пен ерекшелігін ашып көрсете білу, картаның көмегімен қола дәуірінің Қазақстан аумағындағы аймақтарын аныктай білу кабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Адамзат дамуындағы ұлы жетістіктердің еңбектің аркасында келгендігін айта отырып, оқушыларды еңбекті сүюге, адамгершілікке тәрбиелеу. Қазақ жерінің тарихы адамзат тарихының құрамдас бөлігі екенін үғыну.
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: баяндау
Пәнаралық байланыс: география
Көрнекілік:
1.«Ежелгі Қазақстан» картасы.
2. Жергілікті өлкетану мұражайындағы қола дәуірінің ескерткіштері.
3. Тас бетіне түрлі суреттер салынған қола дәуірі адамдарының рухани мәдениеті туралы түсінік беретін суреттері.
Сабақтың барысы I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасы.
Үй тапсырмасын параграфтың соңындағы мына сұрақ-тапсырмалардың көмегімен бірнеше оқушыдан жеке-жеке сұрап шығамын.
1. Ежелгі тас дәуірінде қоршаған орта, табиғат кандай болды?
2. Орта тас дәуірінде қандай аң аулайтын құралдар шықты?
3. Мезолит дәуірінде қандай өзгерістер орын алды?
4. Мезолит аңшылары кандай жетістіктерге жетті?
5. Жаңа тас дәуірінде қандай ірі жаңалықтар болды?
Жаңа такырыптың жоспары:
1. Қола дәуірі.
2. Қола дәуірінің ерекшелігі.
3. Қола дәуірі (мық) мәдениеті.
4. Ескерткіштері.
Тас дәуірінен кейінгі ірі дәуір қола дәуірі деп аталады Ол б.з.б. II—I мыңжылдықты камтиды. Одан кейін коланың мыстан айырмашылығын ашып көрсетемін. Қола мыс пен калайының қосындысы. Бұдан кейінгі уақыттарда адамдардың негізгі шаруашылык құрал саймандары негізінен қоладан жасала бастағанын, оны игеруді адамдар калай үйренгені жөнінде кызықты етіп әңгімелеп беруге болады. Еуразияның далалы аймақтарында қоланы игеру ісі ерекше қарқынмен дамыды. Қола дәуірінде рулық қатынастар біржола ыдырап, арнайы шаруашылықпен айналысатын тайпалық бірлестіктер пайда болды. Одан кейін кола дәуіріндегі ерекшелігін мына кесте түрінде ашып көрсетемін.
Қола дәуірінің ерекшелігі
Түсті металдар мен алтынды игеру
Көшпелі мал шаруашылығының пайда болуы
Теселі егіншіліктің пайда болуы
Андрон (мық) мәдениеті тақырыпшасын окушыларға кезек-кезек оқытамын, ал қалған окушылар оның мазмұнын түсіндіреді. Оқушылардың Андрон мәдениеті туралы түсінігін еске жаксы сақтауы үшін мына төмендегі тірек сызбаны пайдаланамыз.
Мық
Орталык Қазақстан
Бұғылы
Ачинск
Андрон мәдениеті
Кент арий, тур, қиян
150-жуьщ қабір 30-ға жуық коныс
егіншілік
мал шаруашылығы
Қола дәуірінің ескерткіштері Қазақстанның солтүстік, орталық және батысынан табылған. Солардың негізгілері Алексеевка, Ұралысай, Тастыбүлак, Тамғалы, Петровка, Бесбай, Алғабас, Беласар, Бұғылы, Қанай, Беғазы-Дәндібай мәдениеттері. Оқушыларға қосымша мәлімет ретінде Беғазы-Дәндібай мәдениеті туралы әңгімелеп айтып беремін.
А. X. Маргулан. Бегазы-Дандыбаевская кулътура Қентрального Казахстана. Алма-Ата, 1979; Ғұлама тұлга, тағдыр, тагылым(ӘлкейМаргрлан туралы естелік мақалалар). Павлодар, 2004.
Жаңа тақырыпты меңгерудің келесі сатысы сабакта өткен жаңа сөздер бойынша жұмыс: алдын ала үйден дайындап жазып әкелген теселі егіншілік, Андрон мәдениеті, петроглифтер деген сөздер жазылған плакатты тактаға іледі. Тақырыпты окушылар калай меңгергендігін тексеру үшін төмендегі сұрактарды коямын. Оқушылар сұрактың жауабын жылдам беруі тиіс.
1. Қола дәуірі кай кезеңді камтиды?
2. Қола калай алынады?
3. Қола дәуірінің үш ерекшелігін айтып беріңдер
4. Қола дәуірінің ірі мәдениеті неліктен Андрон немесе мық мәдениеті деп аталады?
5. Қола дәуірінде Қазақстан тұрғындарын қалай атаған?
6. Қола дәуірінің ескерткіштері ең көп шоғырланған өңір?
7. Қазак жерін кола дөуірінде мекендеген тайпалар қан-дай тілдік топқа жаткан?
9. Ңола дәуірінде егіншіліктің қандай түрі пайда болды?
10. Қола дөуірінің ескерткіші Беғазы-Дәндібай мәдениетін ашкан көрнекті ғалымды ата.
Үйге тапсырма. 15-параграфты оқып, соңындағы сұрак-тапсырмалар бойынша дайындалып келу. Қола дәуірінің еңбек кұралдарының суретін өздерінің ойынша салып келіп, әңгімелеп айтып беру.
5-сынып. Қазақстан тарихынан әңгімелер
Сабақтың тақырыбы: § 16. Сақтар
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Ежелгі Қазакстан аумағын мекендеген сақ тайпаларының мекендеген аймағы, өмір тіршілігі мен шаруашылығы туралы деректермен таныстыру.
Дамытушылық: Сақтардың кәсібі және шаруашылық жағдайымен танысу, қола дәуірі тайпаларымен салыстыра отырып, ортақ белгілерін, айырмашылығын тани білуге, картамен жүмыс істеуге үйрету, ой қорыта білу қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік. Сактарды ержүрек халык ретінде сипаттай отырып, сақтардың дүниежүзілік өркениетке коскан үлесін анықтау, оқушыларды отаншылдыкқа, ерлікке, батырлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Лекция
Әдісі: баяндау, сұрақ-жауап
Пәнаралық байланыс: география, математика
Көрнекілік:
1. «Сак дәуірі» картасы.
2. Плакатқа сызылған «Сак тайпалары» кестесі.
3. Сактардың өмірі мен түрмысы бейнеленген суреттер.
4. Сактар өнер туындыларының суреті.
Сабақтпың барысы: I. Үйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасы.
Үйге берілген тапсырманы мұғалім сыныпты 4 нұскаға бөліп, әр нұсқаға үй тапсырмасы бойынша бір-бір тапсырманы жазбаша түрде береді.
1-нұска. Қола дәуірінің кезеңдері, кола қалай алынды? Мыстан артықшылығы қандай?
2-нұсқа. Қола дәуірінің негізгі үш ерекшелігін атап жазып шығыңдар.
3-нұсқа. «Андрон мәдениеті» деп неге аталады? Ол кезеңде Қазакстан аумағын кандай тайпалар мекендеген?
4-нұсқа. Қола дәуірінің ең ірі ескерткіштерін тізіп шығыңдар.
Окушылардың жауап парағын жинап алып, олардың есте сактау кабілетін, тарихи дәуірлердің айырмашылығы мен ортақ белгілерін таба білу дағдыларын дамыту үшін төмендегі диаграмманы сынып болып бірлесе толтырып шығады. Тақтада ілінген диаграмманы толтыруға койылатын талап: оқушылар «Тас дәуірі» және «Қола дәуірі» деген екі шеңбердің ішіне өзіндік ерекшеліктерін барынша көбірек тауып толтырып шығуы тиіс, ал ортадағы төрт бұрыштың ішіне екі дәуірге тән ортақ белгілерін жазып шығады.
ТАС ҚОЛА ДӘУІРІ
Осылайша өткен сабақтарды бір-бірімен байланыстыра отырып үй тапсырмасын тексеріп шығып, жаңа тақырыпқа көшемін
Жаңа тақырыптың жоспары:
1. Сақтар - ежелгі Қазақстан тұрғындары.
2. Сақ одағына кірген тайпалар.
3. Сақтар туралы көне деректер.
4. Сақтардың материалдык және рухани медениеті.
5. Сақтардың шаруашылығы.
Сақтардың тарихын оқыту барысында мына міндеттерді басшылыққа аламын.
Сақ тайпалық одағының кұрылуы, географиялық, хронологиялық кеңістігі, саяси жағдайы, шаруашылығы, жер иелену ерекшеліктері туралы жүйелі баяндау қажет. Мысалы: б.з.б. I мыңжылдыкта Жетісудан жөне Түркістаннан Қара теңіз бойына, Алтай тауларынан Хорезмге дейінгі аймақты «сақ» атауына ие болған көптеген тайпалар мекендеген. Оқушыларға сақ тайпаларының жайлаған аумағын картадан көрсетемін. Бұл дәуір тарихи әдебиеттерде «ерте темір дәуірі», «ерте көшпелілер дәуірі», «сақ дәуірі» деп аталады. Сақтардың кұрамына көптеген тайпалар кірді. Олардың нақты санын айту мүмкін емес. Сақтар тарихта көптеген атаулармен белгілі болғандығын айтып, төмендегі кестенің көмегімен түсіндіріп шығамын.
Кесте№1
Деректерде Қалай атады?
Ирандықтарда Сақтар
Еуропада Скифтер
Грек деректерінде даилар, массагеттер, исседондар т.б.
Парсы деректерінде Хаомоварга, тиграхауда, парадарайа
Сақтар туралы бізге көптеген деректер жеткен. Оны нақты мысал ретінде қосымша әдебиеттерден кызықты мәліметтер келтіре отырып, оқушылар жаксы есте сактау үшін төмендегі сызбаны пайдаланады.
Сактар туралы
Грек тарихшысы Геродоттың
Грек саяхатшысы Аристейдің
Парсының Бехистун жартасында
Накши Рустемдегі тасқа кашалған жазуларда
Персепольдегі таска қашалған жазуларда
Грек авторы Фукидидтің зерттеулерінде
Одан әрі «Сақтардың өмір салты, шаруашылығы және тұрмысы» мен «Көшпелі мал
шаруашытылығы» такырыпшаларын окушыларға кезек-кезек окытып, ал калған оқушыларға оның мазмұнын айтып беруді тапсырамын. Мұнда сақтардың мал шаруашылығының түрлері мен табиғи-географиялық ортаның оған әсері ашып көрсетемін Осылайша жаңа тақырыпты меңгеріп шыққаннан соң, олардың жаңа тақырыпты қалай түсінгенін тексеру мақсатында төмендегі сұрақтарды беріп тақырыпты бекітемін.
Бекіту сұрақтары:
1. Сақтардың өмір сүрген баспанасы.
2. Сақтар өлген адамды қалай жерлеген?
3. Сактар неге табынды?
4. Сақ елінде басты Құдай не болды?
5. Сақтар ұлы аруақтарға арнап кандай малды құрбандыкка шалды?
6. Сақ заманының тұрмыстық заттары, ыдыстары мен бүйымдары қандай стильмен өрнектелді?
7. Сақтардың негізгі шаруашылығы не болды?
8. Көшпелі мал шаруашылығы Қазақстанның қай аймағында тарады?
9. Отырықшы шаруашылық Қазақстанның қай аймағында тарады?
10. Қазақстанның оңтүстік аймағында отырықшы мал шаруашылығының дамуы неліктен мүмкін болды?
Қорытынды: Скиф-сақтар Шығыс Еуропа, Батыс және Орталық Азия кеңістігіне тараған жаркын мәдениетті туғызды. Сонымен катар сақтар заманыңда әлемдік өркениетке өзіндік үлесін қоса білген жауынгер де батыр халық болғанын біз сендермен келесі сабақтарда оқып білетін боламыз.
Бағалау:
Үйге тапсырма: 16- параграфты окып, такырыптың соңындағы сұрақ-тапсырмалар бойынша дайындалып келу. «Жүмыс дәптеріндегі» 2-3 тапсырманы орындау.
5-сынып. Қазақстан тарихынан әңгімелер
Сабақтың тақырыбы: §17. Сақ патшалары. Сақтардың тәуелсіздік үшін күресі.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Сак қоғамындағы басқару ісі, коғамдык қүрылысының ерекшелігі мен сақтардың өз тәуелсіздігі үшін жүргізген соғыстары кезеңіндегі басты тарихи тұлғалар мен олардын ерліктері туралы білім беру.
Дамытушылық: Оқушылардың сактар туралы білімдерін одан әрі жетілдіріп, ойлау, картаны косымша көмек кұралы ретінде пайдалана білу қабілеттерін, аңыз деректері негізінде сақтар туралы, тарихи оқиғалардың тарихи шеңбері мен кеңістігі туралы білімдерін жетілдіру.
Тәрбиелік: Отаншылдыққа, мемлекетті және тәуелсіздікті сүюге, ұлтжандылыққа тарихи тұлғалардың ерлік ісі негізінде тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: интеракивті
Пәнаралық байланыс: география
Көрнекілік:
1. Карта.
2. Сақтардың жаугершілігін бейнелейтін суреттер.
3. Сақтардың саяси тарихына катысты хронологиялык кесте.
Сабақтың барысы: I. Үйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасы.
Алдымен «Жұмыс дөптері» бойынша берілген тапсырмаларды жаппай тексеріп шығудан бастаймын. 1-2 окушы үй тапсырмасының дұрыс жауабын оқытамын, ал қалған оқушылар көршісімен дәптерлерін алмасып, бір-бірлерінін катесін тексереді.
Өткен сабақты еске түсіріп, жаңа сабақты айтуда оқушыларға көмек ретінде тақтаға төмендегі «Сактар» деген тірек сөзді жазамын, оқушылар оны кезек-кезек бір-бірлеп айтып, оны толтырып отырады.
САҚТАР
Осы тақтада жазылған тірек сөздердің көмегімен енді окушыларға үй тапсырмасын мазмұндап беру тапсырылады.
Үй тапсырмасын былай корытындылаймын: Сақтар ежелгі Қазақстан аумағын мекендеген көшпелі өркениеттің жоғары дәрежесіне жеткен тайпасы болды. Олар негізін салған мәдени, шаруашылықтағы жаңашылдықты кейін кұрылған тайпалық одактар мен мемлекеттер жалғастырды. Сол заманнан бері казақ даласында көшпелі мал шаруашылығы мен отырыкшы қалалық тұрмыс әдемі үйлесім тапты. Сақтар өз заманыңда отанын, жерін басқа жатжерлік шапкыншылардан қорғауда ірі-ірі шайкастарды басынан кешірді. Бүгін біз осы сақтардың көршілермен қарым-катынасы, саяси тарихы туралы мағлұмат аламыз деп жаңа тақырыпқа көшемін.
Жаңа тақырыптың жоспар:.
1. Сактардағы басқару ісі.
2. Сактар туралы аңыздар.
3. Сак патшасы Томирис.
4. Сактардың жатжерлік жаулап алушыларға қарсы күресі.
5. Парсылардың сақ жеріне жорығы.
6. Сак жауынгері Шырактың ерлігі.
7. Сактардың басқа елдердегі ірі шайқастарға қатысуы.
Сақтардың қоғамдық тіршілігінде халык жиналысы маңызды рөл атқарды. Оған бүкіл ер азаматтар катысқан. Ер адамдардың орны оның ру-тайпасының деңгейіне карай анықталды. Себебі, сак тайпалары да өркелкі еді. Олардың ішінде билікті ұстаған патша әулеттері де, катардағы көшпелі немесе егінші тайпалар да болды. Одан кейін сақтарда билеуші әулеттің пайда болуы туралы аңыз-әңгімені оқушыларға әдемілеп айтып беремін.
Сақтар көптеген әлемдік тарихи окиғаларға катысқан. Олар Ираннан бастап Жерорта теңізіне дейінгі аралықтағы барлық елдерді бағындырған, жеңілмейтін парсы патшасы Кирді жеңіп, Ахеменид әулетінің басқа да билеушілерімен шайкасқан. Сактар мен парсылар арасындағы шайқас ұзақ жылдарға созылды. Сақтардың біраз бөлігі парсылармен соғыс одағын қүрып, Египетке жорық жасайды. Сонымен қатар тарихта сақтардың парсылармен бірігіп, гректермен шайкасканы бізге белгілі. Көшпелілердің салты, жауынгерлік дәстүрлері сол заманда өзге халықтардан үстем болды. Бұл дәстүрлер әлі де өз мәнін жоғалтқан жоқ. Қазақтардың арғы ата-бабалары да өз отаны үшін қасық қаны қалғанша күресіп, отқа түсіп ерлігімен данқы шыққан. Бұл ерлік дәстүр атадан балаға мұра ретінде калып отырды деп, сақтардың ерлігін, батырлығын сипаттайтын оқулықтағы аңызды оқушыларға өздері оқып меңгеруді тапсырамын. Ол үшін сыныпты №1, №2, №3, №4 нөмірленген бірнеше топқа бөлемін, олардың міндеті аңыздарды оқып-түсініп, 2-3 сұрақ құрастырады, ол сұрақтар бір-бірін кайталамауы тиіс..
Осылайша тақырыпты меңгеріп шыққан оқушылардың білімін бекіту үшін өткен сабактағы хронологиялық кестемен жұмысты кайталай отырып, жалғастырады.
Болған окиға мерзімі Тарихи оқиралар
Б.з.б. VIII-VII ғасырлар-Ежелгі Ассирия мен Мидия өркениеттерімен қатынасы
Б.з.б. VI ғасырдың ортасы -Ахеменид (Иран) өулетімен карым -қатынасы
Б.з.б. 530 жыл-Парсы патшасы Кирдің сактарға жасаған жорығы
Б.з.б. IV ғасырдың 30-жылдары-Сақтардың өз жерлерін грек-македондықтардан корғауы
Б.з.б. 540, 530, 519 жылдар-Ахеменид өулеттерінін сак жеріне жорығы
Б.з.б 519-518 жылдар-Парсы патшасы Дарийдің сақтарға жойқын жорығы
Оқушылар хронологияльқ кестені кейінгі сабактарда пайдалану үшін артық бос жолдарды сызып калдырады.
Қосымша дерек ретінде сак патшасы Томирис (Түмар), Зарина туралы аңыздарды, ғылыми-көпшілік әдебиеттерден әңгімелеп айтып беремін.Бұл окушыларды кызыктыра түседі.
Қосымша дерек ретінде ұсынылатын әдебиет: ЯннисМилиадис. Истории из Геродота. М., 1983. 60
Жаңа такырыпты бекіту үшін окушыларға төмендегі сұрақтарды қояды.
Сұрақтар тізімі:
1. Аңыз бойынша сактардың ата-бабасы кімдер?
2. Аңыз бойынша сақтардың үш әулетінің қайсысы тұңғыш патша ұрпағы атанды?
3. Сақ коғамында абыздардың киген киімінің түсі.
4. Кирдің колынан қаза тапкан Томиристің ұлы.
5. «Сен қанға тоймаушы едің, енді той» деген сөз кімдікі?
6. Б.з.б. IV ғасырдың 30-жылдары сак-скиф жеріне грек-македондыктарды бастап келген қолбасшы.
7. Грек-македон әскерінің Үндістанға жорығына қатыскан массагет тайпасының ауыр қару-жарақты атты әскері калай аталады?
8. Парсы патшасы I Кир кай өзеннің бойына қала тұрғызды?
Бағалау:
Үйге тапсырма: 17-параграфты тақырыптың соңындағы сұрақ-тапсырмалардың көмегімен жауаптар дайындау аркылы меңгеріп шығу.
5-сынып. Қазақстан тарихынан әңгімелер
Сабақтың тақырыбы: Қайталау
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: І тоқсанда өтілген материалдарды қайталата отырып, оқушылардың білім-білік дағдыларын қалыптастыру, тарихты сыни тұрғыда талдай алатын білімді азамат тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: қайталау
Әдісі: интерактивті
Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері, география, орыс тілі, қазақ әдебиеті
Көрнекілік: карта, сызба
Аңыз бойынша сактардың ата-бабасы кімдер?
Аңыз бойынша сақтардың үш Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі
Оқу құралын тексеріп түгелдеу
Әнұран орындау, «Хабар»
Оқушылар зейінін сабаққа аудару
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:
әулетінің қайсысы тұңғыш патша ұрпағы атанды?
Сақ коғамында абыздардың киген киімінің түсі.
Кирдің колынан қаза тапкан Томиристің ұлы.
«Сен қанға тоймаушы едің, енді той» деген сөз кімдікі?
Б.з.б. IV ғасырдың 30-жылдары сак-скиф жеріне грек-македондыктарды бастап келген қолбасшы.
Грек-македон әскерінің Үндістанға жорығына қатыскан массагет тайпасының ауыр қару-жарақты атты әскері калай аталады?
Парсы патшасы I Кир кай өзеннің бойына қала тұрғызды?
Қайталанатын материалдар:
Тарих пәні туралы
Тарихтың қайнар көзі
Жазба деректер
Заттай деректер
Өлке тану дегеніміз не?
Тарих және уақыт
Тарих және кеңістік
Тарихи карталар
Қазақстан-әлемдегі ірі мемлекеттердің бірі
Біздің Отанымыз-Қазақстан
Қазақстан халқы
Адамды кім жаратты?
Тас дәуірі
Қола дәуірі
Сақтар
Бекіту:
«Иә-жоқ»
Бетпе-бет
Эрудит
Мұны әркім білуі тиіс
Эссе
Бағалау:
Үйге тапсырма: І тоқсан материалдарын қайталау.
5-сынып. Қазақстан тарихынан әңгімелер
Сабақтың тақырыбы: §18. «Алтын киімді адам»
Сабақтың мақсаты.
Білімділік: Сақ дәуіріне жататын археологиялық ескерткіштерді сипаттай отырып, материалды, рухани мәдениеттің көрсеткіші - өнер туындыларымен сақтардың мәдени-экономикалык даму дәрежесінің белгісі ретінде таныстыру.
Дамытушылық: Картаның көмегімен сак дәуіріне катысты ескерткіштердің таралған аумағымен танысу, тарихи-мәдени ескерткіштер негізінде сактардың экономикалық, мәдени даму дәрежесін бағалап, талдап, ой қорыта білуге, ізденуге үйрету.
Тәрбиелік: Сақтардың рухани және материалдық мәдениет ескерткіштеріне сүйене отырып, оқушыларды мәдениетті сүйіп, құрметтеуге, мәдениеттің адам өмірінде алатын маңызын түсіне білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: интерактивті
Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері, география
Көрнекілік: Сак қорғандарына жүргізілген экспедициялы жұмыстардың картасы. Сақтардың мәдениетін сипаттайтын зергерлік өнер туындыларының суреті.
Сабақтың барысы: I. Үйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасы
Тақырыптың соңындағы мына сұрақ тапсырмаларға сүйене отырып сыныптың сабақка дайындығын тексеріп шығамын.
1.Тарих атасы Геродоттың жазбаларында сақтардың жауынгерлігі қалай бейнеленген?
2. Отаншылдық, ұлтжандылық деген сөздерді калай түсінесіңдер?
3. Шырактың ерлігі туралы қысқаша әңгімелеп беріңдер.
4. Парсылармен бірге одак кұрып, сақтар қандай елдерге жорық жасады, сол мемлекеттердін аумағын картадан белгілендер.
5. Сақтарға катысты тақырыптың мәтіндерін пайдалана отырып, жасалған хронологиялық ретпен тарихи оқиғаларды баяндап шығыңдар.
Төмендегі тапсырманы орындаңдар: Бұлар кімдер?
Кир- .....................................................................................
Томирис -.............................................................................
Спаргапис -..........................................................................
Ескендір Зұлкарнайын -......................................................
Зарина- ................................................................................
Жаңа сабақтың жоспары:
1. Есік қорғаны.
2. «Алтын киімді адам».
Бүгінгі тақырыбымыз бұрынғы сабақтарда өткен сактар тарихының жүйелі жалғасы екендігі, «ерте көшпелілер дәуірі» деген атпен белгілі бұл дәуірдің басты ерекшеліктерін, оның Қазақстан тарихында алатьш орнын айта келіп, окушылардың танымын жаңа арнаға бағыттаймын. Көрнекі құралдар арқылы оқушы назарын жаңа сабақка аударып, олардың тақырыпка қызығушылығын тудыруға күш саламын.
Сақ коғамы мәдениетінің даму дәрежесі көрсеткіші ретінде сак дәуірінің өнер туындыларын оқытқанда төмендегі негізгі міндеттерді басшылыкка аламын:
сактардың жерлеу дәстүрі,
сактардың өнер туындыларының стильдік ерекшелігі,
өнер туындылары негізінде сактардың дүниетанымын керсету.
Бұл такырыпты өткенде , сактардың өнер туындыларының ең бір тамаша куәгері - «Алтын киімді адам» көне заманның теңдесі жоқ жәдігері деп атап, оны зерттеп тапкан белгілі ғалым, археолог К. Ақышевтің еңбек жолымен таныстырып, «Алтын киімді адамның» табылу тарихына токталып кетемін. Окушылардың үйден жинастырып, дайындап келген суреттерін пайдалана отырып, сақ өнерінің стильдік ерекшеліктерін сипаттаймын. «Алтын киімді адамға» окулыкта берілген сипаттаманы оқи отырып, оны суреттен тауып алуға әрекеттендіремін. Бұл оқушыларды байқағыштыкка икемдейді. Одан кейін қазіргі таңда осы «Алтын киімді адам» бейнесі Қазақстанның егемендігінің символына айналып, Республика алаңында ұлттығымызды асқақтатып тұр. Ал сак жауынгерінің бөркінде бейнеленген қанатты тұлпарлар біздің тәуелсіз Қазақстанымыздың Елтаңбасынан орын табуына сендер қандай баға беріп, ой корытындылайсыңдар деп оқушылардың өздеріне сұрақ қоямын. Оқушылардың көзбен көріп, есте сақтау қабілетін дамыту үшін төмендегі тапсырма орындалады.
1-тапсырма. Сақ өнері мен мәдениетінің даму дәрежесін көрсететін колөнер жөне зергерлік бұйымдарының суретін сал.
Сабақты бекіту мақсатында окушыларға мынандай сұрақтар қойып шығамын.
1. «Алтын киімді» адам кай жерден табылды?
2. «Алтын киімді» адамды тапқан белгілі ғалым-археолог кім?
3. Сақ жауынгері мүрдесі басы кай жакка каратылып жерленген?
4. Қабірдің қай бөлігінен ыдыстар, зергерлік бүйымдар табылды?
5. «Алтын киімді адам» қанша алтын әшекейлермен жабдықталған?
6. Қабірден табылған қолөнер заттары қандай стильде бейнеленген?
7. Сақтардың беліне бекітіп жүретін канжары калай аталады?
8. «Алтын киімді адамның» жанынан табылған күміс тостағанда не бейнеленген?
9. Сақ жауынгерінің бас киімінде не бейнеленген?
Қорытындылау: Сақ қоғамының бізге жеткен өнер туындыларын көрсетіп, сақтардың қолжеткен жетістіктерін қалайша бағалайсыңдар деп оқушылардың өздеріне сабақты қорытындылатамын.
Бағалау:
Үйге тапсырма. 18-параграфты оқып, қосымша деректер жазып келуге тапсырма беру.
5-сынып. Қазақстан тарихынан әңгімелер
Сабақтың тақырыбы: § 19. Мөде- Ғұн мемлекетінің негізін қалаушы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Ғұнатауы, «халықтардың ұлы қоныс аударуындағы» ғұндардың рөлі, ғұн мемлекеттік бірлестігінің қалыптасу тарихы, шаруашылық өмірі мен тұрмысы туралы білім беру.
Дамытушылық: Мемлекеттердің калыптасуының алғышартын, оның белгілерін анықтай білу, карталарды сабақта тиімді пайдалана білуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: Тарихи аңыз деректер негізінде балаларды ұлтжандылыққа тәрбиелеу, Орталық Азия тарихының жалғастығын керсету, ірі саяси тұлғаны үлгі қылу.
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: интерактивті
Пәнаралық байланыс: әдебиет, география
Көрнекілік:
1. «Ғұндар» картасы.
2. Жаңа сөздер жазылған плакат.
3. Ғұндардың батырлығын, жауынгер халық болғандығын дәріптейтін суреттер.
4. Ғұндардың пайдаланған қару-жарактарының суреті.
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасы. Үй тапсырмасы оқушылардан мына ретпен сұралады.
1. «Алтын киімді адамның» табылу тарихы.
2. К. Ақышевтің Қазақстан археологиясына қоскан үлесі.
3. «Алтын киімді адамның» қабірінен табылған әшекей заттарды атап шығыңдар.
4. «Алтын киімді адамның» әшекей заттарына сипаттама беріңдер.
Одан кейін үйден осы «Алтын киімді адамның» тарихына қатысты жазып алып келген оқушылардың қосымша деректері оқылады.
Қорытындылау. Сақтар кешпелілер өркениетіне өзіндік үлесін қоса білген тамаша мәдениет жаршыларының бірі. Сақ дәуірінен жеткен мәдениет үлгілері одан кейінгі мем-лекеттер өмірде өз жалғасын тапты. Сақ мәдениеті қазақ мәдениетінің қайнар көзі.
Жаңа сабақты түсіндіру
Қазақтардың арғы ата-бабалары ғұндар жөніндегі тақырыпты оқушыларға оқытудың тәрбиелік маңызы зор. Ғұндардың көшпелілер тарихында, жалпы әлемдік тарихқа қосқан үлесін ерекше. Жаңа тақырыпты түсіндіруде өткен параграфтарда қарастырған сақтардың мемлекеттік, әлеуметтік-саяси кұрылымын ғұндармен салыстыра және оқушылардың ойлау қабілетін дамыту мақсатында сұрактар қоя отырып баяндаймын.
Сабақ жоспары:
1. Ғұнатауы.
2. Ғұн мемлекетінің өрлеуі.
3. Ғұндардың көршілерімен саяси байланысы.
4. Ғұндардың шаруашылык өмірі, тұрмысы.
5. Ғұн мәдениеті.
Ғұндар -б.з.б. III ғасыр мен б.з-дың ІҮ ғасырында Орталық Азияда қоныстанған деп бастайды. Б.з.б. I мыңжылдыктың ортасында Алтай, Оңтүстік Сібір мен Шығыс Қазакстан аумағындағы «ғұн» деген атпен белгілі тайпа одағы қалыптаса бастады деп картадан ғұндардың мекендеген аумағын көрсетемін.
Мөде шаньюйдің ғұн мемлекетінің негізін салып, «Аспан ұлы» деген атаққа ие болуы женіндегі аңызды оқушыларға абзац бойынша кезек-кезек оқытып, қалған оқушылар оның мазмұнын түсіндіреді. Оқушыларға жеңіл болу үшін оны сұрақтарға жауап беру арқылы ұйымдастыруға болады.
Әлемдегі ірі мемлекеттердің бірі болып табылатын Қытаймен қарым-катынасында ғұндардың басымдылығын Қытай императорының ғұндарға жыл сайын алым-салык төлеп тұрғанынан көруге болады. Алайда Қытаймен арадағы шиеленіскен қарым-қатынас, кейін ғұн мемлекетін дағдарысқа ұшыратып, екіге бөлінуіне алып келеді. Бұл жерде оқушыларға мәтіннен ғұн мемлекетінің дағдарысқа ұшырап, екіге бөлінуінің себеп-салдарын ашу тапсырмасы беріледі.
Сабақтың келесі кезеңі окушылардың эстетикалык білімін ұштауға негіз болуы тиіс. Ғұндардың шаруашылық негізіне, соғыс қаруын колдану дәстүрі жағынан жеткен жетістіктеріне косымша мәліметтер келтіре отырып түсінік беремін. Ол ойды тиянақтап, бекіту үшін төмендегі тапсырма орындалады. Кестені толтыр:
Ғұн қоғамы қандай жетістіктерге қол жеткізді?
1)
2)
3)
4)
5)
6)
7)
8)
9)
Бекіту:
1.Қытай деректерінде ғұндар қандай атпен белгілі болды?
2. Ғұндардың аты тарихта қандай әлемдік тарихпен тығыз байланысты?
3. Қытай деректері бойынша ғұндардың алғашқы көсемі кім болған?
4. Аманат дегеніміз не?
5. Ғұндардың жоғарғы билеушісін қалай атады?
6. Ғұн коғамында жоғарғы билікке ие болған Мөде қандай атаққа ие болды?
7. Б.з.б. 188 жылы болған қытайлыктар мен ғұндар арасындағы шайқас кімдердің жеңісімен аяқталды?
8. Зерттеушілердің көпшілігінің пікірі бойынша ғұндар кімдердің арғы тегі болып есептелінеді?
9. Ғұн империясы қашан екіге бөлініп, ыдырады?
10. Ғүндардың баспанасы не болды?
11. Ғұндарда өркениеттің қозғаушы күші болған көсіп түрін ата.
12. Үлкен соғыстардың кезінде ғұндардың қолданған жебе түрі.
Бағалау:
Үйге тапсырма: 19-параграфтың соңындағы сұрақ тапсырмалар негізінде тақырыпты оқып келу.
5-сынып. Қазақстан тарихынан әңгімелер
Сабақтың тақырыбы: § 20. Батыс және оңтүстік ғұн империялары
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Батыс ғұн империясын құрушы Аттилаға (Еділге) тарихи тұлға ретінеде сипаттама беріп, ғұндардың батыска жорықтарының нәтижесінде туындаған «Халықтардың ұлы қоныс аударуы» деген атпен белгілі оқиғаның әлемдік тарихтағы маңызын ашып көрсету.
Дамытушылық: Оқушының ойлау қабілетің жаңа сабақтың мазмұнын дамыта отырып жетілдіру негізінде Батыс елдеріне зор әсер еткен Ғұн империясының саяси және мәдени дамуын қазіргі Қазақстан жетістіктерімен ұштастыра білуге үйрету.
Тәрбиелік: Оқушыларды Қазакстан даласын мекендеген тайпалардың ерлік дәстүрлерін, қазақ халқының мәдениетіне қоскан үлесін аша отырып, адамгершілікке, елін сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:аралас
Әдісі: баяндау сұрақ-жауап
Пәнаралық байланыс: география
Көрнекілік:
1. Ғұн империясының картасы.
2. Еділ патшаның портреті.
3. Ғұндардың жаугершілігін бейнелейтін суреттер.
4. Ғұндардың колданған кару-жарак түрлері.
Сабақ барысы. I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасы
Төмендегі сұрақтар негізінде үй тапсырмасын сұрап шығамын.
1. Құдіретті Шығыс ғұн мемлекеті қалай құрылды?
2. Ғұн мемлекетінің күшейген шағындағы аумағын картадан көрсетіңдер.
3. Мөде шаньюй туралы не білесіңдер?
4. Ғұн империясының екіге бөлінуіне қандай жағдайлар себеп болды?
