Ертегілер еліндегі ?ажайып математика (сайыс саба?)


Күні: 16.02.2016
Сыныбы: 4
Сабақтың тақырыбы: Ертегілер еліндегі ғажайып математика
Сабақтың мақсаты:
1.Оқушылардың математикалық білім қабілеттерін тексеру, алған білімдерін пысықтау.
2. Мұндағы ертегі,өлең есептер, қызықты тапсырмалар, есептер шығару арқылы логикалық ойлау қабілетін дамыту.3. Пәнге қызығушылығын арттыру. Оқушылардың өз ойын еркін айта білуге қалыптастыру. Оқушыларды ауызбіршілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Сабақтың түрі: сайыс сабақСабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, ізденушілік, ойын, құрастыруКөрнекілігі:Сабақтың барысы:І.Ұйымдастыру кезеңі
Құрметті ұстаздар, оқушылар 4 сынып оқушылары арасында өтетін «Ертегілер еліндегі ғажайып математика» атты сайыс сабағымызға қош келдіңіздер!
Уа, халайық, халайықБәріне жар салайықБүгінгі кеш төріндеМатематика еліндеЕсеп шешіп жарысыпШабыт тасып, шалқысыпКөңілді кеш жасайықМұнда қызық табыларЕртегі есеп бәрі барАл, сайыскер балаларБілімдеріңді сынайық - деп бүгінгі сайыс сабағында сынға түсетін екі топпен таныстырып өтейін.
1 топ: «Білімділер» тобы2 топ: «Дарындылар» тобы
Әр топ өздерін таныстырмай тұрып сендердің берген жауаптарыңды, шығарған есептеріңді, орындаған тапсырмаларыңды бағалап отыратын әділқазы алқасымен таныстырып өтейін:
1.Қарасу мемлекеттік тілде оқытатын негізгі мектебінің директоры Арғынғазина Айгүл Таңатқызы
2.Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары: Байжанова Роза Бейсенбайқызы
Ендеше келесі кезекте таныстыру кезеңіне берейік.
1.Топ аты: Білімділер
Ұраны: Жарыс десе жанамыз, Бүгінгі жарыста алғырлықпен аламыз
2. Топ аты: Дарындылар Ұран: Қандай сынақ болса дағы беріспе, Әрқашанда үміткерміз жеңіске
Балалар біздің бүгінгі сабағымызға қоян, аю, түлкі, қасқыр, бауырсақ келіпті. Қане есімізге түсірейікші бұл қандай ертегінің кейіпкерлері?
Оқушылар бірауыздан: “Бауырсақ” ертегісі. Дұрыс айтасыздар, бұл -“Бауырсақ” ертегісі. Ендеше баріміз ертегілер еліне саяхат жасап қайтайық.
Ертеде бір ата мен апа болыпты. Бір күні олардың ұндары таусылып, апа шелектегі ұнды қырып, илеп, одан бауырсақ пісіреді де терезенің алдына суытып қояды. Бауырсақ терезенің алдынан домалап түседі де орман ішімен домалап жүре береді. Бір кезде орман ішінде секіріп келе жатқан қалқиған ұзын құлағы елеңдеп қорқып тұратын, бір аң кездеседі.
Балалар, бұл қай аң еді қане кім айтады?
Балалар бірауыздан: қоян.
Дұрыс, бұл қоян мына бауырсақты жегісі келіп тұр, бірақ егер мына менің артымдағы тапсырманы дұрыс орындасаңдар бауырсақты босататынын да айтады. Қане бауырсақты қояннан құтқару үшін қоянның айтқан тапсырмасын орындауға көмектесеміз бе?
1.Қоянның тапсырмасы:
Викториналық сұрақтар:
1.Білімділер тобына:
1.Азайтудың нәтижесі қалай аталады? Айырманың мәні2. 1 сағатта неше минут бар?(60)3. 7 ондық 0 бірліктен тұратын санды ата.(70)4. Шарты мен сұрағы бар кішкене әңгіме? (Сөз есеп)5. Мектептегі 45 минут?(Сабақ)6. Оқу жылының алғашқы айы қандай?(Қыркүйек)7. Азайту амалының компоненттерін ата?(азайғыш, азайтқыш, айырманың мәні)8. 9 бен 7-нің көбейтіндісі? (27)9. 6 мысық пен 3 тауықтың аяғы нешеу? (30)10.Санды сол санның өзіне бөлсе..(1 шығады)
2.Дарындылар тобына:
1. Қосудың нәтижесі қалай аталады? Қосындының мәні2. 1 ғасырда неше жыл бар?(100)3. 9 ондықтан 8 бірліктен тұратын санды ата.(98)4. Периметрді қалай табамыз?( Барлық қабырғаларын қосамыз)5. Мектептегі 10 минут?(Үзіліс)6. Қыс айларының алғашқы айы қандай?(Қаңтар)7. Бөлу амалының компанеттерін ата?8. 3 пен 7 - нің көбейтіндісі?(21)9. 5 машина мен 4 велосипедтің дөңгелектері нешеу? (28)10. Кез келген санды бірге көбейткенде...(Сол санның өзі шығады)

Дұрыс, жарайсыңдар, бауырсақты құтқардық. Бауырсақ ары қарай орман ішімен домалай жөнелді. Сол кезде алдынан сұр қасқыр кездеседі. Қасқыр: бауырсақ, бауырсақ мен сені жеймін, бүгін қарным керемет ашып тұр еді, - дейді. Бауырсақ: Қасеке, мені жемей-ақ қойшы. Мен не айтсаңыз да орындаймын. Жарайды, көңіліңді қайтармай-ақ қояйын, менің айтқан тапсырмамды орындасаң қоя берейін – дейді.
