Білім беру саласы:?атынас. Та?ырыбы: «Т?лкі мен Тырна» ертегісі
Күні: 27.01.15ж
Білім беру саласы:Қатынас.
Ұйымдастырылған оқу іс –әрекетінің түрі:Көркем әдебиет.
Тақырыбы: «Түлкі мен Тырна» ертегісі.
Мақсаты:
Білімдік мәні:кейіпкерлерге қабылданған ережелерге сәйкес баға беруге үйрету. Дамытушылық мәні:балаларды әдеби кейіпкерлердің әрекеттерін ,жүріс – тұрысын талдауға жаттықтыру.
Тәрбиелік мәні:жақсы қасиеттерді бағалауға тәрбиелеу.
Қолданатын көрнекі құралдар:суреттер, ойыншықтар, мнемотаблица.
Сөздік жұмыс:тырна, жайпақ табақ, құмыра.
Билингвальды компонент:тырна – журавль, түлкі - лиса,құмыра – кувшин.
Оқу іс –әрекетінің кезеңдері Тәрбиешінің іс - әрекеті Балалардың іс –әрекеті.
Мотавация
лық- қозғаушылық Ұйымдастыру кезеңі
Шаттық шеңбері:
Алақанды ашайық,
Күннің нұрын салайық,
Жүрек жылуын салайық,
Осы жақсы лебіздерді
Бір - бірімізге сыйлайық. Балалар шеңбер
бойына тұрып орындайды.
Ұйымдастыру
шылық - ізденістік Кіріспе әңгіме.
- Балалар ,бүгін біз «Түлкі мен Тырна» ертегісін
оқып,мазмұнын ашамыз.
«Түлкі мен Тырна» ертегісін оқып беру.
Сергіту сәтті
Қанат жаям жалма –жан
Талпынғандай ұшуға.
Иіліп келіп қол созам
Аяғымның ұшына.
Сұрақ – жауап арқылы мазмұнын ашу.
- Түлкі кіммен дос болыпты?
- Түлкі қонағын қалай күтіпті?
- Тырна Түлкіні қалай күтті?
Мнемотаблицаға назарларын аударып ,тәрбиеші балаларға жеке суреттерін көрсетіп өзі айтып береді,содан кеін балаларды бір – бірдер сұрайды. Қимылдар жасайды
Балалардың жауабы.
Рефлексиялық- түзетушілік Қорытындылау:
- Түлкі қандай аң ?
- Тырна қандай құс? Жабайы,ку
Мойыны ұзын.
Күтілетін нәтиже:
Біледі:Ертегінің мазмұнын.
Игереді:Ертегідегі кейіпкерлердің әрекеттеріне баға беруді.
Меңгереді:Жақсы қасиеттерді.
Есеп:_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
«Түлкі мен тырна»
ІІ кіші«Таңнұр»тобы
Тәрбиеші:БельгибаеваМ.Р.