5. Ғұндардың жауынгерлік өнері туралы қысқаша әңгімелеп беріңдер.
6. Ғұндардың тұрмысы, шаруашылығы туралы не білесіңдер?
Жаңа тақырыпты түсіндіру жоспары:
1. Батыс Ғұн империясынын құрылуы.
2. Ғұндардың жеңімпаз жорықтары және Халықтардың ұлы қоныс аударуы.
3. Рим және Ғұн империясы.
4. Оңтүстік Ғұн империясы және оның тағдыры.
5. Біртұтас ғұн империясының ыдырауы.
Б.з-дың V ғасырында өмір сүрген Еділ (Атти-ла) патшаның Батыс елдерін бағындырған жеңімпаз жорықтарының нәтижесінде Еуразия кеңістігінде көшпелілердің империясы құрылды. Еділ Алмания (Германия) мен Скандинавия тарихында Этқель, славяндарда Атыл есімімен белгілі болса, венгр (мадиар) халқы оны бабамыз деп есептейді. Осы жерді оқушыларға оның себебін ашып айту. Одан кейін Еділ Батыс ғұн империясының билігіне қалай келгендігі, оның жүргізген жеңімпаз жорықтарының сипаттайтын қосымша деректерден үзінді келтіремін. Қосымша әдебиет:
Т. Журтпбаев. Дулыга: Көне түркі батырлары туралы тарихи әфсаналар. - Алматы. 1994.
Еділдің тұсындағы ғұндардың жеңімпаз жорықтарын баяндай отырып картаның көмегімен ғұндардың мекендеген аумағы мен бағындырған елдерін картадан көрсетемін.
Оқушылар жақсы есте сақтау үшін Еділдің бағындарған елдері мен халықтарды дәптерлеріне жазғызып қоямын. Олар дәптерлеріне Рим империясы, угор /естек/, аландар, славяндар, Боспор патшалығы, вестгот, остгот сияқты герман тайпалары деп жазып алады.
Осы жерде ғұндардың батысқа жорығында қандай қарулармен қаруланғанын сипаттау мақсатында тақтаға ілінген сурет бойынша ғұндардың қару-жарақ түрлерін сипаттап айтып беремін. Одан әрі ғұндардың Еуропаны жаулауы Баламер патшаның тұсында басталып, Еділдің тұсында аяқталды. Ол қанша жерден жаулап алушы болғанмен, шамасы келгенше жаулап алған жерлерде қалалар мен мәдени ескерткіштерді қиратуға жол бермеген. Бұл дәуірдің ұлы оқиғасы деп 451 жылы болған Каталаун /Франқия жері/ шайқасын айтады. Рим мен ғұндар арасындағы соғыста 200 мың адам қайтыс болды деп жазады. Бұл шайқастың нәтижесінде ғұндар Рим империясының орталық бөлігін талқандап императордың қарындасын және оның жасауы деп Римнің қазынасын алуы Ғұндардың құдіреттілігін көрсетеді деп, оқушыларға осы сөйлемдерді мәтіннен тауып оқып беруге тапсырма беремін. Бұл оқиғаның әлемдік тарихта алатын маңызына ерекше тоқталып кетемін. Ғұндар бастаған «халықтардың ұлы қозғалысы» әлем тарихында орта ғасырлардың қақпасын ашып, феодалдык дәуірді бастан берді. Ғұн соғысынан кейін құл иеленуге негізделген Рим империясы ыдырап Еуропада ұлттық мемлекеттер пайда болды. Бұл Еуропа тарихы үшін үлкен прогресс еді деп ерекше тоқталып кетемін.
Одан әрі қандай мемлекет болмасын өз өмір сүру тарихында шарықтап өсу кезеңдері мен құлдырау кезеңдерін бастан кешірген, сол сияқты осындай ірі мемлекет ғұн империясы да түрлі себептерге байланысты дағдарысқа ұшырап, бірнеше иеліктерге бөлініп кеткендігін айтамын. Шығыс ғұн империясы ыдыраған уақытта біраз ел Оңтүстікке қоныс аударып Ақ Ғұн мемлекетін құрғанын, оның үлкен империяға айналып Үндістан мен Иран жерін бағындырғанын, қазіргі Түркістан мен Ташкент алқабы да Оңтүстік ғұн империясының құрамында болғанын баяндау. Оқушыларға мәтіннен осы ғұн империясының құлдырап, ыдырауының себебін тапқызып, бір оқушыға оны дауыстатып оқытқызамын.
Сабақтың келесі сатысы өткен сабақтағы жаңа сөздермен жұмыс түрі. Тақтаға Халықтардың ұлы қоныс аударуы, угор /естек/, Рим империясы, Боспор патшалығы, вестгот, остгот, Византия, феодалдық дәуір, эфталит, ақ ғұн деген сөздердің ұғымдарын жазып коямын.
Сабақты бекіту мақсатында оқушылардың білімдерін төмендегі сұрақтар арқылы тексеріп шығамын.
1. Ғұндардың Батыс елдерін бағындырған жеңімпаз жорықтары кімнің атымен байланысты?
2. Еділ батыр қай ғасырда өмір сүрген?
3. Еділ патшаның Батыс ғұн империясының тағына отырған жылы.
4. Ғұндардың бағындырған мемлекеттері мен тайпаларын ата.
5. Ғұндардың Еуропаны жаулауы кімнің тұсында басталды?
6. Бұл дәуірдің ұлы оқиғасы деп аталатын Каталаун шайқасы қай жылы болды?
7. Ғұндардың шабуылынан кейін ыдырай бастаған Рим империясының шығыс бөлігі енді тарихта қандай атаумен белгілі болды?
8. Ғұндардың оңтүстікке жылжыған топтарын қалай атады?
9. Ондаған жылдық соғыстан кейін кімдер жүз жыл бойы оңтүстік ғұндарға бағынышты болды?
10. Қай ғасырларда ғұн мемлекеті бірнеше иеліктерге бөлініп ыдырап кетті?
Бағалау:
Үйге тапсырма. 20 параграфты оқу, параграф бойынша 2-3 сұрақтан дайындап келу.
5-сынып. Қазақстан тарихынан әңгімелер
Сабақтың тақырыбы: § 21. Ежелгі түркілер. Түрік қағандығы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: «Түрік», «қағанат» атауларына түсінік беру, Түрік қағандығының коғамдық құрылысының ерекшелігін ашып көрсету және саяси тарихы мен шаруашылық жағдайы туралы түсінік беру.
Дамытушылық: Түркі дәуірінің тарихы мен мәдениетін қазіргі Қазақстан тарихы мен мәдениетімен байланыстырып, оқушылардың тарихи ойлап, қорытынды шығара білу қабілеттерін, ой-өрісін дамыту.
Тәрбиелік: Қазақтардың арғы ата-бабалары түріктердің жан-жақты даму тарихын оқыта отырып, оқушыларды отаншылдыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Лекция
Әдісі: баяндау
Пәнаралық байланыс: география
Көрнекілік: 1.Түркі дөуірінің картасы.
2.Түркі дәуірінің ескерткіштерінің суреті.
З.Түркі қағандығының шаруашылығын, тұрмысын сипаттайтын суреттер.
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасы.
2-3 окушыға Еділге тарихи тұлға ретінде берген мінездемесін дауыстатып оқытамын. Қалған оқушылар оны тыңдай отырып, өздерінің алып-қосатындары болса қосымша қосады. Одан параграфтың соңындағы қалған сұрақтар бойынша тексеріп шығамын. Осылайша үй тапсырмасын қайталап, оқушылардьщ өткен сабақта алған білімдерін тиянақтағаннан кейін жаңа тақырыпка көшемін.
Жаңа сабақтың жоспары:
1. «Түрік» атауы.
2. Түріктердің көршілерімен саяси карым-қатынасы.
3. Қағандықтың құрылуы.
4. Түрік қағандары.
5. Қағандық халқының кәсібі.
6. Түріктердің рухани мәдениеті.
Б.з-дың I мыңжылдығының орта шенінде Қазакстан даласында ірі этникалық өзгерістер басталды. Бұл дәуірді шартты түрде ежелгі түрік (ежелгі түркі) немесе көне түркі дәуірі деп атаймыз деп, одан әрі ұлы даланың тұрғындары түріктердің шығу тегі туралы аңыздарға тоқталамын. Одан кейін тақтадағы картаның көмегімен түркілердің әр түрлі бағыттағы көршілерін және олармен қарым-қатынасына тоқталамын. Оқушыларға еске сактауға ыңғайлы болуы үшін төмендегі сызбаны пайдаланамыз.
Ирандықтар Тунгус-манчьжурлар Қытайлықтар
Түркілер Тохар тайпалары Түріктер өздері мемлекеттің құру жолында осы тайпалармен бірде достық бірде жаулық қарым-қатынастарда болғандығын сипаттай отырып, Түрік қағандығының құрылып, қуатты мемлекет дәрежесіне көтерілу кезеңдерін түсіндіремін. Осы кезеңде параграфтағы маңызды даталарға ерекше тоқталып, сабақ барысында олардың хронологиялық кестесін құру.
Маңызды даталар Болған оқиғалар
Б.з-дың I мыңжылдығынын ортасы Қазақстан даласындағы ірі этникалык өзгерістер.
542 жыл Қытай деректеріндегі алғаш «түрік» атауының кездесуі.
У-ГУ ғасырларда Орта Азияның тарихында түрік этносының жаңғыруы.
VI р-дың ортасына дейін Түріктердің жужандарға бағынышты болуы.
551-555 жылдар Жужандардың түріктерден жеңіліп, кеп бөлігінің қырылуы.
551-744 жылдар Түрік қағандығының өмір сүрген жылдары.
551 жыл Бумынның түрік қағандығының негізін салып, қаған атануы.
552-553 жылдар Қараеске кағанның билік етуі.
553-572 жылдар Мұқан қағанның билік еткен жылдары.
VІ-VІІ ғасырларда Түріктердің қолдауымен Жетісуда, Жоңғарияда, Шығыс Түркістанда, Оңтүстік Сібірде сауда мекендерінің құрылуы.
VII ғасырдың басында Азия кеңістігі үлкен аумағының Батыс жөне Шығыс Түркі державала-рының колында болуы.
714-715 жылдар Сырдария бойындағы өлкеге арабтардың жорығы.
VІ-ХІІ ғасырдың ортасында Буддизм, манихейлік, христиандық діндердің түркі тілдес халықтардың арасында кең тарауы.
Осылайша оқушы білімін дамыта отырып, кағанат халқының кәсібі, оның қағандык өмірінде алатын орны мен маңызын ашып көрсетемін. Окушылардың эстетикалық дамуын назарда қалдырмау үшін түрік халықтарының діни наным-сенімдері, жазу мәдениеті мен әдебиеті туралы жан-жақты сипаттама беріп, оқушыларды имандылык, адамгершілік сияқты ізгі қасиеттерге тәрбиелеу.
Бекіту сұрақтары:
1. Түркі дәуірі немесе көне түркі дәуірі деп қай кезеңді айтамыз?
2. Қытай деректері бойынша түріктер кімдердің ұрпақтары деп есептелінеді?
3. Ескі сына жазуларда түріктер өздерін қандай атпен жазған?
4. Түріктер мен жужандар арасындағы соғыс қай жылдары болды?
5. Түрік қағанаты құрамында өмір сүрген халықтарды атаңдар.
6. Түрік хандарының сенімді көмекшілері болғандар?
7. Түрік қағандығы халқының басым бөлігінің негізгі кәсібі не болды?
8. «Татсыз түрік жоқ» деп жазған кім?
9. «Құдатғу-білік» еңбегінің авторы кім?
10. 714-715 жылдары түркілер кімдермен шайқасты?
Бағалау:
Үйге тапсырма: 21-параграфты оқып, соңындағы сұрақ-тапсырмалар бойынша дайындалып келу.
5-сынып. Қазақстан тарихынан әңгімелер
Сабақтың тақырыбы: § 22. Ежелгі түркі жазулары
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Ертедегі түрік мәдениетіне тән өзіндік алфавиттік жүйесі мен жазу емлесі бар сына жазулары, олардың зерттелу тарихы туралы тарихи білім беру.
Дамытушылық: Өткен сабақта алған білімдерін дамыта отырып, ежелгі түркі дәуірі жазу дәстүршің ерекшеліктерін бүгінгі жазу дәстүрімен салыстырып, талдауға үйрету.
Тәрбиелік: Жазудың жалпы мәдениет салаларының ішіндегі алатын маңызын аша отырып, оқу-білімді құрметтеуге, тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: интерактивті
Пәнаралық байланыс: география
Көрнекілік:
1. Түркі жазу ескерткіштері табылған аймақтардың картасы.
2. Ежелгі түркі жазулары жазылған құлпытастар бейнеленген суреттер.
3. Түркітанушы ғалымдардың портреттері.
4. Түркі дәуірінің балбал (сынтас) суреттері.
Сабақтың барысы. I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасы.
Уакытты үнемдеу үшін, сыныпты екі нұскаға бөліп, төмендегі тапсырманы екіге бөліп береді. Оқушылар белгіленген уақыт ішінде орындап шығып, бір параққа жазып маған тапсырады.
1-нұсқа.
Мына сөздерді түсіндір:
соғдылар................................................................................
тат........................................................................................
руна(сына).............................................................................
«Диуани лүғат ат-түрік»..................................................
христиандык........................................................................
2-нұсқа.
«Құдатғу білік»....................................................................
қағанат................................................................................
буддизм.................................................................................
манихейлік...........................................................................
христиандық.......................................................................
Одан кейін жалпы сыныптан параграфтың соңындағы сұрақ-тапсырмалар бойынша тақырыптың мазмұнын сұраймын. Сабақ айтқан окушыларға сұрақ қоюға оқушыларды дағдыландыру керек.
Жаңа сабақтың жоспары:
1. Ежелгі түркі жазуы туралы тарихи деректер.
2.Білге қаған, Күлтегін, Тоныкөк жазбалары.
3. Түркітанушы ғалымдар.
V-VІ ғасырларда пайда болған ежелгі түріктердің сына жазуы бұл мемлекеттің экономикалық қарыштап дамуының көрсеткіші болды. Бұған нақты дәлел келтірсек, алғаш рет осы түріктердің жазуы туралы деректер Византия тарихшысы Менандр Протектордың жазбаларында ұшырасады. Мұнда Византия императоры Юстинианның қабылдауында болған түрік елшісі Маниахтың әкелген қағанның жолдамасы скиф жазуымен жазылғандығы жөнінде айтылған. Ежелгі түркі жазуының ең көне ескерткіштеріне түрік-ашина көсемдері - Білге қаған, Күлтегін, Тоныкөкке арналған ескерткіш тастағы жазулар жатады. Одан әрі түркі сына жазуларының зерттелу тарихы мен оны зерттеуші ғалымдарға тоқталамын. Тақырыпты түсіндіре отырып тақырыптағы Менандр Протектор, Юсти-ниан, Маниах, Білге қаған, Күлтегін, Тоныкөк, руна (сына) жазу, «бітіг таш», тарихи шежірелер, Д. Мессерш-мидт, Ф. Страленберг, Н. Ядринцев, В. Томсон, В. Радлов сияқты жаңа сөздерді, кісі есімдерін тақтаға жазып отырады. Оқушылар мен жазған тақтадағы жаңа сөздерін дәптерлеріне жазып қояды.
Оқушыларды қызықтыру үшін Білге қаған, Күлтегін, Тоныкөктер тарихи тұлғалар ретінде бейнеленген қосымша әдебиеттерді пайдалана отырып аңыз әңгімелерді айтып беремін. Қосымша әдебиеттер тізімі:
1. Т. Журтбаев. Дулыга. Көне түркі батырлары туралы тарихи әфсаналар- Алматы. 1994.
2. Қ. Өмірәлиев. VІІІ-ХІІ ғасырлардагы көне түркі ескерткіштері. А., 1985.
Сабақты қорытындылау және үй тапсырмасы үшін төмендегі ББҮ кестесін толтыруды ұсынуға болады.
Білемін Білгім келеді Үйрендім
Оқушыларға «Білемін» бағанын сабақтың ең басында оқушылардың бүгінгі өтілейін деп жатқан жаңа тақырып бойынша өздері не білетінін анықтау үшін қолданамын. Жаңа тақырыпты оқып меңгеріп шыққаннан кейін, оқушыларға «Білгім келеді» және «Үйрендім» бағандарын толтыртқызамын. «Білгім келеді» бағанына өздерінің білгісі келген бүгінгі тақырып бойынша сұрақтарын жазады. «Үйрендім» бағанына оқушылар бүгінгі тақырып бойынша нені үйренді, соны жазып шығады. Бұл кестенің ерекшелігі оны сабақтың үш сатысында қолдана алады. Осылайша «Үйрендім» бағаны бойынша оқушылардың өздері толтырған кестені оқушылардың өздеріне оқытып бүгінгі сабақты қорытындылаймын.
Бағалау:
Үйге тапсырма: 22-параграфты оқып келу. «Білгім келеді» бағаны бойынша оқушылардың өздері жазған білгісі келетін сұрактарына өздеріне жауаптар іздестіріп, жазып келуді тапсырамын. Бұл оқушыларды шығармашылықпен жұмыс істеуге икемдейді. Ал оқушылардың өздері таба алмаған сұрақтарына өзім жауап беремін.
5-сынып. Қазақстан тарихынан әңгімелер
Сабақтың тақырыбы: § 23. Мәдениет және сауда жолдары
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Ұлы Жібек жолының пайда болуын және тек сауда мен шаруашылықты дамытушы ғана емес, халықаралық қатынастар мен мәдениетті таратушы жол ретінде маңызын ашып көрсету.
Дамытушылық: Ертедегі сауда жолдарының бағыттары мен оның бойындағы гүлденген мәдениет ошақтарының дамуын бүгінгі күндегі жағдайымен салыстыра отырып бағалау.
Тәрбиелік: Еңбексүйгіштікке, мәдениетті түсіне білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: баяндау, сұрақ-жауап.
Пәнаралық байланыс: география
Көрнекілік:
1. Ұлы Жібек жолының картасы.
2. Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан ежелгі, ортағасырлық қалалардың суреті.
3. Археологиялық зерттеулер нәтижесінде табылған заттардың суреті.
4. Дүниежүзінің картасы.
5. Қазакстан Республикасының картасы.
6. Кестелер.
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасы.
Үй тапсырмасын алдымен төмендегі сұрактар бойынша ауызша тексеріп шығамын.
1. Ежелгі түркі жазуы қашан дүниеге келді?
2. Түркілердің руникалық жазуын алғаш ашып, кілтін тауып оқыған ғалымдарды атаңдар.
3. Неліктен түркі жазуын руна жазуы деп атаған?
4. Тарихи шежірелер дегенді қалай түсінесіңдер?
5. Неліктен ХІ-ХІІ ғасырларда түркі жазуы қолданыстан шыға бастады?
6. Осыдан кейін сабақтағы үйге берілген «Білгім келеді» бағаны бойынша оқушылардың ауызша сұрақтарына өздері жауап тапқандары тексеріліп, оқушылар жауабын таба алмаған сұрақтардың жауабын мұғалім өзі береді.
7. Осылайша өткен сабақтың материалдарын толықтырып, қорытындылап, мұғалім жаңа сабаққа көшеді.
Жаңа сабақты түсіндіру жоспары:
1. Ұлы Жібек жолының пайда болуы.
2. Ұлы Жібек жолыньщ бағыттары мен Қазақстан қалалары.
3. Ұлы Жібек жолы сауда және халықаралық қатынастар жолы.
4. Ұлы Жібек жолының бойымен мәдениеттің таралуы.
5. Оңтүстік және солтүстік арасындағы сауда-керуен жолдары.
6. Ұлы меридианалды жол - көшпелілер жолы.
Жоспардағы бірінші мәселе бойынша Ұлы Жібек жолы деген шартты атаудың пайда болуы мен бұл жолдың қалыптасу тарихына тоқталамын. Жібек жолының түрлі бағыттарының болғандығын, оның бір тармағы Қазақстанның оңтүстігі және Жетісу өңірі арқылы өткенін айта отырып, картаның көмегімен бұл жолдың бағыттары мен жолдың бойында орналаскан Қазақстан қалаларын картадан көрсетеді. Сонымен қатар Дүниежүзінің картасы мен қазіргі Қазақстан картасын қатар қойып салыстырамын. Тақтаға ілінген ортағасырлық Ұлы Жібек жолының бойында орналаскан қалалардың суреттеріне оқушылардың назарын аударамын.
Одан әрі Ұлы Жібек жолы бойымен әр түрлі бағыттарда экзотикалық тауарлармен көпес керуендері жүрді. Олардың ішінде ең қымбат тауар қытай жібегі болды деп, жібекті өндірудің құпия сырының басқа елдерге ашылғаны жөніндегі қосымша әдебиеттен үзінді келтіріп, әңгімелеп беремін.
Қосымша көмек ретпінде төмендегі әдебиетті пайдаланамын: Сәуірбек Бақбергенов. «Бөрте - Шыңғыс ханның жубайы». 68-73-беттер.
2. К. Байпақов, А. Нұржанов. Ұлы Жібек жолы және ортагасырлық Қазақстан. Алматы, 1992.
Ұлы Жібек жолының бойымен сауданың дамуы шаруашылықтың жандануына, өнім өндіру тәсілдерінің артуына себеп болғанын ашып көрсетеді. Ұлы Жібек жолымен түрік елдері түрлі өркениеттермен сауда жасасты. Оны түсіндіру үшін төмендегі кестені оқушылардың көмегімен толтырамын.
Не әкелінді? Не шығарылды?
Қазакстан Қытай, Үндістан, Таяу Шығыс, Орта Азия, Иран, Араб халифаты, Еуропа, Русь т.б. елдер
Ұлы Жібек жолымен тек бұйымдар ғана емес, халықтардың мәдени жетістіктері де тарады. Жібек жолымен діни сенімдер де таралды, әр алуан уағыздаушылар (миссионерлер) өздерінің діндерін құрлықтың арғы бетіндегі елдерге ала барды. Оқушыларға осы абзацты мәтіннен тауып дауыстатып оқытқызады. Оқушылардың дін туралы, әлемдік діндер туралы түсінігін қалыптастыру үшін төмендегі кестені ұсынамыз.
ӘЛЕМДІК ДІНДЕРДІҢ ПАЙДА БОЛУЫ
Будда Б.з.б. I ғасырдың ортасында Үндістанда пайда болып тарады.
Христиан I ғ-да Рим империясында пайда болды.
Манихей III ғ-да Иранда пайда болды.
Зороастризм Б.з.б. VII-VI ғ-да ежелгі Еуразия даласында пайда болды.
Ислам VII р-да Арабия түбегінде пайда болды.
Ұлы Жібек жолының өмір сүруімен «әлемнің төрт патшалығы» деген ұғым қалыптасты, оны да төмендегі кесте түрінде беру.
Құнды байлыктар патшалығы
Жылкы патшалығы
Византия Түркі кағандығы
Үндістан Қытай
Пілдер патшалығы
Адам патшалығы
Одан кейін Ұлы Жібек жолының ХІV-ХV ғасырларда өз маңызын жойып, кейін мүлде өмір сүруін тоқтатты деп, оқушылардың өздеріне неліктен? деген сұрақ қоямын.
Жоспардың соңғы мәселесі көшпелілердін өмірінде маңызды рөл атқарған Ұлы меридианалды жол туралы сөз етемін. Егер Ұлы Жібек жолы Батыс пен Шығысты жалғастырса, Ұлы меридионалды жол оңтүстік пен солтүстікті байланыстырған көшпелілердің өмірінде маңызды рөл аткарды. Көне түркі дәуірінде Ертіс бойындағы қимақ қоныстары мен Түркістан арасында қызу сауда жүрді. Бұрын мектептің тарих оқулықтарында бұл жайында жазыла қоймағандықтан, қосымша дерек ретінде төмендегі әдебиеттерді пайдаланамын: 1. Ә. X. Марғулан. Древние караванные пути через пустыню Бетпак-дала. Мирказаха. Отв. редактор. Маргулан Д. А., Арынов Е. М. Алматы, 1997.
Оқушылардың Ұлы меридианалды жол туралы қалай түсінгендерін төмендегі сұрақтар тізімі бойынша тексеріп шығамын.
1. Ұлы меридианалды жол қандай бағыттарды байланыстырды?
2. Ұлы меридианалды жолдың басты бағытын атаңдар.
3. Бұл жолды негізінен кімдер пайдаланды?
4. Ұлы меридианалды жол қандай өзенді жағалап өтті?
5. Орта ғасырларда бұл жолмен қимақ қалаларына қай елдерден көпестер келді?
Бекіту сұрақтары:
1. Неліктен бұл жол Жібек жолы деп аталды?
2. Ұлы Жібек жолынын бағыттарын картадан керсетіңдер.
3. Ұлы Жібек жолы бойымен сауданың дамуы шаруашылықтың дамуына қалай әсер етті?
4. Неліктен Ұлы Жібек жолы мәдениет пен халықаралық қатынастар жолы деп аталады?
5. Жібек құртын әсіру құпиясы баска елдерге қалай ашылды?
6. Көшпелілердің басқа өркениеттермен қарым-қатынасында Ұлы меридианалды жолдың маңызы қандай болды?
7. Ұлы Жібек жолының Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуындағы маңызын атаңдар.
Бағалау:
Үйге тапсырма. 23-параграфты оқып, соңындағы сұрақ-тапсырмаларға ауызша дайындау.
5-сынып. Қазақстан тарихынан әңгімелер
Сабақтың тақырыбы: §24. Әл-Фараби-шығыстың ғұлама ғалымы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: ІХ-ХІІ ғасырларда ғылымның дамуы және сол кезеңде өмір сүрген Қазақ жерінің ғалымдары туралы, олардың ғылымның дамуына қосқан үлестері туралы оқып білу.
Дамытушылық: Тарихи тұлғаға мінездеме беріп, оны өз ойымен корытындылай білуге дағдыландыру. Тарихи тілмен сауатты сөйлеуге үйрету. Ғылымға дұрыс баға беруге дайындау.
Тәрбиелік: Біртуар ғалымдардың бойындағы жақсы қасиеттерді, үлгіні оқушылардың өз бойларына қалыптастыруға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: интерактивті
Пәнаралық байланыс: география
Көрнекілік:
1. Қазақстан картасы.
2. «Қазак елінің ежелгі ғалымдары» деген буклет. Әл-Фарабидің т.б. ғалымдардың портреті.
3. Қанатты сөздер жазылған плакат.
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі. II. Үй тапсырмасы.
Үй тапсырмасы: оқушылардан Ұлы Жібек жолының қалыптасу тарихы және оны картадан көрсетуді тапсырамын. Тақырыптың соңындағы сұрақ-тапсырмалар бойынша оқушылардан ауызша сұраймын. Ұлы Жібек жолының Қазакстанның әлеуметтік-экономикалық дамуында маңызы зор болды. Көшпелілер отырықшыланып, тұрақты мекендерін салды. Өзара сауда байланысы нәтижесінде шаруашылықты игерудің түрлі әдіс-тәсілдерімен бір-бірімен алмасты. Қалалар өркендеп гүлденді деп, үй тапсырмасын қорытындылап жаңа тақырыпқа көшемін.
Жаңа тақырыптың жоспары:
1. Қазак елінің ежелгі ғалымдары.
2. Әл-Фарабидің өмір тарихы.
3. Әл-Фараби - энқиклопедияшы ғалым.
Ең алдымен тақтада ғылым, білімнің маңызын ашатын қанатты сөздерге тоқталып, оқушылармен мағынасын талқылаймын.
«Шын білім әрдайым ақиқат, анық болатын білім».
Әл-Фараби.
«Ғылымды үйреніп, оны өмірге қолданбаған кісі - жерін айдап, дәнін сеппеген адамға ұқсас». М.Сагди.
«Жер үстінде адам өмір еткізер, Бар нәрсеге білім қолды жеткізер».
Жаңа тақырып жоспарындағы бірінші тақырыпша туралы оқулықта жазылмағанымен, қосымша үйден дайындап келген «Қазак елінің ежелгі ғалымдары» деген буклет пен кестенің көмегіне сүйеніп түсіндіріп шығамын.
Буклеттегі ежелгі ғалымдардың портреттерін көрсетіп, өмір тарихы, ғылым жолындағы еңбектеріне тоқталамын.
Ғалымдар,
туған жылы, жері Ең
басты еңбегі Не туралы
айтылған?
Жусіп Баласағүн (1030-1090) қарахандар мемлекетінің астанасы Баласағүнда дүниеге келген. «Құтадғу білік» («Құтты білік» -қалай бақытты болу жайындағы ғылым) деген дастанды жазды. Саясат жүргізу, мемлекет баскару, әскери іс, адамдардың өмір сүруі, қайткенде әділетті, бақытты, ақылды, қанағатшыл болу сияқты адамдардың касиеттері жөнінде айтылады.
Махмұт Қашкари, толык аты-жөні Махмұт ибн әл-Хусейн ибн Мұхаммед - XI ғасырда Ыстықкөлдің оңтүстік жағалауындағы Барыскан қаасында туған. «Диуани лұғат ат-түрік» (Түркі тілінің сөздігі) еңбегін жазды. Орта ғасырлардағы түркі тілдес халықтардың сөздеріндегі ұқсастықтар мен айырмашылықтарын тауып, ғылыми талдау жасаған. Мұнда түркі тайпаларының шығыстан батыска қарайғы географиялык картасы берілген.
Қожа Ахмет Йасауи 1104 жылы Түркістан маңындағы Сайрам жерінде дүниеге келген. «Диуани хикмат» (Даналык жайындағы кітап). Шығармада өзінің бала күнінен 63 жасқа дейінгі өмірін баян етеді. Сонымен қатар қазақ халқының ежелгі мәдениетіне, экономикасына қатысты бағалы деректер келтірілген.
Әбу Райхан Биру «Астрономиялык Ол дүниенің гелио
ни Мұхаммед Ибн кілт», «Асыл тас қентристік жүйе
Ахмед (973-1050). тар», «Өткен бу сін Коперниктен
Ежелгі Хорезмнің ындардың ескерт 500 жыл бұрын,
астанасы Қият қа кіштері», «Үндіс денелердің жерге
ласынын іргесін тан», «Масуд таб тартылысын Гали-
дегі ауылда дүние лиқалары». лейден чсөне Нью-
ге келген. тоннан 600 жыл
бұрын айтқан.
Бұдан кейін негізгі тақырып, ғұлама ғалым әл-Фарабидің өмір тарихына, ғылымға қоскан үлесіне тоқталып, оқушыларға тақырыпты кезек-кезек оқытамын. Оқушылардың түсінігін тексеру үшін, төмендегі тірек сызба кестесін толтыртамын.
Әл-Фараби
Оқушылар оны алдымен жеке, сосын жұппен, содан кейін топтасып орындайды. Қойылатын талап -тірек кестені барынша көп толтыру болып табылады. Одан кейін тірек кестеге толтырылған сөздерді окушыларға мазмұнына қарай, түрлі түсті маркерді пайдалана отырып, топтастыру ұсынылады. Әл-Фарабидің өмір тарихына, ғылым жолындағы еңбегіне қатысты жоспар кұру тапсырылады. Біз төменде үлгі ретінде мына жоспарды ұсынамыз.
1. Әл-Фарабиді дүниеге әкелген отбасы.
2. Әл-Фараби білім жолында.
3. Өл-Фараби - энқиклопедияшы ғалым.
4. Осы үлгідегі жоспар бойынша сабақты қорытындыланады.
Бекіту: Ол үшін темендегі кесте толтырылады.
ІШІНЕ СЫРТЫНА
«Ішіне» және «Сыртына» деген бағанға үйден бүгінгі сабаққа қатысты және қатысты емес сөздерді дайындап алып келіп, кезек-кезек араластырып оқушыларға оқытамын. Оқушылар «Ішіне» бағанына бүгінгі сабаққа қатыстысын жазады, ал қатысты еместерін «Сыртына» бағанына толтырады.
Бағалау:
Үйге тапсырма:
24-параграфты оқып, соңындағы сұрақ-тапсымалар бойынша дайындалып келу.
5-сынып. Қазақстан тарихынан әңгімелер
Сабақтың тақырыбы: § 25. Ортағасырлық Қазақстан қалалары
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Орта ғасырда өмір сүрген Қазақстан қалалары, олардың саяси-әкімшілік қызметі, қала құрылысының ерекшеліктері туралы білім беру.
Дамытушылық: Салыстыра отырып, қала мәдениеті туралы түсініктің қалыптасуы, көшпелілік және отырықшылық арасындағы айырмашылықтарын таба білуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: Мәдениет туралы түсініктерін қалыптастыру, эстетикалык тәрбие беру.
Сабақтың түрі: лекция
Әдісі: баяндау
Пәнаралық байланыс: география
Көрнекілік:
1. Ортағасырлық Қазақстан картасы.
2. ҚР картасы.
3. «Қала бөліктерінің кызметі» кестесі.
4. «Кім тез табады?» кестесі.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқу құралын тексеріп түгелдеу
Әнұран орындау,
«Хабар» ел жаңалықтарынан...
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
Өткен сабақтан «Қазақ елінің ежелгі ғалымдары» тақырыпшасы бойынша өтілген материалды еске түсіру үшін, оқушылармен «Кім тез табады?» кестесін ойын түрінде еткіземін. Ол үшін төмендегі кестедегі әр ғалымның аты жазылған бағанға қарама-қарсы бөлігін бос қалдырады, оқушыларға осы кестедегі сұрақтардың жауабын қағаз қиындыларына жазып, араластырып үлестіріп беремін, оқушылар оның дұрыс жауабын тақтадағы кестенің әр ғалымның қарама-қарсы бос бөлшегіне апарып жабыстыруы керек.
Ғалымдар Өмір сүрген жылы Туған жері Еңбегінің аты Не туралы айтылған?
Жүсіп Баласағұн Махмұт Қашкари Ахмет Йасауи Өбу Райхан Бируни Бұдан кейін 2-3 оқушыдан «Әл-Фараби - Шығыстың ғұлама ғалымы» тақырыбының ауызша мазмұнын сұраймын. Қалған оқушылардан «Отырар кітапханасы» бойынша оқушылардың өздері қосымша жазып алып әкелген деректері тыңдалады. Үй тапсырмасын Отырар қаласындағы осындай әлемдегі ірі кітапханалардың болғандығы, сол замандағы қала мәдениетінің дамығандығының көрсеткіші деп, бүгінгі «Ортағасырлық Қазақстан қалалары» деген тақырыппен байланыстырып жіберемін.
Жаңа тақырыптың жоспары:
1. Қалалардың пайда болуы.
2. Қала бөліктері мен олардың қызметі.
3. Қазақстан қалаларының орналасу картасы.
