Балаба?ша балаларына ?аза? тілін ?йрету туралы жылды? анализ «Г?лдер» тобы
Балабақша балаларына қазақ тілін үйрету туралы
жылдық анализ. «Гүлдер» тобы 2014-2015 ж.ж.
«Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» және «Тіліміз – мемлекеттік қызметте де, өндірісте де, ғылымда да, білім беруде де орыс тіліндей болып қолдануы үшін қолдан келгеннің бәрін істеу керек» - деген ебасы Н.А.Назарбаевтың тұжырымдары бар. Тіл үйрету ісі алдымен балабақшадан бастау алады.
Біздің балабақша орыс тілді балабақша. Мұнда әр түрлі ұлт өкілдерінің балалары бар. Қазақ тілі сабағы мемлекеттік білім беру стандартқа сай өткізілді. Сабақта тіл дамыту жұмысын белгілі тақырыптарға негіздей отырып, төменде берілген мақсатты алға қойдым:
1) Белгілі бір тақырыпты оқытуға байланысты балалардың сөздік қорын дамыту.
2) Тақырыпта кездесетін жаңа сөздерді үйрету.
3) Ауызша сұрақтарға жауап беріп, сөйлем құрауға үйрету.
4) Сөз бен сөзді байланыстыруға, ауызша ойларын жүйелі әңгімелеуге жаттықтыру.
Балабақша балаларына сабақ ойын, сұрақ-жауап, дауыстап қайталау т.б.әдістер арқылы өткізілді. Сабақты ойын арқылы жүргізгенде, балалар неге үйренді?
-қисынды ой-қабілеттері дамыды;
-өздігінен жұмыс істеуге үйренді;
-сөздік қоры байып, тілдері дамыды;
-зейіндері қалыптасты;
-байқампаздықтары артты;
-өзара сыйластыққа үйренді.
Қазақ тілі сабағында балалар осындай сұрақтарға жауап беруге үйренді:
-Сенің атың кім?
-Жасың нешеде?
-Сенің Отанын қалай аталады?
-Мынау не?
-Түстерді ата! Т.б.
Балалар түстерді ажыратып, айналадағы заттарды айта алады. 10 дейін және кері санауды біледі. Үй жануарларды, жабайы аңдарды, ыдыс-аяқтарды, киімдерді, жыл мезгілдерді т.б.тақырыптарды айтуға үйренді.
Қорыта келгенде, жоғарыда айтып кеткен мақсатыма жеттім деп ойлаудамын. Келесі оқу жылы технологияларды қолданып, қазақ тіліне деген балалардың қызығушылықтарын оятып, қазақ тілін меңгертуге әрі қарай жұмыс жасаудамын.
Анализді жасаған
қазақ тілі мұғалімі: Ынтықпаева Д.Ж.