Маша мен аю ертегісі Іі кіші топ
Бөлімі: «Көркем әдебиет»
Білім беру саласы: Қатынас
Тақырыбы: «Маша мен аю» ертегісі
Мақсаты: Балалардың шығармашылық қабілетін дамыту.
Міндеті: Балалардың бойында ертегілер туралы түсініктерін кеңейту. Ертегі маз мұнын суреттер арқылы қысқаша айта білуге үйрету. Үлкендерді тыңдауға, сыйлауға тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер: ой толғаныс, салыстыру, көрсету, түсіндіру, сергіту сәті,шаттық шеңбері, тіл ұстарту жаттығуы, тірек-сызба әдісі,ойын.
Көрнекіліктер: «Маша мен аю» ертегісінің суреттері, таратпа материалдар.
Сөздік жұмыс: бәліш, ботқа.
Билингвальды компонент: аю-медведь, бәліш-пирог
Барысы:
Шаттық шеңбері:
Табиғат біздің анамыз,
Табиғатқа баламыз.
Иіліп сәлем береміз
Біз әдепті баламыз
Ойын: «Көңіл күйдің дыбысы»
Ренжігенде «ух» дейміз;
Қорыққанымыз да «ой» дейміз;
Таңырқап «о-о» дейміз;
Қуанғанда «ха-ха-ха» дейміз;
Жұмбақ жасыру:
Қыс бойына жатады
Тәтті ұйқыға батады (аю)
Балалар: Аю -деп жауап береді.
Аю-сөзін жаңғырық әдісімен қайталатамын.
Тәрбиеші: Аюдың баласын қалай атайды?
Балалар: Аюдың баласы -қонжық
Тәрбиеші: Аю қайда өмір сүреді?
Балалар: Аю-орманда өмір сүреді
Тәрбиеші: Аю жазда не жейді?
Балалар: Аю-бал, жидек жейді.
Тәрбиеші: Аю -қыста не істейді?
Балалар: Аю -қыста ұйықтайды.
Тәрбиеші: Аю қандай ертегілерде кездеседі?
Балалар: «Үйшік», «Бауырсақ», «Үш аю», «Маша мен аю».
Тәрбиеші: Бүгін біз «Маша мен аю» ертегісімен танысамыз. Сурет бойынша ертегіні мазмұндап айтып беру.
Тәрбиеші: -Ертегі сендерге ұнады ма? Маша ата-әжесіне тыңдады ма?
Балалар: Иә, ұнады. Бәліш пісірді.
Бәліш-жайылған қамырға ет немесе балық салып, бүкпелеп орап майға пісірген тағам.
Билингвальды компонент: аю-медведь, бәліш-пирог
Тіл ұстарту жаттығуы:
Ю-ю-ю-қорбаңдаған аю
Ша-ша-ша- кішкентай маша
Ліш-ліш-ліш- дәмді бәліш
Тірек-сызба арқылы балаларға ертегі мазмұнын қысқаша әңгімелету.
Шығармашылық жұмыс:
1-топ Машаны қарындашпен бояйды.
2-топ Себетке бәлішті жапсыру.
3-топ Аюды құрастыру
Сергіту сәті:
Қорбаңдаған аюдың
Құлпынай көп екен
Теріп-теріп алайық
Қалтамызға салайық
Ойын: «Не артық?»
Шарты: ертегі кейіпкерлері суреттерінің ішінен артық суретті таба білу.
Қорытынды:
Тәрбиеші: Аю Машаға не деді?
Балалар: Машаға маған ботқа пісіріп, үйімді жинап бересің-деді аю.
Тәрбиеші: Маша ата-әжесіне не пісірді?
Балалар: Бәліш пісіріп берді.
Тәрбиеші: Осымен оқу іс-әрекетіміз аяқталды