Археологиялык зерттеулер VІ-Х ғасырларда Қазақстан аумағында қала мәдениеті жаксы дамып, өркендегенін көрсетеді. Орта ғасырларда Түркістан, Талас, Шу еңірлерінде қолөнер мен сауда жөне мәдениеттің шоғырланған орталықтары - қалалар қалыптасты. Бұл қалалар ертеде шағын елді мекен ретінде салынып, бірте-бірте қаланың көлемі мен халқының саны көбейіп, ірі орталықтарға айналған. Қазақстан аумағында алғашқы қалалар бұдан екі жарым мың жыл бұрын салынған екен деп қала деген сөзге анықтама береді. Ортағасырлық қалалар негізі үш бөліктен тұрған. Олар орда (қитадель), шахристан, рабат деп аталды. Төмендегі кестені пайдаланып, олардың қызметін түсіндіремін.
ҚАЛА
Орда (қитадель) - патша сарайы мен әкімшілік баскару органдары орналасқан орталық бөлігі.
Шахристан - қызметкерлер, яғни кіші билеуші топ өкілдері, саудагерлер мекен ететін қаланың ішкі бөлігі.
Рабат - еңбекші халық мекен ететін қаланың сырткы бөлігі.
Ортағасырлық Қазакстан қалалары халқының саны мен көлемі әр түрлі болды. Олар Қарашокы, Қойлық, Екіоғыз, Ашнас, Баршынкент, Қалабалғасын, Бұзок, Йассы, Сауран. Тараз т.б. деп оларды картадан көрсетемін. Қалабалғасын қаласы туралы бұрын тарих оқулықтарында айтылмағандықтан, қосымша әдебиеттерді пайдаланамын:
Ж. О. Артықбаевт. б. Орта Ертіс өңірі қимақ дәуірінде. Астана, 2004.
Бұл қалалар хандар мен сұлтандардың меншігінде еді, қаланың өз билеушісі болған. Сондықтан олар қалаларында сауда орындары мен моншалар салуға мүдделі, себебі бұл олардың негізгі табыс көзі еді. Ортағасырлық қалалардың өзіндік ерекшеліктеріне қысқаша тоқталып өтемін. Мысалы: Отырар қаласында көпшілікке арналған монша салынған. Моншаның едені кірпіш тақталармен тәселген, моншаны қыздыру үшін еден астынан жылу еткізгіш каналдар жүйесі жүргізілген.
Түркістан қаласының ежелгі атауы Йассы, ол қазіргі Шымкент қаласынан 225 шақырым жерде орналасқан. Түркістан - «түріктер мекені» деген мағынаны білдіреді. Мұнда қасиетті Қожа Ахмет Йасауи кесенесі орналасқан. Түркістан Есім ханның тұсынан бастап қазақ хандығының астанасы болған.
Қорытындылау: Қалалар санының өсуі сауда экономикалық байланыстардың артуына және жартылай көшпелі тайпалардың отырықшылыққа көшуінің басты себебі болды. Қала гүлденген мәдениеттің, мемлекеттің көрсеткіші.
Бағалау:
Үйге тапсырма: 25-параграф.
5-сынып. Қазақстан тарихынан әңгімелер
Сабақтың тақырыбы: §26. Отырар-қаһарман қала
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Өз тарихында қилы оқиғаларды басынан кешірген ортағасырлық қаһарман қала - Отырардың қалыптасуы мен монғол шапқыншылығы кезіндегі ерлікпен қорғанысы туралы білім беру.
Дамытушылық: Отырардағы қала мәдениетінің монғол шапқыншылығына дейінгі және монғол шапқыншылығынан кейінгі жағдайын салыстыра отырып оқушыларды ой қорыта білуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: Отырарлық азаматтардың, Қадырханның ерлігі негізінде оқушыларды адалдыққа, туған жерін сүюге, басқыншылық соғыс атаулыны жек көруге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: интерактивті
Пәнаралық байланыс: география
Көрнекілік: 1. «Отырар» альбомы.
2. Шыңғысханның суреті.
3. Отырардың күйреуін суреттейтін суреттер.
4. Ортағасырлық Қазақстан картасы.
5. «Шыңғысхан» - бейнефильмі.
Сабақ барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасы.
Төмендегі сұрақ-тапсырмалар бойынша сұрақ-жауап ойынын өткізу.
1. Қазақстанның ортағасырлық қалаларын картадан көрсетіңдер.
2. Ортағасырлық қалалардың бөліктері мен олардың қызметін атаңдар.
3. Қазақстанның ортағасырлық қалалары туралы не білесіңдер.
4. Түркістан қаласы мен Қожа Ахмет Йасауи кесенесі туралы әңгімелеп айтып беріңдер.
Жаңа сабақты түсіндіру. Оқушылар, өткен сабақта біз сендермен ортағасырлық Қазақстан қалаларына жеке-жеке қысқаша тоқталып өтсек, бүгін ортағасырлық Қазакстан қалалары ішінде өзіндік ерекше тарихы бар, маңызы зор Отырар қаласына жеке тоқталамыз. Себебі, бұл қаһарман қала Отырардың тарихы қазақ жерін жаулап алушы Шыңғысхан басқарған монғолдармен тығыз байланысты деп, бүгінгі сабақтың жоспарына тоқталамын. Қазақ шежіресінде Отырар Дешті Қыпшақ жерінде бас қалалардың бірі делінген.
Сабақтың жоспары:
1. Отырардың қалыптасу тарихы.
2. Отырар сауда орталығы.
3. Шыңғысхан баскарған монғол империясының құрылуы.
4. Монғолдардың Қазақ жеріне және Орта Азияға шапқыншылығы.
5. Отырар қорғанысы.
6. Қарашаның сатқындығы.
7. Қайырханның өлімі.
8. Хорезм шахы және Отырар.
9. Әмір Темір тұсындағы Отырар.
Оқу материалы көп болғанымен, өте қызықты тақырыптардың бірі. Оқушыларға төмендегі кестені пайдалана отырып, Отырар қаласының калыптасу тарихына сипаттама беремін.
Отырар
Ертеде Шығыс әлеміне танымал болған қала.
Мұнда алғашқы қоныстар осыдан екі жарым мың жыл бұрын пайда болған.
VI-VIII ғ. Отырар түркі ұлыстарына астана қызметін атқарған.
ІХ-Х ғ. Сырдың бойындағы басты қала.
Қазақ хандығының сауда жөне экономикалық орталығы болған.
Ойрантөбе, Фараб деген атпен тарихта белгілі.
Ұлы Жібек жолының бойында орналаскан қала.
Жоғарыдағы кестенің көмегімен оқушылармен бірге Отырардың калыптасу, гүлдену тарихына тоқталамын. Одан кейін Отырар қаласын сипаттау оқушылардың өздеріне тапсырылады. 1-2 оқушыға оны мәтіннен тауып оқытқызамын. Қалған оқушылар оны мазмұндап, Отырар қаласын сипаттап әңгімелеп береді.
Отырар қаласы өз заманында небір қырғын шайқасты басынан кешірген деп, оның себеп-салдарын ашып көрсетемін. XII ғасырда қазіргі Монғолияда Шыңғысханның басқаруымен монғол тайпаларының мемлекеті құрылды. Оқушыларға қызықты болу үшін төмендегі әдебиеттерден қосымша деректер келтіремін. Пайдаланылатын әдебиет:
Әбілгазы. Турікшежіресі. - Алматпы: Анатілі, 1991.
Шыңғысханның портретіне оқушылардың назарын аудару. Монғол әскері сол заманда аса қуатты еді және мықты тәртібімен ерекшеленді. Қажет болған жағдайда әскер тез жиналып, олардың саны 200 мыңға жететін болған. Әскери тәртіптің күштілігі сондай, бір жауынгер үшін он жауынгер жазаланатын еді. Осыған дәлел ретінде бейнефильмнен үзінді келтіремін. Әрине, бейнефильмді толық көріп шығуға мүмкіндік бола бермейді, сондықтан монғолдардың әскери қару-жарағын, киімдерін, әскери өнерін сипаттайтын эпизодтарынан үзінді көрсетемін. Бұл оқушыларға монғолдардың дүниені дүр сілкіндіріп, өздеріне бағындырып алуының себебін ашып көрсетуге мүмкіндік береді.
Одан әрі монғолдардың Қазақ жеріне басқыншылығын сипаттайтын төмендегі негізгі даталарды оқушыларға дәптерлеріне жазғызып қоямын.
1218 жыл Шыңғысхан басқарған монғолдардың Жетісу өңіріне аттануы.
1219 жылы 150 мыңға жуық монғол қалың қолының Отырарға шабуылы.
1220 жыл монғолдардың Отырарды алуы.
Монғолдардың Отырар қаласына шабуылы мен Отырардың қорғанысы туралы аңыз әңгімелерді оқушыларға өздеріне кезек-кезек оқытып, айтып беруін сұраймын. Оның мазмұнын жоғарыда келтірілген жаңа сабақтың жоспарына сүйене отырып сұраймын. Бұл оқушылардың өз ойларын жүйелілікпен баяндауға кемектеседі. Оқушылардың жауабы тыңдалған соң, «Отырардың қорғанысын» сипаттайтын бейнефильмнен үзінді керсетемін. Бейнефильмді көрсетпес бұрын оқушыларға төмендегі үлгідегідей сұрақтар тізімін алдын ала ұсынамын.
Сұрақ-жауапты сабақты бекітуге пайдаланамын
1. Отырар қаласы күрылысынан қандай өзіндік ерек-шелік көрдіңдер? Нені тағы қоса аласыңдар?
2. Отырарлықтар кандай қорғаныс кару тұрлерін пай-даланған?
3. Монғолдардың қару - жарактарын отырарлықтардың қару – жарақтарымен салыстырыңдар.
Осылайша Отырар қаласының Қазақстан тарихындағы алатын орнын көрсете отырып, сабақты корытындылаймын.
Бағалау:
Үйге тапсырма: 26-параграфты оқу. Оқушыларға бейнефильмді толық көріп, келесі сабақта қосымша дерек ретінде әңгімелеп беруді тапсырамын.
5-сынып. Қазақстан тарихынан әңгімелер
Сабақтың тақырыбы: §27. Қазақ халқының қалыптасуы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Этнос, алаш пен қазақ ұғымдары, Қазақ елінің жеке халық болып, ұлттық этникалық және антропологиялық негізін қалаған тайпалар туралы түсінік беру.
Дамытушылық: Этнос, халық ұғымдарын айыра білуге, ұлт болып қалыптасудың тарихи даму заңдылықтарын түсіне білуге үйрету.
Тәрбиелік: Ру, ата-баба, әулет шежіресінің түпкі мәнін түсіне білу.
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: интерактивті
Пәнаралық байланыс: география
Көрнекілік: Қола дәуірі, түркі дәуіріндегі Қазақстанды мекендеген тайпалардың мәдениеті, этникалық тарихы, монғол дәуіріндегі Шыңғысханның портреті (осы дәуірлердегі адамдардың антропологиялық типін сипаттайтын салыстырмалы суреттер).
Ежелгі Қазақстан картасы. Монғол дәуіріндегі Қазақстан картасы.
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі. II. Үй тапсырмасы.
«Шыңғысханға тарихи тұлға» ретінде мінездеме берілген жазбаша жұмысты 2-3 оқушыға ауызша оқытып, қалған оқушылармен үйде көріп келген бейнефильм бойынша талдаймын.
Жаңа тақырыптың жоспары.
1. Қазақ халқының арғы ата-бабалары.
2. Энеолит дәуірінің жылқышы тайпалары.
3. Қола дәуірінен қалған мұра.
4. Қазақ халқының қалыптасуына негіз болған тайпалар.
5. Олардың антропологиялық, тілдік ерекшелігі. Жаңа тақырыпты этнос және халық ұғымдарын түсіндіруден бастаймын.
Этнос деп өз тілі, дәстүрлі мәдениеті, өзіндік ұлттык мінез-құлқы бар, өзара туыс және бір аумақта қалыптасып өмір сүретін халықты, ұлтты атайды.
Халық деп, тілі, тұрмысы, рухани мәдениеті ортақ, өзін елдес, жерлес тұрғыдан ұғынған белгілері бар, қалыптасқан қауымдастықты атаймыз. Халық белгілі бір әлеуметтік-экономикалық ортада құралады.
Қазақ этносы халық болып өз ұлттық мемлекетін ХҮ-ХҮІ ғасырларда құрды деп, төмендегі кестенің көмегімен түсіндіремін. Қазақ этносының халық болып қалыптасу тарихы сонау энеолит (мысты тас) дәуіріне барып тіреледі. Ол дәуірде Қазақстан даласында жылқышы тайпалар өмір сүрген. Б.з.б. II мыңжылдықтың басында тастан жасалған құралдарды металдан жасалған құралдар біртіндеп ығыстырып шығара бастады. Адамдар күнделікті өздеріне қажетті құралдарды мыс сияқты металдардан жасай бастады деп, өткенді қайталап, оқушылардың естеріне түсіріп кетемін.
Қазақ халқының калыптасуы
Дәуір
Энеолит деуірі Қола дәуірі
Сақ дәуірі
Ерте көшпелілер дәуірі
Монғол дәуірі
Тайпалар
Жылқышы тайпалар Арий, тур, қиян
Сактар
Ғұндар, үйсіндер, каңлылар
Қарлұктар, кыпшактар, тұркештер
Антропологиялық типі
еуропеоид кескінді, бірак
еуропеоид кескінді, орта бойлы адамдар
еуропеоид пен
монголоидтық нәсілдер араласа бастаган
еуропеоидтык-монғолоидтық аралас нәсіл
монролоидтық белгілердің үлесі күшейе түседі
Бекіту:
Тақтаға қазақ халқының қалыптасуына негіз болған тайпалар: арий, тур, киян, сақтар, ғұндар, үйсівдер, қаңлылар, қимақ, оғыз, қыпшақтар, түріктер, түргештер, арғын, жалайыр, найман, алшын, керей, дулат т.б. деп жазып қоямын. Оқушылар тақтадағы сөйлемді дәптерлеріне жазып алады.
Бағалау:
Үйге тапсырма. 27-параграфты окып, тақырыптың соңындағы сұрак-тапсырмаларды орындап келу.
5-сынып. Қазақстан тарихынан әңгімелер
Сабақтың тақырыбы: §28. Қазақ хандығының құрылуы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік. ХІV-ХV ғ-да қазақ жерінде қалыптасқан этносаяси қауымдастықтардың Қазақ хандығының құрылуына негіз болғандығы және қазақ, жүз, алты алаш ұғымдары жөнінде білім беру.
Дамытушылық. Қазақ, алаш атаулары жөніндегі пікірлер мен болжамдармен таныстыра отырып, оқушы-лардың танымдық кабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік. Ел тарихын, жер тарихын, әулет тарихын білуге, құрметтеуге, елін сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: интерактивті
Пәнаралық байланыс: география
Көрнекілік:
1. Жошы хан күмбезінің суреті.
2. Алаша хан күмбезі.
3. Таңбалыжардағы тас бетіндегі рутайпалардың таңбалары.
4. ХҮ-ХҮІІІ ғ. Қазақстан картасы.
Сабақ барысы. I. Ұйымдастыру кезеңі.
ІI. Үй тапсырмасы.
Үй тапсырмасын өткен сабақтағы параграфтың соңындағы сұрақ-тапсырмалар негізінде сұрап шығады. 4-тап-сырма бойынша оқушылардың ата-аналарының көмегімен жазып алып келген «Алаш» ұғымы туралы шағын әңгімелерін тексеріп, 2-3 оқушының үй тапсырмасы ауызша оқылып, талданады.
Жаңа сабақтың жоспары:
1. «Қазақ» атауының шығуы туралы болжамдар мен пікірлер.
2. Алтын Орданың қазақ мемлекеттінің құрылуында атқарған рөлі.
3. Қазақ хандығының күрылуы.
4. Қазақ жүздерінің пайда болуы.
Жаңа тақырыпты меңгеруде сыныпты №1,М2,№3,№4 нөмірленген оқушыларға бөлемін. Сонда бір топ, яғни үй тобы №1,№2,№3,№4 нөмірленген 4 оқушыдан кұралады. Жаңа сабақты меңгеруде мұғалім осы нөмірленген бірдей санды оқушыларды бір топтарға біріктіреді. Әр №-ге төмендегі үлгідегідей тапсырма беріледі. Ол үшін оқушылар дәптерлерін 4-ке бөледі.
№1 «Қазақ» атауының шығуы. №»2 Алтын Орда мемлекетінің Қазақ хандығының құрылуындағы рөлі.
№3 Қазақ жүздерінің пайда болуы. №4 Қазақ хандығының құрылуы.
Нөмірленген оқушылар бірігіп өздеріне берілген тапсырманы мұқият орындап, өз үй тобында түсіндіріп беруі керек. Есте сақтау үшін жазып алуға болады. Оқушылардың тапсырмамен жұмысты жеңілдетуі үшін төмендегі сұрақтар тізімін құрамын
№1.
1. Алғашқыда әлеуметтік мағына берген «Қазақ» ұғымын қалай түсінесің?
2. Қазақ атауы қалыптасқанға дейін Алтын Орда мемлекетінің құрамында өмір сүрген және қазақ халқына негіз болған тайпаларды қалай атады?
3. Алаш тайпалары кімдерден бөлініп, Шу өзені бойына көшіп барды? Оларды бастап барған кімдер?
4. Моғолстанға көшіп келген алаш көшпелілері, енді қалай атала бастады?
Ол сөз қандай мағынаны білдіреді?
5. «Қазақ» термині тараған аумақты атап, картадан көрсетіңдер.
6. «Қазақ» терминінің толық орнығуы кай ғасырларда аяқталды?
№2
1. Қазақ хандығы тарихында ерекше орын алған мемлекет. Оның негізін салған кім?
2. Жошы хан туралы кандай ертегіні білесіңдер? Жошы хан күмбезі қайда орналасқан?
3. Жошы хан каза болғаннан кейін, оның иелігін кім иеленді?
4. Алтын Орда халқын қалай атады?
5. Алтын Орда қай ғасырда дағдарысқа ұшырап, нәтижесінде не болды?
6. Ақ Орда мемлекеті қалай пайда болды? Онда кімнің ұрпақтары билік етті?
№3
1. Әбілқайыр мемлекетінің қүрамында кандай Ұлыс, рулар мекендеді? Оларды қалай атады?
2. Әбілкайыр кім?
3. Қай жерде Әбілқайыр хандығынан бөлінген қазақ рулары ел боламыз деп, тасқа ез руларының таңбасын қашап белгіледі?
4.Үйсін бастаған Ұлы жүздің мекендеген аумағы.
5. Орта жүзді қүраған ірі рулар.
6. Кіші жүз Қазақ жерінің қай аумағын мекендеді?
№4
1. Алтын Орда ыдырағаннан кейін, оның құрамындағы ру-тайпалардың жағдайы қандай болды?
2. Қазақ хандығы қашан құрылды?
3. Қазақ хандығы қалай пайда болды? Оның құрамындағы тайпалар бұрынғы қай мемлекеттің құрамына енген еді?
4. Қазақ хандығының негізін салған хандар кімдер?
5. Алғашқы казақ хандығы пайда болған аумақты картадан көрсетіңдер.
6. Қазақ хандығының орнығуы кай кезеңде жүзеге асты? Осылайша оқушыларға кестені толтыруды жеңілдетуге болады.
Бекіту:
Нөмірленген оқушылар тапсырманы орындап болған соң өз үй тобына қайтады. Онда олар кезек-кезек өздерінің реті бойынша басқа оқушыларға түсіндіріп, жазғызады. Жалпы сыныптың бұл тапсырманы қаншалықты дұрыс орындап, жаңа тақырыпты бекіту үшін «Ішіне» және «Сыртына» кестесін толтыртқызамын.
Бағалау:
Үйге тапсырма.28-параграфты окып келу. Қазақ хандығы пайда болған аумакты контур картаға түсіру.
5-сынып. Қазақстан тарихынан әңгімелер
Сабақтың тақырыбы: §29. Қазақ хандарының тарихынан.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік. Хан басқарған мемлекеттік басқару жүйесінің ерекшелігі, ханның атқаратын қызметі және Қазақ хандығының коғамдык саяси құрылысымен таныстыра отырып, аты аңызға айналған Кенесарыға дейінгі қазақ хандарының қызметіне баға беру.
Дамытушылық. Қазіргі Қазақстан Республикасы мен Қазақ хандығының мемлекеттік басқару жүйесін салыстырып, ерекшеліктерін таба білуге үйрету.
Тәрбиелік. Қазақ хандарының ұлт мемлекеттігінің негізін салуы мен нығайту жолындағы ерлікке толы еңбектеріне баға бере отырып, олардың Қазақ хандығын жауға бермей, ұлан-ғайыр жерді ұрпаққа мұра етіп қалдыруда атқарған қызметін үлгі етіп, жастардың бойларына сіңіру.
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: интерактивті
Пәнаралық байланыс: география
Көрнекілік:
1. Қазақ хандары. Абылай хан, Кенесары хандардың портреттері.
2. Қазақ хандығы құылғаннан Қазақстанда хандық биліктің жойылғанға дейінгі кезеңдері сипатталған жеке карталар. Кесте.
Сабақтың барысы. I.Ұйымдастыру кезеңі. II.Үй тапсырмасы.
Үйге берілген тапсырмаларды төмендегі сұрақтар негізінде тексеремін. Сұрақтарды сыныпты екі нұсқаға бөліп таратамын.
І-нұсқа.
1. «Қазақ» деп алғашқыда кімдерді атады?
2. Алтын Орда мемлекетінің негізін салушы хан.
3. Жошы хан күмбезі кайда орналасқан?
4.1227 жылы Жошы өлгеннен кейін, оның Ұлысын кай балалары иеленді?
5. Алтын Орда мемлекетінің халқын қалай атады? Ал-тын Орданың ыдырауы кай ғасырда жүрді?
6. Қазақ хандығының негізін құрған хандарды атаңдар.
7. М. Ж. Көпеев Қазақ халқының және мемлекетінің пайда болуын аты аңызға айналған қай ханның есімімен байланыстырады?
ІІ-нұска.
1. Ақ Орда мемлекеті қалай пайда болды?
2. Орда Ежен ұрпақтарынан Ақ Ордадағы билікті 1428 жылы кім тартып алды?
3. Әбілқайырдың билігін мойындамаған рулар Шу өзені бойына көшіп болашақ қай мемлекеттің негізін салды?
4. Ұлы жүз тайпалары қай аймақты мекендеді?
5. Алаш тайпалары бұрын қай мемлекеттің құрамында өмір сүрген?
6. Ш. Құдайбердиевтің «Шежіресі» бойынша Алтын Орда мемлекетінің өзбек, Қазақ, ноғай болып бөлінуінің себебі неде?
7. Қазақ хандығының орнығуы ңай ханның есімімен байланысты?
Жаңа сабақтың жоспары:
1. Хан-ел билеушісі.
2. Қазақ хандығының қоғамдық құрылысы.
3. Аты аңызға айналған қазақ хандары. Алаша хан.
4. Уыз хан.
5. Жошы хан.
6. Орда Еженнен тарайтың қазақтың Ұлы хандары. Қазіргі кезде дүние жүзінде 200-ден аса мемлекет бар.
Республика - мемлекет басшысы белгілі бір мерзімге сайланатын халықтық басқару түрі.
Монархиялық - әкеден балаға мұра ретінде берілетін, мемлекетті бір әулеттің басқару түрі.
Бүгінде монархиялық тәртіп сақтаған мемлекеттер әлі де бар. Сол сияқты XIX ғ-ға дейін қазақ елінде монархиялық жүйе сақталып мемлекетті Шыңғысханнан тарайтын төре ұрпақтары басқарды. Қазақ билік жүйесін кестенің көмегімен түсіндіремін.
ХАН
СҰЛТАН
БИ
АҚСАҚАЛ
АУЫЛБАСЫ
БАТЫРЛАР
ТӨЛЕҢГІТТЕР
Осы кестенің негізінде олардың қызметіне қысқаша тоқталып өтемін немесе өздеріне тапсырма беремін.
Сабақтың келесі сатысында қазақ хандарының тарихына тоқталамын. Алаша хан, Уыз хан, Жошы хандардың билік еткен жылдарын дәптеріне жазғызып қояды. Оларды қосымша әдебиеттерді пайдалана отырып, әңгімелеп беремін. Оқушыларға Алаша ханға, Жошы ханға арналып салынған күмбездердің суреті көрсетіледі.
Одан кейінгі Қазақ хандары тақырыпшасын оқушыларға кезек-кезек оқытып, қалған оқушылардан мазмұнын сұраймын. Дәптерге оқушылар «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы», «өз Тәукенің «Жеті жарғысы» деп жазып қояды.
Қорытындылау: Қазақ дәстүрінде ірі ұлыстарға билік жүргізген сұлтандарды да хан деп дәріптеді. Дегенмен алтын тақта отырған ұлы хандардың орны жоғары болған. Қазақ халқы хандарын сыйлап ак киізге кетеріп отырған, сонымен бірге Қазақтың хандары караша елін, туған жерін құрметтеген, игі жақсыларын сыйлаған, елге жау келгенде алдымен қарсы тұрған. Хандардың ішінде жауымен жағаласып соғыста қайтыс болғандары да аз емес.
Бекіту үшін мына сұрақтарды қоямын:
1. Ханның атқаратын қызметіне баға беріңдер.
2. Хан болу үшін қандай басты талап қойылды?
3. Қазақтың қандай хандарымен, олардың ерлік істерімен таныстыңдар?
Бағалау: Үйге тапсырма. 29-параграфты оқу.
5-сынып. Қазақстан тарихынан әңгімелер
Сабақтың тақырыбы: § 30. Қазақ билері
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды қазақ халқының бұрынғы сот төрелігі, билік айту жүйесімен таныстыру, қазақ билерінің өмірі, олардың тарихта алатын орны, өнегелі істері жайында мәлімет беру.
Дамытушылық: Өткен ғасырлардағы қазақ елінін сот жүйесі төрелік ету дәстұрімен таныстыра отырып мемлекет, билік жайында мәліметтерін кеңейту, құқықтық түсініктерін дамыту.
Тәрбиелік: Қара қылды қақ жарған әділ билік айтқан билер өмірін мысалға келтіре отырып әділдікке, адамгершілікке, адалдыққа тәрбиелеу, құкықтык тәрбие беру.
Әдісі: интерактивті
Пәнаралық байланыс: география
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ.
Сабақтың көрнекілігі: Қазыбек, Төле, Әйтеке билердің суреті.
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі. II. Үй тапсырмасын сүрау.
Алдымен оқушылардан үйге қандай тапсырма берілгенін сұрайды. Осыдан кейін өткен тақырыпқа байланысты сұрақтар жазылған карточкалар таратамын. Сұрақтың үлгісі:
Хан дегеніміз кім?
Қандай атақты хандарды білесіңдер?
Ңазақ хандарының әулеті туралы айт.
Оқушылар жауап беріп болғаннан кейін өткен сабақты толықтырып, тақырыпты қорытындылаймын. Сонымен қатар өткен такырыпты жаңа тақырыппен байланыстырамын.
Жаңа сабақ
Жаңа сабақтың тақырыбы айтылады, сонымен қатар тақырып пен жоспар тақтаға жазылып қойылады. Алдымен сабақтың негізгі мақсатын айтып жоспарды түсіндіремін
Сабақтың жоспары:
а) Қазыбек би
ә) Төле би
б) Әйтеке би
в) Тәуке хан
Жоспардан бұрын оқушылардан билер жайлы не білетінін сұраймын. Содан кейін жалпы билер туралы, қазақ халқының өміріндегі билік айту жүйесі жайында қысқаша түсінік беріп өтемін. Билер қызметін қазіргі кездегі еліміздің сот жүйесімен салыстыра отырып, құқықтық тарихтағы билердің алатын орнын көрсету керек.
Жоспар бойынша сабақты түсіндіремін Ең алдымен қабырғаға Қазыбек, Төле, Әйтеке билердің суреттері ілінеді. Осы үш бидің өмірі туралы қысқаша оқушыларға баяндап беремін. Үш бидің Қазақтың үш жүзінен шыққаны, жастайынан билік айту жүйесіне қатысканы жайында, құқықтык жүйесіне сіңірген еңбегі туралы айтылады. Билердің жастық шағы, өмірлерінің барлығы дерлік соғыс, шапқыншылыққа толы жылдарда өткені, бұл жағдай олардың жас кезінен бастап билікке араласуына ықпал еткені белгілі.
Бұдан кейін оқушыларды үш топқа бөліп, үш бидің шешендік сөздері жазылған қағаздарды таратамын. Оны 5-7 минуттай оқып, ой қорытуға уақыт береміз. Осыдан кейін олардан не түсінгенін сұрау керек. Оқушылардың өз беттерінше талдау жасауына бағыт беріп, ойларын тыңдаймыз. Осы аркылы қара қылды қак жарған билердің шешендік өнеріне оқушылардың көздерін жеткізу.
Билер туралы негізгі мәліметтерді оқыта отырып қысқаша конспект жазғызамын
Сабақтың негізгі жоспарына сәйкес әр Ұлы билерге жеке тоқталамын.
Төле би Әлібекұлы қазақтың Ұлы жүзінің үйсін тайпасынан шыққан ірі мемлекет қайраткері. Жастайынан ел билеу ісіне араласкан Төле жоңғар шапкыншылығы кезінде елшілік қызметті де аткарды. Бұл оның халқын шапқыншылықтан, жаугершіліктен аман сақтап қалуына септігін тигізді.
Төле би қазақтың атақты «Жеті жарғы» заңдар жинағын жасаушылардың бірі.
Қазыбек би Келдібекұлы Орта жүздің арғын тайпасының Қаракесек руынан шыкқан. Оның шешендігі мен саңқылдаған дауысына қарап халық Қаз дауысты Қазыбек деп атап кеткен. Тәуке хан бір кездері Орта жүздің билігін осы Қазыбекке сеніп тапсырған. Қаз дауысты Қазыбек би Тәуке ханның басшылығымен жасаған «Жеті жарғы» заңдар жинағының авторларының бірі.
Әйтеке би Байбекұлы Кіші жүздің биі және белгілі мемлекет қайраткері. Әйтеке жастайынан мемлекеттік істерге араласып, ел арасында билік айта бастайды. Қазақстанның батысы мен оңтүстік-батыс өлкесінде Әйтекенің аты ертеден белгілі болады. Төле, Қазыбек билермен қатар Әйтеке де Тәуке ханның бастауымен құрастырылған XVIII ғасырдағы Қазақ халқының әдет-ғұрыптық жинағы болып табылатын «Жеті жарғыны» жасауға қатысады.
Бұдан кейін жоғарыда сөз болған «Жеті жарғы» заңдар жинағы туралы оқушыларға түсіндіремін. Мұнда мұғалімде аталған заңдар жинағының қағазға жазылған нұсқасы болуы керек.
«Жеті жарғы» ХҮІІ-ХVIII ғасырдағы Қазақ халқының тұрмыстық әдет-ғұрыптық ережелерінің негізгі жиынтығы болып табылады.
«Жеті жарғы» заңдар жинағы Тәуке ханның кезінде өмірге келген. Әуелден бастап ханның жанындағы Ұлы билердің кеңесі «Жеті жарғы» атанған. Оның құрамында жоғарыда аталған Ұлы билерден басқа да беделді адамдар болған. Бұл қазіргі парламент деңгейіндегі билік жүйесі. Аталған заңдар жинағьш құрастыруға Төле, Қазыбек, Әйтеке сияқты казақтың белгілі билері қатысқан.
Қорытынды кезең.
Сабақтың қорытынды кезеңінде тақырыпты қысқаша қорытындылап, оқушылар бекітуге арналған 3-4 сұрақтар беремін.
Бағалау:
Үй тапсырмасына тақырыптың соңындағы сұрақтарға жауап жазып келу жүктеледі.
5-сынып. Қазақстан тарихынан әңгімелер
Сабақтың тақырыбы: §31. XVIII ғасырдағы қазақ батырлары
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға жоңғарларға қарсы күрескен қазақ батырлары, олардың ерлігі жайында кеңінен мәлімет беру, Қазақ тарихындағы батырлардың алатын орнын анықтау.
Дамытушылық: Қазақ батырларының ерлігіне тарихи тұрғыдан баға бере білуге дағдыландыру, танымдык қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелік: Ерлікке, отансүйгіштікке тәрбиелеу, Қазақ батырларының ерлігін үлгі етуге, құрметтеуге үйрету.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: Аралас сабак, әңгіме.
Пәнаралық байланыс: география
Көрнекілік: Батырлардың суреттері, Қазақстан картасы.
Сабақтың барысы. I. Ұйымдастыру кезеңі. II. Үй тапсырмасын сүрау.
Қазақ билері жайында оқушылардан кысқаша сұрау. Кем дегенде 2-3 оқушыны сөйлету. Төрт оқушыға Қазыбек, Төле, Әйтеке билер және Тәуке ханға байланысты сұрақтар жазылған карточқалар беріліп, жауаптары тыңдалады. Бұдан соң үй тапсырмасын қысқаша қорытындылаймын. Дәптерге жазуға берілген тапсырма бойынша үш оқушыны тексеріп бағалаймын.
ІІІ. Жаңа сабақ
Өтілетін сабактын тақырыбы мен жоспары алдын ала жазылып қойылады. Ооқушыларды сабақтың тақырыбы және негізгі мақсаттарымен таныстырып өтемін.
Сабақ жоспар:
1. Жоңғар-ойрат мемлекетінің құрылуы.
2. Қазақ батырлары.
Жоңғар мемлекеті.
Батыс Монғолия жерінде, жоғарғы Ертіс, Алтай, Тар-бағатай еңірінде құрылған.
Құрылған уақыты - XVIII ғасыр (1635-1640 жылдар).
Сипаты - аскери-көшпелі.
Мемлекет билеушісі - қоңтайшы.
Тайпалар - торғауыт,чорос, дөрбет, хошауыт т.б. Бұлар дүрбіт-ойрат деп аталған.
Бұдан әрі балаларға жоңғарлардың Қазақ жеріне жасаған шапкыншылығы туралы түсіндіремін. Жоңғарлар да қазақ халқы сияқты көшпелі мал шаруашылығымен айналысқандықтан мал жайылымы оларға тарлық етеді. Оның үстіне ойрат тайпалары шығыс монғол (халха), манчьжур Қытайдан көп қысымшылық көрді. Сондықтан жоңғар нояндарын Қазақ елінің шұрайлы жерлері үнемі қызықтырады. Бұл шапқыншылықтың басты себебі болып табылады.
Жоңғарлардың қазақ жеріне шабуылы ХУІІ-ХУШ ғасыр аралығын қамтиды.
Ең қасіретті жыл деп 1723 жылды айтуға болады. Себебі тарихтағы әйгілі қырғын «Ақтабан шүбырынды, Алкакөл сұлама» осы жылы болған. Бұдан соң оқушылардың назарын «Елім-ай» әніне аударамын. Сабақ жоспарындағы екінші тақырыпшаға кеңінен тоқталамын. Ең алдымен жоңғар шапқыншылығы кезінде қол бастаған, ел мен жерді қорғау кезінде ерлік көрсетіп, аты аңызға айналған батырлар жайында қысқаша әңгімелеп беру.
