?деби ертегілер.?. Т?жібаев «Тола?ай» ?деби ертегісі


Класы: 5Пәні: қазақ әдебиетіСабақтың тақырыбы: Әдеби ертегілер.Ә. Тәжібаев «Толағай» әдеби ертегісіСабақтың мақсаттары: Әбділда Тәжібаев туралы сөз, әдеби ертегінің ауыз әдебиетіндегі ертегі жанрынан айырмашылығы мен ұқсастығы;Білімділік: «Толағай»әдеби ертегісінің жазылуына назар аударту, Әдеби ертегінің мазмұны мен идеясын ұғыну. Толағайдың жанашырлық, елге деген сүйіспеншілік сезімдері туралы баяндау.Тәрбиелік: туған жерді қадірлеу, халқына қызмет ету, адамгершілік пен адалдық қасиетіне тәрбиелеу. Толағай бейнесі арқылы Отанды сүюге, адал қызмет етуге тәрбиелеу.Дамытушылық: логикалық ойларын дамыту, өз ойын еркін жеткізе білуге дағдыландыру, Шығармашылыққа баулу. Сөздік қорларын молайту.Сабақтың түрі: жаңа сабақӘдісі: әдеби ертегіні талдау, мәнерлеп оқу, мәтінмен жұмыс, іздену, салыстыру, баяндау, сұрақ - жауап.Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, тарихКөрнекіліктер: Ә. Тәжібаев портреті, интерактивті әдістер.Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.
2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
Зәмзәм
ІІІ. Білім тексеру:
Тест1. Құранда неше сүре бар?А) 114 Б) 116 В) 1122. Кімнің тұсында Құранды кітап етіп шығарды?А) Хазрет ОспанБ) Хазрет ОмарВ) Әбубәкір Сыдық3. Адам атаның шын аты?А) Сапиолла Б) Самиғолла В) Смағұл4. Алла тағала адамды неше күнде жаратты?А) 7 Б) 6 В) 85. Смайылдың шешесі?А) Сара Б) Ажар6. Ажар мен Смайылды Ибраһим қайда апарды?А) Палестинаға Б) Софа тауына В) Құлазыған шөл далаға7. Құранды жаттап, үнемі есіне сақтаған адамдар кімдер?А) Қари Б) Хафиз В) Сахаба8. Алла тағала адамды неден жаратты?А) Судан Б) Оттан В) Балшықтан9. Адам ата мен Хауа ананы кім азғырды?
А) періште б) ібіліс в)Алла
ІV Жаңа сабаққа дайындық
1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу
2.Сабақ мақсатын түсіндіру
V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:
Ертегінің түрлерін оқушылар өздері жазады.
Хайуанаттар
туралы қиял-ғажайып ертегілер

Ертегі
шыншыл ертегі әдеби ертегілер
3.Жаңа сабақ.І. Қызығушылықты ояту«Ой қозғау» стратегиясы.Ертегілердің бір саласы - әдеби ертегілер. Әдеби ертегінің жазған авторы белгілі болғандықтан оны әдеби ертегі деп атаймыз. Әдеби ертегілер көбінесе ел арасында ауызша айтылып келген әңгіме аңыздардың негізінде туады. Әдеби ертегілер өлең және қарасөз түрінде айтыла береді.Әбділда Тәжібаев - туған әдебиетіміздің ірі тұлғаларының бірі. Ол 1909 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген.Атақты ақын Нартай келіп, Әблділданың анасы Айманкүлмен айтысқа түскен. «Сыр елі - жыр елі» атанған сырда туып - өскен Әбділдаға іргелі ақындардың жыр додасы да өзіндік әсерін тигізсе керек.Ә. Тәжібаевтың «Толағай» әдеби ертегісіне Толағай атты батыр бала туралы және оның атымен аталып кеткен Толағай тауы туралы халық аңызы арқау болған.Ә. Тәжібаев талғампаз тарих төрінен ойып тұрып орын алған тұлға. Осыдан тура бір ғасыр бұрын Сыр өңірінде дүние есігін ашқан Әбділда әкесінен ерте айрылса да, анасының аяла алақаны арқасында жатқа жалтақтамай өсті. Бала кезінен әдебиетке құмарлығын оятқан да анасы.Айманкүл шеше таңды таңға қосып, қисса оқитын. Ақынның әдебиетке жақындығы осыдан басталса керек. Әбділда ақын халқын «Толағаймен» табыстырды. Толағай еліне жаңбырлы тауды қалай көтеріп әкелсе, ақын поэзияға өзінің арқалы жырларын арқалап келді.2. « Толағай» ертегі дастанын мазмұндау.1. Ерекше өскен Толағай2. Толағайдың жолбарыспен айқасы3. Елі үшін құрбан болған Толағай.ІІ. Мағынаны тану. І. Мінездеу. ( Толағайға мінездеме беру)
Батыр, өжет,ер жүрек, қайырымды, алып күш иесі.ІІ. Салыстыру. Толағай бейнесін басқа ертегідегі кейіпкермен салыстыру. Бейнелеу (Ертегіден ұнаған тұсының суретін салу )Салыстыру. Венн диаграммасы
Толағай
Керқұла атты Кендебай



4. «Толағай» әдеби ертегісін құрылысына талдау жасау.Басталуы. Саржан атты мерген болуыДамуы. Толағайдың дүниеге келуіБайланысы. Әкесімен аң аулауға шығуыШиеленісуі. Жолбарыспен айқасуыШарықтау шегі. Еліне жауын жаумауыШешімі. Еліне жауын жаудыруыҚорытынды. Отан үшін отқа түс күймейсің.Рольдік ойындарКім? Қашан? Қайда?Шығармалардан үзінді оқимын. Оқушылар қай кейіпкерлердің қашан, қай жерде айтқанын табады.1 – топқа. «Ұйықта қозым»(Саржаннның Толағайды ұйықтатуы )2) Көзімді іліп алайын. (Әкесімен тілге келуі)
3) Өлдім, балам, Толағайжан! (Әкесі Жолбарыспен айқасуы)4) Күшті болсаң келе қал (Жолбарысты шақыруы)5. Жауын қайда көп жауады, білсең апа айтшы.Сабақты бекіту.1. Ә. Тәжібаев қай жылдар аралығында өмір сүрген ?2. Ертегі кім туралы?
3.Әдеби ертегі дегеніміз не?Қорытынды. «Ерлік аспаннан түспейді, Ол Отанды сүюден басталады. Ал Отанды сүю үй ішіңнен, отбасынан басталады. Халқын қадірлеген сын сағаттан сүрінбей өтеді. Елін сүйген ер атанады. Өйткені ерлік білекте емес, елін сүйе білген адал жүректе» деп Б. Момышұлының қанатты сөзін естен шығармайық.Бағалау. Белсенділік танытқан оқушылар бағаланады.Үйге тапсырма. «Отан үшін отқа түс күймейсің» (ойтолғау жазу)