Т?лкі мен тырна халы? ертегісі


«Алтын сақа» ортаңғы тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
29.11.2016ж
Тәрбиеші: А.Т.Бейсенова
Білім саласы: Коммуникация
Кіші сала: Тіл дамыту
Тақырыбы: Түлкі мен ешкі.(ертегіні сахналау)
Мақсаты: Драмалауға қатысу іскерліктерін дамыту. Ойынға деген ынтасын көтеру.Кейіпкер лердің дауыс ырғағын,мимикасын көрсетуге жаттықтыру.Өз бетінше сөйлеу мәнері мен дауыс күшін тиісінше өзгертіп отыру іскерлігін қалыптастыру.(қатты немесе жай,тез немесе ақырын ) Адамдардың көңіл күйін (көңілді,мұңлы,мейірімді және т.б.)білдіретін сөздерді қолдануға үйрету.
Билингвальдік компоненті: Түлкі – лиса
Ешкі – коза
ертегі- сказка

Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің басқарымдық әрекеттері Балалардың іс-әрекеті
I кезең-
мотивациялық-
қозғаушы
Балалар,сендер қандай ертегілерді білесіңдер?
Жұмбақ жасыру:
Басында екі таяғы бар,
Адам деуге болмайды,
Сақалы тағы бар.Ол не?
Өзі айлакер,өзі бір қу,
Жүрген жері айқайда,шу.Ол не? Маша мен аю,бауырсақ, үйшік,шалқан,шұбар тауық.
Ешкі.
Түлкі
IIкезең-ұйымдастырушылық -ізденушілік Музыка ойналып Түлкі мен Ешкі келеді.
Түлкі мен Ешкі балалармен амандасады
Түлкі: Балалар мені таныдыңдар ма?
Мен қу түлкімін.Мен орманда тіршілік етемін.Мен балық жеймін. Мені қай ертегіден кездестірдіңдер?
Жарайсыңдар,балалар.
Ешкі:Ал мені білесіңдер ме? Мен ешкімін. Үй жануарының бірімін.Менің төлімді қалай атайды?Мені қай ертегі ден кездестірдіңдер?
Тәрбиеші: Балалар, сендер бүгін Түлкі мен ешкі ертегісімен таныс боласыңдар.
Түлкі мен ешкі ертегіні сахналап береді
Тәрбиеші: Балалар, ертегі ұнады ма?
Ертегі не туралы екен?
Ертегіден нені түсіндік?
Түлкі өзінің қулығымен шұнқырдан шықты. Ал ешкі аңқаулығымен түлкіге алданып шұнқырдың ішінде қалды. Балалар, мұндай жағдай адамдардың арасында да кездеседі.
Сергіту сәті
Түлкі лиса
Ешкі коза
Ертегі сказка
Тәрбиеші:Балалар,енді осы ертегіні өзіміз сахналап көрейік.
(балалар бастарына маска киіп ертегіні сахналайды)
Түлкі мен ешкі:Жарайсыңдар,балалар. Біздің де кететің уақытымыз келді.Сау болыңдар.
Ойын: «Қай ертегі» (Балаларға ертегі ден үзінді айтылады,ал балалар ертегінің атын айту керек.Кім көп жауап берсе,сол жеңеді) Балалар түлкі мен ешкімен амандасады.
Түлкіні мұқият тыңдайды.
Бауырсақ,үйшік ертегісінен
Лақ.Жеті лақ ертегісінен
Ертегіні зейін қойып қарай ды.
Иә,ұнады.
Түлкі мен ешкі
Балалар мұқият тыңдайды
Орнымыздан тұрамыз,
Аяқты тұзу қоямыз.
Иілеміз оңға,иілеміз солға,
Орнымызды табамыз.

Балалар ертегіні сахналайды.
Балалар түлкі мен ешкімен қоштасады.
Балалар ойынға белсене қатысады.
III кезең-
Рефлексивті- түзеуші - Бүгін бізге нелер келді?
-Қандай ертегімен таныстық?
-Қандай жұмыс жасадық?
Ертегіден нені түсіндік?
-Түлкі мен ешкі
Түлкі мен ешкі ертегісімен
-Ертегіні сахналадық.
Түлкі қу,айлалы,ешкі аңқау,мейірімді екенін
Күтілетін нәтиже
Білу: Түлкі мен ешкі туралы түсінігі.
Болу: Түлкі мен ешкінің ерекшелігін білуі.
Жасай алу: Ертегіні сахналай алуы.