Батырлар: Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шапырашты Наурызбай, Шақшақ Жәнібек, Баян батыр, Райымбек, Малайсары т.б.
Бұдан кейін оқулық және дәптермен жұмыска 10 минуттай уақыт беремін.
Осыған байланысты төмендегідей кестені толтырту.
Қабанбай батыр Бөгенбай батыр Наурызбай батыр Баян батыр
Өмір сүрген уақыты Ерлік істері Кестені толтырып болған соң 3-4 оқушыдан әр батырлар жайында, олардың ерлік істері туралы түсінгендерін айтқызамын.
Қорытынды кезең.
Жаңа сабақты бекіту мақсатында төмендегідей сұрақтарды қоямын
Жоңғар шапқыншылығы жайлы не білесіндер?
Қазак елін жат жерлік жаулардан қорғаудағы батырлардың үлесі қандай болды?
Бөгенбай жоңғарларға қарсы шамамен қанша жорыққа катысты?
Жоңғарларға қарсы жүргізілген көптеген ұрыстарда Қабанбай қандай міндет атқарған?
Жоңғарларға қарсы күресте ерлік көрсеткен басқа қандай батырларды білесіңдер?
Бекіту:
Үй тапсырмасы:
1. Жоңғарларға карсы күресте ерлік көрсеткен батырлардың ерлік істері туралы қосымша оқып, жеке бір батыр туралы дәптерге қысқаша әңгіме жазғызу.
2. 31-параграфты окып келу.
5-сынып. Қазақстан тарихынан әңгімелер
Сабақтың тақырыбы: Қайталау
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: ІІ тоқсанда өтілген материалдарды қайталата отырып, оқушылардың білім-білік дағдыларын қалыптастыру, тарихты сыни тұрғыда талдай алатын білімді азамат тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: қайталау
Әдісі: интерактивті
Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері, география, орыс тілі, қазақ әдебиеті
Көрнекілік: карта, сызба
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі
Оқу құралын тексеріп түгелдеу
Әнұран орындау, «Хабар»
Оқушылар зейінін сабаққа аудару
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:
Аңыз бойынша сактардың ата-бабасы кімдер?
Аңыз бойынша сақтардың үш әулетінің қайсысы тұңғыш патша ұрпағы атанды?
Сақ коғамында абыздардың киген киімінің түсі.
Кирдің колынан қаза тапкан Томиристің ұлы.
«Сен қанға тоймаушы едің, енді той» деген сөз кімдікі?
Б.з.б. IV ғасырдың 30-жылдары сак-скиф жеріне грек-македондыктарды бастап келген қолбасшы.
Грек-македон әскерінің Үндістанға жорығына қатыскан массагет тайпасының ауыр қару-жарақты атты әскері калай аталады?
Парсы патшасы I Кир кай өзеннің бойына қала тұрғызды?
Қайталанатын материалдар:
«Алтын киімді адам»
Мөде-ғұн мемлекетінің негізін салушы
Батыс және оңтүстік ғұн империялары
Ежелгі түріктер. Түрік қағанаты
Ежелгі түрік жазулары
Мәдениет және сауда жолдары
Әл-Фараби шығыстың ғұлама ғалымы
Ортағасырлық қалалар
Отырар-қаһарман қала
Қазақ халқының қалыптасуы
Қазақ хандығының құрылуы
Қазақ хандарының тарихы
ХҮІІІ ғасырдағы батырлар
Бекіту:
«Иә-жоқ»
Бетпе-бет
Эрудит
Мұны әркім білуі тиіс
Эссе
Бағалау: Үйге тапсырма: ІІ тоқсан материалдарын қайталау.
5-сынып. Қазақстан тарихынан әңгімелер
Сабақтың тақырыбы: §32. Қазақстан және Ресей.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Қазақстан мен Ресейдің тарихи байланысы және Қазақстанның Ресейге қосылуы жайында оқушыларға мағлұмат беру, Ресей империясының Қазақ елін отарлау саясаты жайында түсіндіру.
Дамытушылық: Қазақстанның Ресейге қосылуына, Ресей империясының Қазақстанды отарлау саясатына тарихи тұрғыда баға беру және тарихи маңызын, жақсы жағы мен кемшіліктерін анықтай білу дағдыларын қалыптастыру.
Тәрбиелік: достыққа, өз елінің тарихын құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас.
Сабақтың әдісі: әңгіме, баяндау.
Пән аралық байланыс: география, орыс тілі
Сабақтық көрнекілігі: Қазақстан және Ресейдің саяси картасы, Абылай, Әбілқайыр хандардың суреті.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Үй тапсырмасын сұрау.
Екі оқушыға үйде жазған әңгімесін оқытамын. Содан оқыған параграфты тексеру мақсатында төмендегідей сұрақтар қоямын
1. Жоңғар мемлекеті туралы не білесің?
2. Жоңғарлардың қазақ жеріне шапқыншылық жасауының басты себебі неде?
3. «Елім-ай» әнінің мағынасы туралы айт.
4. Бөгенбай батырдың қазақ жерін жоңғарлардан қорғауда қоскан үлесі жайлы не білесің?
5. Қабанбайдың шын аты кім? Оны неліктен «Нарбала», «Дарабоз» деп атаған?
6. Наурызбай, Баян, Малайсары, Бөгенбай батырлардың қандай ерліктерін білесіңдер?
Бұдан кейін қыскаша үй тапсырмасын қорытындылайды.
Үй тапсырмасын қорытындылауда ең алдымен жоңғар шапқыншылығының Қазақстанға тигізген зардабы, елі мен жерін қорғаудағы батырлардың алатын орны, ерлігі жайында айтамын
III. Жаңа сабақ.
Тақырып тақтаға жазылады.
Сабақтың жоспар:
1. Қазақстанның Ресейге қосылу барысы.
2. Әбілкайыр хан.
Сабақты түсіндірмес бұрын оқушыларға мынадай сұрақтар қоямын
а) Қазіргі Қазақстан мен Ресей арасында қандай байланыс бар?
ә) Ресей елі туралы не білесіңдер?
Бұл сұрақтар арқылы оқушыларды жаңа тақырыпка дайындаймын. Аталған екі сұрақка өз ойларын айта алады. Қазақстан мен Ресей арасындағы қазіргі байланыстың түп-тамыры тереңде жатқанын айтып жаңа тақырыпты түсіндіремін.
Төмендегідей сұрақтарға тоқталамын.
1. Әбілқайыр ханның Ресей бодандығын мойындауының себептері.
2. Ресей бодандығын мойындау барысы.
3. Ресей империясының қазақ жерін біртіндеп отарлай бастауы.
Осы сұрақтар бойынша оқушыларға он минуттай уақыт түсінік беремін.
XVIII ғасырдың басында қазақ елінің жағдайы күрт қиындай түседі. Шығыстағы Жоңғар мемлекеті тарапынан үлкен қауіп төнді. Қазақтың шұрайлы жерін тартып алып, халқын бағынышты етуді көздеген жоңғар қоңтайшылары мен феодалдары қазақ жерін жиі шабуылдап ауыр зардап әкелді.
Осыдан кейін Ресей империясының Қазақ жерін отарлауына жол ашылады. Ең алдымен Ресей өкіметі қазақ жеріне қаптатып әскери бекіністерді тұрғыза бастайды. Мұндай бекіністер Жайық, Ертіс, Есіл езендерінің бойына көптеп салынады.
Осы жерде мысал келтіре кетуге болады.
Бекіністер: Орынбор, Семей, Өскемен, Кереку, Жәміш, Железин, Бұқтырма, Қызылжар, Орск т.б.
Қазақтар көптеген шұрайлы жерлерінен айырылады. Ертіс, Жайық өзендерінің оң жағалауына қазақтардың мал жаюына тыйым салынады.
Картадан аталған өзендерді, бекіністерді көрсету керек.
Жоспар бойынша Әбілкайыр хан туралы түсіндіреді.
Әбілқайыр хан.
Шыңғысханның тұқымы, Кіші жүздің ханы, белгілі мемлекет қайраткері. Бір кездері жоңғарларға қарсы соғыста Қазақ әскерлерінің қолбасшысы болған. XVIII ғасырдың басындағы қазақ елінің қиын жағдайы, жоңғар шапқыншылығы, билік үшін күрес Әбілкайыр ханды Ресей еліне сенім артуына итермелейді. Әбілкайыр қазақ тарихындағы белгілі қоғам қайраткері. Қазақстан Республикасы алғаш өзінің төл теңгесін шығарғанда 50 теңгелік банкноттың бетіне Әбілқайыр ханның суретін салады.
Оқушыларды екі топқа бөліл шағын пікірсакыс өткізу.
«А» тобы — Қазақстанның Ресейге қосылуының жағымды жағын,
«Б» тобы - Қазақстанның Ресейге қосылуының кері әсерін әңгімелейді.
Қорытынды кезең.
Сабақты бекітуге арналған сұрақтар бар карточқалар таратамын.
Ондағы сұрақтар:
1. Әбілқайыр хан неліктен Ресей бодандығын мойындады?
2. Ресей империясының Қазақстанды өз бодандығына тезірек қабылдауының басты себебі неде?
3. Ресей империясы қазақ жеріне әскери бекіністерді не мақсатта салды?
4. Әбілқайыр ханның қазақ тарихындағы орны қандай? Сұрақтарға жауап алынғаннан кейін тақырыпты қысқаша қорытындылаймын.
Бағалау:
Үй тапсырмасы: 1. 32-параграфты оқу.
5-сынып. Қазақстан тарихынан әңгімелер
Сабақтың тақырыбы: § 33. Абылай хан
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Қазақ халқын бір хандыққа біріктіріп, Қазақ мемлекетінің іргетасын қалаған Абылай хан жайында оқушыларға мәлімет бере отырып, оның Қазақ тарихындағы орны, ерлік істері жайындағы білімдерін арттыру, Абылайдың жүргізген саясатының сырын түсіндіру.
Дамытушылық: Абылай ханның қазақ тарихындағы еңбегіне баға беру арқылы тарихи тұлғалардың еңбегін бағалай білуге үйрету, танымдық қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелік: Абылай ханның қазақ тарихындағы алатын орнын анықтай отыра, оқушыларды қаһарман тұлғалардың ерлігін құрметтеуге үйрету, ерлікке, отансүйгіштікке, ұлтжандылықка тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: интерактивті
Пәнаралық байланыс: география
Сабақтың көрнекілігі: Абылай ханның суреті, Қазақстанның саяси картасы, теледидар, «Көшпенділер» фильмінін бейнекассетасы.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Үй тапсырмасын сүрау.
Алдымен оқушылардан үйге қандай тапсырма берілгенін сұраймын.
1. Сұрақтар жазылған карточкаларды көбейтіп оқушыларға таратамын.
2. «Қазақстанның Ресейге қосылуының тарихи маңызы» тақырыбы бойынша әңгімелеп беру тапсырылады.
3. Әбілқайыр туралы оқушылардан не білетінін сұрау.
Оқушылардың жауабын тыңдап болған соң тақырыпты шолып, қысқаша сабақты қорытындылаймын. Онда Қазақстанның Ресейге қосылуына тарихи тұрғыда баға бере отырып, оның тарихи маңыздылығына тоқталамын. Әбілқайыр Ресей бодандығына қол қойғанымен халықтың көпшілігі оған көнбеді. Міне осылардың басында Абылай тұрды. Осылай жаңа сабақпен байланыстыра кетемін.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Жаңа сабақтың тақырыбын тақтаға жаза отырып, сабақтың мақсатын оқушыларға айтып беремін. Сонымен қатар сабақтың жоспары тақтаға жазылады.
Сабақтың жоспары.
1. Абылайдың ата-тегі, жастық шағы.
2. Абылайдың жүргізген саясаты.
3. Абылай - қазақтың Ұлы ханы.
Жаңа сабаққа кіріспес бұрын оқушыларға бейнекассетаны қосып «Көшпенділер» киносынан үзінді көрсетемін. Осы кинодағы Мансұр бейнесіне назар аудару тапсырылады.
Содан кейін мынадай сұрақтар қойылады:
1. Осы кинодағы Әбілмансұр туралы не білесіңдер?
2. Әбілмансұр кинода қандай кейіпкер ретінде көрінеді?
Оқушылар жауабын тыңдап болғаннан кейін жоспар бойынша сабақты түсіндіруге кірісемін. Ең алдымен Абылайдың ата-тегіне тоқталамын.Абылайдың шын аты - Әбілмансұр. Арғы аталары әлемге әйгілі Шыңғысхан және оның үлкен Ұлы Жошы хан. Бұлардың тікелей ұрпағы болып табылатын Қазақ хандығының алғаш іргетасын қалаған Әз-Жәнібек те Әбілмансұрдың арғы аталарының бірі. Қазақтың хан тағына тек Шыңғыс ұрпақтары ғана отырды. Оларды төре деп атайды. Міне Әбілмансұр осы төре тұқымынан.
Бұдан әрі Әбілмансұрдың жастайынан жетім қалғанын, Ораз аталықтың көмегімен аман қалып, көшпелі қазақ халқының арасына келіп паналайтыны туралы айтып өтеді.
Осы жерде бейнекассетаны іске қосып, оқушылар назарын «Көшпенділер» киносындағы Ораз бейнесіне аударып, пікірлерін тыңдаймын.
Одан әрі ретімен жас Сабалақ туралы, оның Абылай атануы жайында оқушыларға түсінік беріп өтемін. Абылай ханның өмірінің соңғы кезімен аяқтаймын.
Негізгі түсіндіру уақыты аяқталғаннан кейін оқушыларға түрлі түсті қағаздар таратады. Қағазда мынадай жазу болады:
Абылай - ол:
Оқушылар Абылай туралы өз ойларын жазады. Мысалы: Абылай - хан, дипломат, батыр т.с.с.
Оқулықпен жұмыс.
Оқушыларға кітаптан Абылайдың өмірінен хронологиялық кесте жасатамын. Мысалы:
1. 1711 жыл - Әбілмансұр өмірге келді т.б. Осы жерде оқушыларға Абылайдың төңірегіндегі тұлғалар жайында түсінік беру. Бұқар жырау, Үмбетей жырау, Тәтіқара акын т.б. Бұқар жыраудың Абылайдың өмірін жырлаған жыр жолдарынан үзінді келтіремін.
Ей, Абылай, Абылай,
Сені мен алғаш көргенде
Тұрымтайдай үл едің,
Үйсін Төле бидің
Түйесін баққан құл едің,
Абылай атың жоқ еді
Сабалақ атпен жүр едің.
Қорытынды кезең
Сабақты қорытындылау үшін төмендегідей сұрақтарды беремін:
1. Абылай билікке қалай келді?
2. Абылай атының шыға бастауы қандай тарихи оқиғаға байланысты?
3. Абылай қазақ тарихында қандай орын алады?
4. Абылай төңірегіндегі белгілі адамдардың ықпалы қандай болды?
Абылай - үш жүздің басын бір хандыққа біріктірген, Қазақ хандығын біртұтас, мықты мемлекетке айналдырған дарынды қолбасшы, батыр, дипломат, атақты мемлекет қайраткері.
Бағалау:
Үй тапсырмасы:§33 Абылай хан жайында шағын әңгіме жазу.
5-сынып. Қазақстан тарихынан әңгімелер
Сабақтың тақырыбы: §34. XIX ғасырдағы тәуелсіздік үшін күрес жылдары.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: XIX ғасырдың 1-жартысындағы Кенесары Қасымұлы бастаған және Ішкі ордадағы 1836-1838 жылдардағы ұлт-азаттық қозғалыстар туралы мағлұмат беру.
Дамытушылық: қозғалыстардың себеп-салдарын, тарихи маңызын анықтай білуге, сонымен қатар өзі бетінше оқу, ой қорыту дағдыларын қалыптастыру, танымдық ой өрістерін арттыру.
Тәрбиелік: оқушыларды өз Отанын сүюге, патриотизмге тәрбиелеу, өткен тарихқа, Ұлы тұлғаларға құрметпен қарауға, олардың ерлік істерін үлгі ете білуге үйрету.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.
Сабақтың әдісі: әңгіме, пікір алысу.
Көрнекілік: Қазақстан картасы, Исатай, Махамбет, Кенесары портреттері.
Сабақтың барысы.
Ұйымдастыру кезеңі.
Үй тапсырмасын сұрау.
Алдымен кем дегенде үш оқушыға Абылай жайында жазған әңгімесін оқытамын.
Содан кейін өткен тақырыпты пысықтап оқушылардың білімін тексеру үшін сұрақтар жазылған карточқалар таратамын.
Олар:
№1
Абылай ханның қазақ тарихындағы орнын қалай бағалайсың?
№2
Абылай ханның ішкі және сыртқы саясатындағы негізгі бағыттар қандай?
№3
Әбілмансұр қалай Абылай атанды?
№4
Абылай ханның жүргізген саясатының табысты болуына оның төңірегіндегі белгілі адамдардың ықпалы қандай болды?
Үй тапсырмасын қысқаша қорытындылаймын. Онда Абылай ханның өміріне, ата-тегіне, қайраткерлік жолына, ішкі және сырткы саясатына тоқталамын. Абылайдың қазақ мемлекетінің дербестігін, тәуелсіздігін сақтаудағы еңбегіне де тоқталып өтемін.
Жаңа сабақ:
Сабактың тақырыбы, жоспар алдын ала тақтаға жазылып қойылады. Оқушыларға тақырыпты айтып, сабақтың мақсатын түсіндіремін.
Сабақ жоспары:
1. Ұлт-азаттық қозғалыстардың себептері және мақсаты.
2. Қозғалыстардың сипаты, қозғаушы күші.
3. Көтерілістердің басшылары.
4. Көтерілістердің барысы және жеңілу себептері.
5. Кетерілістердің тарихи маңызы.
Оқушыларға жоспарды дәптерлеріне жазғызғаннан соң осы жоспар бойынша сабақты түсіндіремін. Оқушыларға оқулықтағы екі тақырыпшаны (1836-1838 жылдардағы көтеріліс пен 1837-1847 жылдар аралығындағы көтерілістер) салыстыра отырып түсіндіремін.
Көтерілістердің басты себептері ұксас. Екі көтеріліс те негізінен патша өкіметінің отарлау саясатына қарсы бағытталды. Қозғаушы күштері де қарапайым қазақ шаруалары.
1837-1847 жылдардағы ұлт-азаттық қозғалысты Абылай ханның немересі, Қасым төренің баласы Кенесары сұлтан басқарды. Оның төңірегінде Наурызбай, Ағыбай, Иман, Жоламан, Бұқарбай сияқты белгілі батыр, әскери қолбасшылар болды.
Ал 1836-1838 жылдардағы Ішкі ордадағы (немесе Бөкей ордасы) көтерілістерді старшын Исатай Тайманұлы мен белгілі ақын Махамбет Өтемісұлы басқарды.
Осы арада оқушыларға Кенесары Қасымұлы, Исатай Тайманұлы және Махамбет Өтемісұлы жайында қысқаша түсінік беріп өтемін.
Ұлт-азаттық көтерілістер өте табанды өтті. Көп жағдайда көтерілісшілер патша өкіметінің отрядтарын ойсырата жеңіп отырды. Бірақ көтерілісшілер көздеген мақсаттарына жете алмады.
Осыдан кейін көтерілістің жеңілуінің басты себептеріне тоқталып етемін. Оқушыларға осы екі көтерілістердің тарихи маңызын толықтай әңгімелеп беремін.
Дәптермен жұмыс.
Екі көтерілісті салыстыра отырып темендегі кестені толтырамыз.
Кенесары көтерілісі Ішкі ордадағы көтеріліс
Уақыты Қозғалыс басшылары Көтеріліс еткен жерлер Көтерілістің козғаушы күші, сипаты Көтерілістің тарихи маңызы Қорытынды:
Сабақты бекіту мақсатында осы тақырыпқа байланысты сұрақтар беремін.
1. Кенесары Қасымұлы бастаған көтерілістің мақсаты қандай?
2. Кенесарының төңірегіндегі батырлар туралы айт.
3. Кенесары басқарған көтерілістің жеңілуінің басты себебі қандай?
4. Ішкі ордадағы көтерілістің басты себебі қандай?
5. Исатай мен Махамбеттің қолбасшылығы жайында айт.
Бұдан кейін қозғалыстарды салыстыра отырып сабақты қысқаша қорытындылап өтемін. Оқушылардың берген жауабып толықтырып өтемін.
Бағалау:
Үй тапсырмасы: 1. 34-параграфты оқу.
2. Кенесары, Исатай, Махамбет жайында дәптерге шағын әңгіме жазып келу.
5-сынып. Қазақстан тарихынан әңгімелер
Сабақтың тақырыбы: § 35. Қазақтың көрнекті ғалымы-Шоқан Уәлиханов
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды қазақтың көрнекті ғалымы Ш.Уәлихановпен таныстыру, оның өмірі, еңбегі, ғылымға қосқан үлесі жайында мағлұмат беру.
Дамытушылық: қазақтың ұлы ғалымдары жайындағы білімдерін одан әрі дамыту, ғылыми қызығушылықтарын ұлғайту, ұлы ғалымдардың еңбектерін өзі бетінше оқып үйренуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: білім, ғылымға қызығушылықтарын арттыру, ұлы ғалымдардың еңбектерін оқу арқылы адамгершілікке, имандылыққа, білімділікке тәрбиелеу, олардың өмірін үлгі ету.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.
Сабақтың көрнекілігі: Ш. Уәлиханов, Г. Потанин, Ф. Достоевский суреттері, ғылыми карталар.
Сабақтың барысы.
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасын сұрау.
Өткен тақырыпты пысықтау мақсатында үй тапсырмасын тест сұрақтары арқылы тексеремін.
1. Кенесары Қасымұлы басқарған ұлт-азаттық күрес болған жылдар.
2. Кенесарының ата-бабалары.
3. Кенесары хан көтерілген жыл.
4. 1836—1838 жылдарда болған ішкі ордадағы көтеріліс басшыларының бірі, ақын.
5. Исатай Тайманұлы қазіргі қай облыстың жерінде дүниеге келді?
6. Бөкей ордасы қай өзендердің аралығында орналаскан?
III. Жаңа сабақ.
Алдымен сабақтың тақырыбын тақтаға жазып, оқушыларға негізгі мақсаты түсіндіріледі.
Жаңа сабақты оқушыларға сұрақ қоюдан бастаймын.
1. Шоқан туралы не білесіңдер?
2. Шоқанның аты ғылым мен мәдениеттің қандай саласымен байланысты деп ойлайсыңдар?
Осыдан кейін тақырыпты қыскаша түсіндіре бастаймын.
Шоқанның шын аты — Мұхаммедханафия. Шоқан Абылай ханның шөбересі екенін оқушылардың естеріне саламын. Шоқанның туып-өскен жері Құсмұрын және Сырымбет. Шоқанның жастайынан ғылым мен білімге құмартуына әкесі Шыңғыс сұлтан мен әжесі Айғанымның әсері мол болған.
Шоқан он екі жасында 1847 жылы Омбы қаласындағы Сібір кадет корпусына оқуға түседі. Бұл оқу орын патша өкіметіне қызмет ететін әскери саладағы офицерлерді дайындайтын. 1853 жылы Шоқан аталған оқу орнын корнет деген офицерлік шенмен бітіріп, әскери қызметке орналасады. Осыдан Шоқанның ғылыммен айналысуына жол ашылады. Ол көптеген ғылыми-зерттеу экспедицияларға қатысады. Қашқарияға жасаған сапары оның атын әлемге әйгілі етеді. Шоқан Ф.М.Достоевский, Г.Н.Потанин сияқты ғылым мен әдебиеттің белгілі өкілдерімен достасады.
Осылай түсіндіре келе оқушыларға Шоқанның өмірінен, ғылыми жолдарынан оқулықты пайдалана отырып дәптерге хронологиялық кесте жасау тапсырылады.
1. 1835 жыл - Шоқан дүниеге келді.
2.1847 жыл - Шоқан Омбыдағы Сібір кадет корпусына оқуға түседі.
3.1853 жыл - Шоқан Сібір кадет корпусын бітіреді т.б.
Бұдан кейін сынып оқушыларын екі топқа бөліп, Шоқанның өмірінен екі тақырып беріп шағын әңгіме жазуды тапсырамын.
Тақырыптар:
І-топка: «Шоканның балалық шағы».
П-тоіща: «Шоқан - көрнекті ғалым».
Жазып болғаннан кейін екі топтың жазған әңгімелерін бір-біріне алмастырып, пікір алысуға жағдай тудырады. Бұл әңгімені артынан қысқаша қорытындылап өтемін. Сонымен қатар қисынды әңгіме жазған оқушыларды бағалаймын.
Қорытынды кезең
Жаңа сабақты бекіту мақсатында оқушыларға өтілген тақырыпқа байланысты сұрақтар қоямын.
Бекіту сұрағының үлгілері:
1. Шоқанның жастық шағы қай өлкеде өтті?
2. Шоқанның ата-бабалары туралы не білесіңдер?
3. Шоқан Омбы қаласында қандай оқу орнында оқыды? Бұл оқу орнында қандай сала бойынша білім алды?
4. Шоқан қатыскан ғылыми-зерттеу экспедиқияларды ата.
5. Шоқанды әлемге әйгілі еткен қандай экспедиқия?
6. Шоқан ғылымның қандай салаларымен айналыскан?
7. Шоқан еңбектерін жарыққа шығарған академик кім?
Оқушылардың жауабын тыңдаған соң сабақты қорытындылаймын.
Шоқан Уәлихановтың өмірі өте қысқа болды. Бірақ сол қыска ғұмырында ол ғылым жолында өте көп табыстарға жетті. Тарих пен география, әдебиет пен этнография салаларында бірқатар ірі ғылыми еңбектер жазды. Санкт-Петербург қаласында Азия департаментінде қызмет атқарды. Қазақтардың арасында алғашқы болып Орыс географиялың қоғамының белсенді мүшесі болды. Шоқан орыстың алдыңғы қатарлы интеллигенция өкілдерімен жақсы қарым-қатынаста орнатып, достаса білді. Сонымен Шоқан Уәлиханов XIX ғасырдағы қазақтың біртуар ұлдарының бірі, ірі ғалым, ағартушы, қоғам қайраткері.
Бағалау:
Үй тапсырмасы.
1. 35-параграфты оқу.
2. Шоқан Уәлиханов жайында қосымша әңгімелер оқып келу. Мәселен, С.Бегалиннің «Бала Шоқан» повесі.
5-сынып. Қазақстан тарихынан әңгімелер
Сабақтың тақырыбы: §36. Абай Құнанбаев-қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың өмірі, шығармашылық жолдары, Қазақ әдебиетіне сіңірген еңбегі жайында білім беру. Абайдың
қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы екеніне оқушылардың көзін жеткізу.
Дамытушылық: Абайдың еңбектерін насихаттау арқылы шығармашылық дағдыларын қалыптастыру, өткен тарихқа, әдебиетке, отанымыздың рухани мұраларына баға бере білуге үйрету, өз беттерінше шығармашылықтарын дамыта білуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: Қазақтың бай әдебиетіне деген құрметке тәрбиелеу, Абай арқылы әдебиетке қызығушылықтарын ояту, адамгершілікке, имандылыққа, адалдықка тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас.
Әдісі: баяндау
Сабақтың көрнекілігі: Абайдың суреті, Семейдегі Ахмет Риза медресесінің суреті, Абай шығармалары (өлеңдер).
Сабақтың барысы.
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
Үй тапсырмасын тест тапсырмалар арқылы он минуттай тексеріп шығамын. Тапсырма үлгілері:
1. Ш.Уәлихановтың өмір сүрген жылдары.
2. Шоқанның азан шақырып қойған аты.
3. Шоқан Омбыда қандай оқу орнында оқыды?
4. Шоқан Сібір кадет корпусын қандай әскери шенмен бітірді? т.б.
Тест тапсырмаларының саны он болады. Сонымен қатар оқушылардан Шоқан туралы қосымша оқып келгендерін сұраймын.
Оның артынан үй тапсырмасын қорытындылап өтіп, жаңа сабаққа кірісемін.
III. Жаңа сабақ:
Жаңа сабақтың тақырыбы алдын ала тақтаға жазылады. Оқушыларды сабақтың мақсатымен таныстырып өтемін.
Алдымен тақтаға «Абай» сөзін жазып коямын. Оқушыларға осы сөзді дәптерлеріне жазғызып жан-жағына не ойлайтындарын түсіремін.
Үлгі:
Абай
Бірнеше оқушыларды тақтаға өз ойларын түсіреді. Осы жазғандарын оқушылардың өздеріне қыскаша талдау жасатамын. Осыдан кейін мынадай сұрақ беремін.
1. Абай дегенде естеріңе не түседі?
2. Абайдың қандай өлеңдерін білесіңдер? Оқушыларға сонымен қатар Абайдың өлеңінен үзінді оқытамын. Осыдан кейін тақтаға түсірткен оқушылар ойларын негізге ала отырып сабақты түсіндіремін.
Абай Құнабайұлы 1845 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан (Семей) облысының Шыңғыстау өлкесінде дүниеге келген. Абайдың шын аты Ибрагим. Руы тобықты. Әкесі Құнанбай осы рудың басшысы, аға сұлтан болған. Абайдың зерек болып өсуіне шешесі Ұлжан мен әжесі Зеренің әсері мол болған. Абай кейіннен Семейдегі Ахмет Риза медресесінде оқып білім алады. Мұнда шығыстың ірі ғалымдары Фирдоуси, Низами, Науаи еңбектерімен танысады. Қалада болған кезінде орыс тілін шебер меңгереді. Көптеген орыс зиялыларымен танысып достасады. Бірақ Абайды әкесі Құнанбай ел билігіне араластыру үшін оқуын аяқтатпай ерте қайтарып алады.
Осы арада оқушыларға Құнанбай жайлы қысқаша әңгімелеп беремін.
Жас кезінен ел билігіне араласу Абайды ерте есейтеді. Осы кезден бастап Абай өлең жазумен айналысады. Оның өлеңдері жастарды білімге, ғылымға шақырады, халықтың сол кездегі нашар әлеуметтік хал-ахуалын суреттейді. Абайдың елуге жуық қара сөзінің аса зор философиялық мәні бар.
«Ескендір», «Масғұт», «Әзім әңгімесі» деп аталатын үш поэма жазған. Орыс тілін жетік меңгеруі Абайдың орыс классиктерінің шығармаларын қазақ тіліне аударуына жол ашады. Абай Л. Толстой, А.С. Пушкин, М.Ю. Лермонтов, М.Е. Салтыков-Шедринді аударған. Абайдың талантты Мағауия, Акылбай, Өбдірахман атты ұлдары болған. 1904 жылы Абай қайтыс болады.
Бұдан кейін оқушыларға дәптерлеріне Абайдың кез келген өлеңінен төрт жол үзінді жазуды тапсырамын. Бес минуттай уақыт оқушыларға өздері жазған өлең шумақтары жайында ойларын айтқызамын.
Бұл өтілетін тақырыптың маңызын аша түсуге көмектеседі.
Қорытынды кезең
Сабақты бекіту мақсатында оқушыларға жазылған карточкалар таратамын.
Ондағы сұрақ үлгілері:
1. Абайдың қазақ әдебиетінде алатын орны.
2. Абайдың жан-жақты өсуіне әсер еткен орта туралы айт. Оқушылардың ойларын тұжырымдап қорытындылаймын.
Абай - қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы, XIX ғасырдағы қазақ поэзиясының ірі өкілі. Абай өлеңдерінің әдебиетімізде алатын орны ерекше. Орыстың алдыңғы қатарлы зиялы өкілдерімен жақын араласуы Абайдың прогрестік жолына үлкен әсер еткен. Орыс классиктерінің шығармаларын қазақ тілінде шебер сөйлете білді. Абай өмірінің ерекшелігін біз Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясынан оқып біле аламыз.
Бағалау:
Ү й тапсырмасы:
1. Зб-параграфты оқу.
2. «Абай жолы» романынан үзінді оқып келу.
5-сынып. Қазақстан тарихынан әңгімелер
Сабақтың тақырыбы: § 37. Ыбырай Алтынсарин-ағартушы, педагог. /2 сағат/
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға қазақтың ірі ғалымы, ағартушы-педагог Ыбырай Алтынсарин туралы, оның еңбегі, шығармашылық мұрасы, ағартушылық қызметі жайында мағлұмат беру.
Дамытушылық: Ыбырай еңбектері туралы білімдерін одан әрі дамыту, танымдық көзқарастарын нығайту, шығармашылық ізденістерін жетілдіру.
Тәрбиелік: қазақтың ұлы тұлғаларының бірі Ыбырай еңбектерін үлгі ете отырып оқушыларды еңбекқорлыққа, адамгершілікке, іскерлікке тәрбиелеу, достық, ынтымақтықка баулу.
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: интерактивті
Пәнаралық байланыс: география
Сабақтың көрнекілігі: Ыбырай суреті, еңбектері.
Сабақтың барысы.
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасын сұрау.
Тақтаға «Абай» сөзін жазып, бір парақ қағазға оқушыларға ассосация жасатамын (Абайға катысты сөздер жаздырамын). Оқушыларға осы жазғандарына түсінік беруге талап етемін.
Бұдан ары үй тапсырмасын тексеру мақсатында сұрақтар беріп, 3-4 оқушыдан жауап аламын. Кейбір оқушылардан «Абай жолы» романынан үйге берілген тапсырманы сұраймын.
Оқушылар жауабын толықтыра отырып үй тапсырмасын қорытындылаймын. Сонымен қатар өткен тақырыптың бүгінгі жаңа тақырыппен байланыстылығына қысқаша тоқталып өтемін.
III. Жаңасабақ.
Жаңа сабақтың тақырыбы алдын ала тақтаға жазылып, Ыбырай Алтынсаринның суреті ілініп қойылады. Оқушылардың назарын осы суретке аударып жаңа сабақты сұрак қоюдан бастаймын.
1. Бұл сурет туралы не білесіңдер?
2. Ыбырайдың өлеңдері мен әңгімелері көбінесе не туралы жазылған?
Оқушылардан жауап ала отырып, Ыбырай өлеңдерінен үзінді оқытамын.
Осыдан кейін оқушыларға ойларына Ыбырай туралы не келеді соны жазып шығуды тапсырамын. Оқушылардың жазғандары ақын, мұғалім сияқты сөздер болады. Осыдан кейін оқушыларды жұпқа бөліп оларды тыңдаймын.
1. Ыбырай кім?
2. Оның қандай шығармасын білесің?
3. Ол көбінесе не жайлы жазған?
4. Ыбырай шығармасының кейіпкерлерінен кімді білесің?
Осындай сұрақтар төңірегінде оқушылар бір бірінің ойларын біледі. Осыдан кейін балалардың Ыбырай жайында кезектесіп айтқанын тақтаға жазып шығамын.
Осы жазылғандарды қорыта отырып жаңа сабақты түсіндіруге кірісемін.
Ыбырай Алтынсарин 1841 жылы қазіргі Қостанай облысының жерінде дүниеге келген. ( Оқушылардың назарын Қазақстан картасындагы Қостанай облысы және Торғай өлкесіне аударамын). 1857 жылы ол шекаралық комиссиясы жанындағы арнайы мектепті алтын медальмен бітіреді. Мектепті бітіргеннен кейін тілмаштық, ұстаздық қызметтер атқарады. 1864 жылдан бастап Торғайда қазақ балаларына арналған мектепте дәріс береді. Ұстаздың қызметте жүріп Ыбырай халықты оқу-білімге тарту, ағартушылық қызметтермен айналысады. Балаларға білім беруде кітаптың орны бөлек екенін түсінгенін ол, қазақ тілінде оқулық жазуды қолға алады.
1879 жылы жарық көрген «Қазак хрестоматиясы» Ыбырайдың қазақ тілінде жазған алғашқы оқулығы болды. Бұдан басқа Ыбырай қазақтарға орыс тілін меңгертуді де қолға алып осы бағытта бірнеше еңбектер жазады. 1879 жылы Торғай облысындағы мектептердің инспекторы қызметіне тағайындалған ол, ағарту ісіне білек сыбана кіріседі. 1887 жылы Ыбырай қазақ даласында алғаш Ырғыз жерінде қыздарға арналған мектеп-интернат ашады.
Осы уакыттар арасында Ыбырай өлең жазумен де айналысады. Оның өлеңдерінің негізгі тақырыбы еңбек, адамгершілік, достық, білім және ғылым ғылым жайында болды.
(Осы жерде шығармаларынан мысал келтіре кетемін).
Бұдан кейін оқушыларды үш топқа бөліп тапсырмалар беремін.
I топтың тапсырмасы. Ыбырайдың ағартушылық қызметпі жайлы өз ойларыңды айт.
II топтың тапсырмасы. Ыбырай өлеңдерінің негізгі мазмұны қандай мәселені қозғайды.
III топтың тапсырмасы. Ыбырайды қазақ әдебиетімен білім беру саласындағы алатын орны қандай?
Талқылауға 5 минуттай уақыт беремін. Сонымен қатар оқушыларға келесі топқа сұрақтар дайындау тапсырамын. Талқылап болғаннан кейін әр топтан бір оқушы жауап беріп екінші оқушы оны толықтырып отырады.
Әр топтың мүшелері дайындаған сұрақтарын келесі топ мүшелеріне қояды:
I топ? II топқа
II топ? III топқа
III топ? I топқа
Қорытынды кезең:
Алдымен үш топқа сұрақ қоямын.
1. Ыбырай туып-өскен жері, жастық шағы туралы не білесіңдер?
2. Білім беру саласында Ыбырай қандай істер атқарды?
3. Ыбырай шығармаларының мазмұны жайлы өз ойларыңды айт.
Оқушылар жауабынан кейін тақырыпты қысқаша қорытындылап, тақырыптың негізгі мәселелеріне тоқталып өтемін.
Бағалау:
Үй тапсырмасы:
1. 37-параграфты оқу.
Екінші бөлімді қайталау үшін сұрақтар мен тапсырмалар
1.Адамның пайда болуы туралы діни түсініктерді әңгімелеп беріңдер.
2.Алғашқы адамдар қашан және қай жерде пайда болған? Олар қалай тіршілік еткен?
3. Тас дәуірі қай уақытты қамтиды? Тас дәуірінің кезеңдерін сипаттап шығыңдар.
4.Қола дәуірінің басты ерекшеліктерін атап шығыңдар.
5.Сақтар тарихта қандай атаулармен белгілі болды, ол туралы деректер келтіріңдер? Сақтардың негізгі шаруашылығы туралы әңгімелеп айтып беріңдер.
6.Мөде шаньюйдік гщ мемлекетін құрудагы рөлі қандай? Құдіретті ғұн мемлекетінің ыдырауына қандай жағдайлар себеп болды?
7. «Түрік» атауы қандай мағынаны білдіреді? Көне түркі жазулары қалай зерттпеліп, ғылымға танылды?
8. Ұлы Жібек жолы қалай қалыптпасты? Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан Қазақстан қалалары туралы әңгімелеп айтып беріңдер.
9. Неліктен әл-Фарабиді «екінші ұстаз» деп атайды? Сендер тагы басқа қандай ежелгі қазақ елінің ғалымдарын білесіңдер?
10.Ортатсырлық Қазақстан қалаларының сауда- экономикалық байланыстардағы рөлін сипаттап айтып беріңдер.
11. Қазақ халқының қалыптасуында қандай тайпалар маңызды рөл атқарды?
12. Қазақ хандығы қалай құрылды? Оның негізін салған хандар кімдер?
13. Қазақта ханды сайлауда қандай дәстур сақталды? Қазақтың қандай атақты хандарын білесіңдер?
14. Билер қандай әлеуметтік топқа жатады? Олар қандай қызмет атқарды?
15.Қазақтар мен жоңғарлар арасында болған қандай ірі шайқастарды білесіңдер? Қазақ батырларының қазақ-жоңғар соғыстары кезіндегі ерліктері туралы әңгімелеңдер.
16. Еліміздің Ресей бодандығын қабылдауына қандай жағдайлар себеп болды?
17. Абылайдың қазақ шекарасы мен қазақ хандығын нығайтудағы атқарған қызметі қандай?
18. Кенесары Қасымұлы, Исатай Тайманұлы, Махамбет Өтемісұлы басқарған ұлт- азаттық көтерілістердің себебі, қозғаушы күштері кімдер болды?
19. Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев қазақ даласында ғылым, білімнің дамуына қосқан үлесі қандай?
20. Абайдың қандай әндерін білесіңдер?
5-сынып. Қазақстан тарихынан әңгімелер
Сабақтың тақырыбы: § 38. Сәулет ескерткіштері
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға жалпы сәулет өнері туралы түсінік бере отырып Қазақстандағы орта ғасырлардағы сәулет өнерінің дамуы, тарихи ерекшелігі жайында мәліметтерді ұғындыру.
Дамытушылық: Қазақстандағы сәулет өнері туындыларынан нақты мысалдар келтіре отырып оқушылардың танымдық қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелік: орта ғасырлардағы сәулет өнерінің туындыларын қазіргі замандағы архитектураның озық үлгілерімен салыстыра отырып, оқушылардьщ сәулет өнеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, эстетикалық тәрбие беру.
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: интерактивті
Пәнаралық байланыс: география
Сабақтың көрнекілігі: Қазақстан картасы, Қожа Ахмет Йасауи кесенесі, Айша бибі мазарының суреттері. Қазіргі заманғы архитектура үлгілерінің суреттері, Астана, Алматы қалаларындағы сәулетті ғимараттар суреттері.
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі. II. Үй тапсырмасын тексеру.
Үйге берілген 37-параграфтың мазмұнын айтқызып, оқушыларға сұрақтар қоямын. Ыбырай жайлы үйде жазған әңгімелерін екі оқушыға оқытып бес минуттық әңгіме өткізу. Бұдан кейін қысқаша үй тапсырмасын қорытындылаймын.
III. Жаңа сабақ.
Жаңа сабақтың тақырыбын тақтаға жазып, негізгі мақсатымен оқушыларды таныстырып өтемін. Бір плакатқа «Сәулет өнері - архитектура» деп жазып тақтаға іліп коямын. Сонымен қатар көрнекі құралдар арасынан Қожа Ахмет Йасауи кесенесі мен бүгінгі күнгі сәулетті құрылыс суретін тақтаға қатар іліп қоямын.
Осы суреттерге байланысты оқушыларға сұрақ қоямын.
1. Мына қүрылыстар жайлы не білесіңдер?
2. Осы құрылыстардың салыну тәсілінің ерекшелігі неде деп ойлайсыңдар?
3. Құрылыстарды осылай әдемі салу тәсілін қалай атайды?
Сұрақтарға жауап алғаннан кейін оқушылардың назарын аудара отырып тақтадағы суреттер арқылы жаңа тақырыпты таныстырып өтемін. Ерте кездегі және қазіргі замандагы әдемі құрылыстардың ерекшелігін айта отырып, осындай әсем кұрылыс салу өнерін архитектура немесе сәулет өнері деп атайтынын түсіндіремін.
Дәптерге жаздыру. Архитектура - ежелгі грек тілінен аударғанда үй салу деген мағынаны береді.
Сабақ жоспары:
1. Сәулет өнерінің тарихы.
2. Орта ғасырдағы сөулет ескерткіштері.
3. Қазіргі заманғы сәулет өнері.
Осыдан кейін жоспар бойынша тақырыпты қыскаша түсіндіруге кірісемін. Сәулет өнерінің тарихы өте тереңде жатыр. Адам баласының алғашқы баспанасы табиғи үңгірлер, жартас, тау қуыстары болған. Ауа райының үнемі өзгеріске ұшырауы және адам баласының біртіндеп жетіле түсуі ерте кездің адамдарына жаңа өмірге лайық баспана салуды қажет етті.
Сонымен адамдар баспананың жаңа түрін салып, оны біртіндеп жетілдірді.
Баспана салуға шикізат ретінде табиғи тас, ағаштарды пайдаланды.
Жоспардың екінші бөлімін түсіндірмес бұрын бір-екі оқушыға «Орта ғасырдағы сәулет ескерткіштері» тақырыпшасын дауыстап оқытып түсінігін айтқызамын.
Бұдан соң оқушыларға Қожа Ахмет Йасауи кесенесі, Айша бибі мазары, Бабаджа қатын кесенесі, Қарахан кесенесі, Жошы хан мазарының көбейтілген суреттерін таратып беріп жұптасып осы ескерткіштерге қатысты сөздер және әңгіме құрастыруды тапсырамын. Кемінде төрт оқушыға жазғандарын оқытамын да басқа оқушыларға толықтыртып талдатамын.
Оқушылардың талдауынан кейін қысқаша түсіндіріп өтемін.
Орта ғасырда Қазақстан жерінде өз заманына лайықты құрылыстар көптеп салынған. Қазақстан аумағының Ұлы Жібек жолының бойында орналасуы қалалардың көптеп салынуына және де сәулет өнерінің өсіп-өркендеуіне үлкен әсерін тигізген. Отырар, Түркістан, Тараз, Сайрам, Сығанақ т.б. қалаларда керуен сарайлары, мешіт, кесене, монша сияқты ортағасырлық құрылыстар тұрғызылған. Әрине олардың көбі бүгінгі күнге дейін жеткен жоқ. Сақталғандары өте аз.
Көрнекі құралдарды пайдалана отырып олардың кейбіреуі жайында түсінік беріп етемін.
1. Қожа Ахмет Йасауи кесенесі.
2. Айша бибі мазары.
3. Бабаджа қатын кесенесі.
4. Жошы хан мазары.
Жоспардың үшінші бөлімі бойынша оқушыларды үш топқа бөлемін. Осы үш топқа қазіргі заманғы Қазақстан қалаларындағы сәулет өнер озық туындылары болып табылатын құрылыс суреттерін беріп, ой жинақтап ақылдасуға, шағын түсінік жазуға уақыт беремін (Астана, Алматы қалаларындағы құрылыстар т.б.). Үш топтан бір оқушыдан шығып суретті тақтаға іліп ортақ ойларын айтады. Келесі екі топ мүшелеріне тақтадағы оқушыға сұрақ бергіздіремін.
Суреттерді пайдалана отырып түсінік беремін. Онда қазіргі заманғы сәулет өнерінің озық үлгілері жайлы айтып, оны ерте замандағы тарихи құрылыстармен салыстыра отырып түсіндіремін. Адамзат баласының өркениетке жетуі осындай зәулім құрылыстарды тұрғызуға мүмкіндік берді. Сәулет өнері қазіргі кезде өте биік белеске жетті т.б.
Қорытынды:
«Сәулет өнері» деп оқушыларға дәптерлеріне жаздырып екі-үш сейлеммен өз ойларын қорытындылауды тапсырамын. Өткен тақырыпты қысқаша қорытындылап өтемін. Онда сәулет өнерінің тарихына, ерекшелігіне, қазіргі кездегі жағдайына тоқталамын. Ерте кезден қазіргі уақытқа дейінгі құрылыс салу ісінің дамуына қысқаша шолу жасаймын.
Бағалау:
Үй тапсырма: 38-параграфты оқу.
5-сынып. Қазақстан тарихынан әңгімелер
Сабақтың тақырыбы: § 39. Наурыз мейрамы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Наурыз және қазақ халқының басқа да ұлттық мерекелері туралы оқушыларға жалпылама мәлімет бере отырып, мерекелердің маңызын ұғындыру.
Дамытушылық: ұлттық мерекелердің қазақ халқының рухани және материалдық өміріндегі алатын орнын анықтау арқылы оларға сыни көзбен қарау дағдысын қалыптастыру.
Тәрбиелік: ұлттык мерекелердің маңыздылығын түсіндіре отырып рухани тәрбие беру, имандылыққа тәрбиелеу, ұлтжандылық сезімдерін ояту, үлттық дәстүрлерге құрметпен қарауға үйрету.
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: интерактивті
Пәнаралық байланыс: әдебиет, музыка, бейнелеу, т.б.
Сабақтың көрнекілігі: ұлттық ойын түрлерінің және дәстүрлі үй тұрмысының суреттері.
Сабақтың барысы.
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
Үй тапсырмасын оқушыларға сұрақ беруден бастайды. Өткен сабақты естеріне түсіре отырып мынадай сұрақтар беремін.
1. Сәулет өнері дегеніміз не?
2. Ежелгі адамдардың баспанасы қандай болған?
3. Қазақстан жеріндегі ортағасырлық қандай сәулет ескерткіштерін білесің?
4. Сәулетті құрылыстарды салуда орта ғасырда қандай материалдарды пайдаланған?
5. Қазіргі замандағы сәулет өнерінің дамуының сыры неде деп ойлайсың?
Бұдан кейін Қожа Ахмет Йасауи кесенесі жайында оқушыларға жазғанын оқытамын. Соңынан оқушылардың жазғанын толықтырып өтемін. Онда жалпы Қожа Ахмет Йасауи туралы, оның кім екенін, ислам дінін насихаттаудағы алатын орны жайлы айтып беремін.
Йасауиге арнап салынған Түркістан қаласындағы кесене орта ғасырдағы сәулет өнерінің озық туындысы, оны бір кездегі Орта Азия (Мауараннахр) билеушісі Әмір Темірдің салғызғанын оқушыларға айта кетемін.
Одан әрі қысқаша үй тапсырмасын қорытындылап өтемін.
III. Жаңа сабақ.
Жаңадан өтетін сабақтың тақырыбы мен жоспары алдын ала тақтаға жазып қоямын. Оқушыларға сабақтың негізгі мақсаттары айтылады.
Сабақтың жоспары:
1. Қазақтың ұлттык мейрамдары.
2. Наурыз мейрамы.
Ең алдымен оқушыларға дәптерлеріне жалпы қазақтың ұлттық мейрамдары және Наурыз мейрамына қатысты не білетіндерін бір сөзбен ықшамдап жазып шығуды тапсырамын. Мейрам, мерекелер жайында бесінші сынып оқушыларының аз да болса хабары бар екенін ескерсек, бұл жайында оқушылар мүдірмей жаза алады.
Бұдан сон оқушылардың айтқанын тақтаға жазып шығамын. Тақтада той, наурыз, жарыс, спорт, көкпар, күрес т.б. сөздер жазылады. Осы жазғандардың ішінен бүгінгі сабаққа байланысты сөздерін қалдырып басқасын өшіремін. Аталған сөздердің бүгінгі сабаққа тікелей қатысты екенін оқушыларға ескерте отырып, жаңа сабақты бастаймын. Оқушыларға ең алдымен «Қазақ халқынық қандай ұлттық мейрамдарын білесіңдер?» деген сұрақ қоямын.
Бұған оқушылар өз білгендерінше жауап береді. Бұдан әрі жоспар бойынша сабақты түсіндіремін.
Жоспардың алғашқы бөлімі жайлы кеңірек тоқталамын. Мұнда қазақ халқының ұлттық мерекелері жайлы түсінік беремін.
Оқушыларға дәптерлеріне баланың туғанынан бастап өскеніне дейінгі аралықта болатын ұлттық мерекелер жайында жазуды тапсырамын.
1. Шілдехана.
2. Тұсаукесер.
3. Сүндет той.
Жоғарыда аталған мерекелер жайында оқушыларға түсіндіріп өтемін. Осы мерекелердің жалпы қасиетіне тоқтала отырып, қазақ халқында сәбидің дүниеге келуінен артық қуаныштың жок екенін айтамын.
Одан әрі басқа да ұлттык мерекелер жайлы сөз қозғаймын. Оқушыларды да сабаққа катыстырып отырамын. Оларға уакыт беліп түрлі сұрақтар қоямын.
Қазақ халқының маңызды ұлттық дәстүрі екі жастың отау құрып, үйленуіне байланысты болатын салт-дәстүрлік мереке екені белгілі. Халқымыздың ертеден келе жатқан салты бойынша қыз бен жігітті бала кездерінен атастырады. Кейін қыз бен жігіттің жасы жеткен соң оларды үйлендіріп түрлі ырымдарын жасайды. Жігіт жағы қыздың ата-анасына салт бойынша қалыңмал төлейді.
Үйлену тойында алдымен «беташар» айтылып, жас келінді таныстырады. Келін жігіт жағының туыстарына иіліп сәлем береді. Бұл мерекеде жастар жағы «жар-жар» айтады. Барлық мерекелер ән-думанмен етеді.
Жоспардың екінші бөліміндегі Наурыз мейрамы жайында оқушыларға алдымен қоямын:
1. Наурыз мейрамы қазақ халқы үшін қандай мереке?
2. Наурыз мейрамында қандай ұлттық шаралар өтеді?
Оқушылардың жауабын тыңдаған соң Наурыз мерекесі жайында түсіндіруге кірісемін.
Наурыз мерекесі әр жылдың наурыз айының 22-жұлдызында өтеді. Бұл күн Қазақ күнтізбесінде, сонымен қатар шығыс күнтізбесінде жаңа жыл, яғни жыл басы ретінде аталады. Наурыз сөзі парсы тілінен аударғанда «жаңа күн» деген мағынаны білдіреді. Дәл осы наурыздың 22-жұлдызында күн мен түн теңеседі. Наурыз мерекесі қазақ халқының ұлттық мерекелерінің ішіндегі ең негізгісі және маңыздысы болып табылады. Бұл күнді қазақ халқы ерекше қадірлеп «Ұлыстың Ұлы күні» деп атаған. Наурыз айы сонымен қатар көшпелі халық үшін мал төлдейтін қарбалас кезең. Бұл жағдай мерекенің маңызын одан әрі күшейте түседі. 70 жылдай уақыт Қазақстан Кеңес Одағының құрамында болған кезде қазақ халқының наурыз мерекесін тойлауға мүмкіндігі болмады. Себебі коммунистік партия барлық ұлттық сипаттағы мерекелерге тыйым салған болатын. Наурыз мерекесін ұлттық мереке ретінде өткізуге еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін ғана халқымыздың қолы жетті.
Осы жерде оқушылардан наурыз мерекесінде өтетін шаралар туралы сұраймын.
Наурыз мерекесінде адамдар бір-біріне сәлем беріп, бұрынғы реніштерін кешіреді. Наурыз мерекесінде ең бастысы «наурыз көже» жасалады.
«Наурыз көже» - наурыз мерекесі күні дайындалатын ұлттық тағам.
Оқушыларға «наурыз көже» қандай тағамдардан жасалатынын дәптерлеріне жазуды тапсырамын.
Қорытынды кезең.
Сабақты бекіту мақсатында оқушыларға дайындап әкелген сұрақ жазылған карточкаларды таратамын:
1. Қазақ халқының ұлттык мерекелеріне қандай мейрамдар кіреді?
2. Үйлену тойында қандай шаралар өтеді?
3. Наурыз мерекесі неліктен мерекелердің ішіндегі ең маңыздысы болып табылады?
4. Мерекелер кезінде ететін қазақтың ұлттық ойындарын ата.
Өткен сабақтан жалпы не түсінгенін бір-екі оқушыдан сұрап етемін. Бұдан кейін оқушылардың жауабын толықтыра отырып, Қазақ халқының ұлттық мерекелері, оның ішінде Наурыз мейрамы жайында қысқаша әңгімелей отырып тақырыпты корытындылап өтемін.
Бағалау:
Үй тапсырмасы: 1. 39-параграфты оқу.
2. Наурыз мерекесі жайында әңгіме жазу.
5-сынып. Қазақстан тарихынан әңгімелер
Сабақтың тақырыбы: §40. Қазақ халқының шешендік сөз өнері
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: қазақ халқының шешендік сөз өнерінің қыр-сырын түсіндіру, қазақ тілінің байлығын, құдіреттілігін, сонымен қатар Қазақ халқының рухани мәдениетінің ерекшелігі жайында мағлұмат беру.
Дамытушылық: өз ойларын түйіндей білуге үйрету, тарихи әңгіме жаздыру арқылы негізгі ойларын ықшамды түрде жаза білу дағдыларын қалыптастыру, тілдік қорларын дамыту;
Тәрбиелік: жүйелі түрде сөйлеуге, шешендікке баулу, тілдік қорларын дамыту, ана тілінде таза сөйлеуді насихаттау, қазақ тіліне деген құрмет, сүйіспеншілікті ояту.
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: интерактивті
Пәнаралық байланыс: география
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Үй тапсырмасын сұрау.
«Қазақтың ұлттық мерекелері», «Наурыз» деп тақтаға жазып қойып, сынып оқушыларының көпшілігін қатыстыра отырып әңгіме өткізу. Әңгімелесу барысында көбінесе тақырыпқа қатысты проблемалық сұрақтарды қоя отырып, оқушылардың қазақ халқының ежелден келе жатқан ұлттық мерекелері, сонымен қатар наурыз мерекесі жайында оқушылардың жеке көзқарастарын білемін. Барлығын тыңдап болған соң мұғалім үй тапсырмасын қорытындылап жаңа сабаққа кірісемін.
III. Жаңа сабақ.
Жаңа сабақтың тақырыбын тақтаға жазып, оқушыларды сабақтың негізгі мақсатымен таныстырып емін.
Тақта ортасында «Өнер алды- қызыл тіл» деп жазылған плакатты іліп қоямын.
Содан кейін оқушыларға қағаз таратып, осы қағаздарына плакаттағы жазуға байланысты әрқайсысына үш сөзден жазуды тапсырамын. Жазып болған қағаздарын айналдыра плакатқа жапсырамын. Осы сөздердің кейбіреуін дауыстап оқып беремін. Оқушылардың жазғандарының ішінен аталған нақыл сөзге жақынырағын таңдап алып, жазған оқушыдан мағынасын сұраймын. Оқушылармен бірлесе отырып плакатқа жазылған сөздерді пайдалану арқылы ортақ талқыға саламын.
Оқушыларға төмендегідей сұрақтар қойылады:
1. Сөз өнері дегенді қалай түсінесін?
2. Қазақ тілінің қандай касиеті бар деп ойлайсың?
3. Шешендік өнер қалай қалыптасады деп ойлайсың?
Сұрақ берген оқушылар жауабын тыңдап, олардың ойын білгеннен кейін жаңа сабақты түсіндіруге кірісемін.
Қазақ тілі әлем халықтарының тілдерінің ішіндегі ең бай тілдердің бірі. Мұны бір кездері белгілі шығыстанушы ғалым, түркітанушы В. В. Радловтың өзі мойындап кеткен. Атақты ғалым қазақ тілінің құдіретін Еуропадағы ғажап тілдердің бірі француз тілімен салыстырған. Осындай бай тілге иелік еткен қазақ халқында сөз өнері, оның ішінде шешендік өнер барынша жақсы дамығаны белгілі. Бұрынғы кезде қазақ халқында сөздің жүйесін тауып сөйлеу, орынды сейлеу өзінше бір өнер саналған. Шешендік өнер жалпы алғанда адамға жас кезінен, балалық шақтан бастап қалыптасады. Жас кезінен бастап шебер сөйлей білу, сезді орынды қолдану жалпы қазақ халқына тән ерекше қасиеттердің бірі болып саналған.
Тақтаға Аяз би, Алдаркөсе, Жиренше деп жазып, оқушылардан олар туралы не білетінін сұраймын. Оқушылар жауабын тыңдаған соң оны толықтыра отырып түсіндіремін.
Бұлар ерте кезден бастап қазақ халқының шешендік өнерінде өзіндік орны бар кейіпкерлер болып саналады. Аталған кейіпкерлер негізінен аңыз-ертегілерде кездеседі. Осындай әдеби кейіпкерлер арқылы шешендік сөздер қазіргі күнге дейін жетіп отыр.
Осыдан кейін оқушылардың дәптерлеріне Асан қайғы, Төлеби, Қазыбек би, Әйтеке би, Бұхар жырау сөз жазғызып, бұл жайлы не білетіндерін естеріне түсірулерін тапсырамын.
Оқушылардың айтқандарын тыңдап болғаннан кейін, аталған тарихи тұлғалар туралы оқушыларға қысқаша айтып беремін.
Қазақ халқында «бұрынғы билер мен шешендерден қалды» деген асқан шеберлікпен айтылған, қазақ тілінің байлығын паш еткен қанатты сездер өте көп. Бір ғана XV ғасырда ғұмыр кешкен атақты ойшыл Асан қайғының өзі артына, келер ұрпаққа тағылымы мол сөздерді көп қалдырған. Төле, Қазыбек, Әйтеке билер өздерінің шешен де мірдің оғындай сөздерімен қазақ елін сыртқы жаулардан қорғауда, ел арасында ауызбіршілікті сақтап мемлекеттің іргесін берік ұстауда мол үлес қосқанын біз өткен сабақтардан білеміз.
Тақтаға төмендегідей сөздерді жазамын:
«Сөз тапқанға қолка жоқ».
«Сөз сүйектен өтеді».
Бұл мақалдың мағынасын оқушылардан сұраймын. Оны одан әрі толықтырып негізгі мағынасын түсіндіріп өтемін.
Қорытынды кезең.
Қорытындылау үшін оқушыларға түрлі сұрақтар қоямын:
1. Қазақ тілінің құдіреттілігі дегеніміз не?
2. Қазақ халқының мәдени өмірінде шешендік сөз өнерінің алатын орны қандай?
3. Шешендік адамда қай кезден бастап қалыптасады деп ойлайсың?
4. «Тілінің майын тамызып», «Тілі мірдің оғындай» дегенді қалай түсінесіңдер?
Бүгінгі сабақтан біз өзімізге қажетті не алдық?
Бағалау:
Үй тапсырмасы:. 40-параграфты оқу. Қазақ тілі, сөз өнері жайында мақал-мәтелдер жазып келу.
5-сынып. Қазақстан тарихынан әңгімелер
Сабақтың тақырыбы: §41. Қазақ даласындағы ән-күй өнері
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: қазақ халқының ұлттық музыкалық мәдениетінің ерекшелігін аша отырып, оқушыларға қазақтың ұлттық ән-күй өнері мен оның дамуы туралы нақты мағлұмат беру.
Дамытушылық: рухани мәдениетке деген көзқарастарын қалыптастыру, өз беттерінше мәдени құндылықтарды түсіне білу және оларды бағалай білу кабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: рухани құндылықты құрметтеуге үйрету, халқымыздың ұлттық мәдениетіне деген сүйіспеншілігін ояту, адамгершілікке, парасаттылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: топпен жұмыс.
Пәнаралық байланыс: география
Сабақтық көрнекілігі: Жаяу Мұса, Құрманғазы, Ақан сері, Қорқыт суреттері және домбыра, қобыз суреттері.
Сабақтың барысы.
I. Ұйымдастыру кезеңі.
Ең алдымен оқушыларды үш топқа бөлемін. Әр топқа бүгінгі тақырыпқа қатысты ат қоямын.
II. Өткенді қайталау.
Сабақты үй тапсырмасын сұраудан бастаймын. Алдымен өткен сабақтың тақырыбын оқушылардан сұраймын.
Тақтаға «Сөз өнері» деп жазып, әр топқа ақылдаса отырып осыған байланысты өз ойларын қағаз бетіне түсіруді тапсырамын. Әр топтан бір оқушы шығып жазғандарын дауыстап сыныпқа оқып береді. Жазғандарына қарай бағалап отырамын.
Сонымен қатар үйге берілген мақалдарын оқытамын. Қай топтың мақал-мәтелді көбірек жазғандарына көңіл бөліп отырамын.
Соңында үш топқа сөз өнеріне байланысты мақалдар беріп талдатамын.
I топқа «Жақсы сөзге жан семірер».
II топқа «Қаһарлы сөз - қамал бұзар».
III топқа «Бас кеспек бар, тіл кеспек жоқ».
Соңында топтардың берген жауаптарына қарай бағалай отырып, өткен сабақты қысқаша қорытындылап өтемін. Сөз өнері - халық қазынасы, ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпақка жалғасып келе жатқан мұра. Сөз өнері - рухани байлық, адамзат игілігі. Халқымызда сөз өнері, шешендік өнер ежелден жақсы дамыған, оны білу арқылы қазақ тілінің, яғни біздің ана тіліміздің бай тіл екеніне көзіміз жетеді.
III. Жаңа сабақ.
Оқушыларға сабақтың мақсатын айтып түсіндіремін. Тақырыпты тақтаға жазып қоямын. Тақтаның бір жағына үш топты бағалау парағын іліп қоямын.
Алдымен мұғалім үш топқа ортақ сұрақ қойылады:
Қазақтың ұлттық ән-күй өнері жайлы не білеміз?
Ақылдаса отырып әр топтан бір оқушы шығып жауап береді. Және де топтың тағы бір мүшесі оны толықтырады. Берген жауабына қарай бағалау парағына бағасын қойып отырамын.
Келесіде әр топқа бір парақ қағаздан беріп, өздері білетін қазақтың ертеден келе ән-күйлерін жазып шығуды тапсырамын. Мұны уақытпен белгілеп, бір мезгілде тоқтатамын. Әр топтың жазған ән-күйлерінің санын бағалау парақшасына жазып қоямын.
Бұдан әрі сабақты баяндау жоспарын тақтаға жазып сабақты түсіндіреміні.
1. Дала әуендері.
2. Ұлттык музыка аспаптары.
3. Ән-күй өнеріндегі белгілі тұлғалар.
Музыка өнері - халқымыздың дамыған ежелгі рухани мәдениеттерінің бір саласы болып табылады. Халқымызда ежелден қалыптаскан дәстүр бойынша адам дүниеге әнмен келіп (Бесік жыры) о дүниеге әнмен (Жоқтау) аттанған. Осының өзі музыканың қазақ халқының арасында алатын орнының жоғары екенін айғақтайды. Қазақ халқында барлық той-думан, мерекелер ән-күйсіз өтпеген. Бұдан әрі оқушыларға біраз халық әндері мен күйлерін жазғызып шығамын.
Жоспардың екінші бөлімі бойынша топпен жұмыс істетемін. Ұлттық музыка аспаптарын жазғызып шығамын: домбыра, қобыз, сыбызғы, дауылпаз, жетіген т.б.
Үш қағазға әр түрлі музыка аспабының атын жазып, жасырып қоямын. Оны әр топтың бір мүшесі келіп алады. Сол таңдап алған аспап туралы әр топ ақылдаса отырып қандай жағдайда қолданатынын, неден жасайтынын атап шығу керек. Бұдан әрі осы аспап жайында әр топ бір-біріне сұрақ қояды.
I топ - II топқа
II топ - III топқа
III топ — I топқа
Осы аспаптардың қандай жағдайда қолданатыны және қасиеті жайында оқушыларға әңгімелеп беремін. Жоспардың үшінші бөлімі бойынша топтардың арасында шағын жарыс өткізіледі. Мұнда да уақыт белгілей отыра белгілі әншілер мен күйшілердің атын жазып шығуды тапсырамын. Оның арасында әр топтан бір оқушыдан шығарып, ән жолдары жазылған парақ беріледі. Онда осы әннің авторын табу керек.
Әр топтың жауабы мен топ мүшелерінің жауабын тыңдай отыра, бағалау парақшасына бағасын қойып отырамын.
Әншілер мен күйшілер жайында қыскаша әңгімелеп беремін.
Ертеден келе жатқан музыка өнерінде әншілер мен күйшілердің алатын орны ерекше. Қазақ халқы оларды қай заманда болсын қадірлеп өткен.
Әнші-сазгерлер: Ақан сері, Біржан сал, Жаяу Мұса, Естай, Мәди, Майра, Әсет т. б.
Күйшілер: Құрманғазы, Дәулеткерей, Ықылас, Тәттімбет, Дина т. б.
Ән-күй өнерінің даму тарихы, олардың түрлері жайында айта отырып оқушыларды оқулықпен жұмыс істетемін. Әр топтың мүшелеріне мәтінді дауыстата оқытып, бірігіп талқылатамын.
Қорытынды кезең
Сабақты бекіту мақсатында әр топқа карточка таратылады.
Ондағы сөздер:
1. Ән - Ақан сері.
2. Күй - Құрманғазы.
3. Музыкалық аспап - Қорқыт.
Аталған сөздерді байланыстыра отырып ой өрбіту тапсырылады. Бұдан кейін әр топқа бүгінгі тақырыпқа байланысты қорытынды сұрақтарды қояды. Артынан тақырыпқа жалпылама шолу жасап сабақты қорытындылаймын. Қазақ халқының дәстүрлі әндері жазылған күйтабақты тыңдай отырып қорытындылаймын.
Бағалау. Тақтада ілінген бағалау парақшасын пайдалана отырып және оқушылардың сабаққа қатысуын ескере отырып, мұғалім білім деңгейін бағалаймын.
Үй тапсырмасы:
1. 41-параграфты оқу.
2. Белгілі әншілер мен күйшілердің шығармаларын жазып келу.
5-сынып. Қазақстан тарихынан әңгімелер
Сабақтың тақырыбы: § 42. Халықтың ауызекі шығармашылығы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: ауызекі шығармашылық туралы, тарихты жазудағы орны жайында мәлімет бере отырып, халқымыздың ауызша шығармаларын насихаттап, шежіренің маңызын, қырларын ашу.
Дамытушылық: өз ойларын еркін жеткізе білу дағдыларын қалыптастыру, тілдік қорларын дамытуға жәрдемдесу, танымдык ой-өрістерін дамыту.
Тәрбиелік: халықтың бай шығармашылық өнеріне деген құрмет сезімін қалыптастыру, тарихи-шығармашылық дәстүрге баулу, тарихи әңгімелер арқылы қызығушылықтарын арттыру.
