Литва ертегісі Егінші мен ?ас?ыр ертегісі


Сабақ тақырыбы: Егінші мен қасқыр . Литва ертегісі
Сабақ мақсаты:  1. Оқушылардың ертегі туралы білімдерін кеңейту,литва елі туралы мәлімет

беру,нанның дастарханға келу жолын түсіндіру
2.оқушылардың сөйлеу мәдениетін қалыптастыру,шығармашылықпен жұмыс
істеуіне ықпал ету
3.еңбексүйгіштікке,өзгенің еңбегін бағалай білуге,нанды құрметтеуге
тәрбиелеу
Түрі: Дәстүрлі емес
Әдіс-тәсілі:Сұрақ-жауап,талдау,салыстыру,көрініс,әңгімелеу,топтастыру
Көрнекілігі: Сурет,қима қағаздар,кесте,слайдтар
П.а.б: математика,дүниетану,музыка

Барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылар ортаға шығып,шеңбер жасап тұрады.
2. Психологиялық дайындық «Жүректен жүрекке»
-Балалар, біздің жүрегіміз қандай?
-жұмсақ,жылы,ақ.
Ендеше сол жүрегіміздегі жылылықты бір-бірімізге ұсынайық.
-О,достарым келіңдер.
Қуанып қазір қол соғам
Мынау-менің жүрегім
Одан бәрі басталады
Мынау менің басым
Осы бәрін басқарады
Мынау- менің оң қолым
Мынау-менің сол қолым
Жалықпаймыз,саспаймыз
Сабақты біз бастаймыз.
Топқа бөлу «Мозайка» әдісі
Бөліктерге бөлінген шегіртке,құмырсқа,тиін суреттері беріледі.Бөліктерді құрастыру арқылы үш топқа бөлініп отырады.1-топ шегіртке,2-топ құмырсқа,3-топ тиін.
3.Үй тапсырмасын сұрау «Шегіртке мен құмырсқа»өлеңі
1-топ-ролге бөліп оқу
2- топ-көрініс қою
3-топ –мысал мазмұнына сәйкес мақал-мәтел айту.
--«Шегіртке мен құмырсқа»өлеңі шығарманың қай түріне жатады?
--мысал
--Ал,бүгін қандай шығарма оқиды екенбіз,білгілерің келе ме?
3. Ой қозғау. «Ойлан тап»
2/2-е,4/2-р,9/3-т,8/2-е,10/2-г,2*3-і шыққан сандарды өсу ретімен жазу ,дұрыс шешкенде ертегі сөзі шығады.
-Ертегіні жақсы көресіңдер ме?
-Ертегінің неше түрі бар?
-Қандай ертегі білесіңдер?
4.Жаңа сабақ
Бүгін біз «Егінші мен қасқыр»деген Литва ертегісін оқимыз. Литва-ресми түрде Солтүстік Еуропадағы ел. 1236 жылы құрылған.1990 жылы 11 наурызда тәуелсіздік алған. Ресми тілі-литван тілі. Астанасы-Вильнюс. Әнұраны,Туы,Елтаңбасы бар.
-Балалар,егінші деген кім?
-Егіннен не аламыз?
-Ендеше, мына суретке қарайық? Не көріп тұрсыңдар?
- Дұрыс, бұл нан.
-Ендеше, бүгінгі ертегі не туралы не деп ойлайсыңдар?
-Нан. Нан туралы білетінімізді ортаға салайық. Топтастыру әдісі.3-топқа парақ беріліп, нан туралы білетіндерін жаздыру.

Нан
5.Кітаппен жұмыс.
-Мұғалімнің оқып беруі.
-Мазмұнын түсіндіруі.
6. Дәптермен жұмыс
-Сөздік жұмысын жүргізуі
7. Оқушылармен жұмыс
1-топ. Тұтас оқу
2-топ .ролге бөліп оқу
3-топ. мазмұнын айту
8. Сергіту сәтін жасату.
Егін шығып жайқалды
Желмен бірге шайқалды.
Уақыт бізді күтпейді
Орып алайық егінді.
9. Топпен жұмыс.
1-топ. жер жырту, тұқым себу,жайқалған егін,егін жинау сөздерін ретімен қою
2-топ. бес жолды өлең әдісі
Нан
Тәтті ,жұмсақ
Жейміз,жасаймыз,пісіреміз
Нан-қасиетті тағамның бірі.
Тоқаш
3-топ. керекті сөздерді орнына қою.
-------------------шашпаңдар,
------------------- баспаңдар.
--------------------қастерлеп.
--------------------тастаңдар!
Керекті сөздер: нан қиқымын,теріп алып,жерде жатса, торғайларға.
10. Топтық жұмыс.
1-топ.ертегі мазмұнына сәйкес мақал-мәтел айту.
2-топ. нанға қатысты ырым-тыйым сөздер айту
3-топ. егінші мен қасқыр, салыстыру ,Венн диаграмасы
11.Қорытынды.
-ертегіде не туралы айтылған?
- қасқырға егіншілік кәсібі ұнады ма?
12.Үйге тапсырма беру.
-сурет салу
- ролге бөліп оқу
13. Бағалау.
Әр топта ерекше жақсы жауап берген оқушыларға смайликтермен бағалау.