Ендеше қасқырдың тапсырмасы логикалық есептерге жауап берейік:
2. Қасқырдың тапсырмасы: Логикалық есептер:
1.Білімділер тобына:
1. Айдынның Асқардан бойы ұзын, бірақ Жанаттан кіші. Кім ұзын? Жанат - ұзын
2. Екі бала шахматты екі сағат ойнады. Олардың әрқайсысы неше сағат ойлады? екі сағат
3.Асхат, Жарқын, Медет және Жалғас жұмысқа барды: екеуі жеңіл машинамен, екеуі автобуспен. Жарқын мен Асхат, Жарқын мен Жалғас әртүрлі көлікпен барды, ал Медет автобуста болды. Кім жеңіл машинамен жұмысқа барған? Асхат
4.Күшіктер мен үйректер балапандарында 7 бас пен 20 аяқ бар. Қанша ит күшіктері мен үйрек балапандары бар? 3 күшік және 4 балапан5.Бұтақта 50 қияр бар. Бір бұтақта 5 қиярдан өсіп тұр. Екі бұтақта қанша қияр өсіп тұр.
Бұтақта қияр өспейді.
6.Аулада 7 торғай отыр еді, оған тағы да бесеуі қосылды. Бір мысық жайлап келіп 1 торғайды ұстап алды. Сонда қанша торғай қалды? Мысық ұстап алған 1 торғай қалды. Басқа торғайлар ұшып кетті.
7. 4 үйрек 1 үйректің алдында келе жатыр. 1 үйрек 4 үйректің артында келе жатыр. 1 үйрек 4 үйректің ортасында келе жатыр. Барлығы неше үйрек келе жатыр? 5 үйрек бірінің соңынан бірі келеді.
Дарындылар тобына:
1.3 тиін 3 жаңғақты 3 минутта жесе, 100 тиін 100 жаңғақты неше минутта жейді?
Әр тиін 1 жаңғақты жеуге 3 минут уақыт жұмсайды
2.Ас үйде тәрелкелер мен ыдыстардың қайсысы көп? Ыдыстар
3. Асханада 8 литр сүт жұмсалғаннан кейін тағы 6 литр сүт қалды.Асханада неше литр сүт болған? (14)
4. Арман, Аян, Абзал ағайынды үшеуі әр түрлі сыныпта оқиды. Абзал Арманнан, ал Аян Абзалдан кіші емес. Бұл үйдің үлкені, ортаншысы, кішісі кім?  (Аян, Абзал, Арман)5. Үш бала 17 бауырсақ жеді. Ең көп жегені Тимур. Аз дегенде Тимур неше бауырсақ жеді?  (7)
6. Әкемнің жеті ұлы бар, оның әрбір ұлының қарындасы бар. Сонда әкемнің неше баласы болғаны? (8)7. Жанардың әр түсті 20 шары бар: сары, жасыл, көк және қара. 17 шардың жасыл емес екендігі, 5 шардың – қара, ал 12 шардың сары емес екендігі белгілі. Жанардың қанша көк шары бар? (15)
Өте дұрыс, міне, тағы да бауырсақты құтқардық. Ал балалар тағы да бауырсаққа көмектесейік. Бауырсақ орман ішімен домалап кете барады. Бауырсақтың жүрісінен қыс бойы орманда ұйықтап жатқан орманның қоңыр аюы оянып кетеді. “Бұл кім?”,- деп ақырады аю, менің тыныш ұйқымды бұзған. Бауырсақ шошып кетеді: бұл мен бауырсақ апам мен атамнан адасып сізге жолықтым, айыпқа бұйырмаңыз! Жарайды адасып жүрсең менің саған бір ұсынысым бар, соны орындасаң бір жолы сені босатармын, ұйқымды бұзғаның үшін: “Менің айтқан тапсырмамды орындасаң мен сені жемей-ақ қояйын ”,- дейді. Ендеше аюдың тапсырмасын орындауға көмектесейік:
3. Аюдың тапсырмасы:
Есептер шығару
1.Білімділер тобына:
Бір мезгілде екі қаладан екі жүк пойызы бір-біріне қарама-қарсы жолға шықты. Олар 7 сағаттан кейін кездесті. Бірінші пойыздың жылдамдығы 60км/сағ, екіншісінікі 80 км/сағ. Қалалардың арақашықтығын тап.
