Зат м?лшері. Авогадро саны. Молярлы? масса. 8 сынып
Сыныбы 8 сынып Күні Сабақтың тақырыбы Зат мөлшері. Авогадро саны. Молярлық масса.
Сабақтың мақсаты Білімділігі: Зат мөлшері, молярлық масса, моль, Авогадро саны ұғымдарымен таныстырып, түсінік беру. Молярлық масса мен салыстырмалы молекулалық масса арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды үйрету;
Дамытушылығы: Салыстырмалы молекулалық масса туралы алған білімдерін әрі қарай дамыту;
Тәрбиелігі: Ой еңбегіне, бірлесіп жұмыс жасауға, басқаларды тыңдай білуге тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже Зат мөлшері, Авогадро саны, молярлық масса туралы біледі;
Жаңа ұғымдар бойынша есептер шығара алады;
Салыстырмалы атомдық масса мен молярлық массаны бір – бірінен ажырата алады.
Көрнекі құралдар Химиялық элементтердің Д.И.Менделеев жасаған периодтық жүйесі
Сабақтың типі Жаңа білімді меңгеру
Сабақ түрі Аралас сабақ
Әдісі Сыни тұрғысынан ойлай, түсіндіру, салыстыру
Пәнаралық байланыс Математика, физика
Сабақ кезеңдері Жоспарланған іс – әрекет Уақыты
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушы әрекеті 1 2 3 4
Ұйымдастыру
Оқушылармен амандасу, түгелдеу, сабаққа даярлығын қадағалау. Бүгінгі сабақтардың мақсат-міндеттерін қою. Мұғаліммен амандасады. Оқу құралдарын шығарып, тәртіпке келеді де, сабаққа даяр отырады. 1 мин
Оқушыларды химиялық элемент атаулары арқылы шағын топтарға бөлемін Элемент атауларындағы әріп санына байланысты топтасады.
1 – топ: азот, фтор, хлор, бром, неон.
2 – топ: гелий, темір, аргон, радон, астат.
3 – топ: күкірт, натрий, магний, қалайы, висмут.
4 – топ: кремний, рутений, кобальт, франций, рубидий. 2 мин
Үй тапсырмасын сұрау
Үй тапсырмасын тексеру мақсатында оқушыларға топтық тапсырмалар беремін.
Берілген уақыт аяқталған соң әр топтан бір оқушыдан шығып қорғайды.
1 – топ. Мына заттарды жай және күрделі заттарға жіктей отырып, олардың салыстырмалы атомдық және салыстырмалы молекулалық массаларын табыңдар: S, NaCl, Fe2O3,SO2, Ca, FeS, H2SO4.
2 – топ. Мына заттардың формулалары берілген: O3, S4, CaCO3, Na, H3PO4, P4, NaOH.
3 – топ. Тағамға пайдаланатын кейбір заттардың: су Н2О, ас тұзы NaCl, қант C12H22O11, сірке қышқылы CH3COOH салыстырмалы молекулалық массаларын есептеп, массаларының өсу ретімен орналастырыңдар.
4 – топ. Мына оқылулары бойынша заттардың формулаларын жазып, салыстырмалы атомдық және салыстырмалы молекулалық массаларын есептеңдер:
А) марганцовка «калий – марганец – о – төрт»
Ә) күкірт қышқылы «аш – екі – эс – о – төрт»
Б) глюкоза «це – алты – аш – он екі – о – алты»
В) алюминий оксиді «алюминий – екі – о – үш»
Бағалау: «Шапалақ» әдісі арқылы жүргізіледі Топтар тапсырмаларын алып, бірлесе отырып жұмыстанады. Уақыт біткен соң әрбір топтан бір оқушыдан шығып, тапсырманы тақтада орындайды.
Топтар бір – бірін «Шапалақ» әдісі арқылы бағалайды. 10 мин
Жаңа тақырыпты меңгеру Тақтаға жаңа сабақтың тақырыбы жазылады, сонымен қоса жаңа терминдер мен ұғымдар жазылып қойылады.
ν – зат мөлшері, өлшем бірлігі – моль.
NA - Авогадро саны.
М – молярлық масса, г/моль.
ϑ=mM; ϑ=NNA; mM= NNA; m= ϑ*M; N= ϑ*NA.
Әрі қарай «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі арқылы оқулықтағы ресурстарды 4 топқа бөліп беру.
1 – топ: Зат мөлшері. Моль
2 – топ: Авогадро саны
3 – топ: Молярлық масса
4 – топ: Салыстырмалы молекулалық масса мен молярлық массаның ұқсастықтары мен айырмашылықтары.
«Екі жұлдыз, бір тілек» (әр топ басқа топтарға екі жетістігін және бір кемшілігін айтады) Оқушылар жаңа терминдер мен ұғымдарды, формулаларды дәптерлеріне жазып алады.
Оқушылар тапсырмалармен танысып, топта талдайды. Сосын тапсырманы орындауға кіріседі. 4 топ та постер қорғайды.
Топтар бірін бірі тыңдап болған соң «Екі жұлдыз, бір тілек» (әр топ басқа топтарға екі жетістігін және бір кемшілігін айтады) әдісі арқылы жұмыстарын бағалайды. 15 мин
Жаңа сабақ бойынша тапсыр-малар
«Кім жылдам?» (жеке жұмыс)
Оқушыларға сұрақтар қойылады.
Сұрақтар:
Салыстырмалы атомдық масса дегеніміз не?
Салыстырмалы молекулалық масса дегеніміз не?
Химиялық элемент дегеніміз не?
Химиялық элемент таңбасы қайдан шыққан?
Химиялық элементтерді қандай үлкен екі топқа бөледі?
Жай зат дегеніміз не?
Зат мөлшерінің шартты белгісі?
Зат мөлшерінің өлшем бірлігі?
Авогадро санының мәні нешеге тең?
Әрбір заттың бір молінің массасы қалай аталады? Оқушылар берілген сұрақтарға жазбаша жылдам жауап беріп, дайын жауаптары арқылы өзін – өзі бағалайды. 7 мин
Бекіту Оқушыларға тапсырмалар беремін:
Азот қышқылының HNO3 молярлық массасын есептеңіз.
Құрамында 3,01 * 1023оттек атомдары бар КОН – тың зат мөлшерін есептеңдер.
Зат мөлшері 3 моль күкірт қышқылының H2SO4 массасын есептеп табыңдар. Оқушылар тапсырмаларды орындайды 5 мин
Үйге тапсырма §9. Зат мөлшері. Моль. Авогадро саны. Молярлық масса
№5, 6, 8 Үйге берілген тапсырманы белгілеп алады 1 мин
Бағалау
Оқушыларды жауап беру деңгейлері бойынша бағалау, оқушыларды үзіліске жіберу Бағаланып, үзіліске шығады 1 мин
Рефлексия «Бес саусақ» әдісі Оқушылар «Бес саусақ» әдісі арқылы сабақ рефлексиясын жазады. 3 мин