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: интерактивті
Пәнаралық байланыс: география
Көрнекілік: Ш. Уәлиханов, М. Ж. Көпейұлы портреттері.
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасын сұрау.
Үй тапсырмасын тексеру мақсатында сұрақтар беремін:
1. Дала әуендері дегенді қалай түсінесіңдер?
2.«Адам дүниеге әнмен келіп о дүниеге әнмен аттанады» деген сөздің мағынасын түсіндір.
3. Әншілер мен күйшілер бұрынғы кезде неліктен халыққа өте жақын болған?
4. Қазақтың қандай ұлттық музыка аспаптарын білесің? Оларды неден жасайды?
5. Күйлерді қандай күйлер деп бөледі? Неге олай атайды?
6. Қазақтың әнші, күйшілерінің ішінен кімді ерекше атайсың? Оның себебін түсіндір.
Дәптерлеріне жазған әншілер мен күйшілердің шығармаларын тексеріп шығып, бірнеше оқушыға оқытып бағалап отырамын.
Үй тапсырмасын қорытындылап, өткен сабақтан алатын өнегелеріміздің көп екенін ескертіп өтемін.
II. Жаңа сабак.
Сабақтың тақырыбы мен жоспарын тақтаға жазып, мақсатымен таныстырып өтемін. Сабақты түсіндіруде төмендегідей жоспар құрып аламын.
Сабақ жоспар:
1. Ауызша тарих - ежелгі дүние айнасы.
2. Көне мұралар.
3. Шежіре
Жоспар бойынша түсіндірмес бұрын оқушыларға сұрақ қоямын.
Тарихты біз қалай оқып, білеміз?
Оқушылардың жауабын тыңдаған соң одан әрі толықтырып өтемін.
Тарихты біз негізінен үш түрлі дерек арқылы біле аламыз:
1. Заттай дерек (археологиялық зерттеу).
2. Жазбаша дерек.
3. Ауызша дерек (аңыз, өңгіме, жыр, фольклор т.б.).
Сабақты ретімен түсіндіреді. Ауызша тарих - бізге дейін жеткен рухани мұра. Біздің ата-бабаларымызда тарихты, өткен оқиғаны ауызша айту дәстүрі өте ерте кезден қалыптасқан, және де оны үнемі дамытып отырған.
Ауызша тарих:
эпос,
аңыз,
шежіре т.б.
Ауызша деректер жазу пайда болғанға дейінгі кезде адамдардың тарихын, өз білгендерін, бастарынан кешкендерін кейінгі ұрпаққа қалдырудың ең басты құралы болған. Өте ерте кездегі тарихи оқиғалардың көбі дерлік бізге ауызша тарихи деректер арқылы жеткен.
Ең алғаш жаратушы туралы аңыздар пайда болса, кейіннен батырлар туралы эпостық жырлар дүниеге келген.
Ауызша тарихты зерттеуде Ш. Уәлиханов, М. Көпейұлы, М. Тынышбяев сияқты белгілі ғалымдар мол үлес қосқан. Халық аузындағы аңыздарды, жырларды, шежірелерді жинақтап, қағаз бетіне түсірумен айналысқан ғалымдар бірқатар нәтижеге жеткен. Мысалы, Ш. Уәлиханов «Манас» эпостық жыры мен «Қозы Көрпеш - Баян сұлу» жырларын қағаз бетіне түсірген.
Тас бетіне түсірілген тарих ретінде белгілі Орхон-Енисей жазулары, ондағы Күлтегін, Бумын қаған, Тоныкөк құлпытастардағы жазу бүгінгі күнге дейін жеткен ірі тарихи мұра. Әлемге әйгілі «Одиссея», «Илиада», «Манас» т.б. жыр-поэмалар алдымен ауызша тарап кейіннен барып қағазға түсірілген.
Ауызша тарих айтудың бір түрі ол - шежіре. Шежіре Қазақ халқының шығу тегін ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп келе жатқан көне ғылым. Кейінгі кезде XIX ғасырдың аяғында шежіре қағаз бетіне түсіріле бастады. Шежірені зерттеуде, оны кейінгі ұрпаққа жеткізуде М.Көпейұлы, М.Тынышбаев, Ш.Құдайбердиев сияқты ойшыл ғұламалар көп еңбек сіңірген.
Оқулықпен жұмыс.
Тақырыпты бірнеше оқушыларға дауыстатып оқытып сыныппен бірігіп талдаймыз.
Қорытынды кезең:
Сұрақтар:
1. Ауызша тарих дегенді қалай түсінеміз?
2. Ерте кездегі тарихи оқиғалар қазіргі кезге қалай жетті?
3. Қандай көне мұралар, жыр-эпостарды білесіңдер?
4. Шежіре дегеніміз не?
5. Қазақ халқында ауызекі шығармашылық қалай дамыған?
Оқушылардың жауабын толықтыра отырып тақырыпты қорытындылаймын.
Бағалау:
Үй тапсырмасы.
1. 42-параграфты оқу.
2. Эпостық жырларды тыңдап немесе оқып келу.
5-сынып. Қазақстан тарихынан әңгімелер
Сабақтың тақырыбы: § 43. Қазақ халқының наным-сенімдері.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларды Қазақ халқының бұрынғы кездегі наным-сенімдерімен, дінімен, жал-пы рухани мәдениетімен және ерте кездегі наным-сенім түрлерінің пайда болу тарихымен таныстыру.
Дамытушылық: дінге деген оқушылардың жан-жақты көзқарастарын қалыптастыру, дін және наным-сенімдердің адам баласының рухани өмірінде алатын орнын анықтауға үйрету, ежелгі наным-сенімдерді нақты түсіне білу қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: халқымыздың ежелден келе жатқан рухани мәдениетіне құрметпен қарауға үйрету, діни сенімдердің адам баласына пайдалы жақтарын анықтауға көмектесу, имандылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: интерактивті
Пәнаралық байланыс: география
Көрнекілік: «Қағбаның» суреті, карта, т.б.
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасын қайталау.
Өткен сабақты пысықтау мақсатында үйге берілген тапсырма тексеріледі. Халықтың ауызекі шығармашылығы жайында оқушыларға бірнеше сұрақтар қойып жауабын аламын. Үйде оқып не тыңдап келген эпостық жырларын бір-екі оқушыға оқытып талдатамын. Бұдан кейін үй тапсырмасын қорытындылай отыра жаңа сабаққа көшемін. Сонымен қатар өткен сабақты өтілетін жаңа оқу материалымен байланыстыра кетемін.
III. Жаңа сабақ.
Жаңадан өтілетін сабақтың тақырыбы мен жоспары алдын ала тақтаға жазылады.
Сабақ жоспары:
1. Ежелгі діни түсініктер.
2. Қазақ халқының алғашқы сенімдері.
Алдымен тақтаға «Дін» деп жазып бұл туралы оқушылардың не ойлайтындарын дәптер бетіне бір-екі сөйлеммен түсіруді тапсырамын.
Содан оқушыларға жазғандарын оқытып, олардың ішінен кейбіреуін бір сөзбен тақтаға жазып қоямын. Оқушылардың жазғандарына шолу жасай отыра жаңа сабақты түсіндіріп етемін.
Дін ежелден келе жатқан рухани түсініктердің бірі. Адам баласы алғаш жаратылғаннан бастап табиғаттан тыс жаратушы бар деп ойлап, сол белгісіз күштерге сенген. Алғашқы кезде адам баласының наным-сенімі олардың кәсібіне және қоршаған ортасына байланысты болған. Алғашқы адамдар көптеген табиғат күштерінің алдында дәрменсіз болды, сондықтан табиғи күштерге табыну да кең орын алды. Бірақ адамдар осының бәрін бір Жаратушының ісі деп ойлады.
Сонымен дін адам баласының жаратушыға табынуы, оған деген нанымы болып табылады. Алғашкы діни түсініктер ерте заманда, яғни тас дөуірінде пайда болған.
Ол кездің бір қызығы адамдар жаратушыны ағаштан немесе тастан ойып жасаған. Оны түл деп атайды.
Тас дәуірінде адамдар сонымен қатар табиғат күштеріне және отқа табынған. Қола дәуірінде адамдардың діни түсініктері одан әрі дамиды.
Ерте кезде қазақ халқында да түрлі наным-сенімдер орын алған.
Қазақстан жеріндегі алғашқы жүйелі діни наным -Заратуштралық. Оның негізін б.з.б. II ғасырда (3500 жылдай бұрын) алғашқы діни-философиялық ағымды таратушы Заратуштра (Зәрдүш) қалаған. Бұл діндегі жоғары құдай - Ахурамазда. Қасиетті кітабы - «Авеста». Бұл дінді алғаш рет сол кездері Қазақстан жерін мекендеген тайпа арийлер қабылдаған.
Ұлы Жібек жолы арқылы қазақ жеріне христиан, будда, манихейлік діндер тараған.
Ежелгі түркі халқының діни нанымының негізі Тәңірге табыну. Тәңірді түркілер Көк деп білген. Көктен кейінгі сыйынатын күш отбасы мен балалардың қорғаушысы Ұмай құдай-ана, яғни Бай ана болып есептелген.
VII-VIII ғасырлардан бастап қазақ жеріне арабтар арқылы жаңа дін ислам діні ене бастаған. Азғана уақыттың ішінде ислам діні Қазақстанның көптеген жерлеріне тарап үлгерді.
Айтып болғаннан кейін оқушыларға төмендегідей кестені толтыртамын.
Діни нанымдар Қазақстан жеріне тарауы, негізгі қасиеттері
Заратуштра Төңірге табыну Христиан, будда Ислам діні Осыдан кейін діннің адам баласына пайдасы туралы шағын әңгіме өткіземін. Онда мынадай мәселелерге көңіл бөлген дұрыс:
1. Дін Аллаһтың әмірі
2. Діннің тәрбиелік мәні.
3. Дін - бейбітшілік жаршысы.
4. Діни құндылықтар.
Мұнда бағыт бере отырып, көбінесе оқушыларды сөйлетемін. Оқушыларды көтермелеп отырамын.
Қорытынды кезең:
Сабақты бекіту максатында карточқаларды пайдаланамын.
Ондағы сұрақ үлгілері:
Дін дегеніміз не?
Табиғат күштеріне табыну дегеніміз не?
Алғашқы адамдардың наным-сенімдерінің түрлері қандай болған?
Адамдардың отқа табынғандарын неден байқауға болады?
Түркілердің алғашкы сенімі Тәңірге табынудың ерекшелігі неде?
Ең ежелгі діни сенім Зәрдүш қалай пайда болып, тараған?
Христиан, манихей діндері қалай тараған?
Ислам діні Қазақ жеріне қалай келді?
Бағалау: Үй тапсырмасы:§ 43. Тақырыпқа байланысты сөзжұмбақ құрастыру.
5-сынып. Қазақстан тарихынан әңгімелер
Сабақтың тақырыбы: §44. Қазақ халқының материалдық мәдениеті./2 сағат/
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларды халқымыздың материалдық мәдениетінің түрлерімен таныстыру, жалпы материалдық мәдениет туралы мәлімет бере отырып Қазақ халқының мәдениетінің өшпес құндылық екеніне көздерін жеткізу.
Дамытушылық: материалдық мәдениет туралы түсініктерін кеңейту, мәдениетті жан-жақты қырынан тани білуге көмектесу, әлемдік мәдениет пен ұлттық мәдениетті байланыстыра отырып, оларға өз көзқарастарын қалыптастыруға көмектесу.
Тәрбиелік: Қазақ халқының бай мәдениетіне деген құрмет сезімін дамыту, мәдениетке деген қызығушылықтарын одан әрі арттыру, материалдық мәдениеттің озық үлгілерімен таныстыра отырып эстетикалық тәрбие беру.
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: интерактивті
Пәнаралық байланыс: география
Көрнекілік: киіз үй, ұлттық киім, қолөнер бұйымдарының суреттері.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасын сұрау.
Үйге қандай тапсырма берілгенін оқушылардан сұрап, естеріне салады.
Осыдан кейін өткен сабаққа байланысты сұрақтар қоямын.
Сұрақтың үлгілері:
Дін қалай пайда болды?
Адам баласы алғашқыда неге табынған?
Адам баласы табиғат күштерінің алдында неліктен дәрменсіз болды?
Ежелгі түркілер неге табынған?
Заратуштралық дін тараған өлкені ата.
Ислам діні қазақ жеріне қалай тарады деп ойлайсыңдар?
Орта ғасырда қазақ жеріне басқа да діндер қандай жолмен тараған?
Сонымен қатар үйге берілген сөзжұмбақтарын тексере отырып, бағалап шығамын. Оқушылардың жауабын тыңдаған соң үй тапсырмасын қысқаша қорытындылап жаңа сабаққа кірісемін.
III. Жаңа сабак.
Жаңа сабақтын тақырыбы, жоспары тақтаға жазылып қойылады. Оқушыларға сабақтың мақсаты айтылады.
Сабақ жоспар.
1. Қазақ баспанасы.
2. Қазақтың ұлттық киімдері.
3. Ұлттық қолөнер бұйымдары.
Ең алдымен оқушыларға «Материалдық мәдениет дегеніміз не?» деп сұрақ қоямын. Оқушылар жауабын тыңдаған соң өз сөзіммен толықтырамын.
Мәдениетті екіге бөлуге болады:
1. Рухани мәдениет.
2. Материалдық мәдениет.
Жаңа сабақты түсіндіру.
Бұрынғы кезде көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан қазақ халқының негізгі баспанасы киіз үй болған. Оныңщ ең басты себебі киіз үйдің көшіп-қону кезінде ыңғайлы, тез жиналып және құрастырылуы болды. Маусымдық көшу кезінде киіз үй бұйымдарын негізінен түйеге артқан.
Ерте заманда киіз үйді арбаға да бекіткен. Оны күйме деп атаған.
Киіз үйдің іші жазда салқын болумен қатар, үнемі таза ауа кіріп тұрумен ерекшеленген. Киіз үй 6, 8,12 қанатты болып бөлінген. Оның ішінде 12 қанатты киіз үй бай да дәулетті адамдарда болған. Мұндай үйлерді атпен жүріп тігетін.
Киіз үйдің бөліктері: кереге, уық, шаңырақ, есік. Бұлардың бәрі негізінен ағаштан жасалған. Киіз үйге жабатын киіздер: туырлық, үзік, гщндік. Бұның барлығын жасауда шикізат ретінде қойдың жүні пайдаланылған.
Қазақтың ұлттык, киімдері материалдык, мәдениеттің ірі жетістігі екені даусыз. Қазақ халқында ұлттық киім-дер жас шамасына қарай ерекшеленген. Ұлттык киімдер: тон, қамзол, шапан, тақия, бөрік, сәукеле, кимешек, бешпент т.б.
Бұдан әрі әр ұлттық киімнің қандай уақытта қолданылатыны жайында мәлімет беремін.
Бұрынғы кезде қазақ халқында қолөнер өте жоғары дәрежеде дамыған. Зергерлік бұйымдар жасауда шеберлер алтын, күміс, асыл тас, түрлі сүйектерді қолданған. Әсіресе әйелдердің сәндік бұйымдарын жасау кең тараған. Сырға, білезік, сақина, жүзік, алқа, шолпы т.б. сәндік бұйымдар Қазақ әйелдерінің көбінің тағатын әшекей заттары ретінде белгілі. Көшпелі халық үшін ат әбзелдерінің қажеттілігі өте жоғары болған. Ер-тұрман, сәнмен өрілген арқандар әр қазақтың үйінен табылатын. Жаугершілік кездері қазақ ұсталары қылыш, найза, семсер, дулыға, қанжар сияқты қару-жарақтарды да көптеп жасаған.
Жаңа сабақты түсіндіріп болған соң пысықтау үшін оқушыларға мәтінмен жұмыс жасатамын. Тақырыпшаларды оқушыларға дауыстатып оқыта отырып, бірлесе талдау жасаймыз.
Қорытынды кезең:
Сабақты қорытындылау мақсатында оқушыларға түрлі сұрақтар қоямын:
Киіз үйдің қандай қасиеттері бар?
Қазақтың қолөнер бұйымдарының қандай түрлерін білесің?
Қазақ әйелдерінің ұлттык киімдерін ата.
Қазақ қоғамында қолөнер шеберлерінің орны қандай болған?
Әр оқушының жауабын тыңдап, оны толықтырып отырамын. Оқушылар жауаптарынан кейін өткен сабаққа жалпылама шолу қорытынды жасаймын. Онда бүгінгі сабақта өткен басты мәселелерге тоқтала отырып, тақырыпты бекітемін.
Бағалау:
Ү й тапсырмасы:
1. 44-параграфты оқу.
2. Оқулықтағы сұрақтарға жауап беру.
Үшінші бөлімді қайталау үшін сұрақтар мен тапсырмалар.
1. Ортағасырлық Қазақстанның сәулет құрылыстарының қандай ерекшеліктері бар?
2. Наурыз мерекесі қашан және қалай тойланады?
3. Қазақ қоғамындагы шешендердің рөлі қандай болды? Қандай би-шешендерді білесіңдер?
4. Ауызша тарих айту дәстүрі дегеніміз не? Оның қазақ тарихын жазудағы маңызы неде деп ойлайсыңдар?
5. Ертедегі қазақ арасына тараган наным-сенімдер туралы не білесіңдер? Тәңіршілдік дегенді қалай түсіндің?
6. Қазақ киіз үйінің құрылысын сипаттпап беріңдер.
7. Киіз үйдің қандай іш жиһаздары бар? Оларды кімдер, қалай жасады?
8. Қазақтың қандай зергерлік қолөнер бұйымдарын білесіңдер? Олар неден жасалды?
5-сынып. Қазақстан тарихынан әңгімелер
Сабақтың тақырыбы: § 45. Кеңес үкіметі билігінің орнауы
Сабақтық мақсаты:
Білімділік: оқушыларға Ақпан, Қазан төңкерісі және Кеңестер билігінің орнауы туралы мәлімет беру, аталған төңкерістердің мәні мен сол кездегі Қазақстандағы саяси ахуал жайын түсіне білуге жағдай жасау.
Дамытушылық: тақырыпты түсіндіре отырып, негізгі мәселені анықтай білу дағдыларын қалыптастыру, саяси көзқарастарын қалыптастыруға көмектесу, нақты тарихи оқиғалармен таныстыру арқылы ой-өрістерін дамыту.
Тәрбиелік: отарлау саясатының салдарын түсіндіре отырып оқушыларды патриоттыққа, ұлтжандылыққа тәрбиелеу, Отан тарихына деген қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: интерактивті
Пәнаралық байланыс: география
Көрнекілік: Қазақстан картасы.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Жаңа сабақ.
Жаңа сабақтың тақырыбы және баяндау жоспары алдын ала тақтаға жазылып қоямын. Оқушыларды сабақтың мақсатымен таныстырамын.
Алдымен сабаққа кіріспе ретінде оқушыларга жалпылама сұрақ қоямын.
Революция дегенді қалай түсінесіңдер?
Бұл сұраққа оқушылар әр түрлі жауаптар беруі мүмкін. Оқушылардың берген жауаптарын бір сөзбен тақтаға жазып қоямын.
Осыдан кейін жаңа сабақты түсіндіруге кірісемін.
Сабақ жоспары:
1. Патшаның тақтан құлауы.
2. Кеңестердің билікке келуі.
3. Азамат соғысы.
Алдымен оқушыларға Ресейдегі император билігі туралы айтып беремін. Үлгісі:
Монархиялық жүйе.
Императорлар.
Император қоластындағы халықтың жағдайы.
- Халықтың император билігіне қарсылығы («Қанды жексенбі»).
Бұдан кейін 1917 жылғы Ресейде өткен Ақпан және Қазан төңкерістері жайлы оқушыларға түсіндіремін. Оны түсіндіруде төмендегідей схеманы қолданамын.
Уақыты Сипаты Нәтижесі
Акпан теңкерісі Қазан төңкерісі Осы үлгімен оқушылармен бірігіп отырып кестені толтырып шығамын.
Осыдан кейін алдымен Қос үкіметтің содан кейін Кеңес үкіметінің билікке келуі жайлы оқушыларға айтып беремін.
1917 жылғы 25 қазандағы Петроград қаласындағы төңкеріс нәтижесінде билікке жұмысшы, солдат депутаттарының Кеңесі келеді. Кеңестер көсемі В.И.Ленин болды. Кеңестер үкіметі Ресей қарамағындағы аумақтарда әр түрлі кезеңде және әр түрлі жағдайда (қарулы күрес нәтижесінде немесе бейбіт жағдайда) орнады. Қазақстан жерінде де осындай жолдармен кеңестер билікке келеді.
Алғашқы кезде кеңестер билігіне қарсы шыққан топтар өте көп болды. Нәтижесінде 1918-1920 жылдар аралығында Азамат соғысы өтті.
Азамат соғысы — бір мемлекеттің ішіндегі саяси топтардың билік үшін күресі. Оқушыларға Азамат соғысының барысы, аяқталуы жайында әңгімелеп береміз.
Мұғалім оқушылар дәптерлеріне Кеңестер мемлекетінің құрамындағы Қазақстан мемлекетінің (автономиялық және одақтық) құрылу жолын хронологиялық кесте түрінде жазғызады.
Оқулықпен жұмыс.
2-3 оқушыға мәтінді дауыстап оқытып, түсінгенін айтқызамын. Оны сынып оқушыларын қатыстыра отырып талдатамын.
Қорытынды кезең.:
Сабақты бекіту мақсатында көбінесе проблемалық және салыстырмалы сұрақтар қоямын.
Сұрақтардың үлгісі.
Монархиялық биліктің ерекшелігі неде? Демократиялық Қазақстандағы билік пен монархиялық билікті салыстыр.
Патша билігіне халықтың қарсы шығуының басты себептері неде деп ойлайсың?
Ақпан төңкерісі мен Қазан төңкерісінің айырмашылықтарын көрсет.
Азамат соғысы дегеніміз не?
Кеңес өкіметі билікке қалай келді?
Кеңестер Одағының құрамындағы Қазақстан мемлекетінің құрылуы қалай өтті?
Оқушылардың жауабын толықтырып отырамыннемесе әр оқушының жауабын келесі оқушыға толықтыртамын.
Бұдан әрі тақырыптың негізгі, басты мәселелеріне тоқтала отырып бүгінгі сабақты қысқаша қорытындылап өтемін.
Бағалау:
Үй тапсырмасы:
45-параграфты оқу.
5-сынып. Қазақстан тарихынан әңгімелер
Сабақтың тақырыбы: §46. Алаш қозғалысы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Алаш қозғалысы мен Алаш партиясы туралы оқушыларға жалпы мәлімет бере отырып, осы саяси ұйымдардың мәні мен мақсаттарын түсіндіру.
Дамытушылық: Алаш қозғалысы туралы оқушылардың бойына нақты пікір және жеке көзкарастарын қалыптастыруға көмектесу, өз көзқарастарын білдіру, өз ойларын түйіндеп айта білу қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Алаш қозғалысының қайраткерлерін мысалға келтіре отырып ұлтжандылыққа, патриоттыққа тәрбиелеу, елін, ұлтын сүю және мақтана білуге жағдай жасау, ұлт көсемдерін құрметтеуге, өмірлерін, істерін үлгі ете білуге үйрету.
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: интерактивті
Пәнаралық байланыс: география
Көрнекілік: Ә. Бөкейханов, А.Байтұрсынов т.б. алаш қайраткерлерінің суреттері.
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
Үй тапсырмасын тексеруді әңгімелесу түрінде өткіземін. Оқушыларды өткен тақырыпты пысықтау әрі үй тапсырмасын тексеру мақсатында әңгімеге тартамын. Онда әр түрлі проблемалық сұрақтарды қоямын.
Әңгімелесу мынадай бағытта өткізіледі:
- Император билігі, монархия.
- Халық қарсылығы.
- Төңкерістер.
- Кеңестер билігі.
- Азамат соғысы.
- Автономиялық және одақтас мемлекет.
Осы бағытпен оқушыларды әңгімеге қатыстыра отырып, үй тапсырмасын тексеріп шығамын. Көбірек жауап берген оқушыларды көтермелеп баға қойып отырамын.
Одан әрі өткен сабақты оқушыларды қатыстыра отырып қорытындылаймын.
III. Жаңа сабақ
Жаңа сабақтың тақырыбы мен жоспарын тақтаға жазамын. Сабақтың мақсатымен оқушыларды таныстырамын.
Тақырыптың жоспары.
1. Алашорда үкіметі.
2. Алаш қайраткерлері.
Жоспардың бірінші бөлімі бойынша «алаш» сөзіне түсінік беремін. «Алаш» — қазақ халқының балама атауы, қазақ сөзінің орнына қолданылатын көне ұғым.
1917 жылы Қазақстанда саяси партиялар құрылып жұмыстары жандана бастады. Солардың ішіндегі ең ауқымды да ірісі Алаш партиясы болды. Алаш партиясының алдына қойған негізгі мақсаты дербес, тәуелсіз Қазақ мемлекетін құру, қазақ халқының салт-дәстүрін, тілін, дінін дамыту, Қазақ елін әлемдегі өркениетті елдердің қатарына қосу т.б. Алаш партиясының қатарында Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, М. Тынышбаев, X. Досмұхамедов, Ж. Досмүхамедов т.б. ұлттық зиялылар болды. 1917 жылы 5-13 желтоқсан аралығында Орынбор қаласында жалпықазақ съезі өтіп, онда Алашорда үкіметі құрылады. Төрағасы болып Ө. Бөкейханов сайланды. Алаш партиясының және Алашорда үкіметінің баспасөз органы «Қазақ» газеті болды. Алашорда үкіметі Семей қаласында орналасты. Алашорда үкіметінің бағдарламасында мемлекетті басқару, білім беру, құкык, дін мәселелері басты орын алады. Алашорда үкіметі Кеңестер тарапынан қуғындалып таратылады.
Жоспардың екінші бөлімі бойынша оқулықты пайдалана отырып төмендегі кестені толтыртамыз.
Ө. Бөкейханов А. Байтұрсынов
Туған жылы Туған жері Білім алуы Қызметі Қайтыс болған жылы Осыдан кейін оқушылар арасында шағын әңгіме өткіземі. Онда негізінен Алаш қайраткерлерінің қызметіне баға беріп, бірлесе отырып олардың тарихта алатын орнын анықтаймызн
Оқушыларға тапсырма беріп Алаш қайраткерлері туралы сұрақ тапсырмалар жасатып, бір-біріне қойғызып өздеріне бағалатамыз.
Қорытынды кезең:
Сабақты бекіту мақсатында қойылатын мынадай жоспар құрып, алған білімдеріне шолу жасаймын.
Алаш және Алашорда:
Мақсаты.
Іс-әрекеті.
Қайраткерлері.
Бағдарламасы.
Тағдыры.
Тарихи маңызы.
Жоспар бойынша оқушылар арасында өзара пікір алысамыз. Проблемалық сұрақтар қойып оқушылардың білімін пысықтаймын. Соңында негізгі мәселеге тоқтала отырып, өткен тақырыпты жалпылама қорытындылап өтемін.
Бағалау:
Ү й тапсырмасы:
1. 46-параграфты оқу.
2. Сұрақтар мен тапсырмаларды орындау.
5-сынып. Қазақстан тарихынан әңгімелер
Сабақтың тақырыбы: § 47. 1920-1930 жылдардағы өнеркәсіптің дамуы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: XX ғасырдың басындағы Қазақстан өнеркәсібінің дамуы, басты ерекшеліктері туралы мәлімет беру, сол кездегі экономикалық даму жағдайы туралы білімді игеру үшін жағдай жасау.
Дамытушылық: социалистік экономика туралы түсінік қалыптастыра отырып, оны әр қырынан талдай білуге үйрету, олардың ойлау дағдыларын, қабілетін жан-жақты дамыту.
Тәрбиелік: еліміздің өткеніне құрметпен қарауға үйрету, тақырыптың маңызды мәселелерін оқыту арқылы оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі: топпен жұмыс.
Әдісі: интерактивті
Пәнаралық байланыс: география
Көрнекілік: әр түрлі өнеркәсіп құрылыстарының суреттері. Мысалы, Түрксіб құрылысы.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды сынып ішінде үш топқа бөліп, әр топтың жұмыс істеу тәсілін түсіндіріп беремін.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
Үй тапсырмасын тексеру мақсатында оқушыларға карточкалық сұрақтар беремін. Карточка бойынша сұрақтар мен тапсырмалар:
«Алаш» қозғалысының алдына қойған мақсаттарын атаңдар.
Әлихан Бөкейханов туралы айт.
«Алаш» партиясының мүшелері туралы не білесің?
А.Байтұрсыновтың қызметі туралы не білесің?
«Алаш» партиясына қандай топ карсы болды? Неліктен?
Бұдан әрі оқушылардың үйге берілген сұрақтар мен тапсырмаларын тексеріп шығып, кейбір оқушыларды бағалаймын.
Соңында Алаш қозғалысының жалпы мақсаттары мен міндеттерін көрсетіп, Алаш қайраткерлерінің қызметтері мен тағдырларына, аталған қозғалыстың тарихи маңызына, Қазақстан тарихынан алатын орнына қысқаша тоқтала отырып үй тапсырмасын қорытындылаймын.
III. Жаңа сабақ.
Жаңа сабақтың тақырыбы мен жоспары алдын ала тақтаға жазылып қойылады. Оқушыларға сабақтың мақсатын айтып беремін.
Сабақ жоспары:
1. Қазақстанның әлеуметтік-экономиқалық жағдайы.
2. Қазақстан индустрияландыру жылдарында,
3. Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру. Алдымен оқушылардың назарын жоспарға аударамынжәне мынадай бағытта жаңа сабақты түсіндіріп өтемін.
Азамат соғысынан кейінгі Қазақстанның экономиқалық жағдайы:
Өнеркәсіптегі хал.
Ауыл шаруашылығы.
Ашаршылық. Индустрияландыру жылдары:
Жаңадан салынған өнеркәсіп орындары.
Түркістан-Сібір темір жол құрылысы.
Қазақстан КСРО-ның шикізат базасы. Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру:
Ф.И.Голощекиннің «Кіші Қазан» саясаты.
Байлардың мал-мүлкін тәркілеу.
Күштеп ұжымдастыру.
Ұжымдастыру зардабы.
а) Мал шығыны. ә) Ашаршылық. б) Демографиялық өзгеріс.
Ұжымдастыру саясатына қарсылық.
Тұлғалар: Т.Рысқұлов, С. Сәдуақасов, М.Дәулетқалиев, Е. Алтынбеков, Қ. Қуанышев, Ғ. Мүсірепов, М. Ғатауллин.
Сабақты түсіндірген кезде көрнекі құралдарды ретіне қарай пайдаланып отырамын. Және әңгімемнің арасында әр топтың оқушыларына сұрақ қойып, оларды да сабаққа қатыстырып отырамын.
Оқулықпен жұмыс
Оқушыларға топпен бірігіп отырып мәтінді оқып шығуға, керекті мәліметтерді, оның ішінде хронологиялық даталарды, терминдерді дәптер бетіне түсіріп отыруды тапсырамын. Бұған оқушыларға бес минуттай уақыт беремін.
Топқа берілетін тапсырмалар.
I. XX ғасырдың басындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономиқалық жағдайына талдау жаса.
Бұл тапсырманы әр топ өзара ақылдаса отырып орындап шығады. Топтан бір оқушыдан шығып ортақ пікірлерін айтады. Оны толықтырып отыруға болады.
Алғашқы тапсырманы орындап болғаннан кейін, топ мүшелерін бағалай отыра келесі тапсырма беріледі.
II. Әр топ алдарындағы кестені салыстыра отырып бірігіп толтырады.
Индустрияландыру Ұжымдастыру
Уақыты Пайдасы Зардабы Тарихи маңызы Толтырылған кестені тексеріп шығамын.
Осыдан кейін үш топты жарыстыру мақсатында әр топқа тест сұрақтарын таратамын. Тест сұрақтарының саны 7-8 болады.
1. Кеңес Одағында индустрияландыру бағыты қабылданған жыл.
2. Түрксіб темір жолының ұзындығы т.б.
Қорытынды кезең:
Сабақты бекіту мақсатында топтарға карточкалық сұрақтар таратамын. Бұған жауап алғаннан кейін өткен тақырыптың негізгі мәселелеріне тоқтала қорытындылаймын.
Бағалау: Үй тапсырмасы:. 47-параграфты оқу.
5-сынып. Қазақстан тарихынан әңгімелер
Сабақтың тақырыбы: §48. 1920-1930 жж білім мен мәдениеттің дамуы.
Сабақтыңмақсаты:
Білімділік: ХХғасырдың 1-жартысындағы Қазақстандағы білім беру мен мәдениеттің жалпы дамуы, ерекшелігі туралы мәлімет беру, мәдени құрылысты жан-жақты түсінуге жағдай туғызу.
Дамытушылық: мәдени құрылыс үрдісін түсіндіре отырып, оның басты ерекшеліктерін анықтай білу дағдыларын қалыптастыру, өз беттерінше шығармашылық әрекеттерін дамытуға жағдай жасау.
Тәрбиелік: мәдени құрылыстың дамуының басты ерекшеліктерін түсіндіре отырып, ұлтымыздың мәдени құндылықтарын құрметтеу сезімін оятуға жағдай жасау, ұлттық мәдениеттің ерекшеліктерін жете тануға көмектесу, қызығушылықтарын ояту.
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: интерактивті
Пәнаралық байланыс: әдебиет, музыка, бейнелеу, т.б.
Көрнекілік: ақын-жазушылардың суреттері (М. Жұмабаев, С.Сейфуллин, Б.Майлин т.б.).
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Үй тапсырмасын тексеру.
Оқушылардан үйге қандай тапсырма бергенін сұраймын. Оқушылар жауап бергеннен кейін, өткен сабаққа аздап кіріспе жасап, үй тапсырмасын сұрауға кірісемін. Үй тапсырмасын сұрау мақсатында оқушыларға төмендегідей сұрақтар қоямын:
1. Индустрияландыру дегеніміз не?
2. Индустрияландыру жылдары Қазақстанда қандай өнеркәсіп орындары салынды?
3. Индустрияландырудың маңызы қандай болды?
4. Түркістан-Сібір темір жолының тарихи маңызын керсет.
5. Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру Қазақстанда қалай жүзеге асырылды?
6. Ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастырудың зардаптарын көрсет.
7. Т. Рысқұловтың және «Бесеудің хаты» не туралы болды?
8. Ф.И. Голощекиннің «Кіші Қазан» саясатының мәні.
Бұдан әрі оқушылардың жауабын толықтырып, өткен сабаққа шолу жасаймын. Қазақстандағы индустрияландыру мен күштеп ұжымдастыру саясатын салыстыра отырып, үй тапсырмасына қысқаша қорытынды жасаймын.
III. Жаңа сабақ.
Сабақтың тақырыбын тақтаға жазып қоямын. Оқушыларды сабақтың мақсатымен таныстырып өткен соң, жаңа сабақты түсіндіруге кірісемін.