60+80×7=
2.Дарындылар тобына:
Астанадан бір мезгілде жолға шыққан екі жүрдек пойыз бір-бірінен қарама-қарсы бағытта жүріп кетті. 5 сағаттан кейін олардың арақашықтығы 900 км болды. Бірінші пойыздың жылдамдығы 80 км/сағ. Екінші пойыздың жылдамдығын тап.
900÷5-80=
Ал балалар, бұл есептің де жауабын дұрыс таптыңдар, енді бұл жолы да бауырсақтың жолы болды, тезірек апасы мен атасын тауып алатын болды. Бауырсақ ары қарай домалап кете береді. Осы кезде алдынан:
Жүрген жерін шулатқан,
Түздің өзі баласы.
Артында көп қарғысы,
Сүп-сүйір боп аузы,
Аңдардың қу жауызы,- шығады.
Қане, балалар, бұл қай аң болғаны? Оқушылар бірауыздан: Түлкі
Ол бауырсақты көрген сәттен әнге басады:
Атасынан қашса да,
Апасынан қашса да.
Менің азу тісіме,
Түсер қазір бауырсақ.
Бауырсақ: “Ағатай жей көрмеші, жалынамын, не айтсаң да орындаймын.” Түлкі: “жарайды, онда мына менің айтқан тапсырмамады орындасаң мен сізді апаң мен атаңа босатамын”
4. Түлкінің тапсырмасы:
Ертегі есептер.
1.Білімділер тобына:
«Ерте, ерте, ертеде» есебі.Ерте, ерте, ертеде, Ешкі құйрығы келте де.Қырғауыл деген қызыл екен, Құйрық жүні ұзын екен.Бір шал мен оның кемпірінің үш баласы болыпты. Ағайындылар жұмыртқа теріп ну қамысты Шалқар көліне барыпты. Жұмыртқа қызығына түсіп, оны тере беріпті, тере беріпті. Ақыры олар адасып кетіпті. Үлкені басқаларын күте-күте қарны ашып, шәйнекке су толтырып, жұмыртқаны толтыра салып, астына от жағып, бойы жылыған соң қисайып ұйықтап кетіпті. әлден уақыттан соң ортаншысы келіп, жұмыртқаның үштен бірін жеп, ұйықтап қалады. Мұны білмеген кенже інісі де қалған жұмыртқаның үштен бірін жеп, қисая кетті. Бір кезде үлкен ағасы оянып, қалған жұмыртқаның үштен бірін жейді. Сонда қалған сегіз жұмыртқаны кімнің сыбағасы?Жауабы. Небәрі 27 жұмыртқа. Ортаншысы оның үштен бірін, яғни 9 жұмыртқасын жейді. Сонда қалған 18 жұмыртқаның үштен бірін кішісі жейді. Яғни 6 жұмыртқа. Ендігі қалған жұмыртқаның үштен бірі 4 жұмыртқаны үлкені жейді. Қалған 8 жұмыртқаны үлкені 5, ал кішісі 3 жұмыртқадан бөліседі. Себебі, ортаншысы 9 жұмыртқа жеді.
2.Дарындылар тобына:
«Ұрылар мен кемпір» Ертеде байлардың есігінде жүріп күн кешкен, панасы жоқ жалғыз кемпір болыпты. Жаз шығып ел жайлауға көшкенде, сүйенері жоқ кемпір жалғыз сиырын ұрламақ болып ұрылар келеді. Кемпір:-«Бұлар менің жалғыз сиырымды нысанаға алмақ болған екен, мен де бұларды алдайын»,- деп ойлайды. Сөйтіп жалман-жан бір шелек суды сапырып отырып, мынадай өлең айтыпты:Сапырып - сапырып Арманға бер,Құйып - құйып Алмасқа бер,Есіктегі екеуге бер,Төрдегі төртеуге бер,Өзің іште маған бер»,- деген екен. Мұны естіген ұрылар:-«Қой мұнымыз болмас үй» толы кісі, әрі бізден екі есе көп, кетейік»,- деп кетіп қалыпты. Кемпір тапқырлығымен ұрыларды осылай қорқытыпты. Сонда үйде адам нешеу? Жауабы: 10 адам
Өте жақсы балалар, барлықтарың өз білімдеріңді көрсетіп бауырсақты аман алып қалдыңдар. Сендерге бауырсақтың алғысы шексіз. Сонымен бауырсақ қуанып өзінің апасы мен атасына аман есен үйіне оралады. Апасы мен атасы таң қалады. Бауырсақ болса өзін аңдардан құтқарған осы оқушылар екендігін апасы мен атасына айтады. Апасы мен атасы болса оқушыларға өз алғыстарын білдіреді.
