Ашы? саба? Ер есімі — ел есінде
Өтесінова Бану Хасанқызы
Ақтөбе қаласы
№20 «Дидар» мектепке дейінгі ұйымының
тәрбиешісі
Ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.
Тәрбиеші: Өтесінова Бану Хасанқызы
Білім беру саласы: Таным
Бөлімі: Экология негіздері
Тақырыбы: Құстар - біздің досымыз. (табиғатты бақылау)
Мақсаты: Қыста қалған құстардың аттарын білу (немен қоректенетінін бақылау). Сауысқан мен торғай туралы түсінік беру. Құстарға қамқорлық жасау керектігін айтып, түсіндіру.
Керекті құралдар: Құстардың суреттері
Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушы Шаттық шеңбері
Армысың асыл күн,
Армысың жан досым.
Жылуыма - жылу қос,
Міне, менің қолым.
Балалар, алақан жылуы арқылы бір-бірімізге бүгін, ерекше құстардың атымен еркелетіп жақсы сөздер айтайық. Шеңбер бойына тұрып, қимылды іс - әрекет жасайды.
Көгершінім, балапаным, тотым, қарлығашым, бұлбұлым т.б
Іздену-ұйымдастырушы Кіріспе бөлім
Ал енді балалар, орнымызға жайғасып алайық.
«Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ, оны айтуға табиғаттың тілі жоқ».
Табиғат дегеніміз не балалар ?
Дұрыс айтасыңдар.
Балалар, бүгінгі біздің ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті бойынша өтетін тақырыбымыз «Құстар- біздің досымыз» деп аталады.
Сурет бойынша әңгіме.
Балалар құстар екі топқа бөлінеді. Үй құстары және дала құстары. Құстарды қорғауымыз керек. Құстар тек ән салып жүрмейді, құстар бау-бақшаны қорғайды, жем шашып қамқор болуымыз керек, құстар біздің досымыз. Қыста қалатын құстар сауысқан, қарға, торғай, тоқылдақ,
Құстар туралы кім тақпақ біледі?
Д/О: «Сөйлемді аяқта»
1.Құстар ұша алады, өйткені...
2.Құстар қоректенеді, немен?
3.Аяздан қорықпайтын құстар?
4.Құстар нені қорғайды?
5.Құстар бір-біріне несімен ұқсайды?
Ой балалар, балалар.
Құстарда да ана бар,
Құстарда да бала бар.
Құс ұясын бұзбайық,
Обалына қалмайық.
Сергіту сәті.
Қарлығаш боп ұшайық,
Торғай болып қонайық
Сауысқан боп секіріп.
Тоқылдақ болып шоқиық,
Қане қанат жазайық
Қарлығаш боп ұшайық
Ұшып – ұшып алайық,
Орнымызға қонайық.
Топпен жұмыс
Д/О: «Құс пен ұя» құрастыру.
Мақсаты: Құстарды ажырата білуін меңгертіп, есте сақтау қаблеттерін дамыту.
Ал енді, құстың ұясын құрастырып ойнаймыз. (Геометриялық пішіндерден құс бейнесін, ұясын құрастыру). Денесі сопақ, басы дөңгелек, тұмсығы үшбұрыш, қанаты жарт сопақ.
Сұрақ - жауап
Мынау қандай құс?
Қайда мекендейді?
Түсі қандай?
Құстарға өмір сүру үшін, не қажет?
Құстардың қандай пайдасы бар? -Жер, су, ауа, тау-тас, өсімдіктер,
жануарлар, құстар.
Балалар мұқият тыңдайды
Балалар, тәрбиешімен бірге қайталайды.
Шыр-шыр еткен торғайды,
Қорғамаса болмайды.
Кіп - кішкентай торғайлар,
Ағаштарды қорғайды.
Оның қанаты бар
Құрт – құмырсқа, жәндіктер, дәндермен
Қарға, торғай, сауысқан
Ағаштарды,
Жүнімен, қанатымен, тұмсығымен, құйрығымен, жұмыртқасымен, аяғымен ұқсайды.
Мұқият тыңдайды
Сергіту сәтін қимылдарымен орындайды.
Балалардың жұмыс.
Белсене, қызыға ойнайды.
Торғай
Орманда, ағаш басында
Ақ, қара
Ауа,
су, күн, жәндік
ағаштарды тазалайды
Рефлексивтік-коррекциялаушы
Қорытындылау
Бүгін не жайында әңгімелестік?
Жақсы қатысқан балаларды мадақтау Құстар жайлы – құстар біздің досымыз.
Күтілетін нәтижелер:
Біледі: құстар – біздің досымыз;
Игереді: қыста қалған құстардың аттарын;
Меңгереді: құстарға қамқорлық жасау керектігін.