Сабақты түсіндіру үшін төмендегідей жоспар құрамын.
1. Сауатсыздықты жою.
2. Халық ағарту ісі.
3. Ғылым мен мәдениет.
4. Қазақ өнерінің қалыптасуы.
Алдымен қысқаша кіріспе әңгіме ретінде білім мен мәдениеттің тарихтағы орны, маңызы туралы әңгімелеп беремін.
Жоспардың бірінші бөлімін оқулықтан бір оқушыға дауыстатып оқытқаннан кейін әңгімелесу арқылы түсіндіремін. «Сауат ашу», «сауатсыздық» сөздеріне бірлесе отырып түсінік беріп өтемін. Кеңес өкіметі орнағаннан кейін барлық елде сауатсыздықты жою мақсаты қойылды. Себебі жаңа қоғам орнату, сауатсыздықты жою бірінші міндет еді. 1924 жылы «Сауатсыздық жойылсын» қоғамы құрылды. Алдымен ересектер арасында сауатсыздықты жою мақсатында мектептер ашылып, хат таныту ісі жүргізіле бастады. Бұл әрекеттер біршама нәтиже берді. 1930 жылы Қазақстанда жалпыға бірдей міндетті бастауыш білім беру жөнінде қаулы қабылданды.
Екінші бөлім бойынша да қыскаша түсінік беріп өтемін.
Ағарту - білім беру ісі. Кеңес өкіметі 20-30-жылдары ағарту ісіне көбірек көңіл бөле бастады. Қаражат бөлініп мектептер мен интернаттар салынды. Ұлт зиялылары Қ. Сәтбаев, Ә. Бөкейханов, М. Әуезов, А.Байтұрсыновтар мектептерге арналған оқулықтар жазуда өлшеусіз үлес қосты.
Жоғары оқу орындары да көптеп ашыла бастады.
Дәптерлеріне хронологиялық кесте түрінде жаздырамын.
Ғылым мен мәдениеттің дамуын мына бағытпен түсіндіремін.
Ғылыми-зерттеу істері.
Ғалымдар.
Әдебиеттің дамуы.
Сталиндік қуғындау.
Атаулар мен есімдер: М. Дулатов, М. Тынышбаев, А.Байтұрсынов, С.Сейфуллин, М.Әуезов, Б.Майлин, I. Жансугіров, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов, Ғ. Мүсірепов, Қ. Сәтбаев.
«Өнер» сөзіне түсінік беріп өтеміз.
Қазақ өнерінің дамуы қарқынды жүрді. Белгілі этнограф А.В. Затаевич қазақтың ән-күйлерін жинастырып «Қазақ халқының 1000 әні», «Қазақтың 500 әні мен күйі» атты жинақтар шығарады. Атақты әнші Ә.Қашаубаев Еуропа сахналарында ән салып, қазақ әнінің құдіретін танытады. Қазақ өнерінің дамуын 1926 жылы ашылған ұлттык театр жеделдетеді. Оны Ж. Шанин басқарды.
Қорытынды кезең:
Жалпы қорытынды кезеңінде сабақты бекіту мақсатында тест тапсырмаларын қолданамын. Тест тапсырмалары жаңа өтілетін тақырып бойынша құрастырылады. Тапсырмалардың саны 10 болады.
1. «Сауатсыздық жойылсын» қоғамы қай жылы құрылды?
2. Алғаш Қазақ, тіліндегі алгебра оқулығын құрастырған ғалым.
3. 1928 жылы ашылған жоғары оқу орны т.б.
Тапсырмаларды жалпылама тексере отырып, жоспар бойынша тақырыпқа шолу жасап қорытындылаймын.
Тест сұрақтарға берген жауаптары бойынша оқушыларды бағалаймын.
Бағалау:
Үй тапсырмасы: 48-параграфты оқу.
5-сынып. Қазақстан тарихынан әңгімелер
Сабақтың тақырыбы: § 49. Ұлы Отан соғысының басталуы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға Ұлы Отан соғысы жайлы мағлұмат беру, Қазақстандағы Ұлы Отан соғысы жылдарындағы жағдай, жеңіске қосқан Қазақстандықтардың үлесі жайлы және Ұлы жеңістің тарихи маңызы туралы білім алуға көмектесу.
Дамытушылық: тақырыпты меңгерте отырып Ұлы жеңіс жайлы білімдерін дамыту, ойлау қабілеттерін арттыру, нақты мәліметтерді қабылдау дағдыларын қалыптастыру.
Тәрбиелік: жеңістің маңызын түсіндіру арқылы Отанға деген сүйішпеншілік сезіміне, патриоттыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу, өз елінің тарихына қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: интерактивті
Пәнаралық байланыс: әдебиет, музыка, бейнелеу, т.б.
Көрнекілік: соғыс туралы картиналар, КСРО батырларының суреттері, бұрынғы КСРО және Еуропа картасы.
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасын сұрау.
Өткен сабақты қайталау мақсатында және оқушылардың білімін тексеру үшін төмендегідей сұрақтар қоямын.
1. «Сауатсыздықты жою» дегенді қалай түсінесің?
2. 20-30-жылдары халық ағарту ісінде қандай өзгерістер жүзеге асты?
3. Қазақстандағы ғылымның дамуы қандай дәрежеде еді?
4. Қазақстанда 20-30-жылдары ғылым, білім, мәдениеттің дамуына қандай кедергілер әсер етті?
5. Қазақстанда өнер саласында қандай жетістіктерге қол жетті?
6. 20-30-жылдардағы мәдени құрылыстың дамуы қандай дәрежеде болды деп ойлайсың?
Осы сұрақтарға жауап алғаннан кейін үйге берілген сөзжұмбақтарды тексеріп шығып бағалаймын.
Бұдан әрі үй тапсырмасына берілген өткен тақырыпты қорытындылаймын.
III. Жаңа сабақ.
Жаңа сабақтың тақырыбы тақтаға жазылады. Оқушыларға сабақтың негізгі мақсаттарын айтып беремін.
Сабакты төмендегідей жоспар бойынша түсіндіремін:
1. Фашистік Германияның соғыс жоспары.
2. Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында.
Ұлы Отан соғысы қай жылдары болды?
Оқушылардың берген жауабын толықтыра отырып, жаңа сабақты түсіндіруге кірісемін.
Ұлы Отан соғысы 1941-1945 жылдар аралығында болды.
Еуропада орналасқан Германияда 1933 жылы ұлтшыл-фашистік тәртіп орнады. Жетекшісі Адольф Гитлер болды. 1939 жылы фашистік Германия әлемге иелік ету мақсатында соғыс бастады. 1939 жылы 1 қыркүйекте Польша жеріне басып кірді. 1941 жылы Германия Еуропаның көптеген елдерін басып алды. Енді тек оған қарсы шығатын КСРО ғана қалды. Фашистік Германия КСРО-ны 3-4 ай-дың ішінде басып алу жоспарын жасады. Ол жоспар «Барбаросса» деп аталды.
1941 жылы 22 маусымда неміс өскерлері КСРО шека-расына басып кірді. Ұлы Отан соғысы осылай басталды.
Мәтінді оқушыларға оқыта отырып талдатамын.
Қазақстан халқы да Отан қорғау ісіне алғашқы күндерден бастап өз үлестерін қосты. Қазақстан халқының бестен бірі майданға аттанды.
Ең алдымен Қазақстан экономикасын соғысқа бейімдеп қайта құру жүргізілді. Көптеген өнеркәсіптер соғысқа қажетті заттар шығаратын кәсіпорын етіліп қайта құрылды. Сонымен қатар майдан өңірі болып саналатын Ресей, Украина, Белоруссиядан көптеген кәсіпорындар Қазақстанға көшірілді. Ондай кәсіпорындардың саны 220-ға жетті.
Қазақстан майданды шикізатпен қамтамасыз ететін негізгі базаға айналды. Майданда қолданылған барлық оқтың 90%-ы Қазақстан жерінде өндірілген қорғасыннан жасалды. Қазақстан жерінде яғни тылда негізінен кәрі адамдар, әйелдер және балалар жұмыс істеді.
Мәтінді оқытып оқушылармен бірге талдаймыз.
Бұдан кейін КСРО және Еуропа картасын пайдалана отырып, тақырыпты толықтырып шығамын. Картаға оқушыларды шығарып, олардың білімдерін тексеремін.
Қорытынды кезең:
Сабақты қорытындылау үшін карточкалық тапсырмаларды пайдаланамын.
1. «Барбаросса» жоспарының мәні неде?
2. Фашистік Германияның мақсаты.
3. Қазақстан майданды негізгі қамтамасыз етуші.
4. Қазақстан экономикасын соғысқа бейімдеп қайта құру.
5. Тыл еңбегі жайында не білеміз?
6. Қазақстан - майдан арсеналы дегенді қалай түсінесің?
Аталған тапсырмаларға жауап ала отырып Ұлы Отан соғысы жайлы оқушылардың пікірін, көзкарасын білемін. Онда негізінен проблемалық сұрақтар қоямын. Сонымен қатар оқушылар білімін КСРО және Еуропа картасын пайдалана отырып емінөн. Соңында бүгінгі тақырыпқа шолу жасап картаны пайдалана отырып сабақты қорытындылаймын.
Бағалау:
Үй тапсырмасы:
1. 49-параграфты оқу.
5-сынып. Қазақстан тарихынан әңгімелер
Сабақтың тақырыбы: § 50. Қазақстандықтар Ленинград және Мәскеу үшін шайқастарда.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға қазақстандыктардың Мәскеу және Ленинград қалаларын фашистерден қорғауда қоскан үлесі жайлы мағлұмат беру. Майдандағы Қазақстандықтардың ерлік істері жайында білім алуға жан-жакты жағдай жасау.
Дамытушылық: тақырыпты оқыта отырып Ұлы Отан соғысы жайлы білімдерін одан әрі дамытуға жағдай жасау. Тарихи оқиғаларға баға бере білу дағдыларын қалыптастыруға көмектесу, ойлау қабілеттері мен шығармашылық әрекеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Қазақстандықтардың Мәскеу және Ленинград үшін шайқастардағы ерлік істерін үлгі ете отырып ерлікке, патриоттыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу, батырларға, отан қорғаушыларға деген құрмет сезімін ояту, өз елінің өткенін мақтан тұтуға үйрету.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.
Әдісі: интерактивті
Пәнаралық байланыс: әдебиет, музыка, бейнелеу, т.б.
Көрнекілік: КСРО және Ұлы Отан соғысының картасы. Қазақстандық Кеңес Одағы Батырларының суреті, Мәскеу, Санкт-Петербург қалаларының суреттері.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
Ұйымдастыру кезеңін өткізіп болған соң өткен сабақты пысықтау мақсатында оқушылардан үй тапсырмасын сұраймын. Үй тапсырмасы екі түрлі бағытпен сұралады.
Алдымен бір-екі оқушыдан өткен сабақты карта арқылы сұраймын. Картадан фашистік Германияның Еуропадағы соғыс қимылы, КСРО-ға басып кірген өңірі сұралады. Оқушылар жауабын толықтырып өтемін.
Ары қарай үй тапсырмасын тексеру үшін негізінен өткен тақырыпқа байланысты салыстырмалы және проблемалық сұрақтар қоямын. Мұндай сұрақты алдын-ала дайындаймын.
Сұрақ мынадай бағытта қойылады:
1. Фашистік Германияның жаулап алу саясаты.
2. Қазақстан экономикасын соғысқа бейімдеп қайта құру.
3. Қазақстан майдан тылы.
Үй тапсырмасын сұрап болған соң өткен сабақты мұғалім өзі қорытындылап шығады. Онда Гитлерлік Германияның басқыншылық саясатына, КСРО-ны жаулап алудағы негізгі мақсатына шолу жасай отырып, оқушылармен бірлесіп тарихи тұрғыда баға бере кетуі керек. Сонымен қатар мұғалім өткен сабақты жаңа сабақпен байланыстыра кетуді ұмытпағаны жөн.
III. Жаңа сабақ.
Жаңа сабақтың тақырыбын, жоспарын тақтаға жазамын. Оқушыларға сабақтың мақсатын айтып беремін.
Сабақты баяндау жоспары:
1. Қазақстандыктар Мәскеу үшін шайқаста.
2. Қазақстандықтар Ленинград үшін шайқаста.
Тақырыпқа кіріспес бұрын оқушылардың назарын тақтадағы Мәскеу және Санкт-Петербург қалаларының суретіне аударамын. Аздап кіріспе жасап осы екі қала туралы оқушылардан не білетінін сұраймын. Әрі қарай оны өзім толықтырып қысқаша мағлұмат бере кетемін.
Оқулықта берілген екі тақырыпшаны оқушыларға кезекпен оқытып, мазмұнын сұраймын. Осыдан кейін түсіндіремін.
Түсіндіру бағыты
Бірінші бөлім:
- Мәскеу маңына жаулардың жақындауы.
- Мәскеуді қорғау.
- Панфиловшылар.
Екінші белім:
- Ленинград қоршауы.
- «Өмір жолы».
- Ленинградты қорғау.
Жаңа есімдер: Б. Момышұлы, И.В. Панфилов, В.Г. Клочков, М. Ғабдуллин, Т. Тоқтаров, Ә. Молдағулова, М. Мәметова, С. Баймағамбетов.
Бұдан кейін оқушыларға оқулықты пайдалана отырып кесте толтыртамын:
Мәскеу үшін шайқас Ленинград үшін шайқас
Уақыты Құрамалар Ерлік көрсеткен қазақстандықтар Тарихи маңызы Қорытынды кезең:
Сабақты қорытындылау мақсатында карточкалық тапсырмаларды пайдаланамын.
Сұрақ үлгісі:
1. Панфиловшылар ерлігі жайлы айт.
2. «Өмір жолының» маңызы.
Оқушылар жауабын тыңдаған соң карта және суреттерді пайдалана отырып бүгінгі тақырыпқа қорытынды жасаймын.
Бағалау:
Үй тапсырмасы: 1. 50-параграфты оқу.
5-сынып. Қазақстан тарихынан әңгімелер
Сабақтың тақырыбы: § 51 Ұлы жеңіске қосылған үлес
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Қазақстандықтардың Ұлы жеңіске қосқан үлесі жайлы оқушыларға мағлұмат беру. Отан соғысының батырларының ерліктерімен таныстыру, сонымен қатар жеңістің тарихи маңызы жайлы білім алуға көмектесу.
Дамытушылық: нақты мәліметтерді анықтай білу дағдыларын қалыптастыруға жағдай жасай отырып, өз беттерінше шығармашылық ізденіске дағдыландыру, ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Ұлы Отан соғысындағы ерлік көрсеткен батырларды үлгі өте отырып ерлік істерге, патриоттыққа тәрбиелеу, батырлардың ерлігін құрметтеуге үйрету.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.
Әдісі: интерактивті
Пәнаралық баланыс: география
Көрнекілік: Қазақстандық Ұлы Отан соғысы батырларының суреттері, КСРО картасы.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
Ұйымдастыру кезеңін өткізіп болған соң өткен сабақты оқушылардың естеріне сала отырып, үй тапсырмасын тексеруге кірісемін. Үйге берілген тапсырмаларды тексеру мақсатында мынадай сұрақтар қоямын:
1. Мәскеуді қорғаудағы қазақстандақтардың рөлі қандай болды деп ойлайсың?
2. Мәскеу түбіндегі жеңістің маңызы қандай?
3. Мәскеу түбіндегі шайқаста ерлік көрсеткен қазақстандықтардан кімдерді білесіңдер?
4. Панфиловшылар жайлы не білесіңдер?
5. Қоршаудағы Ленинград жайлы айт.
6. Ленинград қаласын қорғаудағы қазақстандыктардың үлесі.
7. «Өмір жолының» қандай маңызы болды?
Үй тапсырмасын тексеруде картаны, қалалардың суреттері сияқты көрнекі құралдарды пайдаланамын. Сонымен қатар оқушылардың үйде құрастырған сұрақтар мен басқа да тапсырмаларын тексеріп, оны өткен сабақты қайталау үшін басқа оқушыларға орындатамын. Ең соңында үй тапсырмасын қыскаша қорытындылап, жаңа сабаққа кірісемін.
III. Жаңа сабақ.
Жаңа сабақтың тақырыбын тақтаға жазып қоямыз. Сабақтың мақсатымен оқушыларды таныстырып өту керек.
Жаңа оқу материалын түсіндіру.
Сабақ жоспары:
1. Әлия Молдағүлова.
2. Мәншүк Мәметова.
3. Бауыржан Момышұлы.
4. Талғат Бигелдинов.
5. Ұлы Жеңіс.
Сабақ алдымен ауызша баяндау түрінде әңгімелесу арқылы өтіледі. Жоспардағы 1-4 бөлімге қысқаша тоқталамын. Баяндау бағыты:
Туып-өскен өлкесі.
Соғысқа кіріскен майданы.
Ерлік істері.
Сабақты түсіндіргенде барлық көрнекі құралдарды пайдаланамын (батырлардың портреттері, соғыс қимылдарының суреттері, КСРО картасы).
Кесте толтыру
Әлия Молдағұлова Мәншүк Мәметова Бауыржан Момышұлы Талғат Бигелдинов
Өмір сүрген жылдары Туып-өскен жері Соғысқан майданы Ерлік істері Жоспардың бесінші бөлімін төмендегіше түсіндіремін.
Түсіндіру бағыты.
Қазақстандық батырлар.
Ұлы жеңіс.
Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуы.
Соғыстың зардабы.
Ұлы жеңістің тарихи маңызы.
Мәтінмен жұмыс.
Оқушыларды төрт топқа бөліп, мәтінді таратамын. Мәтін негізінен соғыс қимылдары, яғни оқиға жайында болады. Ол газет қиындысы немесе басқа материалдардан тұрады.
Бес минуттай уақыт оқушылар топпен оқып шығып, кезекпен талқылайды. Осыған байланысты әр топқа сұрақ қоямын.
Қорытынды кезең:
Сабақты қорытындылау мақсатында төрт топқа батырлар портретін таратып, осыған байланысты сұрақтар беремін. Осыдан кейін сыныпқа жалпылама сұрақ қоямын.
1. Ұлы жеңіске қазақстандықтардың қосқан үлесі.
2. Соғыстың зардабы қандай болды?
3. Ұлы жеңістің тарихи маңызы туралы айт.
Бұдан әрі өткен сабаққа шолу жасай отырып, қысқаша қорытындылап шығамын.
Бағалау:
Үй тапсырмасы: 1.51-параграфты оқу. Толтырылған кесте бойынша оқушылардың дәптерлерін тексеріп шығып бағалаймын.
5-сынып. Қазақстан тарихынан әңгімелер
Сабақтың тақырыбы: § 52. Тың игеру
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға тың және тыңайған жерлерді игеру, оның негізгі ерекшеліктері жайында жалпы мағлұмат беру, тың игерудің тарихи маңызын, нәтижесі мен салдарын түсінуге жағдай жасау.
Дамытушылық: тақырыптың негізгі мәселелерін меңгерту арқылы тарихи оқиғаларға жан-жақты баға бере білу дағдыларын қалыптастыру. Басты мәселелерді, себеп-салдарларды ажырата білуге үйрету, ойлау қабілеттерін дамытуға көмектесу.
Тәрбиелік: өткен оқиғаларға сыни көзбен қарау арқылы шығармашылық әрекетке тәрбиелеу, ез елінің тарихын құрметтеу сезімін оятуға көмектесу. Өткеннен тағылым алуға үйрету.
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: интерактивті
Пәнаралық байланыс: география
Көрнекілік: Қазақстан Республикасының картасы, тың игеру көрінісінің суреттері.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасын сұрау.
Ұйымдастыру кезеңін өткізіп болғаннан кейін үй тапсырмасын сұрауға кірісемін. Өткенді қайталау мақсатында Ұлы Отан соғысына қатысты үш параграф бойынша оқушылардың білімін тексеремін. Онда алдын ала дайындаған тест тапсырмаларын қолданамын.
Тапсырма :
Фашистік Германияның КСРО-ға соғыс ашу жоспары (Барбаросса.)
Ұлы Отан соғысы басталған уақыт (1945 жылы 22-маусым).
Фашистік Германия КСРО-ны неше айдың ішінде басып алуды көздеді? (3-4 айдың ішінде).
Қазақстанда құрылған, Мәскеуді қорғауға қатысқан әйгілі дивизия (316-шы дивизия).
Ленинградты қорғауда кеудесін оққа тосып, ерлік көрсеткен батыр (Сұлтан Баймағамбетов).
Невель қаласы үшін болған шайқаста ерлікпен қаза тапқан батыр қыз (Мәншүк Мәметова).
КСРО-ның екі мәрте батыры, ұшқыш (Талғат Бигелдинов).
Ұлы Отан соғысында қаза тапкан КСРО азаматтарының саны (27 миллион) т.б.
Оқушылар жазып болған соң дәптерлерін жинап алып, жаңадан сұрақтар қоямын. Сұрақтар:
Ұлы Отан соғысының әлем тарихында және Қазақстан тарихында алатын орны.
Ұлы жеңістің тарихи маңызы.
Соғыс зардабы.
Оқушылардың жауабын тыңдаған соң, өткен тақырыптарға шолу жасап үй тапсырмасын қорытындылап шығамын да жаңа сабаққа кірісемін.
III. Жаңа сабақ.
Сабақтың тақырыбымен, жоспарымен және мақсатымен оқушыларды таныстырып өтемін.
Тақырыптың негізгі жоспары:
1. Тың және тыңайған жерлерді игеру.
2. Тың жерлерді игерудің нәтижесі.
Біздің еліміз осындай ірі астықты республика дәрежесіне қалай жетті?Оқушылар бұл сұраққа өз білгендерінше жауап береді.
Соғыстан кейінгі жылдары КСРО-ның ауыл шаруашылығы өте төмен дәрежеде болды. Коммунистік партияның алдында азық-түлік мәселесін тезірек шешу міндеті тұрды. 1954 жылы компартия «Тың және тыңайған жерлерді игеру» туралы шешім қабылдады. Жаңадан игерілуге тиіс тың жерлердің басым бөлігі Қазақстанда орналасты.
Қазақстанда тың игеру жүргізілген облыстар.
Алғашқы жылы Қазақстанда 6,5 мың га жер жыртылды. Ал тың игеру жылдары Қазақстанда барлығы 25 мың га жер жыртылған екен. Тың игеру үшін одақтас республикалардан көптеген адамдар келді. Олар мемлекет тарапынан көмек алып Қазақстан жерінде қалып қойды.
Мәтінмен жұмыс.
Параграфты оқушылармен бірге оқып шығып, төмендегі кестені толтырамын.
Тың және тыңайған жерлерді игеру нәтижесі
Жағымды (пайдасы) Жағымсыз (зияны)
Тың игерудің пайдасы мен зиянын салыстыра отырып кестені толтырып шығамыз.
Қорытынды кезең
Сабақты бекіту мақсатында төмендегідей сұрақтар қоямын:
1. Тың және тыңайған жерлерді игерудегі басты мақсат не болды?
2. Неліктен тыңайған жерлерді игеру көбінесе Қазақстанда жүргізілді?
3. Тың жерлерді игерудің пайдасын айт.
4. Тың жерлерді игеру мал шаруашылығының дамуына неліктен кері әсер етті?
5. Тың жерлерді игерудің экологияға тигізт ең зардабы қандай болды?
6. Тың жерлерді игеру қазақ халқының ұлттык ерекшелігіне қандай зиян тигізді?
7. Тың игерудің тарихи маңызы?
8. Тың жерлерді игеру неліктен солтүстік және орталық облыстарда жүргізілді деп ойлайсың?
Оқушылардың берген жауабын басқа оқушыға толықтыртып отырамын. Барлық сұраққа жауап алғаннан кейін басты мәселелерге тоқтала отырып өткен сабақты қорытындылаймын.
Бағалау:
Үй тапсырмасы: § 52.
5-сынып. Қазақстан тарихынан әңгімелер
Сабақтың тақырыбы: § 53. Ғарышты игеру
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: XX ғасырдың екінші жартысындағы адам баласының ғарышты игерудегі жетістіктері, оның ғылыми маңызы жайында оқушыларға білім беру.
Дамытушылық: тақырыпты оқыта отырып ғылыми жаңалықтардың маңызын түсіне білу қабілеттерін арттыру, ой-өрістерін, шығармашылық ізденістерін дамытуға көмектесу.
Тәрбиелік: ғылымға қызығушылықтарын арттыру, тақырыпты меңгерте отырып патриоттық, отаншыл тәрбие беру, ғарышкерлерге деген құрмет сезіміне тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: интерактивті
Пәнаралық байланыс: география
Көрнекілік: Т. Әубәкіров, Т. Мұсабаев, Ю.А.Гагарин портреттері. Байқоңыр ғарыш айлағының және планеталар суреті.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
Ұйымдастыру кезеңін өткізген соң үй тапсырмасын тексеруге кірісемін.
Үй тапсырмасын мына бағытта әңгіме түрінде сұраймын:
Тың игерудің қажеттілігі.
Тың игерудің барысы.
Асыра сілтеушілік.
Тың игерудің тарихи маңызы.
Салдары.
Оқушылардың жауабын, пікірін тыңдап болғаннан кейін өткен тақырыпты, үй тапсырмасын қыскаша қорытындылаймын.
III. Жаңа сабақ.
Сабақтың тақырыбы мен жоспары тақтаға жазылады. Оқушыларға сабақтың мақсатын айтып беремін.
Тақырыптың жоспары.
1. Ғарышқа алғашкы қадам.
2. Қазақ ғарышкерлері.
3. Ғарышты игерудің маңызы.
Сабақты оқушыларға сұрақ қоюдан бастаймын.
Ғарыш дегеніміз не? Оны қалай түсінесіңдер?
Оқушылардың ойын білгеннен кейін планеталар суретін көрсетіп жалпы ғарыштық кеңістік туралы қыскаша түсінік беріп өтемін.
Ары қарай жоспардың бірінші бөлімін ауызша баяндап беремін.
Бағыты:
Ғарышқа талпыныс.
Адам баласының алғаш рет ғарышқа ұшуы. Ю.А. Гагарин.
Байқоңыр.
Оқушыларға негізгі мәліметтерді дәптерлеріне жазғызамын.
Адам баласының алғаш ғарышқа ұшқан мерзімі - 1961 жылғы 12 сәуір.
Жоспардың екінші бөлімі жайында да осылай түсіндіріп өтемін.
Қазақстанның өз жерінде әлемде теңдесі жоқ ғарыш айлағы болса да көп уақыт ғарышқа ұшу қазақ баласына бұйырмады. Бұл әрине коммунистік саясаттың кесірі. Тек қана еліміз тәуелсіздік алған соң ғана мұндай мүмкіндікке қол жеткіздік.
Енді сол ғарыш көгіне самғаған қазақ азаматтары жайлы айта кетемін.
1. Тоқтар Әубәкіров - 1991 жылы 2 қазанда алғаш рет ғарышқа ұшты.
2. Талғат Мұсабаев - 1994 жылы 1 маусымда ғарышқа ұшты. Талғат Мұсабаев үш рет ғарыш көгіне самғады.
Олар жайлы оқушыларға қысқаша мәлімет беремін.
Жоспардың үшінші бөлімі бойынша оқушылармен пікір алысамын. Ғарышты игерудің маңызын аша отырып, қандай пайдасы бар екенін оқушылардан сұрап кетемін.
О. Сүлейменовтың «Адамға табын, жер енді!» поэмасын оқушыларға оқыту.
Қорытынды кезең
Сабақты бекіту мақсатында төмендегідей сұрақтарды қоямын.
1. Ғарышты игерудің ғылымға тигізер пайдасы қандай деп ойлайсың?
2. Қазақстанның ғарышты игеруге кандай мүмкіндіктері бар?
3. Қазақ ғарышкерлері туралы не білесің? т.б.
Жаңа сабақтың негізгі мәселелеріне тоқтала отырып, тақырыпты қорытындылаймын. Ғарышты игерудің адам баласы үшін қаншалықты маңызды екеніне оқушылардың көзін жеткіземін.
Бағалау:
Үй тапсырмасы:
53-параграфты оқу.
5-сынып. Қазақстан тарихынан әңгімелер
Сабақтың тақырыбы: §54. Қазақстанда ғылым мен өнердің дамуы./2 сағат/
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға XX ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстандағы ғылым мен мәдениеттің дамуы жайында мағлұмат беру, ғылыми-техниқалық прогрестің Қазақстан шаруашылығына тигізген әсерін анықтауға жағдай жасау. Қазақстанның ғылым, мәдениет және өнер саласындағы жетістіктерін анықтау.
Дамытушылық: тақырыптағы өзекті мәселелерге назар аударта отырып, нақты мәліметтерді ажырата білу дағдыларын қалыптастыруға жағдай жасау, шығармашылық әрекеттерін дамытуға көмектесу.
Тәрбиелік: ғылымның жетістіктері мен озық мәдени үлгілерді оқыта отырып, білімділікке, азаматтыққа, адамгершілікке тәрбиелеу, мәдени құндылықтарды үлгі түта білуге үйрету.
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: интерактивті
Пәнаралық байланыс: география
Көрнекілік: Қ. Сәтбаев, Ш. Айманов суреттері, Қазақстан картасы.
Сабақтық барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасын сұрау.
Ұйымдастыру кезеңін өткізіп болған соң үй тапсырмасын сұрауға кірісемін. Алдымен оқушыларға өткен сабақты естеріне түсірулерін тапсырамын.
Өткен тақырыпқа байланысты төмендегідей сұрақтарды қоямын.
1. Адам баласының ғарышты игеруінің маңызын айт.
2. О. Сүлейменовтың «Адамға табын, жер енді!» өлеңінің мағынасы.
3. Қазақстанның ғарышты игерудегі орны қандай болады деп ойлайсың?
4. Байқоңыр ғарыш айлағының Қазақстан үшін маңызын көрсет.
Оқушылар өткен тақырыптан түсінгендері бойынша сұрақтарға жауап береді. Оқушылардың жауабын тыңдаған соң қысқаша өткен сабақты қорытындылап шығамын.
III. Жаңа сабақ.
Бүгінгі өткелі отырған сабақтың басты мақсатымен оқушыларды таныстырып өтемін. Сабақтың тақырыбы, жоспары алдын ала тақтаға жазылады.
Жаңа тақырыпты окыту жоспары:
1. Қаныш Сәтбаев - ғұлама ғалым, академик.
2. Қазақстан ғылымы.
3. Қазақстан мәдениеті мен әдебиеті.
Жаңа сабақты оқытуда негізінен топтық жүйені пайдаланамын. Оқушыларды төрт топқа бөліп, алдарына бір-бір Қазақстан Республикасының шағын картасын, сонымен қатар бүгінгі сабаққа қатысты тарихи тұлғалардың (ғалымдар мен жазушылар, мәдени қайраткерлер) портреттерін үлестіремін.
Ортақ сұрақ қоямын.
Қаныш Сәтбаев кім?
Мәтінді оқи отыра балалар сұраққа жауап жазады. Тәрт топтан бір оқушыдан шығып ортақ жауаптарын оқиды. Мен ұпаймен бағалап отырамын.
Бұдан әрі Қ. Сәтбаев туралы қысқаша түсінік беріп өтемін.
Балалық шағы, өскен ортасы.
Ғылым жолындағы жаңалықтары.
Академик.
Келесі мәтінді де оқып шығып, топпен ақылдасып ой қорытуға бағыт беремін.
Әр топқа ірі ғылыми жетістіктер жайлы шағын әңгіме жазуға тапсырма беремін. Бес минуттай уақытта төрт топ шағын әңгіме жазып шығуы керек. Мазмұнына қарай ұпаймен бағалаймын.
Бұдан кейін келесі тақырыпшаларды түсіндіремін.
Түсіндіру бағыты
Ғылым Мәдениет Әдебиет
Тарихи ескерткіштердің Ән-күй, театр, байқаулар Жаңа әдеби ағымдар, жас
жаңаруы, озық технология, мен фестивальдар, мерейтой ақын-жазушылар, Ілияс
ғылыми энциклопедия, ғылыми конференция. (Абай, Жамбыл, Қаныш және Түркістан қаласының Есенберлин.
1500 жылдығы), Қазақ киносының дамуы.
Ш. Айманов.
Үш топқа ғылым, мәдениет, әдебиет тақырыптарын таратып, арнайы тапсырма беріледі.
Тапсырма:
Топпен ақылдаса отырып басты ерекшеліктерді, жаңалықтарды жазып, ортақ қорытынды шығарамын. Ең соңында ұпай мен бағасын беремін.
Қорытынды кезең
Сабақты қорытындылау мақсатында әр топқа карточқалық сұрақтар беремін.
1. Ғылыми жетістік деп нені айтады?
2. Қазақстанда ғылымның дамуы қандай дәрежеде болды?
3. Мәдениет пен өнердің дамуына баға бер. Өткен тақырыпқа шолу жасай отырып сабақты қорытындылаймын.
Бағалау:
Үй тпапсырмасы.
1. 54-параграфты оқу.
Төртінші бөлімді қайталау үийн сұрақтар мен тапсырмалар.
1. Қос үкімет қашан құрылды, ол кімдердің үкіметі болды? Кеңес үкіметі Қазақстанда қалай орнады?
2. «Алаш» қозғалысының басшылары кімдер және олардың мақсаты не болды?
3. Түрксіб темір жол құрылысы қалай салынды?
4. Қазақстанда жаппай міндетті бастауыш білім қашан енгізілді және ол қалай жүргізілді?
5. Ұлы Отан соғысы қашан, қалай басталды? Ұлы Отан соғысы жылдары бірнеше мәрте Кеңес Одағының Батыры атағын алған қандай батырларды білесіңдер?
6. Ленинград пен Мәскеу үшін шайқаста ерлікпен шайқасқан батырлардың ерлігі туралы айтып беріңдер.
7. Тыл жұмыскерлерінің Ұлы Жеңіске қосқан үлесі қандай?
8.Тың және тыңайған жерлерді игеру идеясы неліктен қабылдаиды? Оның қандай жағымды және жағымсыз жақтары болды?
9. «Ғарышты игеру» тақырыбы бойынша есте қалғандарын әңгімелеп айтып беріңдер.
5-сынып. Қазақстан тарихынан әңгімелер
Сабақтың тақырыбы: § 55. Қазақстан-Егемен мемлекет.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға КСРО-ның ыдырауы, Қазақстанның тәуелсіздік алуы жайлы мағлұмат бере отырып, нақты тарихи заңдылықтарды түсінуін қалыптастыру. Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің құрылуы жайындағы білімдерді меңгеру үшін жағдай туғызу.
