Ерітінділерді? концентрациясы. Еріген заттарды? массалы? ?лесі.
Күні: 20.01.2015 ж
Пәні: Химия
Сыныбы: 9 ә сынып оқушылары
Тақырыбы: Алюминий және оның қосылыстары
Сабақмақсаты:
Білімділік: оқушылар алюминийдің маңызды қосылыстары үйрену, тұрмыста, техникада қолданылуы,алюминий өндірісі туралы білім алу;Дамытушылық:ой-өрісін, танымдық белсенділігін арттырып, зейінін, өз бетімен қорытынды жасауға дағдылану; Тәрбиелік: дүниетанымдық, адамгершілік, ізденімпаздыққа тәрбиелеу;
Сабақ түрі: Ашық сабақ Сабақтың әдіс - тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап Сабақтың көрнекілігі: периодтық жүйе, Слайд, интернет тақта, карточка.
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі 1. Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу.2. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.3. Сабақтың жүру барысын түсіндіру:
Жаңа сабақ: Ой қозғау сатысы
1.Сабақтың тақырыбын жұмбақты шешу арқылы білесіңдер.
Болмаса да айтарлықтай салмағым
Көп металдан ардақтымын алдамын
Ұшақ болып аспанға ұшып, қалықтап,
Жердің жүзін,көк аспанды шарладым.
Дюралюмин дейтін менің қоспамды,
Әспеттейді химияның достары
Тұрмыста үстел,ыдыс-аяқ кереует,
Бағандардың бұйдаларын қостым мен
Қағаз да мен кәмпит,шайды сәндеген
Токқа балқып келіп тұрған ән де мен
Үйге тапсырма сұрау 1. Кермек сулар дегеніміз ? құрамында гидрокарбонаттар хлорид, сульфаттар
түрінде Ca+ жəне Mg+ тұздары бар табиғи сулар
2. Кальцийдің физикалық қасиеттері? Кальций күмістей жылтыраған ақ түстес
металл , ауада тез тотығатындықтан керосиннің астында сақтайды. Балқыу температурасы жоғары, 851ºC..
3. Массасы 4г кальций сумен әректтескенде неше грамм сутек газы бөлінетінін есептеңдер.
Ca+H2O=Ca(OH)2+H2↑
4г_____________xг x=2.24л
40г___________22.4л
Кальций гидрокарбонатының 162 г 5% - дық ертіндісіне орта тұз түзілу үшін қанша кальций гидроксидін қосу қажет?
Ca(HCO3)2 + Ca(OH)2→2CaCO3 ↓+ 2H2O
162г------------хг 162г----------74г х=74г
у=74г*5%100%=3,7г IIIМағынаны ажырату сатысы
Периодтық жүйедегі орны
1.Химиялық таңбасы-Al 2.Реттік нөмірі- 13 3.Ar(Al)- 27
4.Период нөмірі- ІІІ (кіші) 5.Топ нөмірі-ІІІ (негізгі)
Атом құрылысы:
1.Ядро заряды- +13 2.Электрон саны- 13 3.Протон саны- 13 4.Нейтрон саны -14
5.Энергетикалық деңгей саны -3 6.Валенттілік электрондары- 3
7. Электрондық конфигурациясы 1s2 /2s22P6/3s2 3p1
Табиғатта кездесуі:
Алюминий жер қыртысындағы массалық үлесі бойынша оттек және кремнийден кейінгі үшінші орында (8%)
Табиғатта тек қосылыс күйінде кездеседі.
Минералдары:1 Боксит (Al2O3 · nH2O), 2криолит Na3AlF6 3.Каолинит (Al2O3· 2SiO2· 2H2O) 4.Корунд (Al2O3) өте қатты, рубин(қызыл), аметист(күлгін),сапфир (көк)
Бағалы түрлері (асыл тастар): рубиндер мен сафирлер. Олардың түсті болуы құрамындағы қоспаларға байланысты болады: Cr3+ минералға қызыл түс (рубин) берсе, ал Ti4+ , Fe2+ ,Fe3+ көк түс (сапфир) береді.
Алюминий оттекті өзіне күшті тартатындықтан, көптеген металдарды оксидтерінен тотықсыздандырады. Бұл қасиеті алюминотермиялық әдіспен бос металдар алуда қолданылады: Cr2O3+2Al=Al2O3+2Cr
Алюминий дің оксид қабыршағын кетірсе, реакцияға түсу белсенділігі артады. Ол үшін алюминий сымды егеу арқылы немесе түрпі қағазбен тазартып, сынап тұзының ерітіндісіне батырайық. Алюминий егелген жерінен реакцияға түсіп, сынаппен амальгама түзеді.
Кәдімгі жағдайда және қыздырғанда алюминий сумен әрекеттеспейтінін білесіңдер, оны оксид қабыршағы сақтап тұрады. Оксид қабыршағы кетіріліп, амальгамаланған алюминий сумен қуатты әрекеттесіп, сутекті бөліп шығарады.
