Конспект урока Айтшы ?жетай
Күні: 14.01.2016 ж.
Пәні: әдебиеттік оқу
Тақырыбы: Айтшы әжетай.
Мақсаты: Ана тілі сабағында тыңдау, түсініп оқу, мәнерлеп нақышына келтіріп рөлмен оқу арқылы сөйлеу әрекетін қалыптастыру.
1) Білімділік: Оқушыларға туыстық қарым – қатынастар, туыстық атаулар мен мамандық түрлері жайлы мағұлмат бере отырып, көркем сөйлеу дағдыларын жетілдіру.
2) Дамытушылығы: Оқушылардың саналы түсініп, оқу қабілеттерін дамыту, туысқандарға деген мейірімділік қасиеттерін, әңгімелеу, еске сақтау, ойлау дағдыларын қалыптастыру.
3) Тәрбиелігі: Үлкенді сыйлап, құрметтеуге, сыйластыққа, қайырымдылыққа, бауырмалдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас.
Сабақтың типі: Алған білім, дағдыны қалыптастыру.
Сабақтың әдісі: әңгіме, ойын, сұрақ – жауап, ізденушілік.
Сабақтың көрнекілігі: сызба, суреттер.
Пәнаралық байланыс: әдебиеттік оқу, дүниетану, бейнелеу.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру: Психологиялық тренингпен бастау.
Тамаша күн досым,
Тамаша күн болсын.
Бүгінгі алар бағамыз,
5 – тік баға болсын.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Үйге берілген тапсырма: «Мысық пен тышқандар» ертегісі.
1. Ертегінің мазмұнын айту /рөлге бөлу айтқызу/
2. Суреттерін ілу.
Өткен сабақты қайталау. Сурет бойынша 1 оқушыға әңгімелету.
3. Ертегідегі нақыл сөздерді тапқызу. «Бәрі таппаған ақылды кәрі табады».
4. Кәрі деген сөзді тағы қалай айтуға болады? (қария, ата, әже, қарт, үлкен кісі т.б.)
Тағы қандай туыстарды білеміз?
ІІІ. Жаңа сабақ.
1. Тақтаға назар аудару.
А) нақыл сөзді оқып, мағынасын түсіндіру.
Ата – асқар тау,
Ана – бауырындағы бұлақ,
Бала – жағасындағы құрақ.
Ә) Осы нақыл сөз бойынша қандай сурет салар едіңдер?
Б) Суретті көрсету.
- Біз бүгін Жақан Смақовтың «Айтшы әжетай» өлеңімен танысамыз. - Балалар, сендердің әжелерің бар ма? Ол асыл жандар жайлы не айтар едіңдер?
Автор туралы түсінік беру (Суретін көрсету)
Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы, Ынталы ауылында туған. Балалар ақыны.
ІҮ. Кітаппен жұмыс.
Тізбектей оқу. Рөлге бөліп оқыту.
Түсініксіз сөздерді оқыту. Сөздік жұмысын жүргізу. Сөздерді оқушыларға оқытып, мағынасын ашу.
Сергіту сәті:
Қояндарды көреміз,
Қоянға ұқсап жүреміз.
Қолымызды алға ұстап,
Секіре басып келеміз.
Ү.Дәптермен жұмыс.
Сөздік жұмысы Осы өлеңді оқып отырып қандай түсінбейтін сөз кездестірдің?
Ақтабан – белгілі бір аттың жеке аты.
Қаракөл қой – қойдың түрі.
Өлеңге сүйеніп, әр мамандық иесін табу. Байланыс сызықтарын жүргізу.
Туыстық атау Мамандығы
Атасы
Нағашысы
Жеңгесі
Ағасы
Жиен ағасы
Апасы
Жездесі жылқышы
қойшы
сауыншы
егінші
монтер
тәрбиеші
құрылысшы
ҮІ. Сабақты бекіту:
1. Туыстық атауларды үлгі бойынша топтастыр:
1) өлеңге сүйен;
2) өз бетіңше жалғастыр.
Әке жағынан туыс Шеше жағынан туыс
Апа
Аға
Ата
Әже
Тәте
Жиен
Сіңілі Нағашы ата
Нағашы әже
Нағашы апа
Нағашы аға
Бөле
2. «Сенің кім болғың келеді?» оқушыларға ауызша сұрақ – жауап.
3. Ойын: мамандық иесін ата: «Кім не істеді?»
4. Сөзжұмбақ шешу.
ҮІІ. Үйге тапсырма.
«Айтшы әжетай» өлеңін мәнерлеп оқу.
«Кім болам?» тақырыбында шығарма жазу.
ҮІІІ. Бағалау.