Дамытушылық: тақырыпты оқыта отырып тарихи оқиғаның маңызын анықтай білу дағдыларын қалыптастыруға көмектесу, тарихи оқиғаларға баға бере білу қабілеттерін және жан-жақты ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: өз елінің өткен тарихын құрметтеуге үйрету, Отан мен қоғам алдындағы жауапкершішк сезімін арттыруға көмектесу, Отанға, еліне деген сүйіспеншілік сезімін арттыру, патриоттыққа, азаматтық жауапкершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: интерактивті
Пәнаралық байланыс: география
Көрнекілік: Қазақстан Республикасының саяси-әкімшілік картасы, Н. Ә. Назарбаевтың суреті.
Сабақтық барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
Ұйымдастыру кезеңін өткізген соң үй тапсырмасын сұрауды бастаймын. Үй тапсырмасын карточқалық сұрақтар арқылы тексеремін.
Сұрақтар:
1. Қ. Сәтбаевтың Қазақстан ғылымындағы орнын анықта.
2. Қазақстан мәдениетінің дамуының басты факторлары қандай?
3. Қазақстанда өнер, әдебиет саласындағы қандай жаңашыл іс-әрекеттерді білесің?
Осындай проблемалық сұрақтары бар карточқаларға оқушылар жауап береді. Жұмыс дәптерлерін тексеруге жинап аламын. Өткен тақырыпқа шолу жасай отырып оқушылардың жауабын толықтырып, үй тапсырмасын қысқаша қорытындылап шығамын.
III. Жаңа сабақ.
Үй тапсырмасын тексергеннен кейін жаңа сабаққа көшемін.
Жаңа сабактың тақырыбы, жоспары алдын ала тақтаға жазылып қойылады.
Материалды түсіндіру жоспары:
1. КСРО-ның ыдырауы.
2. Қазақстанның тәуелсіздік алуы.
3. Н. Ә. Назарбаев.
Кіріспе сөзде отар, тәуелсіздік, егемендік, одақ сөздеріне түсінік беріп оқушылардың дәптерлеріне жаздырамын.
Бұрынғы КСРО картасы мен Қазақстан картасын көрнекі құрал ретінде пайдаланумен қатар, салыстыра отырып сабақты түсіндіремін.
1922 құрылған Еуразиядағы алып мемлекет КСРО-ның құрамында 15 одақтас ел болды. Одақ құрамындағы барлық республиқалардың өз бетімен қандай да бір мәселені шешуге құкығы болмады. Барлық билік тек қана Мәскеудің қолында болды. Әсіресе Қазақстанда жағдай барған сайын қиындай түсті. Қазақтар өз ана тілінен, салт-дәстүрінен айырылды. Көптеген қазақ мектептер жабылды. Сонымен қатар Қазақстан өз байлығына өз ие бола алмады. 1986 жылы желтоқсанда Алматыда алғаш рет жастар отаршыл империяның саясатына қарсы шықты. Олар басшылыққа қазақ азаматының келуін талап етті. Алаңға шыққан жастар қатаң жазаланып таратылды.
1991 жылы КСРО өмір сүруін тоқтатты. Құрамындағы республиқалардың барлығы өз тәуелсіздіктерін жариялады.
1991 жылы Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялап, жеке мемлекет болды. Әлем картасында жаңа Қазақстан Республикасы деген мемлекет пайда болды.
Қазақстан Республикасын бүгінде әлемнің 120-дан астам мемлекеті мойындаған. Еліміз көптеген мемлекеттермен дипломатиялық қатынас орнаткан.
Оқушылардан Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев туралы не білетінін сұраймын.
1. Президенттің басты қызметі қандай?
2. Н.Ә. Назарбаев жайында не білесіңдер?
Бұдан әрі ҚР Президенті Н.Ө. Назарбаев жайында қысқаша әңгімелеп беремін.
Н. Ә. Назарбаев 1940 жылы Алматы облысының Қарасай ауданы Шамалған ауылында дүниеге келген. Теміртау қаласында жоғары техниқалық оқу орнын бітірген. Мамандығы инженер-металлург. Еңбек жолын Теміртау қаласындағы Қарағанды металлургия комбинатында қарапайым жұмысшы болып бастап, басшылық қызметтерге дейін көтерілген.
1991 жылы 1 желтоқсанда алғаш Қазақстанда бүкіл-халықтық Президент сайлауы өтіп, көпшіліктің қолдауымен Н. Ә. Назарбаев Қазақстан Респубикасының Президенті сайланды.
Ата Заң бойынша Президент - татулық пен бірліктің кепілі. Халықаралық аренада Қазақстан атынан өкілдік етеді. Сонымен қатар Президент қарулы күштердід бас қолбасшысы болып саналады.
Қорытынды кезең
Сабақты қорытындылау мақсатында төмендегідей сұрақтар қоямын.
1. КСРО ыдырауының алғы шарттарын ата.
2. Қазақстан тәуелсіздікке қалай жетті деп ойлайсың?
3. Қазақстан тәуелсіздігінің тарихи маңызы неде?
4. Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің алға қойған мақсаты қандай деп ойлайсың?
5. Президент Н.Ә. Назарбаевтың өмірі жайлы не білесің?
6. Президент мемлекет үшін кім?
Оқушылардан жауап ала отырып бүгінгі такырыптың негізгі мәселелерін қамтып сабақты қорытындылаймын.
Бағалау:
Үй тапсырмасы: 55-параграфты оқу. Тәуелсіз Қаз. жайында шағын әңгіме жазу.
5-сынып. Қазақстан тарихынан әңгімелер
Сабақтың тақырыбы: §56. Тәуелсіз Қазақстанның Ата Заңы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға Қазақстан Республикасының Ата Заңы жайында мағлұмат беру, Ата заңның ерекшелігімен және негізгі жүйесімен таныстыру, тәуелсіз Қазақстанның заңдық негізі туралы білім беру.
Дамытушылық: заңдық білімдерін жетілдіру, конституциялық құрылыс жайында өз ойларын білдіру дағдыларын қалыптастыруға көмектесу, өз пікірлерін түйіндей білуге үйрету;
Тәрбиелік: еліміздің Ата Заңын құрметтеу баршамызға міндет екенін түсіндіру, әр азаматтың конституциялық міндеттерімен және құқықтарымен таныстыру. Ата Заңды құрметтей білуге үйрету, құқықтық тәрбие беру, азаматтық жауапкершіліктерін арттыру.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: топпен жұмыс.
Пән аралық байланыс: құқық
Көрнекілік: Қазақстан Республикасының Конституциясы.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
Мұғалім оқушыларды төрт топқа бөліп отырғызады.
II. Үй тапсырмасын сұрау.
Ұйымдастыру кезеңін өткізіп болғаннан кейін үй тапсырмасын сұрауға кірісемін. Үй тапсырмасын әңгіме түрінде өткіземін.
Алдымен сыныпқа ортақ сұрақ қоямын:
Тәуелсіздік ұғымын қалай түсінесіңдер?
Әр топтан бір оқушыдан жауап беруі керек.
Сұрақ: Тәуелсіздік бізге қалай келді?
Бұл сұраққа да бір оқушыдан жауап беруі керек.
Ең соңында бір-бір сөзбен жауап беретін сұрақ қоямын.
Сұрақ: Президент - ол:
Бұдан кейін оқушылардың үйде жазған әңгімелерін тексеруге жинап алып, жаңа тақырыпқа кірісемін.
III. Жаңа сабақ.
Жаңа сабақтың тақырыбын, жоспарын алдын ала тақтаға жазамын. Оқушыларды сабақтың мақсатымен таныстырамын. Осыдан кейін әр топқа ҚР Конституциясын таратамын.
Тақырыпқа мынадай жоспар құрылады:
1. Ата Заңының тарихы.
2. Ата Заңның құрылымы.
3. Мемлекет, адам құқығы және Ата Заң. Ең алдымен жалпы сұрақ қоямын:
Конституция дегеніміз не?
Әр топ ақылдаса отырып бір парақ қағазға жауап жазады. Оны бір оқушы шығып түсіндіріп береді.
Осыдан кейін оқушылардың сәйкес келетін жауабын іріктеп ала отырып, Конституция сөзінің мағынасын түсіндіріп өтемін.
Конституция - мемлекеттің негізгі заңы. Мемлекетте қабылданатын барлық заңдар, ережелер, қаулылар, құжаттар конституция негізінде ғана жасалады. Осылардың барлығы конституция талаптарына қайшы келмеуге тиіс.
Одан әрі еліміздің Ата Заңының тарихын оқушыларға баяндап беремін. Оны мына бағытпен түсіндіремін:
Алғашкы Ата Заң (1993 жылы 28 ақпан).
Соңғы Ата Заңның қабылданған уақыты (1995 жылы 30 тамыз).
Қандай тәртіппен қабылданды? (Бүкілхалықтық референдум негізінде).
Ата Заңның құрылымымен таныстырғанда тақтаға схема түрінде сызып көрсетемін. Бұл схеманы ҚР Конституциясын пайдалана отырып, оқушылар жеке-жеке толтырып шығады. Артынан Ата Заңның құрылымы туралы айтып беремін.
Қазақстан Республикасының Ата Заңы (9 бөлім, 98 бап)
Бөлімдер Тақырыбы Баптар саны
I бөлім
II бөлім
III бөлім
IV бөлім
V бөлім
VI бөлім
VII бөлім
VIII бөлім
IX бөлім Алдымен жоспардың үшінші бөлімі бойынша сабақты түсіндіремін. Онда мына бағыттарды негізге аламын:
Азаматтардың конституциялық құкығы мен міндеттері.
Мемлекеттің сипаты. Топтық тапсырмалар.
Әр топқа ата заңның бірінші, екінші бөлімінен азаматтардың құқықтары мен міндеттерін тауып жазуды тапсырамын. Тез орындаған және көбірек жазғанға көңіл бөлемін.
Әр топқа келесі тапсырманы беремін. Төрт плакатты таратамын. Ондағы схема бойынша топпен ақылдасып отырып, тапсырманы орындаймын. Оқушылар алдындағы түсіндіргенімді естеріне түсіреді.
Қазақстан Республикасы
Демократиялық Зайырлы Құқықтық Әлеуметтік
Толтырылған схеманы тақтаға іліп бір оқушы түсіндіріп береді.
Қорытынды кезең.
Сабақты қорытындылау мақсатында қойылатын сұрақтар:
1. Конституцияның мемлекет өміріндегі орны қандай?
2. Ата Заңның басты ерекшелігі қандай?
3. Референдум дегеніміз не?
4. Азаматтардың конституциялық құқықтарын атап беріңдер.
5. Конституцияда Қазақстан мемлекетіне қандай сипат берілген?
6. Неліктен Конституцияны құрметтеу біздің борышымыз болып саналады?
Оқушылардың жауабын тыңдап болған соң бүгінгі тақырыпты қысқаша қорытындылаймын.
Бағалау:
Үй тапсырмасы.
1. 56-параграфты оқу.
2. Конституцияны оқып мазмұндау.
5-сынып. Қазақстан тарихынан әңгімелер
Сабақтың тақырыбы: § 57. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға рәміздер жайлы мағлұмат беру, еліміздің негізгі белгілері болып табылатын мемлекеттік рәміздермен таныстыру, олардың маңызын түсіндіру, рәміздер тарихымен таныстыру.
Дамытушылық: рәміздер жайлы білімдерін дамытуға көмектесу. Олардың маңызын түсіндіру арқылы өз бетімен түсіну қабілеттерін дамыту, шығармашылық әрекеттерін жетілдіруге көмектесу.
Тәрбиелік: мемлекеттік рәміздердің маңыздылығын түсіндіре отырып оны құрметтеуге үйрету, рәміздерді әрқашанда қастерлеп мақтан тұтуға шақыру, Отанға, елге деген сүйіспеншілігін арттыру, патриоттық, азаматтық рухқа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: интерактивті
Пәнаралық байланыс: құқық, әдебиет,бейнелеу.
Көрнекілік: мемлекеттік рәміздер (Елтаңба, ту, әнұран), Қазақстан картасы.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасы.
Ұйымдастыру кезеңінен кейін үй тапсырмасын сұраймын. Алдымен жалпы өткен тақырып бойынша екі-үш оқушыдан мазмұнын сұраймын.
Оқушыларды тыңдағаннан кейін өткен тақырыпты қорытындылаймын. Тақырыптың негізгі мәселелеріне тоқтала отырып, Конституцияның маңызын тағы да оқушылардың естеріне саламын. Сөз арасында өткен тақырыпты жаңа сабақпен байланыстырамын.
III. Жаңа сабақ.
Жаңа сабақтың тақырыбы мен жоспарын тақтаға жазып қоямын. Оқушыларға рәміздермен олардың бастауыш сынып кезінен таныс екенін естеріне салып, сабақтың негізгі мақсатымен таныстырып өтемін.
Тақырыпты төмендегі жоспар бойынша түсіндіремін.
1. Рәміз белгілер ұғымы.
2. Қазақ елінің рәміз белгілерінің тарихы.
3. Қазақстан Республикасының рәміздері.
Жаңа сабақты оқушыларға сұрақ қоюдан бастаймын.
Рәміз дегеніміз не?
Көрнекі құралдарды қолдана отырып әлемдегі барлық мемлекеттерде өздерін айқындайтын, бір-бірінен ажырататын белгілі бір нышан белгілері болатынын айтамын. Оны рәміз деп атайды. Рәміздердің қатарына елтаңба, ту, әнұран жатады. Осыдан кейін оқушыларды қызықтыра отырып, рәміздер қандай жағдайда қолданысқа енетінін түсіндіремін. Мәселен, мемлекеттің туы шетелде елбасы сапары және олимпиада жеңімпаздарын марапаттаған кезде көтеріледі. Сонымен қатар осы жағдайда әнұран да ойналады.
Оқушылардың назарын мынаған аударамын: «геральдика» - елтаңбаларды зерттейтін, «виксикология» - туларды зерттейтін ғылым.
Бұдан кейін жоспардың екінші бөлімі бойынша әңгіме түрінде түсінік беріп өтемін. Түсіндіру бағыты:
Түркі кезеңіндегі рәміз-белгілер, таңбалар.
«Бөрілі байрақ» туы.
«Таңбалы тас».
Қазақ хандығының белгінышандары.
Ру таңбалары.
Үран.
Кеңестік Қазақстанның рәміздер тарихы.
Осы бағытпен оқушыларға жан-жақты баяндап беремін. Арасында оқушыларды да әңгімеге тартамын.
Оқушыларға қызықты болу үшін бұрынғы кездегі әр рудың таңбалары мен ұрандарын жаздырамын.
Найман тайпасының ұраны - «Қабанбай», Албанның ұраны - «Райымбек», Керей тайпасының ұраны - «Ақ-жол» т.б.
Жоспардың үшінші бөлімі бойынша түсінік беремін.
Елтаңба - авторлары Ш.Уәлиханов, Ж. Мөлібеков. 1992 жыл.
-Ту- авторы Ш. Ниязбеков. 1992 жыл.
- Әнұран - авторлары Ж. Нәжімеденов, Н. Ә. Назарбаев, әні Ш. Қалдаяқов.
Өздік жұмыс.
Оқушыларға рәміз белгілерді, немесе аттары жазылған қағаздар таратамын.
Олар: елтаңба, ту, әнұран.
Оқушылар оларға сипаттама жасайды. 5-10 минуттан кейін жазғандарды жинап алып, үш оқушыға көрнекі құралдарды пайдалана отырып талдап айтқызамын.
Қорытынды кезең
Өткен сабақты бекіту мақсатында төмендегідей сұрақтарды қоямын:
1. Рәміз дегеніміз не?
2. Мемлекеттік рәміздер қандай жағдайда колданылады?
3. «Таңбалы тас» туралы айт.
4. «Бөрілі байрақ» жайлы не білесіңдер? Неге солай аталады?
5. ҚР елтаңбасы мен туы қандай жағдайда қабылданды?
6. Әнұран жайлы не білесіңдер?
Оқушылардың жауабын жалпылама толықтырып, бүгінгі тақырыпты қысқаша қорытындылап шығамын.
Бағалау:
Үй тапсырмасы:
1. 57-параграфты оқу.
2. Рәміздер жайлы мәліметтер жинау.
5-сынып. Қазақстан тарихынан әңгімелер
Сабақтың тақырыбы: § 58. Ұлттық теңге-мақтанышымыз.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға Қазақстанның ұлттық валютасы - теңге жайында, оның шығу тарихы және негізгі қасиеті туралы мағлұмат беру, теңгенің ел экономикасында алатын орнын анықтау.
Дамытушылық: оқушылардың теңге жайындағы білімдерін одан әрі дамытуға көмектесу, өз беттерінше білімдерін, шығармашылық әрекеттерін дамытуға жағдай жасау.
Тәрбиелік: өз елінің мәдени-экономикалық құндылықтарын құрметтеуге үйрету, тәуелсіз еліміздің жан-жақты дамуына үлестерін қосу жолында әрекет етуге насихаттау, патриоттық, азаматтық тәрбие беру.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: интерактивті
Пән аралық байланыс: құқық
Көрнекілік: Банкноттар (теңге).
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
Алдымен жоспар бойынша ұйымдастыру кезеңін өткіземін. Бұдан кейін өткен сабақты қайталау мақсатында үй тапсырмасын тексеруге кірісемін.
Ең алдымен үй тапсырмасын тексеру мақсатында сұрақтар қоямын.
1. Рәміз, белгілер не үшін керек?
2. Тулар тарихы қай кезден басталады?
3. Еліміздің туы шетелде қандай жағдайда көтеріледі?
4. Бұрынғы қазақ тайпаларының таңбалары туралы не білесіңдер?
5. Бұрынғы кезде қазақтар қандай жағдайда ұран шақырған?
6. Халқымызда ерлікке шақыратын қандай әндерді білесіңдер?
Бұдан кейін үш оқушыға еліміздің елтаңбасы мен туы, әнұраны жайында қысқаша сипаттама жасатамыз.
Соңында оқушылардың жауабын одан әрі толықтыра отырып өткен сабаққа, үйге берілген тапсырмаға қорытынды жасаймын.
III. Жаңа сабақ.
Жаңа сабақтың тақырыбы мен жоспарын тақтаға жазып қоямын. Алдымен оқушыларды сабақтың негізгі мақсатымен таныстырып, өткен сабақтың тақырыбы өздеріне мәлім екенін ескертіп өтемін.
Тақырыпты түсіндіру жоспары:
1. Нумизматика ғылымы.
2. Теңгенің шығу тарихы.
3. Теңгенің рөлі.
«Теңге» деген жазуы бар плакатты тақтаға іліп қоямын. Оқушыларға түрлі түсті қағазға теңгеге қатысты бір-бір сөз жазуды тапсырамын. Оқушылар сөз жазған қағаздарын плакатка жапсырады.
Осыдан кейін жалпылама сұрақ қоямын.
Ақшаның адам өмірінде алатын орны қандай?
Оқушылардың пікірін тыңдап ары қарай жаңа сабақты түсіндіремін.
Ақша адам баласы үшін аса қажетті зат. Ол айырбас ретінде, қандай да бір қажетті заттың орнына беретін ақы ретінде қолданылады. Ақшаның тарихы тым тереңде, сонау тас дәуірінде жатыр. Ол кезде ақшаның орнына түрлі заттарды қолданған.
Нумизматика - ақша, теңгені, оның тарихын зерттейтін ғылым.
Осы жерде оқушыларға әлемнің біраз мемлекетінің қазіргі кезде қолданыста жүрген валюталарын жаздырамын.
Мысалы: АҚШ-доллар, Ресей-рубль, Қытай-юань, Түркия-лира т.б.
Қазақстан Республикасының ұлттьщ валютасы - теңге туралы түсіндіремін. Онда көрнекі құралдарды пайдаланамын.
Мына бағытта баяндаймын:
Ұлттық теңгенің қажеттілігі.
Ұлттық теңгенің шығу тарихы.
Теңге құрылымы.
Оқушыларға еліміз тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдардағы ауыр экономикалық жағдай, Ресейдегі бағаның босатылуы, ең соңында еліміздің тәуелсіздік алуы - осының барлығы өзіміздің ұлттық ақша бірлігі - теңгенің қабылдануына басты фактор екенін айтамын.
Қазақстан теңгесін Ұлыбританияның «Харрисон» фирмасы жасап шығарған. Қазіргі кезде теңгені өз елімізде жасайтыны туралы да айтамын.
Теңгенің еліміз аумағында айналымға енген уақыты -1993 жыл 15 қараша.
Теңге құрылымына қыскаша тоқталамыз. Теңге металл және қағаз түрінде болады. Алғашқы шыққан теңгелерде белгілі тұлғалардың суреті салынған. 3 теңгелікте Сүйінбай, 5 теңгелікте Құрманғазы, 10 теңгелікте Шоқан, 20 теңгелікте Абай, 50 теңгелікте Әбілқайыр, 100 теңгелікте Абылай суреттері, ал 1, 200, 500, 1000, 2000, 5000 теңгеліктерде әл-Фарабидің суреттері бейнеленді.
Бұдан кейін оқушылармен теңге жайында шағын әңгіме өткіземін. Онда теңгенің адам өміріндегі орны жайында пікірлесеміз.
Қорытынды кезең
Сабақты бекіту үшін карточкалық сұрақтарды пайдаланамын.
1. Нумизматика ғылымы.
2. Валюта деген сөзді қалай түсінесің?
3. Ақшаның қажеттілігі туралы айт.
4. Неліктен ақшаның бетіне белгілі адамдардың суреті салынады?
Қосымша бір-екі оқушыға тақырыптың мазмұнын айтқызамын. Ақшаның маңызына, теңгенің шығу тарихына, қазіргі кезде теңгеге енгізілген өзгерістерге тоқталып өтемін.
Бағалау:
Үй тапсырмасы:
1. 58-параграфты оқу.
2. Теңге жайлы шағын әңгіме жазу.
5-сынып. Қазақстан тарихынан әңгімелер
Сабақтың тақырыбы: § 59. Астана-Қазақстанның бас қаласы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: қазіргі елорда Астана қаласы жайында, оның тарихы, Алматыдан астананы Ақмолаға көшірудің алғышарты жайында оқушыларға жалпылама мағлұмат беру, елорда жайында білімдерін кеңейтуге жағдай жасау.
Дамытушылық: өз беттерінше білім алу, ізденіс әрекеттерін дамытуға жағдай жасау, тарихи оқиғалардың маңыздылығын түсіне білу, оған баға беріп, пікір алу дағдыларын қалыптастыруға көмектесу.
Тәрбиелік: Астана арқылы мақтана білуге үйрету, елордаға, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, патриоттық, азаматтық тәрбие алуға көмектесу, рухани-материалдық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақ әдісі: әңгіме, пікір алысу.
Пән аралық байланыс: құқық
Көрнекілік: Астана қаласының суреттері, Қазақстан Республикасының саяси картасы, Астана қаласы туралы деректі фильм кассетасы.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
Үйге берілген тапсырманы тексеру және бағалау мақсатында төмендегідей сұрақтар мен тапсырманы беремін.
1. Ақшаны пайдалану қай кезде пайда болған?
2. Нумизматика ғылымының негізін салушы кім?
3. Қандай металдан ақша жасайды?
4. Теңге кашан айналымға енгізілді?
5. Теңгені айналымға енгізудің себептері мен алғышарттарын көрсет.
6. Теңге бетіндегі түлғаларды ата.
Оқушылардың дәптерлерін үйде теңге жайлы жазған әңгімелерін тексеруге жинап аламын. Өткен сабақты көрнекі құралдарды пайдаланып, оқушылармен әңгімелесе отырып қорытындылаймын.
III. Жаңа сабақ.
Өтілетін сабақтың тақырыбы мен жоспарын алдын ала тақтаға жазып қоямын. Сонымен қатар оқушылардың назарын сабақтың тақырыбына, жоспарына, мақсатына аударамын.
Тақырыптың жоспары.
1. Бұзоқ - ортағасырлық қала.
2. Алматыдан Ақмолаға.
3. Астана - ел мақтанышы.
Сабақты көрнекі құралдарды пайдалана отырып бастаймын. Бір оқушыға Қазақстан картасынан Астана қаласын көрсетуді сұраймын. Осыдан кейін тақтаның ортасына «Астана» сөзін жазамын.
Теледидар мен бейнемагнитофонды іске қосып оқушыларға Астана қаласы жайында деректі фильмді көрсетемін (7-10минут).
Тапсырма
Оқушыларға бейнефильмде көргендерін, яғни әсерін қағаз бетіне түсіртемін. Тапсырманы орындаған кезде көрнекілік ретінде Астана қаласының суреттерін де таратып беремін. Оқушылар тапсырманы орындап болғаннан кейін төрт-бес оқушыға жазғандарын окытып, пікірлерін білемін.
Мұғалім оқушыларға Есіл өзенінің жағасында орналасқан орта ғасырдағы Бозоқ қаласы жайында айтып беруі керек. Бозоқ қаласының орнын мұғалім картадан көрсетіп береді. Бозоқ қаласын археолог К.Ақышев бастаған ғалымдар зерттеді.
Оқушылар назарын XX ғасырдағы Қазақстан астанасы болған қалаларына аударамын.
1. Орынбор (1920-1924 жылдары).
2. Қызылорда (1924-1929 жылдары).
3. Алматы (1929-1997 )жылдары.
4. Астана(1997жылдан).
Қазақстан астанасының Алматыдан Акмолаға көшу тарихын баяндаймын.
Ақмола Қазақстаннын орталығында (Еуразияның кіндігінде) орналасқан. Тоғыз жолдың торабы. Төрт жағынан электрлендірілген темір жол келіп кіреді. Жері өте қолайлы, жазықта далада, Есіл өзенінің жағасында орналасқан.
Астананы Ақмолаға көшіру туралы жарлық 1996 жылы 6 шілдеде шықты. 1997 жылы 10 желтоқсанда Ақмола Қазақстан астанасы болып жарияланды. 1998 жылы 10 маусымда жаңа астананың ресми тұсаукесері болды. Осы жылы Ақмола қаласына Астана атауы берілді.
Жоспарда көрсетілген үшінші бөлім бойынша түсіндіргенде бейнефильмді пайдаланамын. Бейнефильм бойынша әңгімелеп беремін. Астана көркі болған әр ғимарат жайында кеңірек тоқтала отырып түсінік беремін.
Қорытынды кезең
Сабақты бекіту мақсатында екі-үш оқушыны шығарып тақырыптын мазмұнын айтқызамын. Арасында сұрақ қойылады. Бір оқушыдан тақырыпқа байланыста картадан білімін тексеремін. Астана ғимараттарының суретін үш-төрт оқушыға таратып беріп, пікірлерін білемін.
Соңында сабақты қорытындылаймын. Онда елорда тарихына қысқаша тоқталып, Алматыдан Ақмолаға бағытталған Ұлы көш жайында, Астананың бүгінгі жағдайына шолу жасаймын. Астананың дамуы Қазақстанның дамуы екенін атап көрсетемін. Астана XXI ғасырдың қаласы, еліміздің жүрегі іспеттес.
Бағалау:
Үй тапсырмасы:
1. 59-параграфты оқу.
2. Астана қаласы жайында сұрақ, сөзжұмбак құрастыру.
5-сынып. Қазақстан тарихынан әңгімелер
Сабақтың тақырыбы: § 60. Бүгінгі Қазақстан
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: қазіргі кездегі Қазақстан жайлы оқушыларға жан-жақты мағлұмат алуға жағдай жасау, бүгінгі Қазақстанның даму барысы туралы білім беру, өз елін танып-білуге көмектесу.
Дамытушылық: оқушылардың өз елі, Отаны туралы түсініктерін тереңдетіп, алған білімдерін өмірде қолдана білуге дағдыландыру, өз беттерінше ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: тақырыпты оқыта отырып қызығушылықтарын арттыру, Отанына, өз еліне деген сүйіспеншілікке, патриотизмге, адамгершілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: дәстүрлі сабақ
Пән аралық байланыс: құқық, география.
Көрнекілік: Қазақстан Республикасының саяси картасы, еліміздің әсем табиғаты бейнеленген суреттер (Бурабай, Алтай, Алматы, Каспий теңізі), ірі өнеркәсіп орындарының суреттері, буклеттер т.б.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
Ұйымдастыру кезеңін өткізген соң үй тапсырмасын тексеруге кірісемін.
Оқушылардан үйге қандай тапсырма берілгенін сұраймын. Ең алдымен үйде оқушылардың құрастырған сұрақ, сөзжұмбақтарын тексеремін. Осыдан кейін өткен тақырыпты қайталау, үй тапсырмасын тексеру мақсатында сұрақтар қойылады.
1. Қазіргі Астана қаласына таяу жерде қандай ортаға-сырлық қала болған?
2. Қазақстан астанасы неліктен Ақмолаға көшті?
3. XX ғасырда Қазақстан астанасы болған қалаларды ата.
4. Қазақстан астанасы ресми түрде Ақмолаға қай жылы көшті?
5. Астана қаласының қазіргі кездегі гүлденуі туралы айт.
6. Астана қаласының орналасқан аумағының маңыздылығын көрсет.
Оқушылардың жауабын тыңдаған соң, оны толықтыра отырып үй тапсырмасын қорытындылаймын. Өткен сабақты қорытындылай келе өткен тақырыппен байланыстыра отырып жаңа сабақты бастаймын.
III. Жаңа сабақ.
Жаңа сабақтың тақырыбы мен жоспары тақтаға жазылады. Оқушыларға тақырыпты жаздырып, сабақтың мақсатымен таныстырып өтемін.
Тақырыпты түсіндіру үшін мынадай жоспар құрамын:
1. Аумағы.
2. Халқы.
3. Даму жолында.
Алдымен жаңа сабаққа аздап кіріспе жасаймын. Онда Қазақстанның бүгінгі жағдайы баяндалады. Еуразия құрлығының дәл ортасында орналасқан Қазақстан әлемдегі ірі мемлекеттердің біріне айналып отыр.
Аздап кіріспе жасағаннан кейін негізгі бөлім бойынша сабақты түсіндіруге кірісемін. Картаны пайдалана отырып, Қазақстанның жер көлемі жайында толық түсінік беремін.
- Аумағының келемі 2,7 млн км.кв. Әлемде жер көлемінің үлкендігі жөнінен тоғызыншы орында. Еліміз Азия аумағының 6,5%-ын алып жатыр.
Қазақстанның көрікті жерлері туралы суреттерді пайдалана отырып, шағын әңгіме өткіземін.
Жоспардың екінші бөліміндегі сандық көрсеткіштерді оқушыларға сұрақ ретінде беріп өздеріне тапқызамын.
Еліміздің демографиялық жағдайы.
Халық саны - 15 миллионға жуық.
Қала халқы 56%, ауыл халқы 44%.
Қазақтар 56%, орыстар 30% т.б.
Әлемде халық саны бойынша 70-орында.
Қазақстанда 130-ға жуық этнос өкілдері тұрады.
Әлемдегі қазақтардың саны 12 миллион.
Бұдан әрі халқымыздың этниқалық көрсеткіштеріне тоқталамын. Қазақ халқы еліміздегі автохтонды ұлт. Қазақтар алтай тіл семьясының түрік тобының қыпшақ тармағына жатады. Нәсіл жағынан турандық топқа кіреді.
Жоспардың үшінші бөлімін әңгіме түрінде еткіземін. Оқушыларды Қазақстанның бүгінгі жағдайы туралы әңгімеге сұрақ қою арқылы тартамын.
Қазақстанның бүгінгі дамуына сипаттама бер.
Қазақстанның жерастында қандай қазба байлықтар бар деп ойлайсыңдар?
Оқушыларға Қазақстандағы жерасты байлықтарын, яғни пайдалы қазбаларды жазып шығу тапсырылады. Кесте.
Пайдалы қазбалар Әлемде алатын орны
1. Вольфрам 1
2. Хромит 2
3. Фосфор 2
4. Минералдык қор 6
5. Мұнай 12
Кестені толтыру арқылы бүгінгі Қазақстан жайында оқушылардың пікірін білемін. Онда мыналарды негізге аламын.
- Экономиқалық дамуы.
- Мәдени жағдайы.
- Сыртқы саясаты.
Қорытынды кезең
Сабақты бекітуді негізінен әңгіме түрінде өткізгемін. Оқушыларды әңгімеге тарту үшін проблемалық, қызықты сұрақтар қоямын.
Соңында тақырыпты қысқаша қорытындылап, Қазақстанның бүгінгі дамуы мен келешегіне тоқталамын. Оқушыларға өздерін еліміздің болашағы ретінде еркін сезінулерін айтып, сабақты аяқтаймын.
Бағалау:
Үйге тапсырма:60
5-сынып. Қазақстан тарихынан әңгімелер
Өлкетануға арналған сағаттарды ұйымдастыру үшін төмендегі тақырыптардың жоспарын ұсына аламыз.
Тақырыптар:
1. Туған өлкеміздің тарихы бойынша археологиялық деректер.
а) Өлкеміздегі археологиялық ескерткіштер және оның тарихы.
ә) Археологиялық зерттеулер мен қазба жұмыстарын
2. Этнографиялық материалдар
а) Этнографиялық материалдарды жинау әдістері а) Өлкеміздегі ертеден сақталып келген салт-дәстүрлер мен бүгінгі күнде жаңадан пайда болған салт-дәстүрлер.
3. Тарихи дәулет және өнер ескерткіштері.
а) Сәулет және өнер ескерткіштерінің туындылары. ә) Тарихи ескерткіштер тарихы
3. Жазбаша және ауызша тарихи деректер. а) Кітаптар, мерзімді баспасөз, мұрағат деректері. ә) Ауызша тарихтағы жергілікті жер-су, өзен-көл т.б. атаулар тарихы
5-сынып. Қазақстан тарихынан әңгімелер
Сабақтың тақырыбы: Қайталау
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: ІҮ тоқсанда өтілген материалдарды қайталата отырып, оқушылардың білім-білік дағдыларын қалыптастыру, тарихты сыни тұрғыда талдай алатын білімді азамат тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: қайталау
Әдісі: интерактивті
Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері, география, орыс тілі, қазақ әдебиеті
Көрнекілік: карта, сызба
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі
Оқу құралын тексеріп түгелдеу
Әнұран орындау, «Хабар»
Оқушылар зейінін сабаққа аудару
Қайталанатын материалдар:
1. Біз Республика күні мен Тәуелсіздік күнін қашан тойлаймыз?
2. Республика күні деп неліктен аталады?
3. Қазақстан Республикасының Ата Заңы қандай бөлімдерден тұрады? Оларды атап шғгыңдар.
4. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын бейнелеп, олардың қандай мағына білдіретінін айтып беріңдер.
5. Ұлттық теңгенің айналымға енуінің тарихи маңызы неде?
6. Қазақстан тарихында астана рөлін атқарған қалалар туралы айтып беріңдер.
7. Қазақстанның болашағы мен мүмкіншіліктері туралы не айта аласыңдар?
Бекіту:
«Иә-жоқ»
Бетпе-бет
Эрудит
Мұны әркім білуі тиіс
Эссе
Бағалау:Қорытынды жылдық бағаларын қою
Үйге тапсырма: ІҮ тоқсан материалдарын қайталау.