Қорытынды: Балалар, біз бүгін үлкен жұмыс атқардық. Қаншама жол жүрдік. Барлықтарыңыз жақсы жұмыс атқардыңыздар. Барлықтарыңызға көп рахмет.
МатематикаСонау - сонау алысқа, жүзсін десең кемелер,Тылсым - сырлы ғарышқа, ұшсын десең денелер,Жасау үшін бәрің деМатематика -Ең маңызды ғылым бұл,Сондықтан да, сондықтан да сол ғылымның тілін біл.- Осымен, балалар «Ертегілер еліндегі ғажайып математика» атты сайыс сабағымыз аяқталды. Келесі кездескенше сау болыңыздар!




3 - сайыс: «Ойлан тап» сайысында оқушылар қосуды меңзер бойынша тапсырмалар орындайды.Жанкүйерлерге логикалық есептер беру (ауызша)1. Кемпірқосақта неше түс бар? (7)2. Үш қойдың аяғы қанша? (12)3. Жұмылған көзбен не көруге болады? (түс)4. 2 ғасырда неше жыл бар? (200)5. Қай кезде қолы суға кесіп алуға болады? (мұз болғанда)6. Екі адам тоғызқұмалақты 2 сағат ойнады. Әр қайсысы неше сағаттан ойнады (2 сағат)7. Бір үйдің 20 тауығы және одан 2 – еуі артық үйрегі бар бүл үйде қанша үйрек бар? (22)8. Асқар Алтынайдың ағасы. Алтынай Арманның шешесі. Асқар Арманға кім болады. (нағашысы)1. Ең кіші үш таңбалы сан? (100)2. Қосу амалын немен тексереді? (азайтумен)3. Бір тәулікте неше сағат бар? (24)4. 10 см де неше дм бар? (1 дм)5. Жұлдыздың неше бұрышы бар? (5)6. Аспанда неше күн бар? (1)7. Адам қолында неше саусақ бар? (10)8. 2 ондық 8 бірлік? (28)9. 6 ондық пен 3 ондықтың айырмасы? (30)10. Кітаптың формасы қандай математикалық фигураға жатады? (тік төртбұрыш)1. Ең үлкен екі таңбалы сан? (99)2. Азайту амалын немен тексереді? (қосумен)3. 1 сағатта неше минут бар? (60)4. 1 м – де неше см бар? (100)5. Шаршының неше бұрышы бар? (4)6. Адамда қанша көз бар? (2)7. Аспанда неше ай бар? (1)8. 9 ондық 5 бірлік? (95)9. 4 ондық пен 3 ондықтың қосындысы (70)10. Қосылғыштың орнын ауыстырғанымен қосындының .......... (мәні өзгермейді)
Математикалық өлең есеп «Торғай нешеу?»                     
Талдан ұшты көп торғай,
Емес бірақ көп торғай.
Алдында оның бастаушы,
Артында оның қостаушы.
Және тағы қарасақ,
Қайта оны санасақ,
Соңында біреу қап келді,
Алдында төртеу,топ келді,
Үшеуі қатар жарысқан,
Түзіліп үшеу қалыспан.
Ойың жүйрік болса егер,
Торғай нешеу,есепкер(Бес торғай)
Көлден ұшты 50 қаз,                         6 аламаның 2-уін
Қайтып қонды 20 қаз                        Досың сұрап алады.
Қонбады оның нешеуі,                      Айтшы сонда нешеуіҚане кім тез шешеді?    (30 қаз)       Өз қолыңда қалады.     (4)
 
Аулада 60 үйрек,                                              11 түйе,бес жылқы.
Қорада 20 үйрек,                                               2 сиыр,бір ешкі10 үйрек тығылды                                             2 қоян,үш түлкі,
10 үйрек жығылды,                                           Болды сонда нешеуі?  (24)
Қалғаны неше үйрек?    (70 үйрек)
Табақта 55 алма                                              100 асықтың 30-ын,
Қолымда 5 алма                                              Досым сұрап алдыБарлығын қосқанда                                        Айтшы сонда нешеуіБолады неше алма?   (60 алма)                      Өз қолымда қалады.
5-ін бердім апама,
5-ін бердім атама,
Нешеуі қалды өзімде?  (45 алма)