Ертегілер еліндегі шал?ан Дошкольное


«Ертегілер еліндегі шалқан»
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
«Балапан» II – інші кіші топ
Білім беру саласы: «Қатынас»
Бөлімі: Тіл дамыту.
Тақырыбы: «Ертегілер еліндегі шалқан»
Мақсаты: Балаларға ертегілер туралы көркем мағлұмат бере отырып диалогты сөйлеуін,әлеуметтік құзыреттілігін қалыптастыру.
Балаларды ертегі мазмұнымен таныстыру,әртүрлі тапсырмалар орындату, жұмбақ жасыру,бейне тақта арқылы ертегі желісі туралы білімдерін бекіту.
Ақыл-ой,ес,зейін қабілеттерін,диалогты сөйлеу мәдениетін,сөздік қорын дамыту.
Адамгершілікке,еңбек сүйгіштікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Шалқан ертегісінің макеттер і(Ертегі кейіпкерлері бетпердесі, талдар, сиқырлы қорапша,бейне тақта,түрлі фишкалар.
Оқу іс –
әрекетінің
түрі Тәрбиешінің іс - әрекеті Балалардың іс - әрекеті
Мотивациялық қозғаушылық Балалар қараңдаршы біздер ғажайып ертегілер еліне келдік, бізден бұрын мұнда апайлар да келіп қалған екен.
- Қош келдіңіздер біздің ғажайып ертегілер еліне,қане балалар амандасайық.
Балалар:
Сәлеметсіздер ме?
Қызығушылығын көрсетеді.
Тәрбиеші: Балалар ертегілер елі қандай әдемі,мұнда бәрі бар екен, бұл жерде жапырақтар сарғайып түсіп жатыр.
- Қандай жыл мезгіл мұнда?
Балалар: Күз.
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар ертегілер елінде де күз мезгілі екен қане олай болса біз тоңбау үшін бір-бірімізбен жүрек жылуын бөлісейік.
Жүрек жылуы:
Күндей жадырап
Айдай арайлап
Жұлдыздай жарқырап
Судай таза көңілмен
Ертегілер елінде
Татумыз,доспыз бәріміз
Жылынсыншы жанымыз.
(дыбыс) Сиқырлы қорап табылады.
Тәрбиеші: Балалар қараңдаршы мына әдемі қорапты, ішінде не бар екенін білгілерің келеме? (ой толғау)
Ой балалар мына қорап ашылмай жатыр кім маған күз туралы тақпақ айтып береді мүмкін сол кезде ашылар.
Сұрақтарға толық жауап беруге тырысады.
Балалар жауабы
Ұйымдастыру кезеңі Балалар тақпағы.
Тәрбиеші:Жарайсыңдар. Мұнда ертекші атайдың сендерге арнаған тапсырмалары мен сыйлығы бар екен (ертегілерден үзінді суреттер,түсті суретті фишкалар) Сұрақ-жауап әңгіме. Кім тапсырмаларды жақсы орындап, сұрақтарға жақсы жауап берсе сол балаларға фишка беремін
-Мына суретте қай ертегі бейнеленген?
-Бұл ертегіде қандай кейіпкерлер бар?
Сергіту жаттығуы: массаж «Әжемізге салат жасайық»
Тәрбиеші: Қане балалар осы ертегілер ішінен «Шалқан» орыс халқының ертегісін рөлдерге бөліп ойнайық.( Шалқанға сипаттама беріп кету.) Алдымен шалқан ертегісін бейне тақта арқылы есімізге түсірейік.
Балалар кейіпкерлерге бөлініп шалқан ертегісін сахналайды.
Бейне тақта тапсырмаларын орындау.
(Әр тапсырма орындалған сайын асты ашылып отырады бәрі ашылған соң астынан шалқан суреті шығады)
–Ертегідегі шалқанды кім екті?
1.Ата
2.Әже
-Немересі көмекке нені шақырды?
1.Мысық
2.Ит
3Тышқан
-Шалқан ертегісіндегі ең соңғы көмекке келген кім?
1.Қыз
2.Мысық
3.Тышқан
-Шалқан көкөніс пе жеміс пе?
(тапсырмалар астынан шалқан суреті шықты)
Бейне таспа жұмбағын шешу. Жұмбақ шешуі шалқан ертегісінің бір кейіпкері екен.
Тікірейіп құлағы
Менен бұрын тұрады
Бойын жазып керіліп
Беті қолын жуады.
(мысық)
Рефлексиялық- түзетушілік Қорытынды.Балаларды мадақтау,жинаған фишкаларын
санатқызу.Бағалау.
-Сендерге ертегілер еліндегі саяхат ұнады ма, олай болса бізге ғажайып ертегілер елі сендер ертегіні жақсы ойнап шыққандарың үшін және тапсырмаларды жақсы орындағандарың үшін бақшаға сендерге сыйлыққа сиқырлы дәндерін қалдырып кетіпті қане ыдысымызға дән алып отырғызып тобымызға өсіріп баптауға алып кетейік.Қане енді қараңғы түспей тобымызға қайтайық.
Балалардың жауаптары тыңдалады.
Күтілетін нәтиже:
Орындайды:
Түсінеді:
Қолданады: