?дебиеттік о?у п?нінен саба? жоспары ?йшік (орыс ертегісі)
Сабақтың тақырыбы: Үйшік (орыс ертегісі)
Сабақтың мақсаты: Оқушылар ертегілердің түрлерімен таныса отырып, өздігінен іздену дағдыларын үйретуге жетелеу, рөлдік ойын арқылы ортақ шешім қабылдауды, талқылауды үйрету, сыни тұрғысынан ойлануын дамыту.
Сілтеме 2 сынып әдебиеттік оқу пәні оқулығы
Б.Т.Қабатай,С.Р.Рахметова
Оқыту нәтижелері Оқушылар ертегілердің түрлерімен танысады. «Үйшік» ертегісі жан-жануарларға арналған ертегі түрі екенін ажыратады, мәтіннің мазмұны бойынша сахналық көрініс қоя білуді, ортақ шешім қабылдауды, талқылауды үйренеді.
Түйінді идея Жеті модульді ықпалдастыра отырып, сыни көзқарастарын қалыптастыру, өзіндік пікірін жеткізе білуге төселдіру.
Модульдер Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау, Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық техноло-гияларды пайдалану, Талантты және дарынды балаларды оқыту, Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу, Оқытуды басқару және көшбасшылық.
Әдіс -тәсілдер «Аңдардың дауысы,жүрісін келтіру», «Жабайы аңдар», «Венн диаграмма», «Сергіту сәті», «Сиқырлы сандықша», «Көру және талқылау», «Жигсо» «Блум кубигі», «Рөлдік ойын», «Кластер», «Формативті бағалау : үш қол шапалақ, бас бармақ, бағдаршам, жиынтық бағалау: топ басшысының бағалауы бағалау критерилері жазылған бағалау парақшасы арқылы», кері байланыс: «Бүгіні сабақ саған ұнады ма?»
Ресурстар Әдебиеттік оқу 2 сынып, аңдардың суреті, слайд, Блум кубигі, кеңсе құралдары
Сабақ кезеңдері Әдіс-тәсілдері Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушылардың іс-әрекеті
Қызығушы-лықты
ояту
Шаттық шеңбері
«Аңдардың дауысын,жүрісін келтіру» Оқушыларды дөңгелек шеңберге тұрғызып «Жабайы аңдар» әдісі бойынша топқа бөлу. Оқушылар аңдардың дауысы мен қимылын келтіре отырып топқа бөлінеді.
«Венн диаграм-
ма » әдісі Үй тапсырмасын сұрау Жазған ойларын «Венн диаграмма» әдісі арқылы салыстыра отырып оқиды.
«Сандықша ішіндегі сұрақ»Оқушыларға ертегі туралы қосымша сұрақтар қоюды ұйымдастырады. Оқушылар сандықшаның ішінен сұрақ алып , топпен ақылдасып жауап береді.
Мағынаны
тану Ой қозғау «Үйшік» ертегісінің негізгісін таба білуге бағыттайды, «Жигсо» әдісін пайдаланып, оқушыларға ертегіні бөліп оқытады. Оқушылар «Үйшік» туралы ертегіні оқып танысады, «Жигсо» әдісі арқылы түсіндіреді, бірін-бірі толықтырады, көмек алады.
Ой толғаныс «Блум кубигі » әдісі «Блум кубигі» арқылы оқушыларға сұрақтар қойдыртады. Оқушылар «Блум кубигі» арқылы сұрақтарға жауап береді.
Сергіту сәті Оқушыларға сергіту сәтін жасауды ұсынады. Оқушылар сергіту сәтін жасап, сабаққа деген құлшынысын арттырады.
«Рөлдік ойын» әдісі Оқушыларға рөлдерді бөліп береді. Оқушылар берілген рөл бойынша ертегіні рөлге бөліп көрсетеді.
Үйге тапсырма «Кластер әдісі» «Үйшік» ертегісіне кластер жасап келуді тапсырады. Оқушылар берілген тапсырманы күнделіктеріне жазып алады.
Бағалау Формативті бағалау : үш қол шапалақ, бас бармақ, бағдаршам, жиын-тық бағалау: топ басшысының бағалауы бағалау критерилері жазылған бағалау парақшасы арқылы Үш қол шапалақ, бас бармақ, бағдаршам арқылы бағалауды ұсынады. Мұғалім жиынтық бағаны шығару үшін, топ басшысына бағалау критерилері жазылған бағалау парақшасын таратады. Үш қол шапалақ, бас бармақ,
бағдаршам арқылы бағалайды, топ басшысы топтағы оқушыларды бағалау критерилері жазылған бағалау парақшасы арқылы бағалайды.
Кері байланыс «Бүгінгі сабақ саған ұнады ма?» Бүгінгі сабақ саған ұнады ма?сұрағы бойынша оқушылардан кері байланыс алады. Оқушылар «Бүгінгі сабақ саған ұнады ма? » кері байланыс жазады.