2Al + 6H2O=2Al(OH)3 + 3H2↑
Сұйылтылған қышқылдармен (HCl. H2SO4) әрекеттеседі:
а) 2Al + 6HCl = 2AlCl3 + 3H2↑
2 Al + 6H+ = 2 3+Al + 3H2↑
б) 2Al + 3H2SO4 = Al2(SO4)3 + 3H2↑
Алюминий екідайлы элемент болғандықтан, сілтілердің судағы ерітінділерімен әрекеттеседі:
Al + 2NaOH +2H2O →2NaAlO2 + 3H2↑
Тұз ерітінділерімен әрекеттеседі:
2Al + 3CuCl2 = 2AlCl3 + 3Cu ↓
2Al + 3 2+Cu + 6Cl- = 2Al3+ + 6Cl- + 3Cu ↓
2Al + 3 2+Cu= 2Al3++ 3Cu
Алюминийдің +3 тотығу дәрежесіндегі оттекті қосылыстары – оксиді және гидроксиді. Қарастырылған реакциялардың бәрінде алюминий атомы тотықсыздандырғыш қасиет көрсетіп, тотығу дәрежесі 0 –ден +3 –ке дейін өседі.Алюминийдің +3 тотығу дәрежесіндегі оттекті қосылыстары – оксиді және гидроксиді.
Алюминийдің қосылыстары: Алюминийдің оксиді – ақ түсті, қиын балқитын қатты зат. Тұрақты кристалдық торы бар табиғатта кездесетін минералы – корунд, қаттылығы жағынан алмаздан кейін тұрады. Мөлдір кристалдары әртүрлі қоспалармен көк(сапфир), қызыл ( лағыл ) түске боялатын асыл тастар түрінде кездеседі. Химиялық қасиеті екідайлы, қышқылдармен және сілтілермен әрекеттеседі:
Al2O3 + 2KOH → 2KAlO3 + H2O
калий
алюминаты
Al2O3 + 2K+ +2OH- →2K+ + 2AlO-2 + H2O
Al2O3 + 2OH- → 2AlO-2 + H2O
Алюминийдің гидроксиді Al(OH)3 –суда ерімейтін негіз. Тұз және сілті арасындағы алмасу реакциясынан алынады. Ол үшін алюминий тұзының ерітіндісіне қоймалжың ақ тұнба түскенше сілті ерітіндісін тамшылатып құяды:
AlCl3 + 3NaOH = Al(OH)3 ↓ + 3NaCl
Сілтінің артық мөлшерін қосқанда тұнба еріп кетеді:
Al(OH)3 + NaOH = NaAlO3 + 2H2O
немесе Al(OH)3 + NaOH=NaAlOH натрийдің тетрагидрооксоалюминаты
Алюминий гидроксиді екідайлы қасиет көрсетіп қышқылдармен де әрекеттеседі: Al(OH)3 + 3HCl= AlCl3 + 3H2O
Al(OH)3 + 3H+ = 2Al3++3H2O
Алюминий тұздарынан оның хлориді, нитраты және сульфаты суда жақсы ериді.
Қолданылуы: Сусыз алюминий хлориді өршіткі ретінде, алюминий сульфатының кристаллогидраты Al2(SO4)3*18H2O - су тазалауда, қағаз өндіруде, ал ашудасы KAl(SO4)2*12H2O – тері илеуде, бояу өнеркәсібінде қолданылады. Металдық алюминийден ыдыстар, электр сымдары және конденсаторлар жасалады.
Алюминийдің майда ұнтағы жанғыш, қопарылғыш қоспалар әзірлеуге және “күміс” түсті бояу алуға қолданылады. Ал қалыңдығы 0,005 мм болатын жұқа фольгасы тамақ және дәрі жасау өндірісінде ораушы ретінде қолданылады. Алюминий, мыс және магнийден – дюралюмин; алюминий мен кремнийден – силумин; алюминий және магнийден магналин құймалары алынады. Алюминий құймалары жеңіл, ауада бүлінбейді.
1 моль алюминий оттекпен тотыққанда түзілетін алюминий оксидінің зат мөлшері?
Массасы 7,8 г алюминий гидроксидінің ерітіндісі мен натрий гидроксидін әректтестіргенде түзілген тұздың массасы
27г алюминий күкіртпен әрекеттескенде түзілген алюминий сульфидінің массасы (г)
Шығарылуы:
1. есептің жауабы;
4Al+3O₂=2 Al₂O₃
1моль Al -----------хмоль Al₂O₃
4моль Al------------2моль Al₂O₃ х=0,5 моль
2. Al(OH)3 + NaOH = NaAlO3 + 2H2O
7,8 г-----------------------хг
78г-----------------------82г х=8,2г
3. 2Al+3S=Al2S3
27г -----хг
54г ----150г х=75г
Бекіту:
1. Алюминий бос күйінде қандай әдістермен алынады?
2. Ашудастың құрамы қандай және қайда қолданылады?
3. 0,1 моль алюминиймен әрекеттесіп оттегінің (қ.ж.) көлемі?
4. Алюминий сульфатының 4% - дық 171 г ерітіндісіне тұнба түзілгенше натрий гидроксидінің ерітіндісі құйылды. Сульфат толық әрекеттесті деп есептегенде, түзілген алюминий гидроксидінің массасы қандай болады?
Бағалану: сабақ айтқан, есеп шығарған балаға тиісті бағасын қою
Үйге тапсырма:§30 оқып келу.
Қорытынды.
Құрметті ұстаздар және оқушылар кешімізді көріп тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет,сау болыңыздар!Назарларыңызға рахмет